Қандастар Ассамблея

Мәні жоқ мерекелер...

21.11.2013 2776
        Меніңше, біздің мемлекеттік күнтізбемізде керексіз екі мереке бар. Екеуі де Кеңес заманынан қалған. Сондықтан әлі күнге дейін еліміздегі көпшіліктің санасы мүлдем өзгермегендіктен немесе баяу өзгеретіндіктен аталған мейрамдар етегімізден жабысып алып, қалмай келеді. Ал бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған, бүгінде тәуелсіз жекелеген мемлекеттер бұл «шараларды» баяғыда-ақ өздерінің күнтізбесінен шығарып тастапты... Сонда ол қандай «мерекелер» дейсіз ғой. Әрине, 8 наурыз- «халықаралық» «әйелдер» мерекесі мен 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Ең әуелі 8 наурызға тоқталайық.. Бірден айтайын, оған әйелдерге өшпенділікпен қарағандықтан немесе көңіліміз қалғандықтан шүйлігіп отырғанымыз жоқ. Айтар уәжіміз өзгеше. Біріншіден, аталған «шараның» «халықаралық» делінуінің өзі түбірімен қате. Өйткені қасиетті Құран-Кәрімнің бұлжымас қағидасы бойынша , ер-азаматтар әйелден жоғары тұратын (біздегідей «тең құқылы» емес!) мұсылман елдері, яғни араб әлемі, Иран, Пәкістан, Малайзия т.б. елдер мұндай мерекені білмейді де, атымен мойындамайды да. Екіншіден, «Ойбай, біз жоғары дамыған демократиямыз !» деп, өз төстерін өздері қағатын, оған біздегі космополиттер қуана-қуана қол соғатын АҚШ пен Батыста да 8 наурыз күнінің атап өтілетіні туралы оқығаным да, естігенім де жоқ. Ал сонау қиырдағы Литва республикасында бұл мереке мемлекеттік күнтізбеден баяғыда  алынып тасталып, орнына жылма-жыл мамыр айының 17 күні «Аналар күні» аталып өтіледі. Дұрыс-ақ.. Қатынның бәрі бірдей ару немесе ана емес қой. Демек, нағыз («көкек» емес!) аналарды ардақтайтын арнаулы күн белгіленсе, оның несі артық ?! Бұдан басқа, осы «шараның» шығу төркінінің өзі күмән туғызарлық. Егер қателеспесем, (әрине, тарихи деректерден оқығаным ғой) 1914 жылы 8 немесе 10 наурыз күні болса керек, Данияның астанасы - Копенгаген қаласының жезөкше қатындары шеруге шығып, өздерінің  «тұрмыс», «жұмыс» жағдайларын «жақсартуды» талап еткен (!) көрінеді. Олардың «талаптары» қанағаттандырылды ма әлде жоқ па, ол жағы бізге белгісіз. Белгілісі - коммунист, саяси қайраткер Клара Цеткин осы оқиғаның өңін айналдырып, оны халықаралық әйелдер күні ретінде мерекелеуді ұсынған екен. Сонда жезөкшелердің бой көрсетуінен туындаған «мейрам» неге адал әйелдердің құзырына таңылуы керек ? Арам мен адалды айырмайтын АҚШ пен Батыс болса бір сәрі, оның қазақтың аналарына, қыз-келіншектеріне қажеттілігі қанша?!... Тіпті осы мерекенің қазақтың әйелдері мен қыз-келіншектеріне тиіп жатқан шарапаты да шамалы. Себебі, жылдар бойы қалыптасқан «дәстүр» бойынша мереке құрметіне жер-жерде бас қосулар ұйымдастырылып, арақ-шарап судай төгіліп, әдепсіз әуендер шырқалып, түрлі күпірлік қылықтарға жол беріледі. Жылына бір рет әйелдерге жалған жымиып, гүл ұсынып, көлгірсігенше, қазіргі олардың күрделі жағдайын түпкілікті өзгертетін мемлекеттік нақты да пәрменді шаралар неге қолға алынбайды?! Мысалы, мемлекетіміз әйелдерді (басқа ұлтта шаруам жоқ,, әсіресе қазақтың азабы басынан асатын аналарын!) 50 немесе 55 жастан зейнетке шығарса, жылына бір рет еліміздегі емдеу орындарына (алысқа бармай-ақ ,мына «Ақжайық» санаториясына) тегін жолдама берсе, отбасындағы әрбір жаңадан дүниеге келген нәресте үшін тиесілі жәрдемақыны 50 мың теңгеге жеткізсе, жұмыс істемейтін , кемінде үш бала өсіріп, тәрбиелеп отырған әр әйелге аналық еңбегі үшін (иә,иә !) 30 мың жәрдемақы тағайындалса, - міне, әйел-ана, әйел-жарға нағыз құрмет, шынайы сый-сияпат осындай болар еді. Оған еліміздің толық қаржылық мүмкіндігі бар. Мәселе ниеттің тарлығында болып отыр... Сондай-ақ, аталмыш мерекенің астарында әйелге құр табыну, бас ию жатыр. Ол да қазақи ділімізге, дінімізге мүлдем жат. Егер ол Батыс, АҚШ пен Ресей үшін қалыпты көрініс болса, қасиетті Ислам дінінде қатынға табыну - жәй пендеге бас ұру, яғни Аллаһқа серік қосу деп есептеледі. Біз шынымен Аллаһқа мойын ұсынсақ, тек бір ұлы Жаратушыға ғана табынып, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды құрмет тұтуымыз қажет. Бұл - ерекше атап көрсететін жәйт. Екіншіден, тәуелсіз мемлекет болғандықтан , қазір өзгелер жерінген «атаулы» күннен қашанға дейін құтылмаймыз ?! Сол сияқты, көп жыл бойы «Еңбекшілердің дүниежүзілік ынтымақ күні» болып келе жатқан 1 мамыр мерекесі де- санада қалған ескінің сарқыншағы. Олай дейтініміз, қашанда адамның бойында таптық түйсіктен гөрі, ұлттық, туыстық сезім басым. «Қанына тартпағанның қары сынсын» демей ме, дана халық нақылы ?! Күні кешегі коммунистік идеологияның бір жаңсақтығы сонда - оның таптық мүддені ұлттық болмыстан жоғары қоюы. Дұрысында, негізінен нәсілшіл, қазір жұмақтың күйін кешіп жатқан американ, ағылшын немесе француз жұмысшысы бұрын да, бүгін де, өліп кетсе де, қазақ пен қырғыз былай тұрсын, орыстың жұмысшысына да «таптық бауырым» деп, емешесі құрымайды, өзегі  үзілмейді. «Әркімге өз көйлегі өзіне жақын» емес пе?! Тіпті болмаса, өзіне күйеу немесе әйел іздеген, баспасөзде үнемі жарияланатын  хабарландыруға назар аударыңызшы : «Тек қана славян тектес еркек іздеймін», «Орыс немесе украин қатынының хабарласуын қалаймын»... Тарих тәлкегінен бір мысал.1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталғанда, таптық түсінікпен тәрбиеленіп қалған кейбір кеңестік сарбаздар : «Қарсы жақтағы жау киімін кигендердің белгілі бір бөлігі - неміс жұмысшылары мен шаруалары немесе солардың балалары, яғни біздің таптық бауырларымыз. Біз оларға оқ атпайық, сонда олар бізге оқ атпайды. Қайта екі жақ 1916-1917 жылдардағыдай бауырласуымыз қажет» деген сыңайлы.Әрине, олар 1941 жылдың 1916-1917 жылдарға тіпті де ұқсамайтындығын не түсінбесе, не түсінгісі келмесе керек. Сол Кеңестік сарбаздар ақ ниетімен қару қолданбай, бауырласуға ұмтылғанымен, немістер оларды ойланбай-ақ атып тастады немесе түрлі азапқа салып, жанын қинады. Немістер үшін олар ешқандай «таптық бауырлар» емес, жәй әскери тұтқындар, онан да қорқыныштысы - «төменгі нәсіл» өкілдері болатын.Иә, қатыгездік көрсеткендер де -неміс жұмысшылары мен шаруалары , қала берді солардың ұрпақтары. Сөз жоқ, өте өкінішті де қайғылы жәйт. Неміс нацизмінің жүгенсіз ұлттық, нәсілдік өшпенділікті уағыздаған мектебінен өткен дұшпаннан «таптық бауырмалдықты»  күту - қолтырауыннан «қайырымдылықты» сұраумен бірдей еді. Сірә, соғыс жылдарында қаһарман аталарымыз бен ағаларымыздың : «Немісті ұра бастасаң немесе қолға түссе, бәрінің шетінен «жұмысшы» мен «шаруа» болып шығатыны қызық» деген ащы мысқылы бекер айтылмаса керек... Олай болса, қайдағы «әлем еңбекшілерінің ынтымақ күні»? Ал «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» десек, кейбіреулердің төскей төрімізде отырып, тілімізге, дінімізге, ділімізге жынын шашып, түкірінуін немен түсіндіруге болады?! Барлық аймақта да қала көшелерінің атауларын ұлттық мәнге орай өзгертуге өршелене қарсы шығатындардың әрекетіне не айтар едіңіз Бұл - әзірге жауабы өте оңай емес, басы ашық  мәселелердің кейбірі ғана... Ұзын сөздің қысқасы, дәл жауаптың нұсқасы, мереке атаулыға тіпті де қанымыз қарсы емес. Тек солардың қоғамдық қисыны мен саяси мәні болса ше ?! Мәселен, мереке ретінде үш күн Ораза айт пен  үш күн Құрбан айтқа берілсе, қандай жақсы! Міне, адамды ұлтына, нәсіліне, дініне, табына қарап, кеудесінен кері итермейтін, саясиланбаған нағыз халық  ынтымағының мерекесі - Ораза айт пен Құрбан айт емес пе?! Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

        Меніңше, біздің мемлекеттік күнтізбемізде керексіз екі мереке бар. Екеуі де Кеңес заманынан қалған. Сондықтан әлі күнге дейін еліміздегі көпшіліктің санасы мүлдем өзгермегендіктен немесе баяу өзгеретіндіктен аталған мейрамдар етегімізден жабысып алып, қалмай келеді. Ал бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған, бүгінде тәуелсіз жекелеген мемлекеттер бұл «шараларды» баяғыда-ақ өздерінің күнтізбесінен шығарып тастапты...

Сонда ол қандай «мерекелер» дейсіз ғой. Әрине, 8 наурыз- «халықаралық» «әйелдер» мерекесі мен 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Ең әуелі 8 наурызға тоқталайық.. Бірден айтайын, оған әйелдерге өшпенділікпен қарағандықтан немесе көңіліміз қалғандықтан шүйлігіп отырғанымыз жоқ. Айтар уәжіміз өзгеше. Біріншіден, аталған «шараның» «халықаралық» делінуінің өзі түбірімен қате. Өйткені қасиетті Құран-Кәрімнің бұлжымас қағидасы бойынша , ер-азаматтар әйелден жоғары тұратын (біздегідей «тең құқылы» емес!) мұсылман елдері, яғни араб әлемі, Иран, Пәкістан, Малайзия т.б. елдер мұндай мерекені білмейді де, атымен мойындамайды да. Екіншіден, «Ойбай, біз жоғары дамыған демократиямыз !» деп, өз төстерін өздері қағатын, оған біздегі космополиттер қуана-қуана қол соғатын АҚШ пен Батыста да 8 наурыз күнінің атап өтілетіні туралы оқығаным да, естігенім де жоқ. Ал сонау қиырдағы Литва республикасында бұл мереке мемлекеттік күнтізбеден баяғыда  алынып тасталып, орнына жылма-жыл мамыр айының 17 күні «Аналар күні» аталып өтіледі. Дұрыс-ақ.. Қатынның бәрі бірдей ару немесе ана емес қой. Демек, нағыз («көкек» емес!) аналарды ардақтайтын арнаулы күн белгіленсе, оның несі артық ?!

Бұдан басқа, осы «шараның» шығу төркінінің өзі күмән туғызарлық. Егер қателеспесем, (әрине, тарихи деректерден оқығаным ғой) 1914 жылы 8 немесе 10 наурыз күні болса керек, Данияның астанасы - Копенгаген қаласының жезөкше қатындары шеруге шығып, өздерінің  «тұрмыс», «жұмыс» жағдайларын «жақсартуды» талап еткен (!) көрінеді. Олардың «талаптары» қанағаттандырылды ма әлде жоқ па, ол жағы бізге белгісіз. Белгілісі - коммунист, саяси қайраткер Клара Цеткин осы оқиғаның өңін айналдырып, оны халықаралық әйелдер күні ретінде мерекелеуді ұсынған екен. Сонда жезөкшелердің бой көрсетуінен туындаған «мейрам» неге адал әйелдердің құзырына таңылуы керек ? Арам мен адалды айырмайтын АҚШ пен Батыс болса бір сәрі, оның қазақтың аналарына, қыз-келіншектеріне қажеттілігі қанша?!...

Тіпті осы мерекенің қазақтың әйелдері мен қыз-келіншектеріне тиіп жатқан шарапаты да шамалы. Себебі, жылдар бойы қалыптасқан «дәстүр» бойынша мереке құрметіне жер-жерде бас қосулар ұйымдастырылып, арақ-шарап судай төгіліп, әдепсіз әуендер шырқалып, түрлі күпірлік қылықтарға жол беріледі. Жылына бір рет әйелдерге жалған жымиып, гүл ұсынып, көлгірсігенше, қазіргі олардың күрделі жағдайын түпкілікті өзгертетін мемлекеттік нақты да пәрменді шаралар неге қолға алынбайды?! Мысалы, мемлекетіміз әйелдерді (басқа ұлтта шаруам жоқ,, әсіресе қазақтың азабы басынан асатын аналарын!) 50 немесе 55 жастан зейнетке шығарса, жылына бір рет еліміздегі емдеу орындарына (алысқа бармай-ақ ,мына «Ақжайық» санаториясына) тегін жолдама берсе, отбасындағы әрбір жаңадан дүниеге келген нәресте үшін тиесілі жәрдемақыны 50 мың теңгеге жеткізсе, жұмыс істемейтін , кемінде үш бала өсіріп, тәрбиелеп отырған әр әйелге аналық еңбегі үшін (иә,иә !) 30 мың жәрдемақы тағайындалса, - міне, әйел-ана, әйел-жарға нағыз құрмет, шынайы сый-сияпат осындай болар еді. Оған еліміздің толық қаржылық мүмкіндігі бар. Мәселе ниеттің тарлығында болып отыр...

Сондай-ақ, аталмыш мерекенің астарында әйелге құр табыну, бас ию жатыр. Ол да қазақи ділімізге, дінімізге мүлдем жат. Егер ол Батыс, АҚШ пен Ресей үшін қалыпты көрініс болса, қасиетті Ислам дінінде қатынға табыну - жәй пендеге бас ұру, яғни Аллаһқа серік қосу деп есептеледі. Біз шынымен Аллаһқа мойын ұсынсақ, тек бір ұлы Жаратушыға ғана табынып, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды құрмет тұтуымыз қажет. Бұл - ерекше атап көрсететін жәйт. Екіншіден, тәуелсіз мемлекет болғандықтан , қазір өзгелер жерінген «атаулы» күннен қашанға дейін құтылмаймыз ?!

Сол сияқты, көп жыл бойы «Еңбекшілердің дүниежүзілік ынтымақ күні» болып келе жатқан 1 мамыр мерекесі де- санада қалған ескінің сарқыншағы. Олай дейтініміз, қашанда адамның бойында таптық түйсіктен гөрі, ұлттық, туыстық сезім басым. «Қанына тартпағанның қары сынсын» демей ме, дана халық нақылы ?! Күні кешегі коммунистік идеологияның бір жаңсақтығы сонда - оның таптық мүддені ұлттық болмыстан жоғары қоюы. Дұрысында, негізінен нәсілшіл, қазір жұмақтың күйін кешіп жатқан американ, ағылшын немесе француз жұмысшысы бұрын да, бүгін де, өліп кетсе де, қазақ пен қырғыз былай тұрсын, орыстың жұмысшысына да «таптық бауырым» деп, емешесі құрымайды, өзегі  үзілмейді. «Әркімге өз көйлегі өзіне жақын» емес пе?! Тіпті болмаса, өзіне күйеу немесе әйел іздеген, баспасөзде үнемі жарияланатын  хабарландыруға назар аударыңызшы : «Тек қана славян тектес еркек іздеймін», «Орыс немесе украин қатынының хабарласуын қалаймын»...

Тарих тәлкегінен бір мысал.1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталғанда, таптық түсінікпен тәрбиеленіп қалған кейбір кеңестік сарбаздар : «Қарсы жақтағы жау киімін кигендердің белгілі бір бөлігі - неміс жұмысшылары мен шаруалары немесе солардың балалары, яғни біздің таптық бауырларымыз. Біз оларға оқ атпайық, сонда олар бізге оқ атпайды. Қайта екі жақ 1916-1917 жылдардағыдай бауырласуымыз қажет» деген сыңайлы.Әрине, олар 1941 жылдың 1916-1917 жылдарға тіпті де ұқсамайтындығын не түсінбесе, не түсінгісі келмесе керек. Сол Кеңестік сарбаздар ақ ниетімен қару қолданбай, бауырласуға ұмтылғанымен, немістер оларды ойланбай-ақ атып тастады немесе түрлі азапқа салып, жанын қинады. Немістер үшін олар ешқандай «таптық бауырлар» емес, жәй әскери тұтқындар, онан да қорқыныштысы - «төменгі нәсіл» өкілдері болатын.Иә, қатыгездік көрсеткендер де -неміс жұмысшылары мен шаруалары , қала берді солардың ұрпақтары. Сөз жоқ, өте өкінішті де қайғылы жәйт. Неміс нацизмінің жүгенсіз ұлттық, нәсілдік өшпенділікті уағыздаған мектебінен өткен дұшпаннан «таптық бауырмалдықты»  күту - қолтырауыннан «қайырымдылықты» сұраумен бірдей еді. Сірә, соғыс жылдарында қаһарман аталарымыз бен ағаларымыздың : «Немісті ұра бастасаң немесе қолға түссе, бәрінің шетінен «жұмысшы» мен «шаруа» болып шығатыны қызық» деген ащы мысқылы бекер айтылмаса керек... Олай болса, қайдағы «әлем еңбекшілерінің ынтымақ күні»? Ал «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» десек, кейбіреулердің төскей төрімізде отырып, тілімізге, дінімізге, ділімізге жынын шашып, түкірінуін немен түсіндіруге болады?! Барлық аймақта да қала көшелерінің атауларын ұлттық мәнге орай өзгертуге өршелене қарсы шығатындардың әрекетіне не айтар едіңіз Бұл - әзірге жауабы өте оңай емес, басы ашық  мәселелердің кейбірі ғана...

Ұзын сөздің қысқасы, дәл жауаптың нұсқасы, мереке атаулыға тіпті де қанымыз қарсы емес. Тек солардың қоғамдық қисыны мен саяси мәні болса ше ?! Мәселен, мереке ретінде үш күн Ораза айт пен  үш күн Құрбан айтқа берілсе, қандай жақсы! Міне, адамды ұлтына, нәсіліне, дініне, табына қарап, кеудесінен кері итермейтін, саясиланбаған нағыз халық  ынтымағының мерекесі - Ораза айт пен Құрбан айт емес пе?!

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар