Даңқты Панфиловым ─ командир, запастағы полковник, жазушы Бауыржан Момышұлы

04.12.2012 3055
  «Қазақстан коммунисі», 1967 жыл, март, №3 — Қазіргі Қытайда болып жатқан оқиғалар барша совет адамдары сияқты менің де жаныма батады, көп толғандырады. Қытай басшылары ұйымдастырып отырған антисоветтік арандатушылыққа, күн сайын өрши түскен залалды насихатқа, зымияндық жалақорлыққа, сойқанды бейбастыққа мен азамат ретінде, әке ретінде өкініш білдіріп, қынжыламын. Әсіресе, маған өз Отанына, социализм ісіне шын берілген патриоттар етіп тәрбилеуге болатын өңшең өндірдей жастарды бұзақы, содырлы сойқан етіп, ел ішін бүлдіруге аттандырғаны қатты батады. Тәрбие - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы. Ал «хунвэйбиндер» кімдер? Бұлар - көрнекті мемлекет, партия қайраткерлерін жөн - жосықсыз, бас - көз демей төпей беретін әумесер бұзықтар. Қазіргі Қытай басшылары иі қанбаған, көргенсіз жастарды осындай тәртіпсіздікке айдап салып, үлкен саяси күнәға батып отыр. Адамзат алдында кешірілмейтін зор моральдық қылмыс жасап отыр. Қытай басшылары ерік - жігері әлі қалыптасып бітпеген, ақыл - есі ұшталып болмаған жастарды пайдаланып, ұлтшылдық туын бүркеншік етіп, өздерінің ұлы державалық шовинизмнің жаңа бір пасық түрін жүзеге асырмақшы. Олар Мао Цзэдунның және оның қол шоқпарларының әскери - бюрократтық диктатурасын орнатпақшы. Біз итальян, Герман фашизмін жақсы білеміз, олардың да кезін де ұлттық социализмнің туын бүркеншік етпек болғаны есімізде. Мао Цзэдунның ертеректегі еңбектерінің өзегі болып жататын «Салқын самал шығыстан еседі» деген мәтелі болушы еді. Бақсақ, оның төркіні - Қытай дүниежүзіне үстемдік етуге тиіс деген ұлтшылдық, ұлы державалық шовинизмге келіп саяды екен. Қазіргі Пекин билеушілерінің Мао идеясы деп жүргені де осы болуы керек. Бұл «теорияның» марксизмге үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Мұның аты - марксизмді мазақ ету. Марксизм - саналы адамгершілікті, гуманизмді жоғары қоятын ғылым. Ал, Қытайда жүргізіліп жатқан реакциялық қылмыскерлікті қалай марксизм дей аламыз? Марксизм ─ демократиялық ғылым. Ал, Қытайдағы реакциялық бейбастақтықты қалай марксизм дей аламыз?! Марксизм ─ шынайы педагогика. Қытай басшыларының баскесер бұзақыларды тәрбиелеп жатқанын қалай марксизм дей аламыз?!   Марксизм - дүниежүзі халықтарының мәдениет, әдебиет, көркемөнер қорына қосқан үлесін ардақтайды, жақсы дәстүрлерді қадірлейді. Оған социалистік реализм тұрғысынан баға береді. Ал, Қытайда жүргізіліп жатқан «мәдени революцияның», яғни ежелгі мұраны, өткендегінің бәрін қиратып, таптау ылаңын қалай марксизм дей аламыз?   Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой граф, помещик болған адам. Бірақ соған қарап біз оның кітаптарын кұрттық па? Қайта көсеміміз В.И.Ленин: «Л.Толстой - орыс революциясының айнасы», - деп аса жоғары бағалаған жоқ па? Ал, Қытайдың қазіргі басшылары өз халқының көрнекті жазушыларына не істеп отыр? Белгілі орыс жазушылары И.Бунин, Л.Куприндер революцияға қарсы болған кісілер, ал атақты жазушы Алексей Толстой бір кезде «Большевиктер тырнағының астына ине сұғу да аз» деп жазған - ды. Біздер, совет коммунистері, соған қарамастан, олардың кітабын отқа өртеген жоқпыз. Жастарға оларды жаппай жамандаған жоқпыз. Қате - кемшіліктерін көрсетіп, талантқа бас иіп, құрметтеудеміз. Олардың кітаптарын көп тиражбен басып шығарудамыз. Бұл - біздің олардың творчествосына марксизм тұрғысынан қарағандығымыздың дәлелі. Көрнекті марксист Г.В. Плеханов - өмірінің соңғы кезінде қателікке ұрынған адам. Бірақ соған қарап, біз оны талақ еткен жоқпыз, етпейміз де. Оны ұлы көсеміміз В.И.Лениннің өзі сыйлаған. Ал, Қытай революциясының жеңісіне еңбегі сіңген, көрнекті қайраткер Лю Шао - ци, Чжуденнің хал - күйі қандай қазір? Мүмкін, олардың қатесі де болған шығар - ақ, бірақ сонда да оларды масқаралап, ұрып - соғатындай, бас бұзарлардың оларда қандай алты аласы бар? Біз - ұлы елміз. Октябрь революциясының шамын да біз жақтық, туын да біз көтердік. Социализмді бірінші болып біз орнаттық. Біздің жеңісіміз жаңа дәуірдің бастамасы болды. Біз дүниежүзілік екінші соғыста үлкен құрбандықпен жер шарын фашист басқыншылардың таптауынан сақтап қалдық. Біздің жеңістеріміз болмаса, Қытай революциясының жеңуі де екі талай еді. Сондықтан да Қытайдың казіргі басшыларының Совет Одағына қарсы жала жауып, сойқанды науқан жүргізуге қалай батылы барып отыр екен дегенді ойлағанда зығырданың қайнайды. Әлі - ақ Мао Цзэдун тобы қытай мен совет халықтарының арасындағы туысқандық қарым - қатынасты бүлдіргені үшін, шегіне жеткізе асқындырғаны үшін жауап беретін болады. Ұлы Гете: «Кітапты өртеген кісі - адам өлтіруге де даяр» деген болатын. Бетімен кеткен басбұзар «хунвейбиндерді» тәртіпке шақыратын халық күші қапыда жатпас деп ойлаймын. Мен еңбектегі жалқауларды, соғыстағы қорқақтарды, әдебиет пен өнердегі дарынсыздарды жек көремін. Сондықтан да біз жастарымызды «хунвейбиндер» үлгісінен аулақ етіп, аға ұрпақтың өнегесінде, әскери революциялық дәстүр негізінде, жоғары рухта, советтік патриотизм мен достық, интернационализм рухында тәрбиелеуіміз қажет.

 

«Қазақстан коммунисі», 1967 жыл, март, №3

— Қазіргі Қытайда болып жатқан оқиғалар барша совет адамдары сияқты менің де жаныма батады, көп толғандырады. Қытай басшылары ұйымдастырып отырған антисоветтік арандатушылыққа, күн сайын өрши түскен залалды насихатқа, зымияндық жалақорлыққа, сойқанды бейбастыққа мен азамат ретінде, әке ретінде өкініш білдіріп, қынжыламын.

Әсіресе, маған өз Отанына, социализм ісіне шын берілген патриоттар етіп тәрбилеуге болатын өңшең өндірдей жастарды бұзақы, содырлы сойқан етіп, ел ішін бүлдіруге аттандырғаны қатты батады. Тәрбие - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы. Ал «хунвэйбиндер» кімдер? Бұлар - көрнекті мемлекет, партия қайраткерлерін жөн - жосықсыз, бас - көз демей төпей беретін әумесер бұзықтар. Қазіргі Қытай басшылары иі қанбаған, көргенсіз жастарды осындай тәртіпсіздікке айдап салып, үлкен саяси күнәға батып отыр. Адамзат алдында кешірілмейтін зор моральдық қылмыс жасап отыр.

Қытай басшылары ерік - жігері әлі қалыптасып бітпеген, ақыл - есі ұшталып болмаған жастарды пайдаланып, ұлтшылдық туын бүркеншік етіп, өздерінің ұлы державалық шовинизмнің жаңа бір пасық түрін жүзеге асырмақшы. Олар Мао Цзэдунның және оның қол шоқпарларының әскери - бюрократтық диктатурасын орнатпақшы. Біз итальян, Герман фашизмін жақсы білеміз, олардың да кезін де ұлттық социализмнің туын бүркеншік етпек болғаны есімізде. Мао Цзэдунның ертеректегі еңбектерінің өзегі болып жататын «Салқын самал шығыстан еседі» деген мәтелі болушы еді. Бақсақ, оның төркіні - Қытай дүниежүзіне үстемдік етуге тиіс деген ұлтшылдық, ұлы державалық шовинизмге келіп саяды екен. Қазіргі Пекин билеушілерінің Мао идеясы деп жүргені де осы болуы керек.

Бұл «теорияның» марксизмге үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Мұның аты - марксизмді мазақ ету. Марксизм - саналы адамгершілікті, гуманизмді жоғары қоятын ғылым. Ал, Қытайда жүргізіліп жатқан реакциялық қылмыскерлікті қалай марксизм дей аламыз? Марксизм

─ демократиялық ғылым. Ал, Қытайдағы реакциялық бейбастақтықты қалай марксизм дей аламыз?! Марксизм

─ шынайы педагогика. Қытай басшыларының баскесер бұзақыларды тәрбиелеп жатқанын қалай марксизм дей аламыз?!

 

Марксизм - дүниежүзі халықтарының мәдениет, әдебиет, көркемөнер қорына қосқан үлесін ардақтайды, жақсы дәстүрлерді қадірлейді. Оған социалистік реализм тұрғысынан баға береді. Ал, Қытайда жүргізіліп жатқан «мәдени революцияның», яғни ежелгі мұраны, өткендегінің бәрін қиратып, таптау ылаңын қалай марксизм дей аламыз?

 

Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой граф, помещик болған адам. Бірақ соған қарап біз оның кітаптарын кұрттық па? Қайта көсеміміз В.И.Ленин: «Л.Толстой - орыс революциясының айнасы», - деп аса жоғары бағалаған жоқ па? Ал, Қытайдың қазіргі басшылары өз халқының көрнекті жазушыларына не істеп отыр?

Белгілі орыс жазушылары И.Бунин, Л.Куприндер революцияға қарсы болған кісілер, ал атақты жазушы Алексей Толстой бір кезде «Большевиктер тырнағының астына ине сұғу да аз» деп жазған - ды. Біздер, совет коммунистері, соған қарамастан, олардың кітабын отқа өртеген жоқпыз. Жастарға оларды жаппай жамандаған жоқпыз. Қате - кемшіліктерін көрсетіп, талантқа бас иіп, құрметтеудеміз. Олардың кітаптарын көп тиражбен басып шығарудамыз. Бұл - біздің олардың творчествосына марксизм тұрғысынан қарағандығымыздың дәлелі.

Көрнекті марксист Г.В. Плеханов - өмірінің соңғы кезінде қателікке ұрынған адам. Бірақ соған қарап, біз оны талақ еткен жоқпыз, етпейміз де. Оны ұлы көсеміміз В.И.Лениннің өзі сыйлаған. Ал, Қытай революциясының жеңісіне еңбегі сіңген, көрнекті қайраткер Лю Шао - ци, Чжуденнің хал - күйі қандай қазір? Мүмкін, олардың қатесі де болған шығар - ақ, бірақ сонда да оларды масқаралап, ұрып - соғатындай, бас бұзарлардың оларда қандай алты аласы бар?

Біз - ұлы елміз. Октябрь революциясының шамын да біз жақтық, туын да біз көтердік. Социализмді бірінші болып біз орнаттық. Біздің жеңісіміз жаңа дәуірдің бастамасы болды. Біз дүниежүзілік екінші соғыста үлкен құрбандықпен жер шарын фашист басқыншылардың таптауынан сақтап қалдық. Біздің жеңістеріміз болмаса, Қытай революциясының жеңуі де екі талай еді. Сондықтан да Қытайдың казіргі басшыларының Совет Одағына қарсы жала жауып, сойқанды науқан жүргізуге қалай батылы барып отыр екен дегенді ойлағанда зығырданың қайнайды. Әлі - ақ Мао Цзэдун тобы қытай мен совет халықтарының арасындағы туысқандық қарым - қатынасты бүлдіргені үшін, шегіне жеткізе асқындырғаны үшін жауап беретін болады. Ұлы Гете: «Кітапты өртеген кісі - адам өлтіруге де даяр» деген болатын. Бетімен кеткен басбұзар «хунвейбиндерді» тәртіпке шақыратын халық күші қапыда жатпас деп ойлаймын.

Мен еңбектегі жалқауларды, соғыстағы қорқақтарды, әдебиет пен өнердегі дарынсыздарды жек көремін. Сондықтан да біз жастарымызды «хунвейбиндер» үлгісінен аулақ етіп, аға ұрпақтың өнегесінде, әскери революциялық дәстүр негізінде, жоғары рухта, советтік патриотизм мен достық, интернационализм рухында тәрбиелеуіміз қажет.

Ұқсас материалдар