Қандастар Ассамблея

Араб әмірінің ақиығы

21.11.2013 2127
          ... 1970 жыл. Иордания . Амман қаласы. Қыркүйек айындағы арабішілік өзара қырқыс шырқау шегіне жетті. Палестина қарулы жасақтары мен Иордан кәсіби әскерінің арасындағы қақтығыстарда қан төгіліп, жүздеген адамдар қаза тапты. Араб әлемінің жетекші елі - Мысырдың тұңғыш Президенті Жамал Әбділ Насыр (ор. Гамаль Абдель Насер) Иорданияға шұғыл ұшып келіп, араағайындық  келіссөздер жүргізді, екі жақты ымыраға келтіруге бар күшін салды. Әрине, жүрегінде қатерлі ақауы бар, елу екі жастағы азаматқа бұл өте ауыр еді. Ол өзара қырқысты доғаруға қол жеткізді . Бірақ екі жақ енді ымыраға келді дегенде, кенеттен Жамал Насырдың  жүрегі тоқтап қалды... ( Арада жылдар өткен соң, кейбір мамандар мен дәрігерлер оның тосын өліміне Израильдің құпия қызметтерінің қатысы барын жазған да, айтқан да болатын. Несі бар, бұл пайымдаудың да  қисынды екеніне күмәніміз жоқ). ... Арада 11 жыл өткен соң, 1981 жылы 6 қазанында Мысырдың  №2 Президенті Әнуар Саадатты өз елінің сарбаздары мерекелік әскери шеруде атып өлтірді. Не үшін? Араб елдерінің ортақ мүддесіне сатқындық жасап, ұлттың ортақ және қатерлі жауы - Израиль мен АҚШ- тың белсенді көмегінің нәтижесінде Кэмп-Дэвид келісіміне отырғаны үшін. Саадаттың билік басына Насырдың мұрагері ретінде келсе де, кейін оның дүйім жарқын істерін жоққа шығарғаны үшін. Тарихқа Насыр ұлтжанды, әлемге танылған саяси қайраткер болып енсе, Саадат елін сатқан опасыз бейнесінде өзінен бұрынғы генерал Власов, француз Пэтен, норге Квислинг сияқтылардың қатарын «толықтырды». Тіпті оған АҚШ пен Израильдың күш салуымен алған халықаралық  Нобель бейбітшілік сыйлығының  да септігі тиген жоқ, тиюі де мүмкін емес... Қазіргі Мысырдың үшінші президенті Хосни Мүбәрак (Саадат кезіндегі вице-президент):«Біз Насырдың саяси мұрасынан да өзімізге пайдалысын қажетімізге жаратамыз. Бірақ Ә. Саадатты да жаппай қаралаудан да тартынамыз»  деген екен. Қандай сыпайылық және саяси байыптылық! Ал бүгінгі саяси сараптаушылар болса, аса сақтық пен табандылыққа негізделген Мүбәрак бағытының Саадаттан гөрі Насырдың ұстанымына ұқсастау екенін баса көрсетуде...    Сонымен Жамал Әбділ Насыр кім және қандай адам ? 1918 жылы дүниеге келген, көп балалы отбасынан шыққан ол бес мың жылдық шежіресі бар, көне өркениет елі - Мысырды билеген алғашқы мысырлық болатын. Елдің соңғы үш мың жылдық тарихында Мысырды парсылар да, гректер де, тіпті қыпшақ, мәмлүк, соның ішінде Жайық бойындағы Беріш руының тумасы - Бейбарыс та билеген екен. Тек арасында мысырлық жоқ... Біз бұл тарихи тұлғаны үш адами қасиеті: адалдық, ұлтжандылық, білімдарлық тұрғысынан бағалап, сараптау жасағымыз келеді. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

          ... 1970 жыл. Иордания . Амман қаласы. Қыркүйек айындағы арабішілік өзара қырқыс шырқау шегіне жетті. Палестина қарулы жасақтары мен Иордан кәсіби әскерінің арасындағы қақтығыстарда қан төгіліп, жүздеген адамдар қаза тапты. Араб әлемінің жетекші елі - Мысырдың тұңғыш Президенті Жамал Әбділ Насыр (ор. Гамаль Абдель Насер) Иорданияға шұғыл ұшып келіп, араағайындық  келіссөздер жүргізді, екі жақты ымыраға келтіруге бар күшін салды. Әрине, жүрегінде қатерлі ақауы бар, елу екі жастағы азаматқа бұл өте ауыр еді. Ол өзара қырқысты доғаруға қол жеткізді . Бірақ екі жақ енді ымыраға келді дегенде, кенеттен Жамал Насырдың  жүрегі тоқтап қалды... ( Арада жылдар өткен соң, кейбір мамандар мен дәрігерлер оның тосын өліміне Израильдің құпия қызметтерінің қатысы барын жазған да, айтқан да болатын. Несі бар, бұл пайымдаудың да  қисынды екеніне күмәніміз жоқ).

... Арада 11 жыл өткен соң, 1981 жылы 6 қазанында Мысырдың  №2 Президенті Әнуар Саадатты өз елінің сарбаздары мерекелік әскери шеруде атып өлтірді. Не үшін? Араб елдерінің ортақ мүддесіне сатқындық жасап, ұлттың ортақ және қатерлі жауы - Израиль мен АҚШ- тың белсенді көмегінің нәтижесінде Кэмп-Дэвид келісіміне отырғаны үшін. Саадаттың билік басына Насырдың мұрагері ретінде келсе де, кейін оның дүйім жарқын істерін жоққа шығарғаны үшін. Тарихқа Насыр ұлтжанды, әлемге танылған саяси қайраткер болып енсе, Саадат елін сатқан опасыз бейнесінде өзінен бұрынғы генерал Власов, француз Пэтен, норге Квислинг сияқтылардың қатарын «толықтырды». Тіпті оған АҚШ пен Израильдың күш салуымен алған халықаралық  Нобель бейбітшілік сыйлығының  да септігі тиген жоқ, тиюі де мүмкін емес...

Қазіргі Мысырдың үшінші президенті Хосни Мүбәрак (Саадат кезіндегі вице-президент):«Біз Насырдың саяси мұрасынан да өзімізге пайдалысын қажетімізге жаратамыз. Бірақ Ә. Саадатты да жаппай қаралаудан да тартынамыз»  деген екен. Қандай сыпайылық және саяси байыптылық! Ал бүгінгі саяси сараптаушылар болса, аса сақтық пен табандылыққа негізделген Мүбәрак бағытының Саадаттан гөрі Насырдың ұстанымына ұқсастау екенін баса көрсетуде...

   Сонымен Жамал Әбділ Насыр кім және қандай адам ? 1918 жылы дүниеге келген, көп балалы отбасынан шыққан ол бес мың жылдық шежіресі бар, көне өркениет елі - Мысырды билеген алғашқы мысырлық болатын. Елдің соңғы үш мың жылдық тарихында Мысырды парсылар да, гректер де, тіпті қыпшақ, мәмлүк, соның ішінде Жайық бойындағы Беріш руының тумасы - Бейбарыс та билеген екен. Тек арасында мысырлық жоқ...

Біз бұл тарихи тұлғаны үш адами қасиеті: адалдық, ұлтжандылық, білімдарлық тұрғысынан бағалап, сараптау жасағымыз келеді.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар