Қандастар Ассамблея

Амангелді мұражайы

28.11.2013 3565
2. Кілем-гобелен 1916 ж. Торғай даласындағы Ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Аманкелді Үдербайұлы Имановтың бейнесі тоқылған. Гобеленнің сол жағында Тәуелсіздік алғанға дейінгі көшпелі қазақ елінің тарихы, оң жағында кеңестік дәуірдегі Қазақстан бейнеленген. А.Имановтың туған жылы мен қайтыс болған уақыты, төменгі жағында азаттық үшін айқасқан бабалар бейнесі тоқылған. Көлемі: 250х250 см. Алматы қаласындағы В. Терешкова атындағы кілем фабрикасында арнайы тапсырыспен тоқылған. Авторы: Н.М. Хвостенко Тоқымашылар: С.Лесковская, Т.Агафонова, т,б. 1973 жыл. Инв. №55   3. Картинка: «А.Иманов ұрыс сәтінде» Картина майлы бояумен холстқа жазылған. Көтеріліс қолбасшысы Аманкелді Шалқасқа атымен сарбаздарды азаттық жолындағы шайқасқа бастап келе жатқан сәті бейнеленген. Авторы: Қазақстанның халық суретшісі Қ.Телжанов 1973 ж. мұражайға сый ретінде тапсырылған. Инв. №56   4. «Ұстахананың ішкі көрінісі» макеті XIX-XXғ.ғ.басына дейін Ресей мен Қазақстанның арасында отаршылдыққа қарсы бірнеше  көтерілістер болды. XX ғ. бас кезінде Торғай даласында халық батыры А.Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісте қазақ ұсталары сарбаздарды қылыш,  білтелі мылтықтарды қолдан соғып суық қарулармен қамтамасыз етті.          XIX ғ. ІІ жартысы мен XX ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнер өзінің дамуында айтарлықтай жоғары деңгейде көтерілді. XIX ғасырдың басында қазақ халқының отырықшылыққа не жартылай отырықшылыққа көшу процесінің даму нәтижесінде ұсталар өз қыстауларының бір бұрышында немесе шошала ішінде дүкен жасаған, онда қысы-жазы бірдей жұмыс істеуге мүмкіндік болған. XIX ғасырдың  басында  қазақ ұсталары қару-жарақ түрлерін пышақ , семсер, сапы, қылыш, найза, айбалта, мен білтелі мылтық сияқты заттарды жасай білген. Авторы: Әбілбек Ұзақов. 1996 ж.   5.  1916 – 1917 жж. Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан көтерілісшілердің қару-жарақтары. Соғыс қару-жарақтарын 1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Қазақстанның әр өңіріндегі көтерілісшілер көптеп жасатты. Қара темірді қамырша илейтін қазақ ұсталарының қару-жарақ соғудағы ролі айтарлықтай болды. Білтелі мылтықтар – ағаш, темір,қайыс. XX ғ. басындағы  соғыстарда қолданылған. Айбалта – соғыс қаруы. Ежелгі Египет заманынан бері белгілі.Қазақстанда айбалта ең бері дегенде14-15 ғасырда тараған.  Жергілікті ұсталар айбалтаны қазақтың қошқар мүйіз ою-өрнектерімен безендіруді ерекше өнерге айналдырған. Шоқпар – XVII, XVIII ғ.ғ. қайыңнан  жасалған, басы жұмыр 50см. Алып жүруге, ұруға оңай. Бұл қару кейін пайда болған. 17-18ғ. Бұл қару шоқпар тек аң аулауға қолданылған. Жалпы бейнесі ағаштан тұрады. Шоқпар жуан талдан немесе қара қайыңнан істелген, басы жұмырланып кәрі жіліктің басындай жұмыр келеді, шамамен 50см. Шоқпар жеңіл келеді, алып жүруге, ұруға ыңғайлы. Қылыш - XIX ғ. темірден жасалған . Өң өткір қару. Атты және жаяу әскерлер, хандар мен сұлтандар қолданған. Бұл суық қару қола дәуірінен бері қолданып жасалынып, қолданылып келген суық қарулардың бірі.Қылыш темірден,күмістен,мүйізден тұрады.Өз дәуіріндегі шеберлер темірді 150 градустық ыстықтық температурадв балқытып қылыш,пышақ,қара темірден ай тәрізді басын қайқайтып қылыш жасаған. Қылыштың шабатын жағы жалпақ төзімді келеді.Үстіңгі жағы қалың 4-6 см шамасында. Ер жүректі батырлар мен хандар, әскерлер бұл қаруларды сенімділігімен, ержүректілігімен қолдарына алып жүрген.    

2. Кілем-гобелен

1916 ж. Торғай даласындағы Ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Аманкелді Үдербайұлы Имановтың бейнесі тоқылған. Гобеленнің сол жағында Тәуелсіздік алғанға дейінгі көшпелі қазақ елінің тарихы, оң жағында кеңестік дәуірдегі Қазақстан бейнеленген.

А.Имановтың туған жылы мен қайтыс болған уақыты, төменгі жағында азаттық үшін айқасқан бабалар бейнесі тоқылған.

Көлемі: 250х250 см.

Алматы қаласындағы В. Терешкова атындағы кілем фабрикасында арнайы тапсырыспен тоқылған.

Авторы: Н.М. Хвостенко

Тоқымашылар: С.Лесковская, Т.Агафонова, т,б.

1973 жыл.

Инв. №55

 

3. Картинка: «А.Иманов ұрыс сәтінде»

Картина майлы бояумен холстқа жазылған. Көтеріліс қолбасшысы Аманкелді Шалқасқа атымен сарбаздарды азаттық жолындағы шайқасқа бастап келе жатқан сәті бейнеленген.

Авторы: Қазақстанның халық суретшісі Қ.Телжанов

1973 ж. мұражайға сый ретінде тапсырылған.

Инв. №56

 

4. «Ұстахананың ішкі көрінісі» макеті

XIX-XXғ.ғ.басына дейін Ресей мен Қазақстанның арасында отаршылдыққа қарсы бірнеше  көтерілістер болды.

XX ғ. бас кезінде Торғай даласында халық батыры А.Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісте қазақ ұсталары сарбаздарды қылыш,  білтелі мылтықтарды қолдан соғып суық қарулармен қамтамасыз етті.

         XIX ғ. ІІ жартысы мен XX ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнер өзінің дамуында айтарлықтай жоғары деңгейде көтерілді. XIX ғасырдың басында қазақ халқының отырықшылыққа не жартылай отырықшылыққа көшу процесінің даму нәтижесінде ұсталар өз қыстауларының бір бұрышында немесе шошала ішінде дүкен жасаған, онда қысы-жазы бірдей жұмыс істеуге мүмкіндік болған. XIX ғасырдың  басында  қазақ ұсталары қару-жарақ түрлерін пышақ , семсер, сапы, қылыш, найза, айбалта, мен білтелі мылтық сияқты заттарды жасай білген.

Авторы: Әбілбек Ұзақов. 1996 ж.

 

5.  1916 – 1917 жж. Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан көтерілісшілердің қару-жарақтары.

Соғыс қару-жарақтарын 1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Қазақстанның әр өңіріндегі көтерілісшілер көптеп жасатты. Қара темірді қамырша илейтін қазақ ұсталарының қару-жарақ соғудағы ролі айтарлықтай болды.

Білтелі мылтықтар – ағаш, темір,қайыс. XX ғ. басындағы  соғыстарда қолданылған.

Айбалта – соғыс қаруы. Ежелгі Египет заманынан бері белгілі.Қазақстанда айбалта ең бері дегенде14-15 ғасырда тараған.  Жергілікті ұсталар айбалтаны қазақтың қошқар мүйіз ою-өрнектерімен безендіруді ерекше өнерге айналдырған.

Шоқпар – XVII, XVIII ғ.ғ. қайыңнан  жасалған, басы жұмыр 50см. Алып жүруге, ұруға оңай. Бұл қару кейін пайда болған. 17-18ғ. Бұл қару шоқпар тек аң аулауға қолданылған. Жалпы бейнесі ағаштан тұрады. Шоқпар жуан талдан немесе қара қайыңнан істелген, басы жұмырланып кәрі жіліктің басындай жұмыр келеді, шамамен 50см. Шоқпар жеңіл келеді, алып жүруге, ұруға ыңғайлы.

Қылыш - XIX ғ. темірден жасалған . Өң өткір қару. Атты және жаяу әскерлер, хандар мен сұлтандар қолданған. Бұл суық қару қола дәуірінен бері қолданып жасалынып, қолданылып келген суық қарулардың бірі.Қылыш темірден,күмістен,мүйізден тұрады.Өз дәуіріндегі шеберлер темірді 150 градустық ыстықтық температурадв балқытып қылыш,пышақ,қара темірден ай тәрізді басын қайқайтып қылыш жасаған. Қылыштың шабатын жағы жалпақ төзімді келеді.Үстіңгі жағы қалың 4-6 см шамасында.

Ер жүректі батырлар мен хандар, әскерлер бұл қаруларды сенімділігімен, ержүректілігімен қолдарына алып жүрген.

 

 

Ұқсас материалдар