Қандастар Ассамблея

Аты дардай, ісі күйкі

04.12.2012 2775
  Халық тынымсыз жасап жатады. Әсіресе біздің дәуірімізде өршіген талант-өнердің алуан түрін көрсетті. Ел өзегін жарып шыққан ақын Жамбыл, күйші Дина, артист Қалыбек, суретші Қастеевтерді былай қойғанда, ауыл мен қала үйірмелері берген жастардан көркемөнер, көркем сөз беліне көтерілгендер аз ба ?Кестеші, оюшы, тоқушы, күмісші сияқты он саусағынан өнері төгілген қолөнершілер бар. Дене шынықтырып, ой кеңітетін сауықшы, ойыншылар бар. Солардың бәрі ошақ басында, қора маңында жүргенде де социализм сарайын безей, зейнеттей жүреді. Жұртшылықтың өзінен өзі өрбіп жатқан осы өнер байлығын айнадай көрсететін, ұйымдастыра, басқара отырып, жоғары көтеретін мекеме — Халық творчествосының республикалық үйі. Біз бұл үйге міндеті қандай ардақты, ісі қандай қызықты деген көтеріңкі көңілмен келіп, жабыңқы қабақпен шықтық. Ашып айтқанда, көксеген үйіміздің аты дардай өзі күйкі екен. Қауырт кешкен қалың елдің соңында қиқаңдаған рыдбанды еске түсірді. Әдетте, ісі кедей бастық елі мәліметтермен баюға тырысады. Директор С. Есқалиев жолдас та осы арзан әдіске жабысқан. Одан-бұдан құрастырған мәліметтерінде 4. 393 үйірме, оларда 43. 307 адам бар. Адам болған соң ұлты, жынысы, өзіне тән ісі, тілегі болатыны табиғи нәрсе. Осыны білмеген басшының басшылығы не болмақ? Директор білмейді. Білмесе де басқарады. Басшылығы — анда-санда жіберілетін азын-аулақ пьесалар мен методикалық хаттар ғана. Бұлардың сапасы былай тұрсын саны да, тым құлдырап кеткен. Бір пьесаны 100-150 дана көбейтеді. Сонда 4.393 үйірменің қаншасы алады. Рас, кейде баспамен көбейтіп, листовкалар да таратыпты.Бірақ, сол репертуарлардың талайы үйірмеге жетпей, жолда қалса, жеткендерінен жағдайсыз хаттар түсіп жатыр. Бip хатта: «жазуы көрінбейді, кір. Оны қою мүмкін емес. Бізге мұндай монтаждарыңызды жібермей-ақ қойыңыз...» депті. Енді бір хатта: «Сіздер бізге «Прятные непрятности» пьесасын  жіберіпсіздер. Оны қоюға тиым салынған. Материал жібергенде дұрыстап қарауларыңыз керек қой...» дейді. Тізе берсек мұндай хаттар кеп. Осы хаттың екеуін де Орал қаласынан Иванов жазады. Жазудан жалығып, өз тұсынан тіршілік етіп жатқандар қанша екенін кім білсін. Қостанай облысындағы кейбір аудандарда «Алуан-алуан», Қостанай облысындағы Қарасу ауданында «Қойшы Көбен» сияқты сахнадан әлдеқашан қуылған пьесалар әлі қойылып жүр. Репертуарға сусаған үйірмелер «Қыз Жібекті» «Грозаны» жұлмалап жатса, Есқалиевтар Алматыда отырып «жетілгені» деп қол соғады. Бақылаудан, басқарудан, халық өнерінің толып жатқан,басқа салаларынан қол үзіп, тек репертуар дайындаушы боп қалған республикалық халық творчествосы Үйі мүгедек шығармалардың панасы сияқты. Нәрі аз, суы көп, топқа түсер күйі жоқ, жасық пьесалардың базарын директор Есқалиев көтерсе, репертком Әбілғазин мөрді былш-былш баса берген. Бұл неткен соқыр батырлық. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің арнайы қаулыларынан кейін әдебиет пен көркемөнер алдында, жалпы салт-сана майданында міндет, жауапкерлік күшейіп тұрған кезде дәрменсіз пьесаға осы жолдастар қанша пана? Үп етсе ұшып кететін ондай панасымаққа зәру болмаса да, қайсыбір драматурктеріміз пайдалана қойыпты. Солардың ішінде «Ақмарал» пьесасымеи Шахмет Құсайыновты, «Қыз құмар жігіт» пьесасымен Ілияс Есенберлинді, «Мақтан» пьесасымен Сарғали Бегалинді көргенде тек басыңды шайқайсың. «Қыз жоқта дүние маған түн секілді Қыз болған жерде маған ойын күлкі»,- деп, Есемберлин Жанай сияқты екі қызға бірден ғашық болған әумесерді жырлапты. Құсайыновтың бас геройы Сұңғат мосқал тартқанда құдай атып төсегінен жериді. Ғашығы Ақмаралға, «Ақ төсіңді былай етіп бір аймалайын...» деп ұмтылғанда, сахнада көру түгіл, оқуға ұяласың. Жасақбаев «Мүмкін оқиға» деген пьесасында Отан соғысынан қайтқан Жәутік пен Мансұрды мазақтайды. Екеуінің де әйелінің аты Мәржапия екен. Бұл «драматургтің» фантазиясынша әйелі аттас адамдар аттарын өзгерту керек, әйтпесе шатысады. Жәутік пен Мансұр Мәржапияларын танымай, пьесаның өне бойында шатасып, ақырында автор танып беріпті. Сарғайғанның бәрі алтын емес, өмірде бардың бәрі жазушыға тақырып емес. Жақсы тақырыптың өзі жан салмаса өлі. Тәрбиелік қасиеті, өмірдің қат-қабат түйіндерінің бірін шешуге көмегі тимеген шығармаға тек қағаз ғана шыдайды. Біздің жұртшылық ондайды лақтырып тастайды. Есенберлин, Құсайынов, Жасақбаев жолдастар ұлан-байтақ елімізден ештеме таппағандай, әу десіп махаббат мәселесін жазған. Махаббат тек ерлі-зайыптың арасында ғана ма? Сондағы күнде осылай жазыла ма? Бұл неткен шолақ ұғым! Жазушылар ұйымының, көркемөнер советінің пікірі қайда? Ең болмағанда беделді жазушылардың, көркемөнер мамандарының жеке пікірі қайда? Бірі жоқ. Саяси қате табылмаған шығарманың бәрі жақсы деген де, репертком мен директор қабылдай берген. Зиянсыздың бәрі пайдалы емес, пайдасыздың ақыры зиян. Бұны білмей басшылық ету қандай қиын. Алдына 4000, артына 1,5 мың сом төлеген «жақсылардың» сегізі бірден құлапты сахнадан. Шәкен Аймановтың «Штабта», «Ділдә кемпір», «Арман» дегендері тым құрығанда сахнаға бір шығып та көрмепті. Май бидай басшыларды жеңіл табысшыл жазушылардан гөрі кездейсоқ адамдар көбірек жем қылған. Нұрғалимов дегеннің қасаң тілді бірнеше аудармалары, Шеген Ахметовтың бишара пьесалары басқа мекеменің босағасынан аттай алмаса, творчество үйінің төрінен орын алыпты. Директор Есқалиев өзін де ұмытпаған. Бұрын кәсіп қылмаса да, творчество үйіне келген соң илһамы түсіп, пьесалар аударады. Көрінбей жатып жоқ болып, жетпей жатып кейін қайтқан сұйық шығармалардың тууына себеп не? Біздің пікірімізше авторлар мен қабылдаушылардың теріс ұғымынан туған. «Төменгі үйірмелерге осы да болады» деген. Дұрысында сара пікірлі, алғыр тілді, сұлу сюжетті көркем шығарма алдымен сол балаң үйірмелерге керек нашар пьесаларды түзеп қоятын ысылған режиссер, сай сахна оларда жоқ. Зады, көркем шығарма оқушысын, көрушісін жетелемей, олар оны жетелеп жүрсе сордағы. Қала мен колхозда, совхоздар мен жұмысшы поселкелерінде өздігінен туып, өздігінен істеп жатқан көркемөнер үйірмелері жерді жарып шыққан бұлақ тәрізді— халықтың рухани күші. Сол күшті дұрыс арнаға салып жіберсе, сарқыраған өзен болады. Іс тағдыры қолда. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде осы ұсақ үйірмелер үлкен театрдан озып кетті. Мысалы, Алматыдағы барлық театрлардың госпитальдарда, әскер бөлімдерінде, жұмысшы араларында берген концертінен, Алматы үйірмелерінің берген концерті көп еді. Бір жерде үйірмешілердің семинары, бір жерде қолөнер көрмесі , енді бір жерде әдебиетті көркем оқушылардың конкурсы болып жатса, республика көлемінде үйірмелер үшін репертуар бәйгесі де жарияланып жатты. Ноталы ән-күйден, сахнаға лайықты түрлі жанрлы көркем әдебиеттің төрт жинағы кітап болып шықты. Ондағы озық үйірмешілерге грамота берілді.. Осының бәрін ұйымдастырғанда халық творчествосының республикалық Үйі қаражат, аппарат, уақыт жағынан қазіргіден әлдеқайда қиын жағдайда болатын. Көптің, көпшілік ұйымдардың көмегімен істелді. Ал, бүгін неге істелмейді? Бұған бір ғана республикалық творчество Үйі кінәлі болса, тіпті істі түзеу оп-оңай. Басқа да кінәлылар бар. Үйірмелерде ақы алып отырған басыбайлы басшы жоқ. Үйірмелер клуб, мәдениет үйі, мектеп маңдарына топталған. Мүшелерінің көбі жастар. Сондықтан өнер талапкерлерін тәрбиелеу ісі бір ғана републикалық Творчество үйінің еншісіне тимейді. Мәдени-ағарту комитетінің, Оқу министрлігінің, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының да ардақты міндеті. Бұлардың өзара тығыз байланысы әлі жоқ. Біріне бірі сермеп «ол оның жұмысы» деген сылтаулармен әрқайсысы өзін – өзі жұбатып келеді. Бұларға жөн сілтеп, бақылап отыратын партия ұйымдары да үйірме жұмысы салт –сана жұмысы екенін жете бағаламай жүр. Өзгенікі өзге, көркемөнер істерінің республикалық басқармасы, оның облыстық бөлімдері көркемөнер үйірмелеріне көзді жұма қарауына қайран қаласың. Бірнеше мысалдар келтірейік. Алматыда 80 шамалы үйірме бар. Осындай зор күшті елемеуге бола ма? Елесе, республикалық Творчество үйінің директорынан солардың жайын сұрар еді, баяндамасын тыңдар еді. Сұрамаған да, тыңдамаған да. Октябрьдің 30 жылдық мерекесінде қала үйірмелерінің өнерін үлкен сахнада көрсетіп қалайық деген жақсы талап болыпты. КазГУ комсомол комитетінің секретары Темірғалиев жолдас бұл талаптан бас тартқан. Көп мүшенің бірі шегінсе ештеңе емес, секретарь шегінсе сүйреп апару оңай ма. Үлкен коллектив үлкен сахнада көрінбей қалса да, қалалық комсомол комитеті жоқтамапты. Республикалық творчество үйі үйірмелердің өнерін қараңыздар десе, Павлодардағы облыстық көркемөнер бөлімі — Мұратов жолдас: «Оныңызды өткізе алмадық. Өйткені, бізде ондай коллектив жоқ» деп жауап қайырады. Бүкіл облыс бойында ондай коллектив жоқ болса Мұратов несіне отыр? Бар болса оны көрмегенде не көріп отыр? «Көрдім — көп сөз, көрмедім — аз сөз» дегенді Мұратов жолдас бұл арада байқамай қолданған. Қазақстан жері кең, үйірмелері көп, бытырап жүр. Басшы, тәрбиеші кадрлар жетімсіз. Егер аудандық, облыстық орталық театрдағы ысылған артистер маңындағы үйірмелерді бір-бірден шепке алса да, жүздеген үйірмені бір белге шығарып тастар еді. Осы тілекті республикалық творчество үйі Алматының жастар театрына айтса, директор Демченко жолдас «ақшасыз жәрдем жоқ» деп тоқ етерін бір-ақ естіртіпті. Сатып алған жәрдемнің саудадан айырмасы не? Жұртшылықтың соны айтарын білген көркемөнер қызметкерлері кәсіподағының басшысы Зимин жолдас «ақша емес-ау, актерлерде уақыт жоқ» деп Демченконы ақтап алыпты. Ақша ыстық, адвокаттық жаман кәсіп емес. Бірақ, көп тілегіне қайшы келсе екеуінің де жаман болуы оп-оңай. Кәсіподақтың орталық мекемесі осыны айтқанда, оның төменгі ұйымдары, мәдениет қызметкерлері не айтпақ? Республика көлемінде екі облыста ғана Творчество үйі бар. Соның бірі — Оралда. Оралдан Кузнецов жолдас былай деп жазады: «...Сақтауға алған суреттерді жоғалттыңыздар. Суретшілер менен сұрап жатыр. Бүйте берсеңіздер бедел қалатын емес...» Ақыл сұрап, еңбегінен айрылған Кузнецовқа, Ашанин, Большаков сияқты талапкер суретшілерге республикалық Творчество үйі: «...Бұл суреттердің актуалдық мерзімі өтіп, маңызы жойылғандықтан қаншалық құны бар...» деп жауап қайырады. Осы көрсетілген мысалдар көркем үйірмеге басшылықтың қай дәрежеде екенін көрсетеді. Бірсыпыра ұйымдардың міні айтылды. Бірақ бұл жөнінде өзгеше жауапты республикалық көркемөнер істері жөнінде басқарма жайында айтылмады. Істемесе несін айтасың. С. Ахметов ештеме істемеген. Екі жыл бойында Есқалиевтің баяндамасын бір рет тыңдапты да, «қанағаттандық» депті. Аулақтағы басшыларға қарап үйірмелер тек жатқан жоқ. Жергілікті Совет сайлауы кезінде 5. 597 концерт беріп, 40 дүркін радиодан сөзін тыңдатты халыққа. Жыл сайын егіс, орақ тұсында даладағы бригадаларға, звеноларға барып көрсететін сауықтарын еске алсақ, елеусіз ұсақ үйірмелердің де көпшілігі көмекке жарамай келді. Республикалық творчество үйінің одан - бұдан құрастырып «істегенім мынау» дегендері шөлдеген ауызға бір тамған тамшыдай –ақ болған соң, біз оны дәріптеп айтып жатпадық. Іс негізінен қайта құруды тілейді. 1948 жыл

 

Халық тынымсыз жасап жатады. Әсіресе біздің дәуірімізде өршіген талант-өнердің алуан түрін көрсетті. Ел өзегін жарып шыққан ақын Жамбыл, күйші Дина, артист Қалыбек, суретші Қастеевтерді былай қойғанда, ауыл мен қала үйірмелері берген жастардан көркемөнер, көркем сөз беліне көтерілгендер аз ба ?Кестеші, оюшы, тоқушы, күмісші сияқты он саусағынан өнері төгілген қолөнершілер бар. Дене шынықтырып, ой кеңітетін сауықшы, ойыншылар бар. Солардың бәрі ошақ басында, қора маңында жүргенде де социализм сарайын безей, зейнеттей жүреді. Жұртшылықтың өзінен өзі өрбіп жатқан осы өнер байлығын айнадай көрсететін, ұйымдастыра, басқара отырып, жоғары көтеретін мекеме — Халық творчествосының республикалық үйі.

Біз бұл үйге міндеті қандай ардақты, ісі қандай қызықты деген көтеріңкі көңілмен келіп, жабыңқы қабақпен шықтық. Ашып айтқанда, көксеген үйіміздің аты дардай өзі күйкі екен. Қауырт кешкен қалың елдің соңында қиқаңдаған рыдбанды еске түсірді. Әдетте, ісі кедей бастық елі мәліметтермен баюға тырысады. Директор С. Есқалиев жолдас та осы арзан әдіске жабысқан. Одан-бұдан құрастырған мәліметтерінде 4. 393 үйірме, оларда 43. 307 адам бар. Адам болған соң ұлты, жынысы, өзіне тән ісі, тілегі болатыны табиғи нәрсе. Осыны білмеген басшының басшылығы не болмақ? Директор білмейді. Білмесе де басқарады. Басшылығы — анда-санда жіберілетін азын-аулақ пьесалар мен методикалық хаттар ғана. Бұлардың сапасы былай тұрсын саны да, тым құлдырап кеткен. Бір пьесаны 100-150 дана көбейтеді. Сонда 4.393 үйірменің қаншасы алады. Рас, кейде баспамен көбейтіп, листовкалар да таратыпты.Бірақ, сол репертуарлардың талайы үйірмеге жетпей, жолда қалса, жеткендерінен жағдайсыз хаттар түсіп жатыр.

Бip хатта: «жазуы көрінбейді, кір. Оны қою мүмкін емес. Бізге мұндай монтаждарыңызды жібермей-ақ қойыңыз...» депті.

Енді бір хатта: «Сіздер бізге «Прятные непрятности» пьесасын  жіберіпсіздер. Оны қоюға тиым салынған. Материал жібергенде дұрыстап қарауларыңыз керек қой...» дейді.

Тізе берсек мұндай хаттар кеп. Осы хаттың екеуін де Орал қаласынан Иванов жазады. Жазудан жалығып, өз тұсынан тіршілік етіп жатқандар қанша екенін кім білсін. Қостанай облысындағы кейбір аудандарда «Алуан-алуан», Қостанай облысындағы Қарасу ауданында «Қойшы Көбен» сияқты сахнадан әлдеқашан қуылған пьесалар әлі қойылып жүр. Репертуарға сусаған үйірмелер «Қыз Жібекті» «Грозаны» жұлмалап жатса, Есқалиевтар Алматыда отырып «жетілгені» деп қол соғады.

Бақылаудан, басқарудан, халық өнерінің толып жатқан,басқа салаларынан қол үзіп, тек репертуар дайындаушы боп қалған республикалық халық творчествосы Үйі мүгедек шығармалардың панасы сияқты. Нәрі аз, суы көп, топқа түсер күйі жоқ, жасық пьесалардың базарын директор Есқалиев көтерсе, репертком Әбілғазин мөрді былш-былш баса берген. Бұл неткен соқыр батырлық. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің арнайы қаулыларынан кейін әдебиет пен көркемөнер алдында, жалпы салт-сана майданында міндет, жауапкерлік күшейіп тұрған кезде дәрменсіз пьесаға осы жолдастар қанша пана? Үп етсе ұшып кететін ондай панасымаққа зәру болмаса да, қайсыбір драматурктеріміз пайдалана қойыпты. Солардың ішінде «Ақмарал» пьесасымеи Шахмет Құсайыновты, «Қыз құмар жігіт» пьесасымен Ілияс Есенберлинді, «Мақтан» пьесасымен Сарғали Бегалинді көргенде тек басыңды шайқайсың.

«Қыз жоқта дүние маған түн секілді

Қыз болған жерде маған ойын күлкі»,-

деп, Есемберлин Жанай сияқты екі қызға бірден ғашық болған әумесерді жырлапты.

Құсайыновтың бас геройы Сұңғат мосқал тартқанда құдай атып төсегінен жериді. Ғашығы Ақмаралға, «Ақ төсіңді былай етіп бір аймалайын...» деп ұмтылғанда, сахнада көру түгіл, оқуға ұяласың.

Жасақбаев «Мүмкін оқиға» деген пьесасында Отан соғысынан қайтқан Жәутік пен Мансұрды мазақтайды. Екеуінің де әйелінің аты Мәржапия екен. Бұл «драматургтің» фантазиясынша әйелі аттас адамдар аттарын өзгерту керек, әйтпесе шатысады. Жәутік пен Мансұр Мәржапияларын танымай, пьесаның өне бойында шатасып, ақырында автор танып беріпті.

Сарғайғанның бәрі алтын емес, өмірде бардың бәрі жазушыға тақырып емес. Жақсы тақырыптың өзі жан салмаса өлі. Тәрбиелік қасиеті, өмірдің қат-қабат түйіндерінің бірін шешуге көмегі тимеген шығармаға тек қағаз ғана шыдайды. Біздің жұртшылық ондайды лақтырып тастайды. Есенберлин, Құсайынов, Жасақбаев жолдастар ұлан-байтақ елімізден ештеме таппағандай, әу десіп махаббат мәселесін жазған. Махаббат тек ерлі-зайыптың арасында ғана ма? Сондағы күнде осылай жазыла ма? Бұл неткен шолақ ұғым! Жазушылар ұйымының, көркемөнер советінің пікірі қайда? Ең болмағанда беделді жазушылардың, көркемөнер мамандарының жеке пікірі қайда? Бірі жоқ. Саяси қате табылмаған шығарманың бәрі жақсы деген де, репертком мен директор қабылдай берген. Зиянсыздың бәрі пайдалы емес, пайдасыздың ақыры зиян. Бұны білмей басшылық ету қандай қиын. Алдына 4000, артына 1,5 мың сом төлеген «жақсылардың» сегізі бірден құлапты сахнадан. Шәкен Аймановтың «Штабта», «Ділдә кемпір», «Арман» дегендері тым құрығанда сахнаға бір шығып та көрмепті.

Май бидай басшыларды жеңіл табысшыл жазушылардан гөрі кездейсоқ адамдар көбірек жем қылған. Нұрғалимов дегеннің қасаң тілді бірнеше аудармалары, Шеген Ахметовтың бишара пьесалары басқа мекеменің босағасынан аттай алмаса, творчество үйінің төрінен орын алыпты. Директор Есқалиев өзін де ұмытпаған. Бұрын кәсіп қылмаса да, творчество үйіне келген соң илһамы түсіп, пьесалар аударады.

Көрінбей жатып жоқ болып, жетпей жатып кейін қайтқан сұйық шығармалардың тууына себеп не?

Біздің пікірімізше авторлар мен қабылдаушылардың теріс ұғымынан туған. «Төменгі үйірмелерге осы да болады» деген. Дұрысында сара пікірлі, алғыр тілді, сұлу сюжетті көркем шығарма алдымен сол балаң үйірмелерге керек нашар пьесаларды түзеп қоятын ысылған режиссер, сай сахна оларда жоқ. Зады, көркем шығарма оқушысын, көрушісін жетелемей, олар оны жетелеп жүрсе сордағы.

Қала мен колхозда, совхоздар мен жұмысшы поселкелерінде өздігінен туып, өздігінен істеп жатқан көркемөнер үйірмелері жерді жарып шыққан бұлақ тәрізді— халықтың рухани күші. Сол күшті дұрыс арнаға салып жіберсе, сарқыраған өзен болады. Іс тағдыры қолда. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде осы ұсақ үйірмелер үлкен театрдан озып кетті. Мысалы, Алматыдағы барлық театрлардың госпитальдарда, әскер бөлімдерінде, жұмысшы араларында берген концертінен, Алматы үйірмелерінің берген концерті көп еді. Бір жерде үйірмешілердің семинары, бір жерде қолөнер көрмесі , енді бір жерде әдебиетті көркем оқушылардың конкурсы болып жатса, республика көлемінде үйірмелер үшін репертуар бәйгесі де жарияланып жатты. Ноталы ән-күйден, сахнаға лайықты түрлі жанрлы көркем әдебиеттің төрт жинағы кітап болып шықты. Ондағы озық үйірмешілерге грамота берілді..

Осының бәрін ұйымдастырғанда халық творчествосының республикалық Үйі қаражат, аппарат, уақыт жағынан қазіргіден әлдеқайда қиын жағдайда болатын. Көптің, көпшілік ұйымдардың көмегімен істелді. Ал, бүгін неге істелмейді? Бұған бір ғана республикалық творчество Үйі кінәлі болса, тіпті істі түзеу оп-оңай. Басқа да кінәлылар бар. Үйірмелерде ақы алып отырған басыбайлы басшы жоқ. Үйірмелер клуб, мәдениет үйі, мектеп маңдарына топталған. Мүшелерінің көбі жастар. Сондықтан өнер талапкерлерін тәрбиелеу ісі бір ғана републикалық Творчество үйінің еншісіне тимейді. Мәдени-ағарту комитетінің, Оқу министрлігінің, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының да ардақты міндеті. Бұлардың өзара тығыз байланысы әлі жоқ. Біріне бірі сермеп «ол оның жұмысы» деген сылтаулармен әрқайсысы өзін – өзі жұбатып келеді. Бұларға жөн сілтеп, бақылап отыратын партия ұйымдары да үйірме жұмысы салт –сана жұмысы екенін жете бағаламай жүр. Өзгенікі өзге, көркемөнер істерінің республикалық басқармасы, оның облыстық бөлімдері көркемөнер үйірмелеріне көзді жұма қарауына қайран қаласың.

Бірнеше мысалдар келтірейік. Алматыда 80 шамалы үйірме бар. Осындай зор күшті елемеуге бола ма? Елесе, республикалық Творчество үйінің директорынан солардың жайын сұрар еді, баяндамасын тыңдар еді. Сұрамаған да, тыңдамаған да.

Октябрьдің 30 жылдық мерекесінде қала үйірмелерінің өнерін үлкен сахнада көрсетіп қалайық деген жақсы талап болыпты. КазГУ комсомол комитетінің секретары Темірғалиев жолдас бұл талаптан бас тартқан. Көп мүшенің бірі шегінсе ештеңе емес, секретарь шегінсе сүйреп апару оңай ма. Үлкен коллектив үлкен сахнада көрінбей қалса да, қалалық комсомол комитеті жоқтамапты.

Республикалық творчество үйі үйірмелердің өнерін қараңыздар десе, Павлодардағы облыстық көркемөнер бөлімі — Мұратов жолдас: «Оныңызды өткізе алмадық. Өйткені, бізде ондай коллектив жоқ» деп жауап қайырады. Бүкіл облыс бойында ондай коллектив жоқ болса Мұратов несіне отыр? Бар болса оны көрмегенде не көріп отыр? «Көрдім — көп сөз, көрмедім — аз сөз» дегенді Мұратов жолдас бұл арада байқамай қолданған.

Қазақстан жері кең, үйірмелері көп, бытырап жүр. Басшы, тәрбиеші кадрлар жетімсіз. Егер аудандық, облыстық орталық театрдағы ысылған артистер маңындағы үйірмелерді бір-бірден шепке алса да, жүздеген үйірмені бір белге шығарып тастар еді. Осы тілекті республикалық творчество үйі Алматының жастар театрына айтса, директор Демченко жолдас «ақшасыз жәрдем жоқ» деп тоқ етерін бір-ақ естіртіпті. Сатып алған жәрдемнің саудадан айырмасы не? Жұртшылықтың соны айтарын білген көркемөнер қызметкерлері кәсіподағының басшысы Зимин жолдас «ақша емес-ау, актерлерде уақыт жоқ» деп Демченконы ақтап алыпты. Ақша ыстық, адвокаттық жаман кәсіп емес. Бірақ, көп тілегіне қайшы келсе екеуінің де жаман болуы оп-оңай. Кәсіподақтың орталық мекемесі осыны айтқанда, оның төменгі ұйымдары, мәдениет қызметкерлері не айтпақ?

Республика көлемінде екі облыста ғана Творчество үйі бар. Соның бірі — Оралда. Оралдан Кузнецов жолдас былай деп жазады: «...Сақтауға алған суреттерді жоғалттыңыздар. Суретшілер менен сұрап жатыр. Бүйте берсеңіздер бедел қалатын емес...»

Ақыл сұрап, еңбегінен айрылған Кузнецовқа, Ашанин, Большаков сияқты талапкер суретшілерге республикалық Творчество үйі: «...Бұл суреттердің актуалдық мерзімі өтіп, маңызы жойылғандықтан қаншалық құны бар...» деп жауап қайырады.

Осы көрсетілген мысалдар көркем үйірмеге басшылықтың қай дәрежеде екенін көрсетеді. Бірсыпыра ұйымдардың міні айтылды. Бірақ бұл жөнінде өзгеше жауапты республикалық көркемөнер істері жөнінде басқарма жайында айтылмады. Істемесе несін айтасың. С. Ахметов ештеме істемеген. Екі жыл бойында Есқалиевтің баяндамасын бір рет тыңдапты да, «қанағаттандық» депті.

Аулақтағы басшыларға қарап үйірмелер тек жатқан жоқ. Жергілікті Совет сайлауы кезінде 5. 597 концерт беріп, 40 дүркін радиодан сөзін тыңдатты халыққа. Жыл сайын егіс, орақ тұсында даладағы бригадаларға, звеноларға барып көрсететін сауықтарын еске алсақ, елеусіз ұсақ үйірмелердің де көпшілігі көмекке жарамай келді. Республикалық творчество үйінің одан - бұдан құрастырып «істегенім мынау» дегендері шөлдеген ауызға бір тамған тамшыдай –ақ болған соң, біз оны дәріптеп айтып жатпадық. Іс негізінен қайта құруды тілейді.

1948 жыл

Ұқсас материалдар