Қандастар Ассамблея

Қарқаралы атауы туралы аңыз

21.11.2013 5442
1727 жылы жоңғарлар шабуылы кезінде жаудың бір түмен сарбазы қазіргі қаланың батыс жағында қорған салып, бекінеді. Олардың мақсаты - өздерінің, Ертіс бойындағы қолы әлсірей ме, жоқ Қызылжар жағы әлсірей ме, соған қолғабысқа аттану болса керек. Бұл кезде қазақ сарбаздары орталық терістік жақтан жоңғарлар қолын әлсірете бастаған және 1739-1740 жылдары Абылай қалмақтың ханы Қалден Цереннің қолына түсіп, кейіннен достасып.соғыспау туралы келісімге келген. Осы кезде пайдаланып Шаншар абыздың екінші әйелі Нұрбикеден туған Тілеуке, Бертіс хан кол жинап, түстік Сыр бойынан келіп Қарқаралыға бекініп жатқан жоңғарларды жойып, елді осы жаққа орналастыруды қолға алып, бекіністі тазартудың қамына кіріскен. Жер жағдайын жетік білмегендіктен жоңғарлар жау алдымыздан келеді, артымыз биік тау, артымыздан қауіп жоқ деп ойлаған. Жағдай ойлағаннан басқаша болып шықты. Бертіс қолы Қарқаралының батыс жағындағы Шоқпартас маңындағы орманға орналасып, жауды сезіктендірмей, желке жағынан шабуыл жасау үшін тауға барлау жұмысын жүргізіп, Шоқпартастан суық бұлаққа қарай асатын шұбырынды жол тапқан. Осының нәтижесінде жаудыңжелке жағынан шабуылдауға толық мүмкіндік туған. Күтпеген жерден қалың қолдан үрейі ұшып, берекесі кеткен жоңғарлар қаша жөнелген. Жоңғар қолын көп шығынға ұшыратып, жаудың ізіне түсіп, түстікке қарай қуып жіберген, Сөйтіп, Қаракесек руын осы маңға, Балқантауға дейін орналастыруды жоспарлап, өзі оңтүстікке - елге қарай қайтып, елді көшіруді ұйымдастырған. Бұл кезде Қарқаралы деген атау жоқ. Бертіс бұл мекенді жоңғарлардан тазартқан соң, қазан айының соңына қарай көшпенді Қоңырат деген тайпа келеді. Бұл тайпа сан жағынан көп, Арғынмен туыс ел. Жоңғарлар жорық жасауға мүмкін деген маңайдан қашқақтап жүретін болса керек. Қысқа аяқты мал деп сиыр, қой асырап бақпайды, өйткені ол елге жау бет алып келе жатқанда бұл екі түлік бөгет болады және жау қолында қалып қояды деген есебі көрінеді. Жаудан жалтарып кету үшін жылқы, түйе малын көптеп өсірген. Қоңыраттықтар "ұзынқұлақ"арқылы Арқаның шұрайлы жері жаудан тазартылды дегенді естіп, қыстап шығу үшін таудың күншығыс жағына көптеген киіз үй тігіп, өздерінен өсіп-өрген рулар ауыл-ауыл болып отырған. Сол жылы қар өте қалың түскен, қар түсе тауда қаптап жұрген арқар, елік бұғыларды көргенде көздері тұнған. Садақпен аң аулауға барайын десе бара алмайды.Тау басы мен биік жондар қара болып жатқанмен, тау етегі өте қалың оспақ көбік қар болған. Тауға шықпақ болғанда аттары қарға көміліп, жаяу шығайын десе өздері де қарға бойламаған. Сол кезде көктем де өте кеш шыққан, жаз шыға ол кезде аң ауланбайды. Дала тағысы киелі болады, төлі жетім қалса қырсық болады деген ұғым қалыптасқан. Сөйтіп, бұл тау ды "Басы қара, етегі қарлы, Қаратау қарлы - Қарқаралы"деген атау пайда болған. Арғындар ішіндегі Қарақожа әулетінен тараған Қаракесек руы келе бастағанда алдымен "Қарақарлы"тауына Әлтөбет руы келіп қоныстаған. Бұлар келе бастаған соң, қоңыраттықтар Есіл бойын; қарай Балталы-Бағаналы елімен сүйек шатыстығы болғандықтан көшіп кеткен. Мен осы жағдайлар жөнінде үлкен адамдардан 50-60 жыл бұрын сұрастырып, жазбаша ештеңе таба алмадым. Мұражайлардан да дерек кездеспеген соң, нанымсыздау бола ма деген оймен баспасөз бетінде жарияламаған едім. old-site.karlib.kz

1727 жылы жоңғарлар шабуылы кезінде жаудың бір түмен сарбазы қазіргі қаланың батыс жағында қорған салып, бекінеді. Олардың мақсаты - өздерінің, Ертіс бойындағы қолы әлсірей ме, жоқ Қызылжар жағы әлсірей ме, соған қолғабысқа аттану болса керек.
Бұл кезде қазақ сарбаздары орталық терістік жақтан жоңғарлар қолын әлсірете бастаған және 1739-1740 жылдары Абылай қалмақтың ханы Қалден Цереннің қолына түсіп, кейіннен достасып.соғыспау туралы келісімге келген. Осы кезде пайдаланып Шаншар абыздың екінші әйелі Нұрбикеден туған Тілеуке, Бертіс хан кол жинап, түстік Сыр бойынан келіп Қарқаралыға бекініп жатқан жоңғарларды жойып, елді осы жаққа орналастыруды қолға алып, бекіністі тазартудың қамына кіріскен. Жер жағдайын жетік білмегендіктен жоңғарлар жау алдымыздан келеді, артымыз биік тау, артымыздан қауіп жоқ деп ойлаған. Жағдай ойлағаннан басқаша болып шықты.
Бертіс қолы Қарқаралының батыс жағындағы Шоқпартас маңындағы орманға орналасып, жауды сезіктендірмей, желке жағынан шабуыл жасау үшін тауға барлау жұмысын жүргізіп, Шоқпартастан суық бұлаққа қарай асатын шұбырынды жол тапқан. Осының нәтижесінде жаудыңжелке жағынан шабуылдауға толық мүмкіндік туған. Күтпеген жерден қалың қолдан үрейі ұшып, берекесі кеткен жоңғарлар қаша жөнелген. Жоңғар қолын көп шығынға ұшыратып, жаудың ізіне түсіп, түстікке қарай қуып жіберген, Сөйтіп, Қаракесек руын осы маңға, Балқантауға дейін орналастыруды жоспарлап, өзі оңтүстікке - елге қарай қайтып, елді көшіруді ұйымдастырған. Бұл кезде Қарқаралы деген атау жоқ. Бертіс бұл мекенді жоңғарлардан тазартқан соң, қазан айының соңына қарай көшпенді Қоңырат деген тайпа келеді. Бұл тайпа сан жағынан көп, Арғынмен туыс ел. Жоңғарлар жорық жасауға мүмкін деген маңайдан қашқақтап жүретін болса керек. Қысқа аяқты мал деп сиыр, қой асырап бақпайды, өйткені ол елге жау бет алып келе жатқанда бұл екі түлік бөгет болады және жау қолында қалып қояды деген есебі көрінеді. Жаудан жалтарып кету үшін жылқы, түйе малын көптеп өсірген. Қоңыраттықтар "ұзынқұлақ"арқылы Арқаның шұрайлы жері жаудан тазартылды дегенді естіп, қыстап шығу үшін таудың күншығыс жағына көптеген киіз үй тігіп, өздерінен өсіп-өрген рулар ауыл-ауыл болып отырған. Сол жылы қар өте қалың түскен, қар түсе тауда қаптап жұрген арқар, елік бұғыларды көргенде көздері тұнған. Садақпен аң аулауға барайын десе бара алмайды.Тау басы мен биік жондар қара болып жатқанмен, тау етегі өте қалың оспақ көбік қар болған. Тауға шықпақ болғанда аттары қарға көміліп, жаяу шығайын десе өздері де қарға бойламаған. Сол кезде көктем де өте кеш шыққан, жаз шыға ол кезде аң ауланбайды. Дала тағысы киелі болады, төлі жетім қалса қырсық болады деген ұғым қалыптасқан. Сөйтіп, бұл тау ды "Басы қара, етегі қарлы, Қаратау қарлы - Қарқаралы"деген атау пайда болған. Арғындар ішіндегі Қарақожа әулетінен тараған Қаракесек руы келе бастағанда алдымен "Қарақарлы"тауына Әлтөбет руы келіп қоныстаған. Бұлар келе бастаған соң, қоңыраттықтар Есіл бойын; қарай Балталы-Бағаналы елімен сүйек шатыстығы болғандықтан көшіп кеткен. Мен осы жағдайлар жөнінде үлкен адамдардан 50-60 жыл бұрын сұрастырып, жазбаша ештеңе таба алмадым. Мұражайлардан да дерек кездеспеген соң, нанымсыздау бола ма деген оймен баспасөз бетінде жарияламаған едім.

old-site.karlib.kz

Ұқсас материалдар