Қандастар Ассамблея

Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі

22.11.2013 3333
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі. Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады.Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан. Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы киллометр, ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері — Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаикалық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары — ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды. kk.wikipedia.org

Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.

Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады.Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан.

Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы киллометр, ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері — Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаикалық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары — ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.

kk.wikipedia.org

Ұқсас материалдар