Қандастар Ассамблея

Қазақ-түрік лицейлері

04.12.2012 5547
  Қазақ-түрік лицейлері — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша білім беріледі. Оқу төрт тілде жүргізіледі: • «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы», «Құқықтану», «Азаматтық қорғаныс», музыка, сурет және дене шынықтыру пәндері - қазақ тілінде; • математика, физика, химия, биология және информатика — ағылшын тілінде; • «Түрік тілі және әдебиеті», «Жалпы тарих», «Жалпы жағрапия», «Діндер тарихы» — түрік тілінде; • «Орыс тілі мен әдебиеті» — орыс тілінде. Қазақ-түрік лицейлерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі — шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қоюуы. Сондықтан да оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге, түрлі әдебиеттер, таспалар, дискеттер, компакт-дисктер, карточкалар, көрнекті құралдар мен басқа да оқу материалдары пайдаланылады. Орыс тілінде білім беретін мектептерді бітіріп келген оқушылар үшін оқулық, аудиотаспалар және мұғалім мен оқушыға арналған кітаптардан тұратын арнайы әдістемелік комплекс жасалған. Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны әлемдік стандарттарқа сай. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде жетістіктерге қол жеткізген. Оқушыларға жаңа құралдар, оқу-әдістемелік құралдары, таспалар, дискеттер, CD, макеттер және басқалар берілген. Лицейлерде ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет кітаптардың үлкен қоры бар кітапханалар қызмет көрсетеді. Қазақ-түрік лицейлерінің негізін түрлі зерттеулер мен тәжірибелер өткізу арқылы жаңа нәрселер үйренуге мүмкіндік беретін зертханалар құрайды. Қазақ-түрік лицейдерінде сабақтан тыс уақытта түрлі шаралар ұйымдастыратын тәрбие және психологиялық кеңес орталықтары құрылған. Орталықтар оқушылардың даму барысын қадағалайды, тәрбие және тұлғаның жан-жақты қалыптасуы бойынша кеңес береді. Оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға қыдыру шаралары ұйымдастырылады. Оқушылардың ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да үлкен көңіл бөлінеді. Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады. Лицейлердің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу, ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет көрсетеді. Бұндай үйірмелердің көмегімен оқушылардың бейімділіктері мен талпыныстары артады, сондай-ақ қоғамдық өмірге дайындық үрдісі жылдам қалыптасады. Осы шаралар негізінде лицей оқушылары әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыған және өздеріне сенімді тұлға болып өсе алады. Дарынды және қабілетті жастарды жетілдіру мақсатымен барлық қазақ-түрік лицейлерінде олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық олимпиадалар туралы мәліметтер тиянақты түрде сарапталады, оқушылар барлық қажетті оқу және ғылыми материалдармен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын лицейлер арасында негізгі пәндер бойынша олимпиадалар өткізіледі. Жыл өткен сайын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық пән бойынша білім олимпиадаларының жеңімпаздары болуда. Төмендегі таблицада қазақ-түрік лицейлері оқушыларының халықаралық және республикалық білім олимпиадаларында қол жеткізген жетістіктері көрсетілген. Түлектеріміздің жоғарғы оқу орындарына түсулері үшін оқу жылы бойынша қабылдау емтихандарына дайындық ретінде қосымша сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша мамандық таңдауларына көмектеседі. Ол үшін сауалнамалар, семинарлар ұйымдастырылады және жоғарғы оқу орындары туралы кітапшалар ұсынылады. Жыл сайын қазақ-түрік лицейлері түлектерінің 97 пайызы мемлекеттік гранттер мен несиелердің, сондай-ақ шетелдік жоғарғы оқу орындарының стипендияларының иегері болуда. Қазақстанның алдыңғы қатарлы білім ордаларымен бірге, біздің түлектеріміз Түркияның, Еуропаның және Американың танымал университеттерінде оқып, өз елі мен қазақ-түрік лицейлерінің мақтанышына айналуда. Олимпиадалардағы жетістіктер Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары бірнеше жылдан бері облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлделі орындарына ие болуда. Жоғары оқу орындарына түсу Қазақ-түрік лицейлері 1996 жылы алғашқы түлектерін ұядан ұшырды. Сол жылдан бастап осы күнге дейін лицей түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу пайызы едәуір жоғары. Біздің түлектеріміз Қазақстан, Түркия, Еуропа мен Американың бетке ұстар университеттерінде оқып жүр.  

 

Қазақ-түрік лицейлері — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша білім беріледі.
Оқу төрт тілде жүргізіледі:
«Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы», «Құқықтану», «Азаматтық қорғаныс», музыка, сурет және дене шынықтыру пәндері - қазақ тілінде;
математика, физика, химия, биология және информатика — ағылшын тілінде;
«Түрік тілі және әдебиеті», «Жалпы тарих», «Жалпы жағрапия», «Діндер тарихы» — түрік тілінде;
«Орыс тілі мен әдебиеті» — орыс тілінде.
Қазақ-түрік лицейлерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі — шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қоюуы. Сондықтан да оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге, түрлі әдебиеттер, таспалар, дискеттер, компакт-дисктер, карточкалар, көрнекті құралдар мен басқа да оқу материалдары пайдаланылады.
Орыс тілінде білім беретін мектептерді бітіріп келген оқушылар үшін оқулық, аудиотаспалар және мұғалім мен оқушыға арналған кітаптардан тұратын арнайы әдістемелік комплекс жасалған.
Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны әлемдік стандарттарқа сай. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде жетістіктерге қол жеткізген. Оқушыларға жаңа құралдар, оқу-әдістемелік құралдары, таспалар, дискеттер, CD, макеттер және басқалар берілген. Лицейлерде ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет кітаптардың үлкен қоры бар кітапханалар қызмет көрсетеді.
Қазақ-түрік лицейлерінің негізін түрлі зерттеулер мен тәжірибелер өткізу арқылы жаңа нәрселер үйренуге мүмкіндік беретін зертханалар құрайды.
Қазақ-түрік лицейдерінде сабақтан тыс уақытта түрлі шаралар ұйымдастыратын тәрбие және психологиялық кеңес орталықтары құрылған. Орталықтар оқушылардың даму барысын қадағалайды, тәрбие және тұлғаның жан-жақты қалыптасуы бойынша кеңес береді.
Оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға қыдыру шаралары ұйымдастырылады. Оқушылардың ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да үлкен көңіл бөлінеді. Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады. Лицейлердің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу, ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет көрсетеді. Бұндай үйірмелердің көмегімен оқушылардың бейімділіктері мен талпыныстары артады, сондай-ақ қоғамдық өмірге дайындық үрдісі жылдам қалыптасады. Осы шаралар негізінде лицей оқушылары әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыған және өздеріне сенімді тұлға болып өсе алады. Дарынды және қабілетті жастарды жетілдіру мақсатымен барлық қазақ-түрік лицейлерінде олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық олимпиадалар туралы мәліметтер тиянақты түрде сарапталады, оқушылар барлық қажетті оқу және ғылыми материалдармен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын лицейлер арасында негізгі пәндер бойынша олимпиадалар өткізіледі. Жыл өткен сайын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық пән бойынша білім олимпиадаларының жеңімпаздары болуда.
Төмендегі таблицада қазақ-түрік лицейлері оқушыларының халықаралық және республикалық білім олимпиадаларында қол жеткізген жетістіктері көрсетілген.
Түлектеріміздің жоғарғы оқу орындарына түсулері үшін оқу жылы бойынша қабылдау емтихандарына дайындық ретінде қосымша сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша мамандық таңдауларына көмектеседі. Ол үшін сауалнамалар, семинарлар ұйымдастырылады және жоғарғы оқу орындары туралы кітапшалар ұсынылады.
Жыл сайын қазақ-түрік лицейлері түлектерінің 97 пайызы мемлекеттік гранттер мен несиелердің, сондай-ақ шетелдік жоғарғы оқу орындарының стипендияларының иегері болуда. Қазақстанның алдыңғы қатарлы білім ордаларымен бірге, біздің түлектеріміз Түркияның, Еуропаның және Американың танымал университеттерінде оқып, өз елі мен қазақ-түрік лицейлерінің мақтанышына айналуда.
Олимпиадалардағы жетістіктер
Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары бірнеше жылдан бері облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлделі орындарына ие болуда.
Жоғары оқу орындарына түсу
Қазақ-түрік лицейлері 1996 жылы алғашқы түлектерін ұядан ұшырды. Сол жылдан бастап осы күнге дейін лицей түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу пайызы едәуір жоғары. Біздің түлектеріміз Қазақстан, Түркия, Еуропа мен Американың бетке ұстар университеттерінде оқып жүр.
 

Ұқсас материалдар