Қандастар Ассамблея

Ольга Васильевна Шишигина

22.11.2013 20013
Шишигина Ольга Васильевна (1968 жыл Алматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған. Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған. 1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы). 1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі. І дәрежелі "Барыс", "Құрмет", "Дарын" ордендерімен марапатталған. Ольга Шишигина қазақ спортына алтын медаль ғана сыйлап қойған жоқ, сондай-ақ, еліміздегі жеңіл атлетиканы бір көтеріп тастады. Ольга Шишигинадан Ольга Рыпаковаға дейін бұл спорт түрінен Олимп шыңын бағындырған ешкім болмады. 2013 жылы Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина жаңа қызметке келді. Желаяқ спортшы енді Мәжілістің депутаты.Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында мәлім болды. «Орталық сайлау комиссиясының жақындағы қаулысына сәйкес, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Ольга Шишигина Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Осыған орай депутаттар атынан О.Шишигинаны құттықтап, оған жаңа шығармашылық ортада жемісті еңбек тілейміз», - деді жалпы отырыста спикер Нұрлан Нығматулин. Ольга Шишигина ел үшін қызмет етуін әлі де жалғастырады. Болашақта бірнеше желаяқтарды Олимпиадаға дайындап, Халықаралық додалардан жүлде салуға көмегін тигізуі әсте мүмкін.

Шишигина Ольга Васильевна (1968 жыл Алматы қаласыҚазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған.

Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.

1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген.

1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған.

1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы).

1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.

1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген.

1995 жылдардағы жазғы (ГетеборгШвеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (МаэбашиЖапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.

2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты.

2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.

І дәрежелі "Барыс", "Құрмет", "Дарын" ордендерімен марапатталған.

Ольга Шишигина қазақ спортына алтын медаль ғана сыйлап қойған жоқ, сондай-ақ, еліміздегі жеңіл атлетиканы бір көтеріп тастады. Ольга Шишигинадан Ольга Рыпаковаға дейін бұл спорт түрінен Олимп шыңын бағындырған ешкім болмады. 2013 жылы Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина жаңа қызметке келді. Желаяқ спортшы енді Мәжілістің депутаты.Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында мәлім болды.

«Орталық сайлау комиссиясының жақындағы қаулысына сәйкес, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Ольга Шишигина Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Осыған орай депутаттар атынан О.Шишигинаны құттықтап, оған жаңа шығармашылық ортада жемісті еңбек тілейміз», - деді жалпы отырыста спикер Нұрлан Нығматулин.

Ольга Шишигина ел үшін қызмет етуін әлі де жалғастырады. Болашақта бірнеше желаяқтарды Олимпиадаға дайындап, Халықаралық додалардан жүлде салуға көмегін тигізуі әсте мүмкін.