Қандастар Ассамблея

Гомер дәуірінің мәдениеті

21.11.2013 16301
Гомер дәуірінің мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі XI—VIII ғасырлар) Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы» оқығанда, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты. Гомерлік кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы үмытпаған жөн сияқты. «Адам — бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған бол ар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі — грек мифологиясына тән қасиет болып саналады. Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы — Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара үштасып жатқандығын аңғаруға болады. Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырды... Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Біздің заманымызға дейінгі IX—VIII ғасыр құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардагы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және тағы да басқалары шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады. Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нөрсе — құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, біздің заманымызға дейінгі I — мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді. Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған. Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек. kk.wikipedia.org

Гомер дәуірінің мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі XI—VIII ғасырлар) Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы» оқығанда, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.

Гомерлік кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы үмытпаған жөн сияқты. «Адам — бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған бол ар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі — грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.

Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы — Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара үштасып жатқандығын аңғаруға болады.

Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырды...

Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Біздің заманымызға дейінгі IX—VIII ғасыр құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардагы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.

Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және тағы да басқалары шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады.

Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нөрсе — құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, біздің заманымызға дейінгі I — мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.

Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.

Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.

kk.wikipedia.org

Ұқсас материалдар