Қандастар Ассамблея

«Жоғары білім берудің жаңа көкжиектері» атты республикалық конференция өтті

29.11.2013 1988
                С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Сейфуллин оқулары-9: Жоғары білім берудің жаңа көкжиектері» атты дәстүрлі республикалық конференция өтті. Бұл жолғы шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне орайластырылыпты. ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты Қуаныш Сұлтанов «Тұңғыш Президент – Ұлт тұлғасы» тақырыбы аясында өз ойымен бөлісті. Жиында «ҚР заманауи білім берудің келешегі мен даму жолдары» төңірегінде де әңгіме өрбіді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде ғылымның дамуына көп көңіл бөледі. Жыл сайын бұл салаға құйылатын  қаржы да ұлғаюда. Осылайша аталған бағытта да оң өзгерістер байқалуда. ҚР БжҒ Министрлігінің қылым Комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынованың айтуынша бұрын ғылымға ден қойған жастардың саны аз боған екен. Ал соңғы уақытта олардың қатары қалыңдап келетін көрінеді. Назарбаев университетіндегі білім беру жүйесі жиылған студенттердің қызығушылығын тудырды. Конференция барысында  «Ғылым әлемі оқушылар көзімен» атты мектеп оқушылары мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында өткен байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.                

             

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Сейфуллин оқулары-9: Жоғары білім берудің жаңа көкжиектері» атты дәстүрлі республикалық конференция өтті. Бұл жолғы шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне орайластырылыпты. ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты Қуаныш Сұлтанов «Тұңғыш Президент – Ұлт тұлғасы» тақырыбы аясында өз ойымен бөлісті. Жиында «ҚР заманауи білім берудің келешегі мен даму жолдары» төңірегінде де әңгіме өрбіді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде ғылымның дамуына көп көңіл бөледі. Жыл сайын бұл салаға құйылатын  қаржы да ұлғаюда. Осылайша аталған бағытта да оң өзгерістер байқалуда. ҚР БжҒ Министрлігінің қылым Комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынованың айтуынша бұрын ғылымға ден қойған жастардың саны аз боған екен. Ал соңғы уақытта олардың қатары қалыңдап келетін көрінеді. Назарбаев университетіндегі білім беру жүйесі жиылған студенттердің қызығушылығын тудырды.

Конференция барысында  «Ғылым әлемі оқушылар көзімен» атты мектеп оқушылары мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында өткен байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.

               

Ұқсас материалдар