Қандастар Ассамблея

Кейінгі шығармашылығы

18.02.2014 3156
Жазушының жас шағында туған «Разгром» және «Последний из Удэге» романдары Уссурийск өңірінде жазылды. «Разгром» романының басты идеясы, проблематикасы партия басшылығы, таптық күрес, кеңес үкіметінің орнауы жайына арналады. Басты кейіпкерлері - қызыл партизандар, коммунисттер (мысалы, Левинсон). Ал қаламгердің «Последний из Удэге» романы – Ресейдегі Азаматтық соғысқа арналып жазылған, аяқталмаған роман.

Жазушының жас шағында туған «Разгром» және «Последний из Удэге» романдары Уссурийск өңірінде жазылды. «Разгром» романының басты идеясы, проблематикасы партия басшылығы, таптық күрес, кеңес үкіметінің орнауы жайына арналады. Басты кейіпкерлері - қызыл партизандар, коммунисттер (мысалы, Левинсон). Ал қаламгердің «Последний из Удэге» романы – Ресейдегі Азаматтық соғысқа арналып жазылған, аяқталмаған роман.

Сонымен қатар, Фадеев социалисттік реализм тұсындағы әдебиеттің дамуы жайында көптеген очерктер мен мақалалар жазды.

Фадеев КСРО әдебиетін 20 жылға жуық уақыт басқарып келді. Сондықтан болар, халық жазушыны «Жазушылық министр» деп атап кеткен. Жазушының соңғы жазылған «Черная металлургия» романы аяқталмай қалды. Себебі, түрлі қоғамдық жұмыстарға араласқан Фадеев шығармашылық жұмыстарға аз көңіл бөлді. Қаламгердің 50-60 авторлық бет шамасында іргелі туынды жасау жоспарында бар еді. Алайда, жазушы өлгеннен кейін, қаламгердің қолжазба нұсқаларынан 3 баспа табақ көлемінде 8 бөлімнен тұратын жинағы «Огонек» журналына басылып шықты.

«Жас гвардия» романы. Шындық пен жалған

«Жас гвардия» романының идеясын В.Г. Лясовскийдің кітабынан және М. Котовтың 1944 жылғы «Сердца смелых» шығармаларынан алды деген пікір бар. Ұлы Отан соғысы біткен соң (1941—1945) Фадеев Донбасстағы герман фашисттері басып алған территорияда астыртын қызмет еткен жас гвардия туралы роман жазуға кірісті. Фашисттер олардың көбін өлтіріп тастаған еді. Роман – «Жас гвардия» деп аталды.

1943 жылы ақпан айының ортасына қарай, кеңес әскері Краснодонды жау қолынан босатқан соң, қаладан қашық жерде № 5 шахтаның орнында фашист әскерлері қинап өлтірген жас гвардияшылардың мәйіттері табылды. Осы оқиғадан соң «Правда» газетінде Александр Фадеевтің «Бессмертие» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақаланың негізінде жазушы «Жас гвардия» романын жазды.

Кітап алғаш рет 1946 жылы жарық көрді. Фадеев осы романы үшін өте қатты сынға ұшырады. Кеңес үкіметінің құзырлы органдарында, КОКП ОК органында, «Правда» газетінде, тіпті Сталиннен қатаң ескертулер алды.

Фадеев: «Мен жас гвардияшылардың шынайы тарихын жазған жоқпын, роман жаздым. Бұл ойдан шығарылған көркем шығарма болуы да мүмкін» дейді.

Соған қарамастан, 1951 жылы жазушы романның екінші нұсқасын бастырып шығарды. Бұл нұсқада жазушы көптеген өзгертулер мен түзету жұмыстарын жасап, оқиға желілерінде коммунисттік партияның басқаруына, ықпалына көп тоқталады.

Романның алғашқы нұсқасының желісі бойынша «Жас гвардия» фильмі түсірілді. Аталмыш фильм де өңделген нұсқа бойынша қайта түсіріліп шықты. Алайда, фильмді басынан аяқ қайта түсіру – кітапты қайтадан жазып шығудан да қиын еді.

1980-шы жылдардың аяғына қарай «Жас гвардия» романы партия тарапынан идеологиясы дұрыс деп қабылданып, қолдау тапқан роман болды. Роман КСРО оқыту бағдарламасына еніп, 1950—1980 жылдары білім алған кез келген оқушыға жақсы таныс еді.

 

Ұқсас материалдар