Қандастар Ассамблея

Біз революционер ұрпағымыз

04.12.2012 3578
  14 желтоқсан, 1965 жыл Екінші дүниежүзілік соғыс - адам баласының тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Сол сұрапылдың көп тауқыметін совет халқы көтерді. Біздің елімізде соғыс жалыны шарпымаған бірде - бір семья жоқ. Демек, біздің елімізде өмірбаяны от - жалында басталмаған адам кемде - кем. Ұлы Отан соғысының салдары кәрінің де, жастың да есінде. Совет адамдарының жаппай ерлігінің арқасында біз өте күшті, зәрлі жаудың - гитлерлік армияның тұтқиылдан жасаған қарқынды шабуылын тоқтатып, Отанымыздың астанасы Москваның түбіндегі жау тажалды құрсауын айырып, қоршау қаупін жойдық, жойып қана қоймай, өз жерімізден түре қуып шықтық; өз қасиетті жерімізден түре қуып қана қоймай, құлдықта қалған Европаны құтқарып қана қоймай, зуылдатып жауды өз жерінде, өз інінде талқандадық, оның орда кіндігі Рейхстагқа жеңіс туын желбіреттік. Жеңіс бізге қымбатқа түсті. Жау біздің жүздеген қалаларымызды, мыңдаған селоларымызды қиратып жіберді. Мыңдаған апа - қарындас, аға - інілерімізді жау құлдыққа айдап кетті. Көп адам құрбан болды. Көп адам мүгедек болды. Соғыс әке мен ананы баладан, ағаны ініден, жас жарды жұбайынан, жас баланы әкесінен айырды. Совет халықтарының нығайған достығы; совет адамдарының Отан үшін оттан да, судан да, керек десе ажалдан да тайсалмайтын құрыш болаттай табандылығы; тыл мен майданның бір ниеттестігі; партиямен үкіметтің көреген жолбасшылығы төрт жыл қан сорғалаған майданда да, тер сорғалаған тылда да мартенде қайнап шыққан болаттай сыннан өтті. Біздің халқымыз бостандық, тәуелсіздік прогресс үшін, Марксизм - Ленинизм идеологиясының сөнбес жарқын туын көтере ұстап «жаным арымның садағасы»,- деп түнерген қауіпті жұмыла жаппай ерлік көрсеткеніне дос та, дұшпан да куә. Октябрьдің ұлы жетістіктерін сақтап қалды. Аса қуатты социалистік лагерьдің құрылуына жол ашты. Ұлт - азаттық қозғалыстың дүниежүзінде өріс алуына әулетті ықпалын тигізді. Иә, сөйтіп совет халқының ерлігі бүкіл әлемге тажал болып төніп, қайғы - қасірет уын төккен фашизмнің бел омыртқасын опырып, адамзат баласының прогрестік болашақ тағдырын шешті. Бұл - тарихта теңдесі жоқ зор ерлік . Бұл жеңіс - Ұлы октябрь революциясының, азамат соғысының, партиямыздың, бүкіл Совет халқының ширек ғасырдағы майдандар мен бейбіт еңбектегі күрестерінің жемісі. Бұл - октябрьден қалған атамұра нәтижесі. Біздің жастар - Революционерлердің ұрпағы, жас ұрпақ олардың ерлік дәстүрлерін атамұра тұтып, солардың істерінен үлгі - өнеге алып, соларға еліктеп советтік патриотизм сезімінде тәрбиеленеді. Біздің ұрпақ - революционерлердің мұрагері. Таптық сезім, Отанға берілген патриоттық сезім, қиыншылыққа шыдамдық, рухани жеңімпаздық, өнегелі істі өрге тарту - бізге солардан қалған зор қасиетті дәстүр еді. Күресте біз әкелеріміздің, ағаларымыздың өнегелі жолдарын қудық. Фашизм - империализмнің ең сұмырай туындысы, ол - біздің идеологиялық, таптық ата жауымыз. Сол жауды біз жеңдік. Ата мұрасына, ата дәстүріне дақ салдырғанымыз жоқ. Ананың ақ сүтін, атаның ақ батасын ақтап, олардың дәстүрлерін жаңа жағдайда жаңарттық, ұлғайттық, байыттық, молайттық - космосқа ұштық, айға құлашымызды жеткіздік. Бұл - әкелер, ағалар ерліктерінің нәтижесі. Ерлік елеусіз қалмасын, ол қастерленсін, кескіндене кеңісін, ұрандана ұлғайсын, ерлік дәстүрі ескірмесін, күннен - күнге жарқырай түссін, жаңарсын. Келешектен - келешекке, ұрпақтан - ұрпаққа үлгі өнеге болуға жарасын. Бүгінгі жаңа ұрпақ ерлікті, айбындылықты алға апарсын. Ерлік тәрбиеден туады, ол әрқашанда есте болсын. *** Ерлік тәрбиеден туады, ол әрқашанда есте болсын. Біздің партиямыз совет адамдарын, жас ұрпақты ұлттық және интернационалдық міндет - мақсаттарды дұрыс түсіну рухында, барлық социалистік елдер халқымен мызғымас достық, туыстық рухында, бүкіл әлем еңбекшілерінің пролетарлық ынтымақ туы астына берік бірлесу рухында ерекше аялы қамқорлықпен ыждаһатты түрде тәрбиелеп келеді. Мәнісі, жас азаматты тәрбиелеу - біздің идеологиялық жұмысымыздың маңызды да қастерлі, маңдай алды мақсаттарының бірі. Жастар - біздің болашағымыз. Болашақ - жастардікі. Біздің барша қауымның басты бағдарлы тілегі - бүгінгі жас ұрпақтың бойына азаматтық борыштың нәрін ана сүтіндей сіңдіре білуде. Ол - біздің аталық, аналық, ағалық қасиетті борышымыз. Әрине, қазіргі жас ұрпақ азаматтық тәрбиенің қатал да әділетті мектебі боп есептелетін, социалистік кұрылыстың алғашқы жеңістері үшін күресу, сансыз қиыншылықтарды жеңу, Отан жауларымен майданда шайқасу сияқты алдыңғы аталар мен ағалар үлесіне тиген қиын асуларды көрген жоқ. Біздің жастарымыз Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы көп ауыртпалықтар мен таршылықты білмейді, соғыс жылдарының қатал кезеңін бастан кешкен жоқ. Бұған олар кінәлі емес. Қазіргі замана жағдайына сәйкес жастарға идеялық тәрбие беру және шынықтыру, олардың патриоттық санасын өсіру, үлкен азаматтық дәрежеге баулу, совет қоғамының алдында әр уақытта жауаптылық, сезімін олардың ойына, бойына сіңіру - басты міндет. Азаматтық қасиетке баулу жеке - дара іс емес. Ол еңбекпен және қоғамдық өмір барысында идеологиялық жұмыстың барлық құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол КПСС программасында көрсетілген коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексі талаптарына сәйкес жаңа адамдарды калыптастыру міндеттерімен тығыз да бірегей. Отанды қорғау, Советтік қарулы күштер қатарында қызмет ету - Совет азаматының қасиетті, абыройлы парызы. Өткен соғыс тәжірибесі не көрсетті? Ол жауынгерлік белсенділіктің, ерлік пен өз өмірін пида етудің негізі - совет адамдарының идеялық сенімінде, саналылығы мен саяси толысқандығында жатқанын нақты іс жүзінде дәлелдеп берді. Одан мынадай түйіндер түюге болады. Анадан ешкім батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспейді. Табандылықтың атағы - татымды тәрбие. Адам солдат болып тумайды. Әскери қызметтің белгілі бір қатал мектебінен, жауынгерлік жорықтардың қиын - қыстау күндері мен қақтығыстардың от - жалынынан өткенде ғана қалыптаспақ. Әскери тәрбие проблемасы - бұл адамды жөргектен найзалы бетпе - бет шабуылға дейін тәрбиелеу проблемасы. Әскери тәрбиенің де тұңғыш мектебі - семья. Тұңғыш тәрбиеші - ана. Міне, әңгіменің төркіні осы жердей басталады. Жастайынан жасыған жаумен жағаласуға жарамайды. Балаң жақсы болып өссін десең, жастайынан жасытпа. Жүгенсіз өскенді жобаға түсіру қиын. Балаңды жөргегінен жөнге салып өсіргін. Ақылыңды әдісіңе жолдас ет. Әдіссіздік - әлсіздік, есептілік те - ерлік. Мамандықтың кілті - машықтануда. Ұқыптылық өрге тартады. Шыныққан шыңнан шыңға таутекедей ырғиды. Шынықпаған шалшықтағы бақадай тырбаңдайды. Сыйлы болғың келсе - көппен сыйласқын. Тәртіптілер талабына жетеді. Тәртіпсіздіктен береке кетеді. Сергек ой - ер серігі. Елдің атын ер шығарады... Совет жастарын Отанға шексіз сүйіспеншілік рухымен өсіруде тек әскери қызметте ғана емес, семьяда да, мектепте де, колхозда да, өндірісте де, мекемеде де әскери - патриоттық тәрбиені жүргізудің зор маңызы бар. Ол қоғамдық борыш мұндағы аса қуатты құрал - Қарулы Күштеріміздің сан - салалы даңқты дәстүрлері. Соны жетімді насихаттай білу. Совет армиясы қаһарман ерлікпен жүріп өткен жауынгерлік жарқын тарихи жолды дүниежүзінің бірде - бір армиясы қайталаған жоқ. Оның даңқты жауынгерлік дәстүрлеріндей қолға түскендердің пенделігі, жау жендеттерінің мейірімсіз айуандығы т.б. соғыс жағдайлары аса басым құбыжық көрсетіледі. Біраз шығармалардың соғыстың қара бояуларымен баттасқаны сонша, кітап арқылы ғана соғыстың қияметті егжей - тегжейімен алғаш рет танысқан жас оқырманға жойқын танктер мен қырғын окоптардан сыртқары уақиғалардың мәні көлегейленіп қалады. Адамдардың соншама соқыр күшпен жойылып жатқанын кітаптан білген оқушыға соғыстан тек кездейсоқ қана аман қалуға болады екен деген ауыр ой ұялайды. Ондай шығармаларда майдандағы сұрапыл шайқастар мен тылдағы ерлік еңбек арқылы фашист жыртқыштарының жұлынын үзген жауынгер халықтың қаһармандығы, батырлығы әлсіз суреттеледі. Тіпті, совет адамдарының айбарлы қадамына өлшем болған ерлік идеясы мұндай шығармалардан орын таба алмай қалған. 1942 жылы 8 декабрьде Москвадағы әдебиетшілер үйінде мен былай деп өтінген едім: «Жауды жан алғыш әзірейілі етіп көрсетпеңіздер. Өлім оларға да бірдей, айдаһармен емес, адаммен адам соғысады». Совет адамы - жаңа дәуірдің рухани саналы адамы. «Ерді кебенек ішінде таниды» дегендей, оның сыртқы пішіні мен ішкі сырын, советтік характерін, саналы образ - бейнесін сипаттайтын біздің ерлік істеріміз аз ба? Көп. Әлемді ғажайып таңқалдырған біздің жауынгерлік сапымыздан көп қаһармандар шыққан. Олай болса, дәстүр дегеніміз - ол тек тарих, не өткеннің қаңсып қалған көне реликвиясы емес екен. Дәстүр - қаһарлы қару, дәстүр - тәрбиенің қуатты құралы. Онда революциялық және жауынгерлік парызды орындау үлгісі бар, онда батырлық пен ерлікті еңбекте де, шайқаста да тәртіп нормасына айналдыруға шақыратын ғаламат күш бар. М.В.Фрунзе: «жауынгерлік дәстүр - жұмысшы - шаруа Отаны бізді шақырған мезетте командирлер мен біздің барлық РККА көрсететін болашақ ұлы ерліктердің кепілі» деген болатын. Ұлы Отан соғысы Фрунзенің бұл сөзін толық дәлелдеп берді. Иә, Александр Матросовтың ерлігі мәңгі өшпейді. Мұны екі жүзден астам совет жауынгерінің қайталағаны қандай маңызды! Ал, Николай Гастеллоның ғажап ерлігі 74 дүркін жаңғырды. Біздің армиямыздың жауынгерлік дәстүрі өзінен - өзі туа қалған жоқ. Өткен күн дәстүрінің жай ғана сілемі емес, ол- біздің халқымыздың батыр тарихындағы ең таңдаулыларын қабылдап, бойына сіңірген тұжырым. Совет жауынгерінің соғыста болсын және бейбіт еңбекте болсын, социалистік Отан алдындағы борышын адал да мұқият орындауына ықпал етер тәртіп нормасына айналған тарихи қалыптасқан ғұрыптар мен моральдық ережелер - міне, жауынгерлік дәстүр дегеніміз - осы. Совет жауынгерінің бұқаралық батырлығының, олардың өлшеусіз ерлігінің шешуші түйіні коммунизм мақсаттарына, советтік патриотизм, халықтар достығы және пролетарлық интернациолизмге шын берілгендігі болды және солай бола береді. Совет халқы мен оның Қарулы Күштерінің осынау ғаламат жауынгерлік дәстүрі - совет адамдарының жас ұрпағына өз әкелері мен аналарының әскери және еңбектегі ерлігінің лайықты мұрагерлері болсын деп біздің партиямыз эстафета ретінде ұсынып отырған өте бағалы, идеялық байлық. Сөйтіп, жастарды революциялық және жауынгерлік рухта тәрбиелеу - саяси - бұқаралық жұмыстың аса маңызды бөлігі болып келеді және бола береді. *** Ал, енді ұсыныс ретіндегі кейбір пікірлерге тоқталық. Бұл орайда не істеу керек? Біз семья тәрбие басы дейміз. Демек, әрбір үйде семья реликвиясының бұрышы болуға тиіс, Онда Отан соғысына қатысқан семья мүшелерінің суреті, жауынгерлік белгілері, хаттары, оның ерлігі суреттелген газеттердің қиындылары, наградалар мен грамоталар ілінулі тұрса, ол тек семьядағы балалардың «жеті атасын білу» ғана емес, «менің атам бұндай болған екен» деп ауыз толтыра айтуға, семьяның ар - намысына кір жұқтырмай өсуге үлкен тәрбиелік құралдың бірі болар еді. Сондай - ақ, жас ұрпақты әскери - патриоттық рухта тәрбиелеуде мектеп және жоғары оқу орындары орасан үлкен жұмыстар істеуіне толық мүмкіншіліктері бар. Менің пікірімше, бұларда «Олар Отан үшін алысты» деген стенд жасауға болады. Онда «Отан соғысына катысқан біздің мұғалімдеріміз», «біздің оқушыларымыз», «біздің жерлестеріміз» деген бөлімдер болуға тиіс. Мектептен, жоғары оқу орындарынан шыққан ерлерді дәріптеп мақтаныш етудің оқушылармен студенттерді тәрбиелеуге дәстүрлік мазмұны зор екі даусыз. Мысалы «Менің оқитын мектебім Нұркен Әбдіровтің Ұшқан ұясы» деп ойлаудың ішкі сыры қайда жатыр. Сондай - ақ Отан қорғауда кайтысы болған батырларға мемориалдық тақта орнату қажет - ақ. Мектептерде, жоғары оқу орындарында Отан соғысы туралы шығармалар, дипломдар жаздырып отырған жөн. Ал, стендіде Отан туралы, ерлік туралы ұлы адамдардың афоризмдері мен халық мақал - мәтелдері болғаны дұрыс. Сол сияқты Ұлы Отан соғысы тақырыбына әдеби үйірмелер, семинарлар ұйымдастырып, кездесулер өткізіп тұрған абзал. Бір сүйсінерлік мысал, Шымкент қаласында Сыпатаев атында қазақ орта мектебі бар. Үлкен мектеп. Мектептің 50 жылдығына дайындық ретінде олар үлкен екі қабырға (стена) ұйымдастырмақ: біреуі «Біздің мұғалімдер», онда мектеп ұйымдасқаннан бастап қарт мұғалімдердің, озат мұғалімдердің портреттері ілініп, өмір - баяндары жазылып, шыққан еңбектері көрме ретінде ілінбек; біреуі болса - «Біздің шәкірттеріміз», онда мектептен шыққан тұңғыш шәкірттерден бастап (әрине үлгі боларлық, аты белгілілері) осы күнгі озаттарға дейін суреттерімен, өмірбаянымен, ерлік табыстары, шығарған еңбектерімен өреленбек... Бұл бастаманың көңілдегідей аяқталуына тілектеспіз. Елді пункттерде әскери - патриоттық тәрбие мақсатында көптеген игі жұмыстар жүргізуге болатыны айқын. Совет Одағының Батырлары. азамат соғысынын ардагерлері өмір сүрген үйлерде мемориалдық тақталар, ескерткіштер орнату, клубтарда революциялық және жауынгерлік даңқ бұрыштарын ұйымдастыру қажет. Елді пункттерде, көшелерде, участоктерде Отан үшін мерт болған ерлер атын беру туралы мәселені батыл көтеретін уақыт жетті. Әскери міндетін өтеуге аттанып бара жатқан жастарды салтанатты түрде шығарып салу, Отанға адал кызмет ету аманатын тапсыру, сол сияқты күнделікті (аудандық, облыстық) баспасөзде жерлестеріміздің қаһармандығын паш ететін материалдарды үзбей жариялау, ерлік күндерді ерекше атап, музейлерде революциялық, жауынгерлік даңқ залын ашу қажет. *** Біздің жастар жөргегінен бастап идея жағынан жоғары саналы, патриоттық сезімі күшті, оқуда ұқыпты, еңбекқор, әдепті, тәртіпті, жеңімпаздар рухында барлық жағынан да шыңдалып өсуіне тілектеспіз. Еңбекте - жалқаулыққа, ұрыста - қорқақтыққа, қоғамда - әдепсіздік пен тәртіпсіздікке жастардың қаны қас болып тәрбиелену үшін үлкен құралдың бірі - қасиетті дәстүрімізді, мейлінше, насихаттай білу.

 

14 желтоқсан, 1965 жыл

Екінші дүниежүзілік соғыс - адам баласының тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Сол сұрапылдың көп тауқыметін совет халқы көтерді. Біздің елімізде соғыс жалыны шарпымаған бірде - бір семья жоқ. Демек, біздің елімізде өмірбаяны от - жалында басталмаған адам кемде - кем. Ұлы Отан соғысының салдары кәрінің де, жастың да есінде.

Совет адамдарының жаппай ерлігінің арқасында біз өте күшті, зәрлі жаудың - гитлерлік армияның тұтқиылдан жасаған қарқынды шабуылын тоқтатып, Отанымыздың астанасы Москваның түбіндегі жау тажалды құрсауын айырып, қоршау қаупін жойдық, жойып қана қоймай, өз жерімізден түре қуып шықтық; өз қасиетті жерімізден түре қуып қана қоймай, құлдықта қалған Европаны құтқарып қана қоймай, зуылдатып жауды өз жерінде, өз інінде талқандадық, оның орда кіндігі Рейхстагқа жеңіс туын желбіреттік.

Жеңіс бізге қымбатқа түсті.

Жау біздің жүздеген қалаларымызды, мыңдаған селоларымызды қиратып жіберді.

Мыңдаған апа - қарындас, аға - інілерімізді жау құлдыққа айдап кетті.

Көп адам құрбан болды. Көп адам мүгедек болды. Соғыс әке мен ананы баладан, ағаны ініден, жас жарды жұбайынан, жас баланы әкесінен айырды.

Совет халықтарының нығайған достығы; совет адамдарының Отан үшін оттан да, судан да, керек десе ажалдан да тайсалмайтын құрыш болаттай табандылығы; тыл мен майданның бір ниеттестігі; партиямен үкіметтің көреген жолбасшылығы төрт жыл қан сорғалаған майданда да, тер сорғалаған тылда да мартенде қайнап шыққан болаттай сыннан өтті.

Біздің халқымыз бостандық, тәуелсіздік прогресс үшін, Марксизм - Ленинизм идеологиясының сөнбес жарқын туын көтере ұстап «жаным арымның садағасы»,- деп түнерген қауіпті жұмыла жаппай ерлік көрсеткеніне дос та, дұшпан да куә.

Октябрьдің ұлы жетістіктерін сақтап қалды. Аса қуатты социалистік лагерьдің құрылуына жол ашты. Ұлт - азаттық қозғалыстың дүниежүзінде өріс алуына әулетті ықпалын тигізді.

Иә, сөйтіп совет халқының ерлігі бүкіл әлемге тажал болып төніп, қайғы - қасірет уын төккен фашизмнің бел омыртқасын опырып, адамзат баласының прогрестік болашақ тағдырын шешті.

Бұл - тарихта теңдесі жоқ зор ерлік .

Бұл жеңіс - Ұлы октябрь революциясының, азамат соғысының, партиямыздың, бүкіл Совет халқының ширек ғасырдағы майдандар мен бейбіт еңбектегі күрестерінің жемісі. Бұл - октябрьден қалған атамұра нәтижесі.

Біздің жастар - Революционерлердің ұрпағы, жас ұрпақ олардың ерлік дәстүрлерін атамұра тұтып, солардың істерінен үлгі - өнеге алып, соларға еліктеп советтік патриотизм сезімінде тәрбиеленеді. Біздің ұрпақ - революционерлердің мұрагері. Таптық сезім, Отанға берілген патриоттық сезім, қиыншылыққа шыдамдық, рухани жеңімпаздық, өнегелі істі өрге тарту - бізге солардан қалған зор қасиетті дәстүр еді.

Күресте біз әкелеріміздің, ағаларымыздың өнегелі жолдарын қудық.

Фашизм - империализмнің ең сұмырай туындысы, ол - біздің идеологиялық, таптық ата жауымыз. Сол жауды біз жеңдік. Ата мұрасына, ата дәстүріне дақ салдырғанымыз жоқ. Ананың ақ сүтін, атаның ақ батасын ақтап, олардың дәстүрлерін жаңа жағдайда жаңарттық, ұлғайттық, байыттық, молайттық - космосқа ұштық, айға құлашымызды жеткіздік. Бұл - әкелер, ағалар ерліктерінің нәтижесі. Ерлік елеусіз қалмасын, ол қастерленсін, кескіндене кеңісін, ұрандана ұлғайсын, ерлік дәстүрі ескірмесін, күннен - күнге жарқырай түссін, жаңарсын. Келешектен - келешекке, ұрпақтан - ұрпаққа үлгі өнеге болуға жарасын. Бүгінгі жаңа ұрпақ ерлікті, айбындылықты алға апарсын. Ерлік тәрбиеден туады, ол әрқашанда есте болсын.

***

Ерлік тәрбиеден туады, ол әрқашанда есте болсын.

Біздің партиямыз совет адамдарын, жас ұрпақты ұлттық және интернационалдық міндет - мақсаттарды дұрыс түсіну рухында, барлық социалистік елдер халқымен мызғымас достық, туыстық рухында, бүкіл әлем еңбекшілерінің пролетарлық ынтымақ туы астына берік бірлесу рухында ерекше аялы қамқорлықпен ыждаһатты түрде тәрбиелеп келеді. Мәнісі, жас азаматты тәрбиелеу - біздің идеологиялық жұмысымыздың маңызды да қастерлі, маңдай алды мақсаттарының бірі.

Жастар - біздің болашағымыз. Болашақ - жастардікі.

Біздің барша қауымның басты бағдарлы тілегі - бүгінгі жас ұрпақтың бойына азаматтық борыштың нәрін ана сүтіндей сіңдіре білуде. Ол - біздің аталық, аналық, ағалық қасиетті борышымыз.

Әрине, қазіргі жас ұрпақ азаматтық тәрбиенің қатал да әділетті мектебі боп есептелетін, социалистік кұрылыстың алғашқы жеңістері үшін күресу, сансыз қиыншылықтарды жеңу, Отан жауларымен майданда шайқасу сияқты алдыңғы аталар мен ағалар үлесіне тиген қиын асуларды көрген жоқ. Біздің жастарымыз Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы көп ауыртпалықтар мен таршылықты білмейді, соғыс жылдарының қатал кезеңін бастан кешкен жоқ. Бұған олар кінәлі емес.

Қазіргі замана жағдайына сәйкес жастарға идеялық тәрбие беру және шынықтыру, олардың патриоттық санасын өсіру, үлкен азаматтық дәрежеге баулу, совет қоғамының алдында әр уақытта жауаптылық, сезімін олардың ойына, бойына сіңіру - басты міндет.

Азаматтық қасиетке баулу жеке - дара іс емес. Ол еңбекпен және қоғамдық өмір барысында идеологиялық жұмыстың барлық құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол КПСС программасында көрсетілген коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексі талаптарына сәйкес жаңа адамдарды калыптастыру міндеттерімен тығыз да бірегей.

Отанды қорғау, Советтік қарулы күштер қатарында қызмет ету - Совет азаматының қасиетті, абыройлы парызы.

Өткен соғыс тәжірибесі не көрсетті? Ол жауынгерлік белсенділіктің, ерлік пен өз өмірін пида етудің негізі - совет адамдарының идеялық сенімінде, саналылығы мен саяси толысқандығында жатқанын нақты іс жүзінде дәлелдеп берді. Одан мынадай түйіндер түюге болады.

Анадан ешкім батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспейді. Табандылықтың атағы - татымды тәрбие.

Адам солдат болып тумайды. Әскери қызметтің белгілі бір қатал мектебінен, жауынгерлік жорықтардың қиын - қыстау күндері мен қақтығыстардың от - жалынынан өткенде ғана қалыптаспақ.

Әскери тәрбие проблемасы - бұл адамды жөргектен найзалы бетпе - бет шабуылға дейін тәрбиелеу проблемасы.

Әскери тәрбиенің де тұңғыш мектебі - семья.

Тұңғыш тәрбиеші - ана. Міне, әңгіменің төркіні осы жердей басталады. Жастайынан жасыған жаумен жағаласуға жарамайды.

Балаң жақсы болып өссін десең, жастайынан жасытпа.

Жүгенсіз өскенді жобаға түсіру қиын.

Балаңды жөргегінен жөнге салып өсіргін.

Ақылыңды әдісіңе жолдас ет.

Әдіссіздік - әлсіздік, есептілік те - ерлік.

Мамандықтың кілті - машықтануда.

Ұқыптылық өрге тартады.

Шыныққан шыңнан шыңға таутекедей ырғиды. Шынықпаған шалшықтағы бақадай тырбаңдайды.

Сыйлы болғың келсе - көппен сыйласқын.

Тәртіптілер талабына жетеді. Тәртіпсіздіктен береке кетеді.

Сергек ой - ер серігі.

Елдің атын ер шығарады...

Совет жастарын Отанға шексіз сүйіспеншілік рухымен өсіруде тек әскери қызметте ғана емес, семьяда да, мектепте де, колхозда да, өндірісте де, мекемеде де әскери - патриоттық тәрбиені жүргізудің зор маңызы бар. Ол қоғамдық борыш мұндағы аса қуатты құрал - Қарулы Күштеріміздің сан - салалы даңқты дәстүрлері. Соны жетімді насихаттай білу.

Совет армиясы қаһарман ерлікпен жүріп өткен жауынгерлік жарқын тарихи жолды дүниежүзінің бірде - бір армиясы қайталаған жоқ. Оның даңқты жауынгерлік дәстүрлеріндей қолға түскендердің пенделігі, жау жендеттерінің мейірімсіз айуандығы т.б. соғыс жағдайлары аса басым құбыжық көрсетіледі.

Біраз шығармалардың соғыстың қара бояуларымен баттасқаны сонша, кітап арқылы ғана соғыстың қияметті егжей - тегжейімен алғаш рет танысқан жас оқырманға жойқын танктер мен қырғын окоптардан сыртқары уақиғалардың мәні көлегейленіп қалады. Адамдардың соншама соқыр күшпен жойылып жатқанын кітаптан білген оқушыға соғыстан тек кездейсоқ қана аман қалуға болады екен деген ауыр ой ұялайды. Ондай шығармаларда майдандағы сұрапыл шайқастар мен тылдағы ерлік еңбек арқылы фашист жыртқыштарының жұлынын үзген жауынгер халықтың қаһармандығы, батырлығы әлсіз суреттеледі. Тіпті, совет адамдарының айбарлы қадамына өлшем болған ерлік идеясы мұндай шығармалардан орын таба алмай қалған. 1942 жылы 8 декабрьде Москвадағы әдебиетшілер үйінде мен былай деп өтінген едім: «Жауды жан алғыш әзірейілі етіп көрсетпеңіздер. Өлім оларға да бірдей, айдаһармен емес, адаммен адам соғысады». Совет адамы - жаңа дәуірдің рухани саналы адамы. «Ерді кебенек ішінде таниды» дегендей, оның сыртқы пішіні мен ішкі сырын, советтік характерін, саналы образ - бейнесін сипаттайтын біздің ерлік істеріміз аз ба? Көп. Әлемді ғажайып таңқалдырған біздің жауынгерлік сапымыздан көп қаһармандар шыққан.

Олай болса, дәстүр дегеніміз - ол тек тарих, не өткеннің қаңсып қалған көне реликвиясы емес екен. Дәстүр - қаһарлы қару, дәстүр - тәрбиенің қуатты құралы. Онда революциялық және жауынгерлік парызды орындау үлгісі бар, онда батырлық пен ерлікті еңбекте де, шайқаста да тәртіп нормасына айналдыруға шақыратын ғаламат күш бар. М.В.Фрунзе: «жауынгерлік дәстүр - жұмысшы - шаруа Отаны бізді шақырған мезетте командирлер мен біздің барлық РККА көрсететін болашақ ұлы ерліктердің кепілі» деген болатын. Ұлы Отан соғысы Фрунзенің бұл сөзін толық дәлелдеп берді.

Иә, Александр Матросовтың ерлігі мәңгі өшпейді. Мұны екі жүзден астам совет жауынгерінің қайталағаны қандай маңызды! Ал, Николай Гастеллоның ғажап ерлігі 74 дүркін жаңғырды.

Біздің армиямыздың жауынгерлік дәстүрі өзінен - өзі туа қалған жоқ. Өткен күн дәстүрінің жай ғана сілемі емес, ол- біздің халқымыздың батыр тарихындағы ең таңдаулыларын қабылдап, бойына сіңірген тұжырым.

Совет жауынгерінің соғыста болсын және бейбіт еңбекте болсын, социалистік Отан алдындағы борышын адал да мұқият орындауына ықпал етер тәртіп нормасына айналған тарихи қалыптасқан ғұрыптар мен моральдық ережелер - міне, жауынгерлік дәстүр дегеніміз - осы.

Совет жауынгерінің бұқаралық батырлығының, олардың өлшеусіз ерлігінің шешуші түйіні коммунизм мақсаттарына, советтік патриотизм, халықтар достығы және пролетарлық интернациолизмге шын берілгендігі болды және солай бола береді.

Совет халқы мен оның Қарулы Күштерінің осынау ғаламат жауынгерлік дәстүрі - совет адамдарының жас ұрпағына өз әкелері мен аналарының әскери және еңбектегі ерлігінің лайықты мұрагерлері болсын деп біздің партиямыз эстафета ретінде ұсынып отырған өте бағалы, идеялық байлық.

Сөйтіп, жастарды революциялық және жауынгерлік рухта тәрбиелеу - саяси - бұқаралық жұмыстың аса маңызды бөлігі болып келеді және бола береді.

***

Ал, енді ұсыныс ретіндегі кейбір пікірлерге тоқталық. Бұл орайда не істеу керек? Біз семья тәрбие басы дейміз. Демек, әрбір үйде семья реликвиясының бұрышы болуға тиіс, Онда Отан соғысына қатысқан семья мүшелерінің суреті, жауынгерлік белгілері, хаттары, оның ерлігі суреттелген газеттердің қиындылары, наградалар мен грамоталар ілінулі тұрса, ол тек семьядағы балалардың «жеті атасын білу» ғана емес, «менің атам бұндай болған екен» деп ауыз толтыра айтуға, семьяның ар - намысына кір жұқтырмай өсуге үлкен тәрбиелік құралдың бірі болар еді.

Сондай - ақ, жас ұрпақты әскери - патриоттық рухта тәрбиелеуде мектеп және жоғары оқу орындары орасан үлкен жұмыстар істеуіне толық мүмкіншіліктері бар. Менің пікірімше, бұларда «Олар Отан үшін алысты» деген стенд жасауға болады. Онда «Отан соғысына катысқан біздің мұғалімдеріміз», «біздің оқушыларымыз», «біздің жерлестеріміз» деген бөлімдер болуға тиіс. Мектептен, жоғары оқу орындарынан шыққан ерлерді дәріптеп мақтаныш етудің оқушылармен студенттерді тәрбиелеуге дәстүрлік мазмұны зор екі даусыз. Мысалы «Менің оқитын мектебім Нұркен Әбдіровтің Ұшқан ұясы» деп ойлаудың ішкі сыры қайда жатыр. Сондай - ақ Отан қорғауда кайтысы болған батырларға мемориалдық тақта орнату қажет - ақ. Мектептерде, жоғары оқу орындарында Отан соғысы туралы шығармалар, дипломдар жаздырып отырған жөн. Ал, стендіде Отан туралы, ерлік туралы ұлы адамдардың афоризмдері мен халық мақал - мәтелдері болғаны дұрыс. Сол сияқты Ұлы Отан соғысы тақырыбына әдеби үйірмелер, семинарлар ұйымдастырып, кездесулер өткізіп тұрған абзал. Бір сүйсінерлік мысал, Шымкент қаласында Сыпатаев атында қазақ орта мектебі бар. Үлкен мектеп. Мектептің 50 жылдығына дайындық ретінде олар үлкен екі қабырға (стена) ұйымдастырмақ: біреуі «Біздің мұғалімдер», онда мектеп ұйымдасқаннан бастап қарт мұғалімдердің, озат мұғалімдердің портреттері ілініп, өмір - баяндары жазылып, шыққан еңбектері көрме ретінде ілінбек; біреуі болса - «Біздің шәкірттеріміз», онда мектептен шыққан тұңғыш шәкірттерден бастап (әрине үлгі боларлық, аты белгілілері) осы күнгі озаттарға дейін суреттерімен, өмірбаянымен, ерлік табыстары, шығарған еңбектерімен өреленбек... Бұл бастаманың көңілдегідей аяқталуына тілектеспіз.

Елді пункттерде әскери - патриоттық тәрбие мақсатында көптеген игі жұмыстар жүргізуге болатыны айқын. Совет Одағының Батырлары. азамат соғысынын ардагерлері өмір сүрген үйлерде мемориалдық тақталар, ескерткіштер орнату, клубтарда революциялық және жауынгерлік даңқ бұрыштарын ұйымдастыру қажет. Елді пункттерде, көшелерде, участоктерде Отан үшін мерт болған ерлер атын беру туралы мәселені батыл көтеретін уақыт жетті.

Әскери міндетін өтеуге аттанып бара жатқан жастарды салтанатты түрде шығарып салу, Отанға адал кызмет ету аманатын тапсыру, сол сияқты күнделікті (аудандық, облыстық) баспасөзде жерлестеріміздің қаһармандығын паш ететін материалдарды үзбей жариялау, ерлік күндерді ерекше атап, музейлерде революциялық, жауынгерлік даңқ залын ашу қажет.

***

Біздің жастар жөргегінен бастап идея жағынан жоғары саналы, патриоттық сезімі күшті, оқуда ұқыпты, еңбекқор, әдепті, тәртіпті, жеңімпаздар рухында барлық жағынан да шыңдалып өсуіне тілектеспіз.

Еңбекте - жалқаулыққа, ұрыста - қорқақтыққа, қоғамда - әдепсіздік пен тәртіпсіздікке жастардың қаны қас болып тәрбиелену үшін үлкен құралдың бірі - қасиетті дәстүрімізді, мейлінше, насихаттай білу.

Ұқсас материалдар