Қандастар Ассамблея

Александр Невский

04.12.2012 2722
АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙ, князь Александр (шамамен 1220 – 14.11.1263) – саяси қайраткер, қолбасшы, Новгород (1236 – 51) пен Владимирдің (1252 – 63) ұлы князі. Владимир ұлы князі Ярослав Всеволодовичтің ұлы. Шешесі қыпшақ билеушісінің қызы. Алтын Орда билеушісі Бату хан орыс княздіктерін бағындырғаннан кейін Владимирдің ұлы князі Ярослав өзінің бағынғанының белгісі ретінде ұлы Александрды аманатқа берген. Бату оны өз ордасында өкіл бала ретінде ұстады және үлкен ұлы Сартақпен анда қылды. Осы кезде Русьтің солт.-батыс жерлеріне шведтер мен немістер қауіп төндірді. Новгород халқы Батудан көмек сұрады. Бату оларға көмекке Александр бастаған жасақты аттандырды. Швед әскерлері Ижора өз-нің Нева өз-не құятын жеріне келіп түскеннен кейін Александр жасағы ладогалықтармен бірігіп, шведтерге тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың саны басым әскерлерін талқандады. 1240 ж. өткен Нева шайқасы шведтердің солт-тен шабуыл жасау қаупін жойды. Осы шайқас үшін князь Александр “Невский” деген атақ алды. Жеңіс А. Н-дің саяси ықпалын күшейтіп, мұнымен бір мезгілде оның Новгород боярларымен қарым-қатынасын шиеленістірді. Нәтижесінде А. Н. Новгородты тастап кетуге мәжбүр болды. Ливон рыцарьлары Руське баса-көктеп кіргеннен кейін новгородтықтар Бату ханға өз өкілдерін жіберіп, А. Н-ді тағы да шақыртты. А. Н. 1241 жылы көктемде қайтып оралып, тез арада әскер жасақтады. Орыс әскерлері Копорья мен Псковқа тіке шабуыл жасап, бұл қалаларды немістерден азат етті. 1242 ж. 5 сәуірде Чудь к-нде магистр басқарған орден әскерлерін тас-талқан етіп жеңді. Бұл шайқастағы жеңіс А. Н-ді сол кездегі аса көрнекті қолбасшылардың қатарына қосты. Неміс рыцарьларының Руське шабуылы тоқтатылды. А. Н. Русьтің солт.-батыс шекараларын нығайтуды жалғастырды. Норвегияға елшілік аттандырып, Русь пен Норвегия арасында бірінші рет бейбіт келісім жасалды (1251), Финляндиядағы шведтердің жаңа шабуылының бетін қайтарды (1256). А. Н. өзін сақ әрі көреген саясаткер ретінде көрсетті. Ол папа куриясының Алтын Ордаға қарсы жорық жасау әрекетіне қарсы шықты. А. Н. Алтын Ордаға бағыну арқылы Русьтің солт.-батыс шекарасын қорғап қалды. Бірақ осы саясаты үшін басқа орыс княздары мен боярлары тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады және 2 рет Новгородтан қуылды. Алтын Ордадан қайтып келе жатқанда Городец деген жерде қайтыс болды. Петр І-нің бұйрығы бойынша А.Н-дің мәйіті Петербургке әкелінді. 1725 ж. 21 мамырда А. Н. ордені тағайындалды. 1942 ж. 29 шілдеде мұндай әскери орденді кеңес өкіметі де белгіледі. 