Қандастар Ассамблея

Архаика кезеңіндегі сәулет өнері

22.11.2013 4839
Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі — Коринфтегі Аполлон храмы (біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм — өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді, олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы — таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезенде жасалды. V ғасыр ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және тағы да басқалары жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мөрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан, денесі догадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған. Балғын жастың ерік-күші мен қайраты сомдалып берілген. Сайып келгенде, шоқтығы биік бұл туындысында Мирон өз күшіне сенімді арынды атлеттің, өз елінің ержүрек, дене бітімі мінсіз азаматтың асқақ бейнесін жасаған. Жалпы грек халқының ой-санасында атлеттің дәл осындай сұлулық мұраттарын, қайраты мен қаһармандық бейнелерін өмірдің өзі қалыптастырды. Бұл жағдай құдайлармен қатар адамдарды да бейнелейтін алып жалаңаш жігіттер мүсіндерінен кең көрініс тапты: олар «куростар» (жігіт, «бозбала» деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Ойымыз дөлелді болу үшін архаикалық өнердің ең көне ескерткіштерінің қатарынан орын алатын — біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырлар шамасында тарғыл мәрмөрдан жасалған куростың (бозбаланың) үш метрлік алып мүсінін алып қарастырайықшы. Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді — жігіттің кең иығы мен қыпша белін өсерлі етіп көрсетуге баса назар аударған. Аяқтары алып бағана тәріздес, тізесі мен тобықтары тырысып тұр, бұлшық еттері білеуленген, езуінен астарлы күлкінің табы байқалады. Бұл мүсін — өміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді мадақтау үшін жасалғандықтан, бұл тұлғалар грек мәдениетінің гуманистік мұраттарымен үндеседі деп толық сеніммен айта аламыз. V ғасыр ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды. Периклдің қолында шексіз билік болғанымен, ол оны асыра пайдаланған жоқ. Ол бар күш-жігерін Афиныны көркейтуге жұмсады, өнер атаулыны қанатының астына алып, қалаға таңдаулы өнер шеберлерін топтастырды. Вольтер Афинының ұлы мәдени дәуірін «Перикл ғасыры» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Перикл ең алдымен парсылар талқандаған Афины Акрополін қайтадан жаңа рухта қалпына келтіруді қолға алды. Ежелгі Русьте Кремль қандай орын алса, Элладада Акрополь де сондай жоғары бағаланатын. Ол храмдар мен басқа қоғамдық мекемелерді қабырғаларының аясына алған, соғыс кезінде халықтың бас сауғалар 134 орнына айналған қала қамалы болатын. Афины акрополі — ізгілік пен сұлулық нұрына бөленген адамның шығармашылық еркі мен бізді қоршаған табиғат дүниесінде жүйелі тәртіп орнататын адамның ақыл-ойының жемісі, ендеше ол еркіндік рухына толы таңғажайып өнер ескерткіші болып саналады. Афинының сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ойшыл Фидий болды. Ол Афиныда туып-өскен, шамамен 500 жылдарда туып, 430 жылдарда қайтыс болған. Афины акрополі Фидийдің туындысы екендігін ескерсек, оның сөулет өнеріне қосқан үлесінің қандай болғандығьш анықтап жатудың қажетгілігі болмайтын сияқты. Ұлы мүсінші қияльшың ұшқырлығы Перфеон сарайындағы биіктігі 12 метрлік Афина мүсінін жасаған кезде айқын аңғарылады. Алтынмен қапталған піл сүйегін соншалықты шеберлікпен қиюластырып, осындай биік те, дара тұлғаның өзіндік көркемдік шешіммен жасалынуы суретшіге оңайға да түспеген сияқты. Өйткені, Зевстің сүйікті қызы Афина нұрлы аспанның қыз құдайы. Ол әкесімен бірге күн күркіретіп, найзағай ойнатады, сонымен бірғе жылу мен жарық та береді. Диханшылықтың, әрі асқан кемеңгерліктің, мөлдір парасаттың, ақыл-ойдың, ғылым мен өнердің құдайы. Міне, осындай қасиетгі қыз құдайдың бейнесін жасау ұлы Фидийдің үлесіне тиді және ол бұл міндетті асқан шеберлікпен жүзеге асыра білді. kk.wikipedia.org

Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі — Коринфтегі Аполлон храмы (біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм — өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді, олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы — таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезенде жасалды. V ғасыр ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және тағы да басқалары жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мөрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан, денесі догадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған. Балғын жастың ерік-күші мен қайраты сомдалып берілген. Сайып келгенде, шоқтығы биік бұл туындысында Мирон өз күшіне сенімді арынды атлеттің, өз елінің ержүрек, дене бітімі мінсіз азаматтың асқақ бейнесін жасаған. Жалпы грек халқының ой-санасында атлеттің дәл осындай сұлулық мұраттарын, қайраты мен қаһармандық бейнелерін өмірдің өзі қалыптастырды. Бұл жағдай құдайлармен қатар адамдарды да бейнелейтін алып жалаңаш жігіттер мүсіндерінен кең көрініс тапты: олар «куростар» (жігіт, «бозбала» деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Ойымыз дөлелді болу үшін архаикалық өнердің ең көне ескерткіштерінің қатарынан орын алатын — біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырлар шамасында тарғыл мәрмөрдан жасалған куростың (бозбаланың) үш метрлік алып мүсінін алып қарастырайықшы. Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді — жігіттің кең иығы мен қыпша белін өсерлі етіп көрсетуге баса назар аударған. Аяқтары алып бағана тәріздес, тізесі мен тобықтары тырысып тұр, бұлшық еттері білеуленген, езуінен астарлы күлкінің табы байқалады. Бұл мүсін — өміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді мадақтау үшін жасалғандықтан, бұл тұлғалар грек мәдениетінің гуманистік мұраттарымен үндеседі деп толық сеніммен айта аламыз.

V ғасыр ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.

Периклдің қолында шексіз билік болғанымен, ол оны асыра пайдаланған жоқ. Ол бар күш-жігерін Афиныны көркейтуге жұмсады, өнер атаулыны қанатының астына алып, қалаға таңдаулы өнер шеберлерін топтастырды. Вольтер Афинының ұлы мәдени дәуірін «Перикл ғасыры» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Перикл ең алдымен парсылар талқандаған Афины Акрополін қайтадан жаңа рухта қалпына келтіруді қолға алды. Ежелгі Русьте Кремль қандай орын алса, Элладада Акрополь де сондай жоғары бағаланатын. Ол храмдар мен басқа қоғамдық мекемелерді қабырғаларының аясына алған, соғыс кезінде халықтың бас сауғалар 134 орнына айналған қала қамалы болатын. Афины акрополі — ізгілік пен сұлулық нұрына бөленген адамның шығармашылық еркі мен бізді қоршаған табиғат дүниесінде жүйелі тәртіп орнататын адамның ақыл-ойының жемісі, ендеше ол еркіндік рухына толы таңғажайып өнер ескерткіші болып саналады. Афинының сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ойшыл Фидий болды. Ол Афиныда туып-өскен, шамамен 500 жылдарда туып, 430 жылдарда қайтыс болған. Афины акрополі Фидийдің туындысы екендігін ескерсек, оның сөулет өнеріне қосқан үлесінің қандай болғандығьш анықтап жатудың қажетгілігі болмайтын сияқты. Ұлы мүсінші қияльшың ұшқырлығы Перфеон сарайындағы биіктігі 12 метрлік Афина мүсінін жасаған кезде айқын аңғарылады. Алтынмен қапталған піл сүйегін соншалықты шеберлікпен қиюластырып, осындай биік те, дара тұлғаның өзіндік көркемдік шешіммен жасалынуы суретшіге оңайға да түспеген сияқты. Өйткені, Зевстің сүйікті қызы Афина нұрлы аспанның қыз құдайы. Ол әкесімен бірге күн күркіретіп, найзағай ойнатады, сонымен бірғе жылу мен жарық та береді. Диханшылықтың, әрі асқан кемеңгерліктің, мөлдір парасаттың, ақыл-ойдың, ғылым мен өнердің құдайы. Міне, осындай қасиетгі қыз құдайдың бейнесін жасау ұлы Фидийдің үлесіне тиді және ол бұл міндетті асқан шеберлікпен жүзеге асыра білді.

kk.wikipedia.org

Ұқсас материалдар