Қандастар Ассамблея

Алшыннан ат оздырған атам Есет

18.02.2014 3421
Кеңес үкіметі қазақ даласына орнағанға дейін «Тасастау қайнар» деген жерде Бегей Балтерек байдың асында Қызылқасқа атпен бас бәйгені алды. Бәйгеге жүз қой тігілген. Сол жылы Тобанияз Әлниязұлының айты болып, бәйгеге елу атқосылып, бас бәйге тағы да Есеттің арғымағына тиесілі болды.

Атбегілік өнерімен Адайдыңатағын кіші жүзге жайған, қазақты түрмендерге танытқан, талай атбегіні қапы қалдырып,  Алшыннан ат оздырған Есет атам туралы айтпай кету  - қасиетті перзенттік борышты аяқасты ету, аруақты сыйламау, қаламгерлік міндетімді өтемеу болар еді.Мен өз атамды асыра мақтаудан адамын,   ал ол кісінің Адайдың ғана емес, қазақтың атбегілік өнеріне қосқан үлесінің қаншалықты екендігіне куә Жем-Сағыздың бойында да, Маңғыстау мен Хорезмнің ойында да көзкөргендер жетеді.   Нақты деректерге жүгінейік:

Кеңес үкіметі қазақ даласына орнағанға дейін «Тасастау қайнар» деген жерде Бегей Балтерек байдың асында Қызылқасқа атпен бас бәйгені алды. Бәйгеге жүз қой тігілген. Сол жылы Тобанияз Әлниязұлының айты болып, бәйгеге елу атқосылып, бас бәйге тағы да Есеттің арғымағына тиесілі болды. Бәйімбет Көрпе Бисенбай бай баласының ауыр кеселден жазылғанына той беріп, «Құдайназар торы» жүйрігімен бас бәйгенің байрағын тағы алды. 1927 жылы мамыр айында қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданы өңірінде кіші жүз қатысқан үлкен жиын болып, алты жасар баласы Ығылман мінген қара арғымақпен бас бәйгені тағы олжалады. Кешкісі алтын қабақ атудан кіші жүздің мергендері бақ сынасып, мұның да бас жүлдесін Есет алды. Өйткені ол құралайды көзге атқан мерген еді. Сол жылы күзге салым Бейнеу өңірінің Қарақұм жеріне күзеуге көшіп қонған Есеттің ауылы Ақбота Аймұрат бай, атақты Саламаттың Сарбасы, Жетімек Жұмағазы байлармен сыбай отырды. Саламаттың Сарбасы айт беріп, ат шабыс болып мұнда да Есеттің Қара аты бәйгенің алды болып, бірдің соңында Жұмағазының аты келді. «Азынағұл сортайпақ» деген жерде Жетімек Көркембайға ас берілді. Бұл шілде айының іші еді. Бәйгеге жетпіс ат қосылған. Бәрінен Есеттің жүйрігі озды. Бәйге бала өзінің Ығылманы. Екінші болып Ақбота Аймұраттың Көк аты келді, бәйге бала - Айса, үшінші болып Жетімек Жұмағазының Торы аты келді, бәйге бала - Ботақара. Есет бұл жолғы бас бәйгеге тігілген жүз қой, он қараны ошақ басына тастады. Өйткені Жетімек құдаларының ауылы, Жетімек Жұмағазы туған құдасы еді. Ертесіне сол маңайда қоныс тепкен Қамысбай Шәңгірдің асына ат қосуға барады. Бірақ жаңа үкіметтің қызметін атқаруға кіріскен Шоңай Алшын Зарком деген кісіні жіберіп, үйлерді жықтырып, асты таратып жіберген, бәйге аттарын жетектеген атбегілер ауылдарына қайтады. Күз аяқтала Атыраудың Қаратон деген жерінде ұлан-асыр бәйге болып, мұның да бас бәйгесін алған-ды. 

Ұқсас материалдар