Қандастар Ассамблея

Билікке екі рет келіп кеткен...

21.11.2013 2210
         Негізі осы тарихи тұлға жөнінде бірыңғай қалыптасқан пікір жоқ. Бір зерттеушілер оны «әй-шәйға қарамайтын қатал билеуші» десе, екіншілері оны кез келген саяси жағдайға бейімделе кететін, нәтижесінде елінің мүддесін құнттап шығатын саясатшыға балайды. Сірә, екінші тұжырым ақиқатқа сәйкестеу. Дұрысында, Ш. Голль барлық ұлы адамдар секілді қарама-қайшылығы мол тұлға. Онысы заңды да. Талай жерде ол тізе батыратын әрекеттерге дейін барды. Жеке басының емес, елінің мүддесі үшін. Мәселен, елуінші жылдардың аяғында Францияда қаржы дағдарысы туғанда, ол банкирлерді шақырып алып,: « егер кімде кім елден ақша қашырса (бегство капиталов), маған өкпелемесін, бәріңді түрмеге отырғызамын» депті. Банкирлер қорыққанынан айтқанын істепті. Ол кезде Ш.де Голль президент болатын. Сонымен ол билікке екі рет келіп, екі рет кетті.1946 жылдың қаңтарында үкімет басшысы лауазымымен өз еркімен қоштасты. Өйткені өмір бойы парламентке қарсы болды және күшті президенттік республика құруды аңсады. Парламенттік демократия елін нацизмнің алдына жығып бергеннен кейін, бұл қайғылы сабақтан тәлім алу қажеттігін ешқашан да ұмытқан емес. Ол соған дейін Франция үшін елінің әлемдегі беделін күрт көтерген қадамдар жасап кетті: аталған мемлекет екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз державалардың қатарына, БҰҰ-ның және осы халықаралық ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына енді. Егер салыстырар болсақ, сол кезде БҰҰ-ның құрамына енген мемлекеттердің ішінде бізден бұрынғы КСРО (дұрысы Ресей деңіз) және Украина мен Белоруссия ғана бар еді... Оны екінші рет 1958 жылы билікке қайта шақырды. Сол жылдың 31 мамыры күні ел парламенті (!) оны өкілеттілігі кеңейтілген Үкіметбасы етіп бекітті. 75 жастағы бұрынғы генерал енді өзін Елбасына үміткерге ұсынып, сайлауда айқын басымдылықпен жеңіп шықты. Ең жоғары билікке қолы жеткен ол дереу жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдум өткізіп, сайлаушылардың 79 пайызын дауысын алады. Сөйтіп Франция Президенттік Республика болып жарияланып, Елбасының қолына кез келген патша иеленіп көрмеген өкілеттіктер берілді. Ешқашан әрекетсіз отырмайтын, сексенге жақындаған Шарль де Голль күніне 17-18 сағат жұмыс істеген екен! Тындырған жұмысы да орасан. Ең әуелі сегіз жылға созылған Алжирдегі мағынасыз соғысты тоқтатты. Франция НАТО-дан шығып, ядролық қаруға ие болып, әлемнің күшті үшінші еліне айналды. Кеңес Одағы және социалистік елдермен қарым-қатынасты реттеп, АҚШ-тың Вьетнамдағы, Израильдың араб елдеріне қарсы соғысын айыптаған Президент елінің беделін онан әрі өсіре түсті. Кенет... 1968 жылғы жаздағы саяси дағдарыстан кейін, араға айлар салып, келесі жылы 28 сәуір күні өз еркімен доғарысқа кетті. Өкілеттігі үш жылдан кейін ғана бітетінін біле тұрса да. Арада бір жыл өткен соң, өзінің ата-бабасының мекенжайында дүниеден озды. Парижден 220 километр қашықтықта орналасқан Коломбэ атты екінің бірі біле бермейтін шағын қалашыққа онымен қоштасу үшін әлемнің 84 елінің өкілі келіпті... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

         Негізі осы тарихи тұлға жөнінде бірыңғай қалыптасқан пікір жоқ. Бір зерттеушілер оны «әй-шәйға қарамайтын қатал билеуші» десе, екіншілері оны кез келген саяси жағдайға бейімделе кететін, нәтижесінде елінің мүддесін құнттап шығатын саясатшыға балайды. Сірә, екінші тұжырым ақиқатқа сәйкестеу. Дұрысында, Ш. Голль барлық ұлы адамдар секілді қарама-қайшылығы мол тұлға. Онысы заңды да. Талай жерде ол тізе батыратын әрекеттерге дейін барды. Жеке басының емес, елінің мүддесі үшін. Мәселен, елуінші жылдардың аяғында Францияда қаржы дағдарысы туғанда, ол банкирлерді шақырып алып,: « егер кімде кім елден ақша қашырса (бегство капиталов), маған өкпелемесін, бәріңді түрмеге отырғызамын» депті. Банкирлер қорыққанынан айтқанын істепті. Ол кезде Ш.де Голль президент болатын.

Сонымен ол билікке екі рет келіп, екі рет кетті.1946 жылдың қаңтарында үкімет басшысы лауазымымен өз еркімен қоштасты. Өйткені өмір бойы парламентке қарсы болды және күшті президенттік республика құруды аңсады. Парламенттік демократия елін нацизмнің алдына жығып бергеннен кейін, бұл қайғылы сабақтан тәлім алу қажеттігін ешқашан да ұмытқан емес. Ол соған дейін Франция үшін елінің әлемдегі беделін күрт көтерген қадамдар жасап кетті: аталған мемлекет екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз державалардың қатарына, БҰҰ-ның және осы халықаралық ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына енді. Егер салыстырар болсақ, сол кезде БҰҰ-ның құрамына енген мемлекеттердің ішінде бізден бұрынғы КСРО (дұрысы Ресей деңіз) және Украина мен Белоруссия ғана бар еді... Оны екінші рет 1958 жылы билікке қайта шақырды. Сол жылдың 31 мамыры күні ел парламенті (!) оны өкілеттілігі кеңейтілген Үкіметбасы етіп бекітті. 75 жастағы бұрынғы генерал енді өзін Елбасына үміткерге ұсынып, сайлауда айқын басымдылықпен жеңіп шықты. Ең жоғары билікке қолы жеткен ол дереу жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдум өткізіп, сайлаушылардың 79 пайызын дауысын алады. Сөйтіп Франция Президенттік Республика болып жарияланып, Елбасының қолына кез келген патша иеленіп көрмеген өкілеттіктер берілді. Ешқашан әрекетсіз отырмайтын, сексенге жақындаған Шарль де Голль күніне 17-18 сағат жұмыс істеген екен!

Тындырған жұмысы да орасан. Ең әуелі сегіз жылға созылған Алжирдегі мағынасыз соғысты тоқтатты. Франция НАТО-дан шығып, ядролық қаруға ие болып, әлемнің күшті үшінші еліне айналды. Кеңес Одағы және социалистік елдермен қарым-қатынасты реттеп, АҚШ-тың Вьетнамдағы, Израильдың араб елдеріне қарсы соғысын айыптаған Президент елінің беделін онан әрі өсіре түсті. Кенет...

1968 жылғы жаздағы саяси дағдарыстан кейін, араға айлар салып, келесі жылы 28 сәуір күні өз еркімен доғарысқа кетті. Өкілеттігі үш жылдан кейін ғана бітетінін біле тұрса да. Арада бір жыл өткен соң, өзінің ата-бабасының мекенжайында дүниеден озды. Парижден 220 километр қашықтықта орналасқан Коломбэ атты екінің бірі біле бермейтін шағын қалашыққа онымен қоштасу үшін әлемнің 84 елінің өкілі келіпті...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар