Қандастар Ассамблея

Қарқаралыға байланысты үшінші аңыз

21.11.2013 2440
Қазіргі туристік базаның орны ерте заманда "Қайыңсай", кейінне "Жауыр тоғайы"аталған ну орман алаңы болыпты, жан-жағына бойлап өскен қайыңнан алаң көрінбеген. Ортасынан мол бұлақ ағып, Үлкен көлге құйылып жатады екен. Осы алаңға 1753 жылдары Абылай жазғы ордасын тігіпті деген аңыз бар. Ұлы жүз халқы 1723 жылдан 1753 жылғ дейін жоңғарлар қарамағында болған. Ал Батыс Қазақстан халқы Кіші орда Әбілқайыр ханның қарамағын да болып, ханмен араздық туып, елден бөлініп, өз алдына хандық құрып кеткен. Сондықтан әлі де жаудың беті қайтып талқандалмаған кез болса керек. Бірақ осы кезең жоңғар халқы бақталас болып, өзара бірнешеге бөлінген. Абылайхан осы кезеңді пайдаланып жоңғарларды бұдан былай бас көтерместей қылып талқандап, олардың қарамағында бағынышты болып отырған Ұлы жүз және Қарақалпақ жерін тазартуды мақсат тұтқан. Күш сол кезде тек қана Орта жүзде қалған (Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ. Керей). Со-лармен қатар Әбілқайырға бағынбай бер жақта Кіші жүзден Алшын, Жаппас, Шөмекей, Шекті аталарының басын қосып, хан кеңесін өткізуге тура келген. Ол кеңесті өткізген ел орталығын Қарқаралы деп үйғарған. Май айының басында жоғарыда айтылған жерге хан ордасын тіккен. Бұған Алтай, Тарбағатай жақтан Қабанбай батыр бастаған, солтүстіктен Бөгенбай бастаған қалың қол және Ұлы жүз, Кіші жүз, қарақалпақтардан мүмкіндігінше ел жиналған. Орта жүз кемеңгері Қаздауысты Қазыбек және Бекболат та осы топта болып, үш түмен қол жауды оңтүстіктен тазартуды жоспарлап, мақсаттарын қазан айының аяғына дейін жүзеге асырып, толық нәтижеге жеткен (Қабдеш Жұмаділовтің "Дарабоз"атты романы бойынша). Төле би екі-үш ай бойы Қабанбай батырмен бірге болып, жоңғарлардан елді, жерді тазарту үшін ақылшы болған. Хабарласып отыратын ел орталығы Абылайдың жазғы ордасы Қарқаралыда қазан айының аяғында қол басшылар қай-та жиналмақ болған. Бұларды қозыкөш жерден хабарын біліп отырып "Найза"деген кезеңнен тосып, Абылайхан бас болып, жеңіспен қайтқан бұл жер "Найза"кезеңі атанып қалған. Қол басшылар алаңға тігілген хан ордасына жиналып отырғанда бабамыз Қазыбек би Қабанбай батырдан екі-үш ай ат үстінен түспесе, Төле ағам (Төле би) халы әлі жақсы екен ғой дегенде, сізге айтқан сәлемі бар еді, сол естеріңде бар ма деп Қабанбай батыр жан-жағына қарағанда, менің есімде бар деген бір сарбаз: Қақ жарған қара қылды Қазыбегім! Сен бүкіл қазағыма азық едің, Ағаңды жау қолына тастап, Сен жатып Сарыарқада қазы жедің! Мен дағы қазағыма қазық едім. Сен аспанда қаңқылдаған қазым едің, Еліңді жау қолына көп жыл тастап, Мен неден ағайынға жазып едім? - дегенде Қазыбек бабамыз қатты тебіренсе керек. old-site.karlib.kz

Қазіргі туристік базаның орны ерте заманда "Қайыңсай", кейінне "Жауыр тоғайы"аталған ну орман алаңы болыпты, жан-жағына бойлап өскен қайыңнан алаң көрінбеген.
Ортасынан мол бұлақ ағып, Үлкен көлге құйылып жатады екен. Осы алаңға 1753 жылдары Абылай жазғы ордасын тігіпті деген аңыз бар. Ұлы жүз халқы 1723 жылдан 1753 жылғ дейін жоңғарлар қарамағында болған. Ал Батыс Қазақстан халқы Кіші орда Әбілқайыр ханның қарамағын да болып, ханмен араздық туып, елден бөлініп, өз алдына хандық құрып кеткен. Сондықтан әлі де жаудың беті қайтып талқандалмаған кез болса керек. Бірақ осы кезең жоңғар халқы бақталас болып, өзара бірнешеге бөлінген.
Абылайхан осы кезеңді пайдаланып жоңғарларды бұдан былай бас көтерместей қылып талқандап, олардың қарамағында бағынышты болып отырған Ұлы жүз және Қарақалпақ жерін тазартуды мақсат тұтқан. Күш сол кезде тек қана Орта жүзде қалған (Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ. Керей). Со-лармен қатар Әбілқайырға бағынбай бер жақта Кіші жүзден Алшын, Жаппас, Шөмекей, Шекті аталарының басын қосып, хан кеңесін өткізуге тура келген. Ол кеңесті өткізген ел орталығын Қарқаралы деп үйғарған. Май айының басында жоғарыда айтылған жерге хан ордасын тіккен. Бұған Алтай, Тарбағатай жақтан Қабанбай батыр бастаған, солтүстіктен Бөгенбай бастаған қалың қол және Ұлы жүз, Кіші жүз, қарақалпақтардан мүмкіндігінше ел жиналған. Орта жүз кемеңгері Қаздауысты Қазыбек және Бекболат та осы топта болып, үш түмен қол жауды оңтүстіктен тазартуды жоспарлап, мақсаттарын қазан айының аяғына дейін жүзеге асырып, толық нәтижеге жеткен (Қабдеш Жұмаділовтің "Дарабоз"атты романы бойынша). Төле би екі-үш ай бойы Қабанбай батырмен бірге болып, жоңғарлардан елді, жерді тазарту үшін ақылшы болған. Хабарласып отыратын ел орталығы Абылайдың жазғы ордасы Қарқаралыда қазан айының аяғында қол басшылар қай-та жиналмақ болған. Бұларды қозыкөш жерден хабарын біліп отырып "Найза"деген кезеңнен тосып, Абылайхан бас болып, жеңіспен қайтқан бұл жер "Найза"кезеңі атанып қалған. Қол басшылар алаңға тігілген хан ордасына жиналып отырғанда бабамыз Қазыбек би Қабанбай батырдан екі-үш ай ат үстінен түспесе, Төле ағам (Төле би) халы әлі жақсы екен ғой дегенде, сізге айтқан сәлемі бар еді, сол естеріңде бар ма деп Қабанбай батыр жан-жағына қарағанда, менің есімде бар деген бір сарбаз:

Қақ жарған қара қылды Қазыбегім!
Сен бүкіл қазағыма азық едің,
Ағаңды жау қолына тастап,
Сен жатып Сарыарқада қазы жедің!
Мен дағы қазағыма қазық едім.
Сен аспанда қаңқылдаған қазым едің,
Еліңді жау қолына көп жыл тастап,
Мен неден ағайынға жазып едім? -
дегенде Қазыбек бабамыз қатты тебіренсе керек.

old-site.karlib.kz

Ұқсас материалдар