Қандастар Ассамблея

Арғын Жүнісов

28.11.2013 3892
Арғын Жүнісов 1928 жылы Омск қаласында дүниеге келген.  Теміртауға қоныс аудармастан бұрын Ақмола жанындағы Жолымбет кенішінде еңбек етеді. Осы жерде 14 жастағы бозбаланың үлкен еңбек жолы басталды. Сұрапыл соғыс жылдарында аянбай еңбек еткен А.Жүнісов «Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Қайнаған еңбек ортасына ерте  араласқан Арғын ағамыз 1947 жылы  Теміртау қаласына қоныс аударған.Ол кезде 1944 жылдан бері  іске қосылған Қазақ металлургия заводында жұмыс қызу қарқынмен жүріп жатқан. 1947  жылы осы жердегі мартен цехына  19 жастағы Арғын Жүнісовте келді. Қазақ металлургия заводында 17 жыл еңбек еткен Арғын Жүнісов одан кейінгі 35 жылдай еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында жалғастырды.     Болат балқыту ісінің   Һас шеберіне айналған Арғын ағамыз 1998 жылы 70 жасында зейнеткерлікке шықты. Адал еңбегінің арқасында елінің мақтанышына айналған А. Жүнісовтің есімі тек Теміртаулықтарға ғана емес барлық қазақстандықтарға танымал. Ленин ордені, Қазан революциясы ордені, «Отан» ордендерінің иегері,  Қазақ ССР-нің, КСРО-ның еңбек сіңірген металлургі Арғын Жүнісовке 2010 жылдың 2 шілдедегі жарлығы бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, орденді елбасы Н.Назарбаев өз қолымен қадады. Арғын ағамыз 5 бала тәрбиелеп өсірген асыл әке. Жары Бәтима апайда (1998ж.қайтыс болған.) комбинатта 18 – ден 46 жасына дейін краншы болып еңбек еткен.Үлкен қызы Күләш техника  қауіпсіздігі еңбек бөлімінде біраз жылдай еңбек етіп зейнеткерлікке шықса, қыздары Гүлсім мен Гүлшат   ұлы Сапар  әке жолын жалғастырып металлургия комбинатында еңбек етіп келеді. Қала халқына «Металлургтер династиясы» - деп танымал болған Арғын Жүнісовтың бүгінгі таңда  8 немересі 4 шөбересі бар.   1985  жылдың 26 қыркүйегінен  бастап қалалық кеңестің шешімімен «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. ХХ ғасырдың басындағы ет  табақ Бұл жәдігерді мұражайға Оразбекова Идаш Қамзақызы сыйға тартқан. Ол сонау ертеде Жауыртау шоқысы, ал ХХ ғасырдың орта кезінен бастап Теміртау деп аталатын жерді мекендеген Арғын руының ұрпағы. Идаш Қамзақызының атасы - Оразбек - малшы Тетіғұлда болған үш ұлдың үлкені.Бұл жерлерді олар жай таңдаған жоқ, биік шоқылар өңірді суық солтүстік желдерінен қорғаған. Нұра өзенінің көктемгі тасқын сулары жерді құнарландырып тұрған. Қыста қар аз, малдарға жем табуға жеңіл болған. Оразбек өте қабілетті кісі болған көрінеді, арабша хат танып, география мен математиканы жақсы білген. Ауыл балаларын оқытуға молда шақырып, қыздардың білім алуын қолдаған. Үш рет қажылыққа жығылған. Оразбектің отбасы күйлі болған –мал бағып,  егін егіп, аңшылықпен айналысқан. Өзінен кейінгі інілері Ниязбек пен Тұрлыбекті алып, Омбы мен Ақмолаға жәрмеңкеге барып отырған.  Қымыз,ет,  мал, мал терісін сатып, түскен ақшаға шәй, қант, мата алған.Оразбектің немерелері былай деп естеріне алады: «Жалқаулықты атамыздың жаны сүймейтін. Кім ерінбей еңбек етсе, өзі де ауқатты өмір сүріп, балаларына да қалдыратыны болады, деген сөзді жиі қайталайтын» . Оразбек ауылы әдемі жерде орналасқан, бір жағынан тоғайлы Нұра болса, екінші жағынан Самарқанд су қоймасының астында қалған Қарасу көлі. Көл жағалауында қайың көптеп өскен, сол қайыңнан тұрмыста қолданылатын ыдыс аяқ жасаған. Ыңғайлы, мықты, әрі бактерицидтік ерекшелігі бар ыдысты ұрпақтан қрпаққа жеткізіп отырған. Қала тарихы залының экспозициясында орын алған бұл табақ Идашқа әжесінен қалады. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болған қайғылы өзгерістерден аман қалған, ұрпақтан қрпаққа жеткен бұл табақтан ел тарихын көруге болады. Омбылық генерал губернатор Оразбектің отбасына осы жерлердің иегері деген құжаттама береді. Соған қарамастан, бұл жерлер 1903 жылы Жауыр өткелдегі қоныс аударушылардың бөлімдерінің қатарына кірді.  1904 жылы Нұра жағалауын  Ресей империясының Орталықаймақтарынан арнайы қоныс аударған адамдар көшіп келе бастады.  Оразбектің үлкен ауылы мен оның інілері тұрақтаған мекендерінтастап, бөлініп жан жаққа тарыдай шашылды. Қазіргі күнде Теміртау мұражайы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшылары мен топография мамандарымен бірігіп Оразбектің шежіресін құрастыру, жәдігерлер мен құжаттама материалдарын жинау  бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Өлкетану құжаттамалары мен Қазақ ССР нің кинофотоқұжат және дыбыс жазу Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдары негізінде «Теміртау қаласының тарихы» залының экспозициясының басты бөлігі «Бастау. Оразбековтер отбасы» болып табылады.  

Арғын Жүнісов 1928 жылы Омск қаласында дүниеге келген.  Теміртауға қоныс аудармастан бұрын Ақмола жанындағы Жолымбет кенішінде еңбек етеді. Осы жерде 14 жастағы бозбаланың үлкен еңбек жолы басталды. Сұрапыл соғыс жылдарында аянбай еңбек еткен А.Жүнісов «Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен еңбегі үшін» медалімен марапатталады.

Қайнаған еңбек ортасына ерте  араласқан Арғын ағамыз 1947 жылы  Теміртау қаласына қоныс аударған.Ол кезде 1944 жылдан бері  іске қосылған Қазақ металлургия заводында жұмыс қызу қарқынмен жүріп жатқан. 1947  жылы осы жердегі мартен цехына  19 жастағы Арғын Жүнісовте келді. Қазақ металлургия заводында 17 жыл еңбек еткен Арғын Жүнісов одан кейінгі 35 жылдай еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында жалғастырды.    

Болат балқыту ісінің   Һас шеберіне айналған Арғын ағамыз 1998 жылы 70 жасында зейнеткерлікке шықты. Адал еңбегінің арқасында елінің мақтанышына айналған А. Жүнісовтің есімі тек Теміртаулықтарға ғана емес барлық қазақстандықтарға танымал.

Ленин ордені, Қазан революциясы ордені, «Отан» ордендерінің иегері,  Қазақ ССР-нің, КСРО-ның еңбек сіңірген металлургі Арғын Жүнісовке 2010 жылдың 2 шілдедегі жарлығы бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, орденді елбасы Н.Назарбаев өз қолымен қадады.

Арғын ағамыз 5 бала тәрбиелеп өсірген асыл әке. Жары Бәтима апайда (1998ж.қайтыс болған.) комбинатта 18 – ден 46 жасына дейін краншы болып еңбек еткен.Үлкен қызы Күләш техника  қауіпсіздігі еңбек бөлімінде біраз жылдай еңбек етіп зейнеткерлікке шықса, қыздары Гүлсім мен Гүлшат   ұлы Сапар  әке жолын жалғастырып металлургия комбинатында еңбек етіп келеді. Қала халқына «Металлургтер династиясы» - деп танымал болған

Арғын Жүнісовтың бүгінгі таңда  8 немересі 4 шөбересі бар.   1985  жылдың 26 қыркүйегінен  бастап қалалық кеңестің шешімімен «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

ХХ ғасырдың басындағы ет  табақ

Бұл жәдігерді мұражайға Оразбекова Идаш Қамзақызы сыйға тартқан. Ол сонау ертеде Жауыртау шоқысы, ал ХХ ғасырдың орта кезінен бастап Теміртау деп аталатын жерді мекендеген Арғын руының ұрпағы.

Идаш Қамзақызының атасы - Оразбек - малшы Тетіғұлда болған үш ұлдың үлкені.Бұл жерлерді олар жай таңдаған жоқ, биік шоқылар өңірді суық солтүстік желдерінен қорғаған. Нұра өзенінің көктемгі тасқын сулары жерді құнарландырып тұрған. Қыста қар аз, малдарға жем табуға жеңіл болған.

Оразбек өте қабілетті кісі болған көрінеді, арабша хат танып, география мен математиканы жақсы білген. Ауыл балаларын оқытуға молда шақырып, қыздардың білім алуын қолдаған. Үш рет қажылыққа жығылған.

Оразбектің отбасы күйлі болған –мал бағып,  егін егіп, аңшылықпен айналысқан. Өзінен кейінгі інілері Ниязбек пен Тұрлыбекті алып, Омбы мен Ақмолаға жәрмеңкеге барып отырған.  Қымыз,ет,  мал, мал терісін сатып, түскен ақшаға шәй, қант, мата алған.Оразбектің немерелері былай деп естеріне алады: «Жалқаулықты атамыздың жаны сүймейтін. Кім ерінбей еңбек етсе, өзі де ауқатты өмір сүріп, балаларына да қалдыратыны болады, деген сөзді жиі қайталайтын» .

Оразбек ауылы әдемі жерде орналасқан, бір жағынан тоғайлы Нұра болса, екінші жағынан Самарқанд су қоймасының астында қалған Қарасу көлі. Көл жағалауында қайың көптеп өскен, сол қайыңнан тұрмыста қолданылатын ыдыс аяқ жасаған. Ыңғайлы, мықты, әрі бактерицидтік ерекшелігі бар ыдысты ұрпақтан қрпаққа жеткізіп отырған. Қала тарихы залының экспозициясында орын алған бұл табақ Идашқа әжесінен қалады. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болған қайғылы өзгерістерден аман қалған, ұрпақтан қрпаққа жеткен бұл табақтан ел тарихын көруге болады.

Омбылық генерал губернатор Оразбектің отбасына осы жерлердің иегері деген құжаттама береді. Соған қарамастан, бұл жерлер 1903 жылы Жауыр өткелдегі қоныс аударушылардың бөлімдерінің қатарына кірді.  1904 жылы Нұра жағалауын  Ресей империясының Орталықаймақтарынан арнайы қоныс аударған адамдар көшіп келе бастады.  Оразбектің үлкен ауылы мен оның інілері тұрақтаған мекендерінтастап, бөлініп жан жаққа тарыдай шашылды.

Қазіргі күнде Теміртау мұражайы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшылары мен топография мамандарымен бірігіп Оразбектің шежіресін құрастыру, жәдігерлер мен құжаттама материалдарын жинау  бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Өлкетану құжаттамалары мен Қазақ ССР нің кинофотоқұжат және дыбыс жазу Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдары негізінде «Теміртау қаласының тарихы» залының экспозициясының басты бөлігі «Бастау. Оразбековтер отбасы» болып табылады.