Қандастар Ассамблея

Қазақстан өкілдерінің хабары

04.12.2012 1655
  Қазақстан өкілдерінің хабары «Қазақ жұртына автономия тие ме, тимей ме?» — деген түйінді кіндік өкіметтің жарлығы 1919 жылдың 10-июлінде шешсе де, ол күнге аяғы жерге тимей келе жатыр еді. Түйіннің шешілуі оңай болса да, соны жамап-жасқап қалқайтын іс қылып шығару оңай болған жоқ. Іс болып көзге көріну үшін талай сәт, талай сәрсенбіні керек қылып еді. Жұрттың ойында дәнеңе жоқ кезде шыға келген автономия хабары талайдың үміті мен қуанышын еліртіп, желіктіріп еді. Бірақ көпшіліктің күткен ойы іс болмай үміт орнына жел қауып, күдік орнап, желбуаз болғандары да бар еді. Бұл уақытқа шейін Семей, Ақмола қазақтары сол халде келген елдердің бірі болды. Ақмола, Семей облыстары бүгінде Қазақстан автономиясына қарамақ болып отырған елдердің қақ жартысындай болса да, бұл күнге шейін Қазақстан автономиясына тілектен басқа еш нәрсе қоса алмаған һәм ала алмаған, қақпайда, қақас қалған елдің нағыз өзі болды. Қазақ автономиясы турасындағы жарлықтың шыққанына екі жылдай болып, қазақтың елін билейтін өкімет жасалғанына бір жарым жылдай болғанда, сол автономияға кіретін елдің қақ жартысы елеусіз, ескерусіз қаға берісте қалуы — қаншалық қыйсынды екені жұрттың бәріне мәлім. Қазақстан автономиясы деп ауыз толтырып айтқанымызда бақандай екі облыс далада қалып отырса, автономиямыздың қаншалық маңызы барын көрсетер еді. Ондағы автономия — Қазақ автономиясы емес, қазақ елінен жасаған ойыншық болар еді. Бірақ түбінде біздің жұбанышымыз: «Ештен кеш жақсы» — деген мақал ғой. Аяғы не болса да — болғанына қанағаттанамыз, ризамыз. Сол Қазақстан автономиясына қосылуы (осыдан) екі жыл бұрын шешілген екі облыс Қазақстанға қосылу деген мәселенің кезегіне жаңа ғана жетіп отыр. Өзгеріс заманындағы іс тез шешіліп, тез іске асады деп мың жерден құлағымызға құйса да, біздің салпылдап келіп жетіп отырғанымыз-ақ осы. «Қазақ тілінің» өткен сандарында жазылған ҚирЦИК-тің, екі облысты алатын комиссиясы Омбыға келіп отыр. Комиссиясы бастық болып келгендердің көбі КирЦИК-ке мүше болып отырған қазақ азаматтары. Председателі — КирЦИҚ-тің бастығы Меңдешев жолдас. Осы комиссияның мүшесі Әбілхайыр жолдас 27-март күні Семейдегі Халел(мен) Нығметті тете сымға шақырып сөйлесті. Әбілхайырдың сөзіне қарағанда: Сибревком комиссиясының келуін де, һәм облыстарды беру де мезгілді деп тапқан көрінеді. Сибревкомның 26-мартта болған мәжілісінде облыстарды Қазақстан өкілдеріне берудің жобасын жасау үшін арналып кісілер шығарылған. Енді облыстарды беру деген сөз туралы жарықшақ шыға қоятын көрінбейді. Бірақ Сибревкомның ұғуынша: әлі күнге басы ашылмаған мәселе осы облыстардың шегі турасынан болса керек. Сондықтан облыстарды алудан бұрынғы сөз — сол шек турасынан болды. Сибревкомның әзірге ұсынып отырған жобасына Қарағанда, Кереку уезіне қараған Ертіс қаласы барлық ауданымен Сибревкомға қарауына керек. Ертіс ауданына қазақтың жеті болысы, крестьяннан онға тарта болыс кіреді. Тағы сол Сибревкомның жобасы бойынша Бұқтырма уезі түгелімен Семей облысына кірмек. Ақмола облысы турасындағы Сибревкомның межесі: Омбы уезінен бірнеше қазақ болыстарын шығарып, Сибревкомның қол астында қалдыру. Бұған орайлап Түмен губерниясынан Қызылжарға крестьян болыстарын қоспақшы. Бұл жобаның көбіне Қазақстан уәкілдерінің пікірі қайшы көрінеді. Әзірге байланған сөз жоқ. Семей облысына қатынасқан сөздер туралы жергілікті шаруа жайларынан мағлұмат керек болғандықтан Халел һәм Губсовнархоздың бастығы Попов жолдастар Омбыға шақырылды. Бұлардың біреуі Қазақстанның жер комиссариатының, біреуі шаруа комиссариатының уәкілі болып сайланған. Бұл кісілер жақында Омбыға жүрмекші. Әбілқайыр жолдастың сөзіне қарағанда, Сибревком мен комиссиясының сөзі 15-ші апрельге шейін бітпекші. Осымен облыстарды алуға ендігі бөгет болып тұрған мәселе —  осылардың шегі туралы. Сибревком өзінің көздеген мақсұтын өткізу үшін жоғарыда айтқан Ертіс қаласының ауданы ежелден шаруа жүзінде Омбымен жалғасатын — демекші болса керек. Кіндік өкіметтің жарлықтарында: тұтынған барлық саясатында Қазақ автономиясы ұлт айырмасына, шаруа жақтарына қарай беріледі. Қазақ автономиясы болған соң қазақ жұрты тұтас кіретін болсын деген нұсқалары Сибревкомның жобаларына әсер беретін көрінбейді. Қазақ автономиясынан крестьян халқын жартылап жырып алмақ болғанында мағына болса да, қазақ болыстарын іле кетуінде қандайлық, мағына бар екенін біле алмаймыз. Қазақ шаруасының жалпақ қазақтығынан ала бөтен болып крестьян шаруасына жалғас болып кеткені көңілге ертегі секілді көрінеді. Кім біледі, әлде Сибревком автономия қадірін білмейтін қазаққа осындай бөгеулер салып, қиындықпен қолына тигізіп, автономиясын дәмді қылып бермек шығар. Ол еңбегіне рақмет айтамыз. Мұхтар Әуезов

 

Қазақстан өкілдерінің хабары

«Қазақ жұртына автономия тие ме, тимей ме?» — деген түйінді кіндік өкіметтің жарлығы 1919 жылдың 10-июлінде шешсе де, ол күнге аяғы жерге тимей келе жатыр еді. Түйіннің шешілуі оңай болса да, соны жамап-жасқап қалқайтын іс қылып шығару оңай болған жоқ. Іс болып көзге көріну үшін талай сәт, талай сәрсенбіні керек қылып еді. Жұрттың ойында дәнеңе жоқ кезде шыға келген автономия хабары талайдың үміті мен қуанышын еліртіп, желіктіріп еді.

Бірақ көпшіліктің күткен ойы іс болмай үміт орнына жел қауып, күдік орнап, желбуаз болғандары да бар еді. Бұл уақытқа шейін Семей, Ақмола қазақтары сол халде келген елдердің бірі болды. Ақмола, Семей облыстары бүгінде Қазақстан автономиясына қарамақ болып отырған елдердің қақ жартысындай болса да, бұл күнге шейін Қазақстан автономиясына тілектен басқа еш нәрсе қоса алмаған һәм ала алмаған, қақпайда, қақас қалған елдің нағыз өзі болды.

Қазақ автономиясы турасындағы жарлықтың шыққанына екі жылдай болып, қазақтың елін билейтін өкімет жасалғанына бір жарым жылдай болғанда, сол автономияға кіретін елдің қақ жартысы елеусіз, ескерусіз қаға берісте қалуы — қаншалық қыйсынды екені жұрттың бәріне мәлім. Қазақстан автономиясы деп ауыз толтырып айтқанымызда бақандай екі облыс далада қалып отырса, автономиямыздың қаншалық маңызы барын көрсетер еді.

Ондағы автономия — Қазақ автономиясы емес, қазақ елінен жасаған ойыншық болар еді.

Бірақ түбінде біздің жұбанышымыз: «Ештен кеш жақсы» — деген мақал ғой. Аяғы не болса да — болғанына қанағаттанамыз, ризамыз.

Сол Қазақстан автономиясына қосылуы (осыдан) екі жыл бұрын шешілген екі облыс Қазақстанға қосылу деген мәселенің кезегіне жаңа ғана жетіп отыр.

Өзгеріс заманындағы іс тез шешіліп, тез іске асады деп мың жерден құлағымызға құйса да, біздің салпылдап келіп жетіп отырғанымыз-ақ осы.

«Қазақ тілінің» өткен сандарында жазылған ҚирЦИК-тің, екі облысты алатын комиссиясы Омбыға келіп отыр. Комиссиясы бастық болып келгендердің көбі КирЦИК-ке мүше болып отырған қазақ азаматтары. Председателі — КирЦИҚ-тің бастығы Меңдешев жолдас.

Осы комиссияның мүшесі Әбілхайыр жолдас 27-март күні Семейдегі Халел(мен) Нығметті тете сымға шақырып сөйлесті.

Әбілхайырдың сөзіне қарағанда: Сибревком комиссиясының келуін де, һәм облыстарды беру де мезгілді деп тапқан көрінеді. Сибревкомның 26-мартта болған мәжілісінде облыстарды Қазақстан өкілдеріне берудің жобасын жасау үшін арналып кісілер шығарылған. Енді облыстарды беру деген сөз туралы жарықшақ шыға қоятын көрінбейді. Бірақ Сибревкомның ұғуынша: әлі күнге басы ашылмаған мәселе осы облыстардың шегі турасынан болса керек. Сондықтан облыстарды алудан бұрынғы сөз — сол шек турасынан болды.

Сибревкомның әзірге ұсынып отырған жобасына Қарағанда, Кереку уезіне қараған Ертіс қаласы барлық ауданымен Сибревкомға қарауына керек.

Ертіс ауданына қазақтың жеті болысы, крестьяннан онға тарта болыс кіреді. Тағы сол Сибревкомның жобасы бойынша Бұқтырма уезі түгелімен Семей облысына кірмек. Ақмола облысы турасындағы Сибревкомның межесі: Омбы уезінен бірнеше қазақ болыстарын шығарып, Сибревкомның қол астында қалдыру. Бұған орайлап Түмен губерниясынан Қызылжарға крестьян болыстарын қоспақшы.

Бұл жобаның көбіне Қазақстан уәкілдерінің пікірі қайшы көрінеді. Әзірге байланған сөз жоқ. Семей облысына қатынасқан сөздер туралы жергілікті шаруа жайларынан мағлұмат керек болғандықтан Халел һәм Губсовнархоздың бастығы Попов жолдастар Омбыға шақырылды.

Бұлардың біреуі Қазақстанның жер комиссариатының, біреуі шаруа комиссариатының уәкілі болып сайланған. Бұл кісілер жақында Омбыға жүрмекші. Әбілқайыр жолдастың сөзіне қарағанда, Сибревком мен комиссиясының сөзі 15-ші апрельге шейін бітпекші.

Осымен облыстарды алуға ендігі бөгет болып тұрған мәселе —  осылардың шегі туралы.

Сибревком өзінің көздеген мақсұтын өткізу үшін жоғарыда айтқан Ертіс қаласының ауданы ежелден шаруа жүзінде Омбымен жалғасатын — демекші болса керек. Кіндік өкіметтің жарлықтарында: тұтынған барлық саясатында Қазақ автономиясы ұлт айырмасына, шаруа жақтарына қарай беріледі. Қазақ автономиясы болған соң қазақ жұрты тұтас кіретін болсын деген нұсқалары Сибревкомның жобаларына әсер беретін көрінбейді.

Қазақ автономиясынан крестьян халқын жартылап жырып алмақ болғанында мағына болса да, қазақ болыстарын іле кетуінде қандайлық, мағына бар екенін біле алмаймыз. Қазақ шаруасының жалпақ қазақтығынан ала бөтен болып крестьян шаруасына жалғас болып кеткені көңілге ертегі секілді көрінеді. Кім біледі, әлде Сибревком автономия қадірін білмейтін қазаққа осындай бөгеулер салып, қиындықпен қолына тигізіп, автономиясын дәмді қылып бермек шығар.

Ол еңбегіне рақмет айтамыз.

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар