Қандастар Ассамблея

«Абылай ханның арманы» тарихи драмасының премьерасы өтеді (Фото)

27.11.2013 4263
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры желтоқсанның 12-13 күндері, сағат 18.30-да «Абылай ханның арманы» атты тарихи драманың премьерасын өткізеді. Ұлт басына күн туып, елден бірлік кеткен шақта Алты Алаштың басын қосқан батыр бабамыз -Абылай ханның 300 жылдығына орай Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауын кескелі отырған тарихи драма Елорда сахнасында тұңғыш рет сахналанбақ.    Авторы - белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бұл Д.Рамазан мен Б.Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде «Кенесары - Күнімжан» атты тарихи драма дүниеге келіп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымына айналған.   Абылай ханның рөлінде «Қасым» телефильмінде Қазақстанның халық қаһарманы - Қасым Қайсенов, Е.Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегориялық драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынды кесек тұлғаларды сомдап жүрген талантты актер - Қуандық Қыстықбаев пен «Кенесары-Күнімжан» спектаклінде Кенесары бейнесін сомдаған талантты актер  Сырым Қашқабаевтар. Сонымен қатар, Жанқалдыбек Төленбаев, Жәнібек Мұсаев, Қасымхан Бұғыбай, Гауһар Жүсіповалар бас кейіпкерлерді сомдайды.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры желтоқсанның 12-13 күндері, сағат 18.30-да «Абылай ханның арманы» атты тарихи драманың премьерасын өткізеді.

Ұлт басына күн туып, елден бірлік кеткен шақта Алты Алаштың басын қосқан батыр бабамыз -Абылай ханның 300 жылдығына орай Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауын кескелі отырған тарихи драма Елорда сахнасында тұңғыш рет сахналанбақ.

  

Авторы - белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бұл Д.Рамазан мен Б.Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде «Кенесары - Күнімжан» атты тарихи драма дүниеге келіп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымына айналған.

 

Абылай ханның рөлінде «Қасым» телефильмінде Қазақстанның халық қаһарманы - Қасым Қайсенов, Е.Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегориялық драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынды кесек тұлғаларды сомдап жүрген талантты актер - Қуандық Қыстықбаев пен «Кенесары-Күнімжан» спектаклінде Кенесары бейнесін сомдаған талантты актер  Сырым Қашқабаевтар.

Сонымен қатар, Жанқалдыбек Төленбаев, Жәнібек Мұсаев, Қасымхан Бұғыбай, Гауһар Жүсіповалар бас кейіпкерлерді сомдайды.

Ұқсас материалдар