Қандастар Ассамблея

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов

27.11.2013 11801
Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (18 қазан 1963 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы) – палуан, грекөлірим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазіргі Туризм және спорт академиясын (1988), әл-Фараби атындындағы Қазақ ұлттық университетін (1997) бітірген. Жаттықтырушысы – М.Кошаев.   Жетістіктері Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. ·         КСРО-ның жеті дүркін чемпионы (1986 – 1992); ·         КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (1986) және жеңімпазы (1991); ·         Еуропа чемпионы (1987, Тампере, Финляндия); ·         Әлем чемпионы (1989, Мартини, Швейцария); ·         күміс жүлдегері (1993, Стокгольм, Швеция); ·         қола жүлдегері (1987, Франция); ·         әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы (1987, 1990); ·         12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994, Хиросима, Жапония); ·         Азияның екі дүркін чемпионы (1995, Манила, Филиппин, 1996, Ханжоу, Қытай); ·         24 – 25-Олимпиадалық ойындардың күміс (1988, Сеул, Корея), қола (1992, Барселона, Испания) жүлдегері.   Саяси қызметінің басталуы Екі мәрте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. (1995, 1999). Туризм және спорт агенттігінің төрағасы (2000 – 2004), Мәдениет, ақпарат және спорт министерлігінің Спорт көлітінің төрағасы (2004 – 2006) қызметтерін атқарды. ФИЛА мүшесі Дәулет Тұрлыханов — ФИЛА (Халықаралық күрес түрлері федерациясы) Бюросының мүшесі рентінде қайта сайланды. ХХХ Жазғы Олимпиада Ойындарындағы күрес бағдарламасы ФИЛА КОнгрессінен басталды. 3 тамыз күні бас қосқан халықаралық ұйым мүшелері 2012-2014 жылдарға күресті дамыту бағдарламасын құрды, сонымен қатар Бюро мүшелерін сайлады. 2006 жылы Дәулет Тұрлыханов осы лауазымға сайланды, дегенмен оның мерзімі алты жылда аяқталады. Осы жолы қазақтың даңқты балуанына 68 өкіл сенім білдіріп, дауыс берген. Дәулет Тұрлыханов ФИЛА сапындағы жалғыз Қазақстан өкілі, ФИЛАның алтын орденінің иегері. Халықаралық федерация Дәулет Болатұлының Қазақстан және әлем күресінің дамуына қосқан үлесін зор бағалап отыр. Көп жылдан бері қазақ жерінде көптеген халықаралық ресми жарыстар өткізілуде, Қазақстан чемпионаттары халықаралық стандарт бойынша (үш күрес түрі біріктіріле) өткізілуде. Сонымен қатар, Тұрлыханов мырза күрес ережесін өзгертуге өз ұсынысын жасап келеді, оның мақсаты қазіргі күресті көрермен үшін қызықты қылу.

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (18 қазан 1963 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы) – палуан, грекөлірим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазіргі Туризм және спорт академиясын (1988), әл-Фараби атындындағы Қазақ ұлттық университетін (1997) бітірген. Жаттықтырушысы – М.Кошаев.

 

Жетістіктері

Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

·         КСРО-ның жеті дүркін чемпионы (1986 – 1992);

·         КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (1986) және жеңімпазы (1991);

·         Еуропа чемпионы (1987ТампереФинляндия);

·         Әлем чемпионы (1989МартиниШвейцария);

·         күміс жүлдегері (1993СтокгольмШвеция);

·         қола жүлдегері (1987, Франция);

·         әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы (19871990);

·         12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994ХиросимаЖапония);

·         Азияның екі дүркін чемпионы (1995МанилаФилиппин1996ХанжоуҚытай);

·         24 – 25-Олимпиадалық ойындардың күміс (1988СеулКорея), қола (1992БарселонаИспания) жүлдегері.

 

Саяси қызметінің басталуы

Екі мәрте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. (19951999). Туризм және спорт агенттігінің төрағасы (2000 – 2004), Мәдениет, ақпарат және спорт министерлігінің Спорт көлітінің төрағасы (2004 – 2006) қызметтерін атқарды.

ФИЛА мүшесі

Дәулет Тұрлыханов — ФИЛА (Халықаралық күрес түрлері федерациясы) Бюросының мүшесі рентінде қайта сайланды. ХХХ Жазғы Олимпиада Ойындарындағы күрес бағдарламасы ФИЛА КОнгрессінен басталды. 3 тамыз күні бас қосқан халықаралық ұйым мүшелері 2012-2014 жылдарға күресті дамыту бағдарламасын құрды, сонымен қатар Бюро мүшелерін сайлады.
2006 жылы Дәулет Тұрлыханов осы лауазымға сайланды, дегенмен оның мерзімі алты жылда аяқталады. Осы жолы қазақтың даңқты балуанына 68 өкіл сенім білдіріп, дауыс берген.
Дәулет Тұрлыханов ФИЛА сапындағы жалғыз Қазақстан өкілі, ФИЛАның алтын орденінің иегері. Халықаралық федерация Дәулет Болатұлының Қазақстан және әлем күресінің дамуына қосқан үлесін зор бағалап отыр. Көп жылдан бері қазақ жерінде көптеген халықаралық ресми жарыстар өткізілуде, Қазақстан чемпионаттары халықаралық стандарт бойынша (үш күрес түрі біріктіріле) өткізілуде. Сонымен қатар, Тұрлыханов мырза күрес ережесін өзгертуге өз ұсынысын жасап келеді, оның мақсаты қазіргі күресті көрермен үшін қызықты қылу.