Қандастар Ассамблея

Теміртау тарихи – өлкетану мұражайының нумизматика жинағы

28.11.2013 4588
Нумизматика залында 1500-нан аса жәдігерлер: әр түрлі кезеңдегі әлемдегі елдердің қағаз ақшалары мен тиындары көрсетілген.  Бұл зал тек ақшалар жинағының залы емес, бұл адамзаттың тарихына деген ерекше көзқарас. Ақша арқылы қоғам дамуындағы, мәдениеттегі өзгерістер туралы, тарихи маңызды оқиғалар туралы қызықты ақпарат алуға болады.  Каура қабыршығынан бастап бүгінгі евро - табиғи тіршіліктен замана өркениетке жеткен адамзат тарихының даму жолы. Бұрынғы заманның тиындары құндылығын жоғалтса да, олар ежелгі ғасырлардың  қайталанбас тарихы болып қала береді. Сол тиындарды қолға алсаң, олар өткен ғасырдың сырын шерткендей болады. Бұл тиындар – ерекше тарихи дерек көзі.Олар бізге тарихи тұлғалардың тұтас бір кескін-кейпін, сан-алуан ескерткіштердің өшпес бейнесін жеткізді, аңыздарға арқау болды, халықтың тұрмыс-тіршілігін көз алдымызға елестетеді. Археологтардың ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Қазақстанда алғашқы монеталар 7-8 ғасырларда пайда болған. Бұл ежелгі Қазақстан аймағында сауда-саттық болғанының салдары. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдан бастап Қазақстан жерін басып Ұлы Жібек жолы өтті. Төлем ақы ретінде монеталар қолданылды. Ежелгі қазақтар өз монетасын Отырар, Тараз сияқты қалаларда соқты. Бұл жерлерде ақша соғатын шеберханалар болған дейді. 1972 жылы Отырарда күміс жалатылған бақыр дирхемдер, бақыр фельстер табылған. Олар ұсақ айырбас монеталардың ролін атқарған. Бұл жағдай сол жерде  монета сарайының болғанын дәлелдейді. Бірер жәдігерге нақтырақ тоқталып кетейік: Дирхемге тоқтала кетсек, ол өте қызық монета.  оларды «қара дирхемдер» деп атады, себебі күміске мысты көп қоса бастады. Осындай монеталардың бет жағында Құраннан үзінді: «Алладан басқа Тəңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп, ал артқы жағында  иленушінің мүсіні, соғылған жердің атауы, және мерзімі жазылды. Сол уақыттағы – күміс дирхемдер «əлемдік ақшаларға» айналды. Олар үш жүз жыл бойы айналымда болды. Бұл дирхемдерде диаметрі бойынша пышақ кесіндісі бар. Ол ақшаны салмақпен төлеуге ыңғайлы болған, бір монета жеткіліксіз болса, екіншісінен кесіп салған. Бұл кесіктерді сынам деп атады. Араб фельсі. Ежелде мұсылмандарда егер адам соғыста қаза тапса бірден жұмаққа түседі, ал егер төсек тартып қайтыс болса жұмаққа апаратын көпірден өту үшін төлем төлеу керек деген.  О дүниеге жалаңаш аттанғандықтан ақшаны салатын жер болмай екі фельс аузына салынған. Қазіргі күнге дейін археологтар қазба жұмысы кезінде бас сүйегінде екі тиын бар адам сүйегінің қалдықтарын тауып отыр. Мұражай жинағындағы әрбір жәдігер жеке әңгімені талап етеді. Бірақ экспозицияның орталығы саналатын ерекше бір бөлімге тоқталған жөн болар. Теңге - Қазақстанның ұлттық валютасы экспозицияда ерекше орын алады. Бұл ақша белгісінің қашан, қалай пайда болғаны туралы, кім ойлап тапқаны туралы, олардың қорғаныс дәрежесінің қаншалықты екенін, қандай өзгерістерге ұшырағаны туралы мәлімет аламыз. Қазақстан ақшалары жинағында 1993 жылы басылып шыққан алғашқы ақша үлгісінен бүгінгі күнге дейінгі ақшаларды көреаламыз: алғашқы қағаз тиындар, қазақ елінің әйгілі  тұлғаларының бейнесі басылған ақша үлгілері, мерей тойлық күміс және алтын монеталар.  Кез келген ұлттық валюта сол елдің кешегі, қазіргі, келешектегі тарихы. Сондықтан мұражайдағы нумизматика залының мектеп оқушылары үшін, қарапайым келушілер үшін тәрбиелік мәні зор. Нумизматика залындағы экскурсия тек тарих пәніне қолдау көрсетпейді, сонымен қатар, 15 қарашада атап өтетін мемлекеттік мерекеміз - Қазақстанның ұлттық валютасы күні қарсаңында өте өзекті. «Нумизматика» залының экскурсиялық тақырыптары: «Нумизматика – тиындар туралы ғылым» «Теңге – Қазақстан Тәуелсіздігінің белгісі» «Тиындар қандай сыр шертеді?» «Ежелгі тиын шекуден бүгінгі күнге дейін» «Теміртау қаласындағы банктар жүйесінің тарихы»    

Нумизматика залында 1500-нан аса жәдігерлер: әр түрлі кезеңдегі әлемдегі елдердің қағаз ақшалары мен тиындары көрсетілген.  Бұл зал тек ақшалар жинағының залы емес, бұл адамзаттың тарихына деген ерекше көзқарас. Ақша арқылы қоғам дамуындағы, мәдениеттегі өзгерістер туралы, тарихи маңызды оқиғалар туралы қызықты ақпарат алуға болады.  Каура қабыршығынан бастап бүгінгі евро - табиғи тіршіліктен замана өркениетке жеткен адамзат тарихының даму жолы.

Бұрынғы заманның тиындары құндылығын жоғалтса да, олар ежелгі ғасырлардың  қайталанбас тарихы болып қала береді. Сол тиындарды қолға алсаң, олар өткен ғасырдың сырын шерткендей болады. Бұл тиындар – ерекше тарихи дерек көзі.Олар бізге тарихи тұлғалардың тұтас бір кескін-кейпін, сан-алуан ескерткіштердің өшпес бейнесін жеткізді, аңыздарға арқау болды, халықтың тұрмыс-тіршілігін көз алдымызға елестетеді.

Археологтардың ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Қазақстанда алғашқы монеталар 7-8 ғасырларда пайда болған. Бұл ежелгі Қазақстан аймағында сауда-саттық болғанының салдары. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдан бастап Қазақстан жерін басып Ұлы Жібек жолы өтті. Төлем ақы ретінде монеталар қолданылды. Ежелгі қазақтар өз монетасын Отырар, Тараз сияқты қалаларда соқты. Бұл жерлерде ақша соғатын шеберханалар болған дейді. 1972 жылы Отырарда күміс жалатылған бақыр дирхемдер, бақыр фельстер табылған. Олар ұсақ айырбас монеталардың ролін атқарған. Бұл жағдай сол жерде  монета сарайының болғанын дәлелдейді. Бірер жәдігерге нақтырақ тоқталып кетейік:

Дирхемге тоқтала кетсек, ол өте қызық монета.  оларды «қара дирхемдер» деп атады, себебі күміске мысты көп қоса бастады. Осындай монеталардың бет жағында Құраннан үзінді: «Алладан басқа Тəңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп, ал артқы жағында  иленушінің мүсіні, соғылған жердің атауы, және мерзімі жазылды.

Сол уақыттағы – күміс дирхемдер «əлемдік ақшаларға» айналды. Олар үш жүз жыл бойы айналымда болды. Бұл дирхемдерде диаметрі бойынша пышақ кесіндісі бар. Ол ақшаны салмақпен төлеуге ыңғайлы болған, бір монета жеткіліксіз болса, екіншісінен кесіп салған. Бұл кесіктерді сынам деп атады.

Араб фельсі. Ежелде мұсылмандарда егер адам соғыста қаза тапса бірден жұмаққа түседі, ал егер төсек тартып қайтыс болса жұмаққа апаратын көпірден өту үшін төлем төлеу керек деген.  О дүниеге жалаңаш аттанғандықтан ақшаны салатын жер болмай екі фельс аузына салынған. Қазіргі күнге дейін археологтар қазба жұмысы кезінде бас сүйегінде екі тиын бар адам сүйегінің қалдықтарын тауып отыр.

Мұражай жинағындағы әрбір жәдігер жеке әңгімені талап етеді. Бірақ экспозицияның орталығы саналатын ерекше бір бөлімге тоқталған жөн болар.

Теңге - Қазақстанның ұлттық валютасы экспозицияда ерекше орын алады. Бұл ақша белгісінің қашан, қалай пайда болғаны туралы, кім ойлап тапқаны туралы, олардың қорғаныс дәрежесінің қаншалықты екенін, қандай өзгерістерге ұшырағаны туралы мәлімет аламыз.

Қазақстан ақшалары жинағында 1993 жылы басылып шыққан алғашқы ақша үлгісінен бүгінгі күнге дейінгі ақшаларды көреаламыз: алғашқы қағаз тиындар, қазақ елінің әйгілі  тұлғаларының бейнесі басылған ақша үлгілері, мерей тойлық күміс және алтын монеталар. 

Кез келген ұлттық валюта сол елдің кешегі, қазіргі, келешектегі тарихы. Сондықтан мұражайдағы нумизматика залының мектеп оқушылары үшін, қарапайым келушілер үшін тәрбиелік мәні зор. Нумизматика залындағы экскурсия тек тарих пәніне қолдау көрсетпейді, сонымен қатар, 15 қарашада атап өтетін мемлекеттік мерекеміз - Қазақстанның ұлттық валютасы күні қарсаңында өте өзекті.

«Нумизматика» залының экскурсиялық тақырыптары:

«Нумизматика – тиындар туралы ғылым»

«Теңге – Қазақстан Тәуелсіздігінің белгісі»

«Тиындар қандай сыр шертеді?»

«Ежелгі тиын шекуден бүгінгі күнге дейін»

«Теміртау қаласындағы банктар жүйесінің тарихы»

 

 

Ұқсас материалдар