Қандастар Ассамблея

Шайтанкөл туралы аңыз. Жиренсақал әулие туралы аңыз. Әулие туралы екінші аңыз. Қарқаралы туралы аңыз

21.11.2013 30930
Шайтанкөл туралы аңыз Бұл көл алғашқы кезде "Әулие көл" атанған. Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында құдайға арнап мал сойып, құран оқысады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтық үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық шапанды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен "тұра тұрыңдар, бәлем!" деп кете барады. Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап: – Ойбай, шайтан! – деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, "пісмілда" деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері Әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті.   Жиренсақал әулие туралы аңыз. Қарқаралы орманында елсіз кезде оңтүстік жақтан келген Жиренсақал мен Шәймерден деген кезбе әулиелер болған екен. Олар жазда осында келіп, орман ішін аралаған. Қазір "Комсомол шыңы"деп аталатын биік тау бұрын "Жиренсақал"деп аталатын. Бұл кісілер садақты мерген болған, ол кезде орман ішінде аңның неше түрі болған. Тамақтанарда арқардың марқасын не тоқтысын, немесе киік, қарақұйрықтың марқа төлдерін атып алатын. Аңды сойған соң қарнына толтырып тау пиязы, шалғын жуа мен тұзды қоса салып. жайдақ жақпар тастардың қазан сияқты шұңқыр жерін тауып, үстіне от жағып пісіргенде қазанға пісіргеннен анағұрлым дәмді болады екен. Тойғанынша тамақтанып, қалған етін қыш құмырасына салып, тастай суық бұлақтардың.суына салып, бірнеше күн азықтанатын болса керек. Сол тауда әулиенің үңгірі бар екен, соған бала көтермеген әйелдер түнеп шықса, жүкті болады деген аңыз бар. Бертінде Күлқатыш деген әйел барып түнеп, бала көтеріп ұл тапқан. Бірақ әйел нанымын сақтамай, арақ ішіп, баласын шетінетіп алған, қайтіп бала көтерген емес. Әулие туралы екінші аңыз. Бір күні кешке қарай тау басындағы көлге барса, дыбыс шығады, ағаш арасынан бақылап тұрса, адам бейнелі біреулер суға шомылып жүр екен. Егделеу еркек бейнелісіне барлығы: "Әплит, әплит"деп бәйек болып жүрген сияқты. Әлгілерге білгізбей, шегініп кетіп қалады. Ертесіне елең-алаңда тағы келеді, сөйтсе әлгі ібілістер тағы шомылып жүр екен. Әйел бейнелі егделеу біреуіне: "Жәплит жәплит"деп бәйек болып жүр екен. Сонда Жиренсақал әулие: "бұл өсіп-өнетін ібіліс екен ғой, Әплиті - әкесі, Жәплиті - шешесі болған ғой"деп шыдай алмай дұға оқып, айқайлап жіберіпті. "Малғұндар! Енді кездессеңдер маймылға айналдырып жіберем!"деп ақырған. Әулие одан кейін де көлге бірнеше рет барған және түнеген, бірақ шайтандарды қайтып кездестірмеген. Содан кейін ол, шағын көл "Шайтанкөл"атанып кеткен. Теке ақсақал бұл әңгімені ұлғайған кезде әкемнен естіп едім дейтін. Қарқаралы туралы аңыз Қарқаралының тарихы қазақтың ауыз әдебиетімен тығыз байланысты. Оның Қарқаралы аталуын "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырымен байланыстырады. Жанақ ақын жырлағандай: "Қыз берген қарқарасы түсіп қалып, Тау атын Қарқаралы қоя сапты" деген аңыз бар. old-site.karlib.kz, saryarka.karlib.kz

Шайтанкөл туралы аңыз
Бұл көл алғашқы кезде "Әулие көл" атанған. Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында құдайға арнап мал сойып, құран оқысады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтық үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық шапанды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен "тұра тұрыңдар, бәлем!" деп кете барады.
Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап:
– Ойбай, шайтан! – деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, "пісмілда" деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері Әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті.

 

Жиренсақал әулие туралы аңыз.
Қарқаралы орманында елсіз кезде оңтүстік жақтан келген Жиренсақал мен Шәймерден деген кезбе әулиелер болған екен. Олар жазда осында келіп, орман ішін аралаған.
Қазір "Комсомол шыңы"деп аталатын биік тау бұрын "Жиренсақал"деп аталатын. Бұл кісілер садақты мерген болған, ол кезде орман ішінде аңның неше түрі болған. Тамақтанарда арқардың марқасын не тоқтысын, немесе киік, қарақұйрықтың марқа төлдерін атып алатын. Аңды сойған соң қарнына толтырып тау пиязы, шалғын жуа мен тұзды қоса салып. жайдақ жақпар тастардың қазан сияқты шұңқыр жерін тауып, үстіне от жағып пісіргенде қазанға пісіргеннен анағұрлым дәмді болады екен. Тойғанынша тамақтанып, қалған етін қыш құмырасына салып, тастай суық бұлақтардың.суына салып, бірнеше күн азықтанатын болса керек. Сол тауда әулиенің үңгірі бар екен, соған бала көтермеген әйелдер түнеп шықса, жүкті болады деген аңыз бар. Бертінде Күлқатыш деген әйел барып түнеп, бала көтеріп ұл тапқан. Бірақ әйел нанымын сақтамай, арақ ішіп, баласын шетінетіп алған, қайтіп бала көтерген емес.

Әулие туралы екінші аңыз.
Бір күні кешке қарай тау басындағы көлге барса, дыбыс шығады, ағаш арасынан бақылап тұрса, адам бейнелі біреулер суға шомылып жүр екен. Егделеу еркек бейнелісіне барлығы: "Әплит, әплит"деп бәйек болып жүрген сияқты. Әлгілерге білгізбей, шегініп кетіп қалады. Ертесіне елең-алаңда тағы келеді, сөйтсе әлгі ібілістер тағы шомылып жүр екен. Әйел бейнелі егделеу біреуіне: "Жәплит жәплит"деп бәйек болып жүр екен. Сонда Жиренсақал әулие: "бұл өсіп-өнетін ібіліс екен ғой, Әплиті - әкесі, Жәплиті - шешесі болған ғой"деп шыдай алмай дұға оқып, айқайлап жіберіпті. "Малғұндар! Енді кездессеңдер маймылға айналдырып жіберем!"деп ақырған. Әулие одан кейін де көлге бірнеше рет барған және түнеген, бірақ шайтандарды қайтып кездестірмеген. Содан кейін ол, шағын көл "Шайтанкөл"атанып кеткен. Теке ақсақал бұл әңгімені ұлғайған кезде әкемнен естіп едім дейтін.

Қарқаралы туралы аңыз
Қарқаралының тарихы қазақтың ауыз әдебиетімен тығыз байланысты. Оның Қарқаралы аталуын "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырымен байланыстырады. Жанақ ақын жырлағандай:
"Қыз берген қарқарасы түсіп қалып,
Тау атын Қарқаралы қоя сапты" деген аңыз бар.

old-site.karlib.kz, saryarka.karlib.kz

Ұқсас материалдар