Қандастар Ассамблея

Ольга Рыпакова

25.11.2013 5218
Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады. Жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру, жеті­сайыс, ұзындыққа секіру түрлеріне маманданған, дәл қазіргі кезде еліміздегі беделді спорт­­шы­лар­дың бірі саналатын Ольга Рыпакованың жетістігі өте көп. О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын. ·         Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. ·         Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. ·         2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. ·         2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды. Қазақстандық жеңіл атлет алты мәрте секіріп, екеуі саналмай қалғанымен, қалған төрт көрсеткішінің екеуі бірдей өзінен кейінгі спортшылардан асып түсті - 14.98 және 14.89 метр. Екінші орын алған колумбиялық спортшының үздік көрсеткіші 14.80, ал үшінші орындағы украиналық атлеттікі 14.79 метр болды. Өскеменде құрылысы басталған жеңіл атлетика манежі Ольга Рыпакованың атымен аталады.  Сонымен қатар бір жыл бойы Олимпиада чемпионы облыс басшылығынан 2000 АҚШ доллары көлеміндегі стипендияны ай сайын алып отырады. Ольга Рыпакова әлем чемпионы атанған соң, облыс әкімдігі оған  көлік пен пәтер кілтін ұсынып қойса керек. Серік Сәпиевпен бірге, Ольга Рыпакова қорғаныс министрінен капитан атағын алған санаулы спортшының бірі. ҚР Спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияев ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында топ жарып жүлде алған спортшылардың жеке бапкерлерi мен ұлттық құраманың бас бапкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттады. Ауыр атлетикадан елi­мiздiң құрамасында 17 жылдан берi бас бапкер болып келе жатқан Алексей Ни I дәрежелi “Барыс” орденiн өңiрiне қадады. II дәрежелi осы орденмен Ольга Рыпакованың әкесi әрi жеке бапкерi Сергей Алексеев, ауыр атлетикадан ұлттық құраманың аға бапкерi Виктор Ни марапатталды.  

Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.

Жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру, жеті­сайыс, ұзындыққа секіру түрлеріне маманданған, дәл қазіргі кезде еліміздегі беделді спорт­­шы­лар­дың бірі саналатын Ольга Рыпакованың жетістігі өте көп. О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.

·         Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.

·         Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.

·         2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.

·         2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.

Қазақстандық жеңіл атлет алты мәрте секіріп, екеуі саналмай қалғанымен, қалған төрт көрсеткішінің екеуі бірдей өзінен кейінгі спортшылардан асып түсті - 14.98 және 14.89 метр. Екінші орын алған колумбиялық спортшының үздік көрсеткіші 14.80, ал үшінші орындағы украиналық атлеттікі 14.79 метр болды.

Өскеменде құрылысы басталған жеңіл атлетика манежі Ольга Рыпакованың атымен аталады.  Сонымен қатар бір жыл бойы Олимпиада чемпионы облыс басшылығынан 2000 АҚШ доллары көлеміндегі стипендияны ай сайын алып отырады. Ольга Рыпакова әлем чемпионы атанған соң, облыс әкімдігі оған  көлік пен пәтер кілтін ұсынып қойса керек. Серік Сәпиевпен бірге, Ольга Рыпакова қорғаныс министрінен капитан атағын алған санаулы спортшының бірі.

ҚР Спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияев ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында топ жарып жүлде алған спортшылардың жеке бапкерлерi мен ұлттық құраманың бас бапкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттады. Ауыр атлетикадан елi­мiздiң құрамасында 17 жылдан берi бас бапкер болып келе жатқан Алексей Ни I дәрежелi “Барыс” орденiн өңiрiне қадады. II дәрежелi осы орденмен Ольга Рыпакованың әкесi әрi жеке бапкерi Сергей Алексеев, ауыр атлетикадан ұлттық құраманың аға бапкерi Виктор Ни марапатталды.