Қандастар Ассамблея

«Ғашықтық» мерекесі ме, әлде пасықтық келекесі ме?!

21.11.2013 2001
         ...Міне, әр жылдың алғашқы айы - қаңтардың да күндері зулап өтіп жатыр. Ал ақпан басталды-ақ, бақалшылар үшін әбігер кезеңі келеді. Олар артынып-тартынып, әр елден, әр жерден жүрекшелері бар қатырма қағаздар жеткізіп әлек. Өйткені атышулы, қоғамдық өмірімізге мейлінше арсыздықпен еніп келе жатқан «Ғашықтар күніне» әзірлігі бұл олардың... ...Сонымен «Ғашықтар күні» кімнің мерекесі, кімнің келекесі? Әрине, христиан дініндегілердің, әсіресе католиктер мен протестанттардың төл мерекесі, сол сенімді ұлықтауға арналған «әдемі» ертегі ғана. Бірақ оның астарында адамды аздыру, имандылықтан тайдыру жымысқы ниеті жатыр. Ашығын айтсақ, осы «мереке-сымақтың» басты шарты мынадай: сол күні бойжеткендер мен қатындар өздеріне «ұнаған» қарсы жыныс өкілдеріне хат жазады. немесе көңілдерін білдіреді. Ал Батыста одан да сорақы: сол күні кез келген еркек өзіне «ұнаған», тіпті бейтаныс төмен етектінің кез келген жерде бетінен сүюі тиіс. Бұл - не ерігу, не «еркіндік»? Осының өзі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріне, жалпы Шығыс халықтарының имандылық туралы наным-түсініктеріне сай келе ме?! Әрине, сай келмейді. Сай келмейтіні былай тұрсын, оған мүлдем кереғар... Қазақтың салтында, Шығыс халықтарының ұғымында он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен өздігінен бозбалаға үздігіп сөз айтпайды, көңілін білдірмейді, ар-намысын қашанда жоғары ұстайды.Себебі қолға оңай түскен «олжа» немесе бойжеткеннің, бикештің өзінің иілуі ешқашан бозбала, жігіт, ер-азамат тарапынан жаулықтыларға құрмет былай тұрсын, тіпті ілтипат сезімін де туғызбайды. Ұлтымыздың бұрын қыз баланың пәктігі мен паңдығын жоғары қойғаны соншалық, ежелгі әдебиетімізде «етіне күн тимеген» деген теңеулер бар емес пе?! Демек, бұл «мереке-сымақты» қазақ қызының ұяңдығы мен жан, тән тазалығына, әйелдеріміздің арлы да ақылды болуына қарсы бағытталған, бізге жат, зымияндыққа толы, ұлтымызға қатерлі саяси іс-әрекеттің бірі ғана деп түсінуіміз қажет... Мұсылман дінінің қағидаларына сай, танымайтын еркектің бөтен қатынның бетінен сүймек түгілі, оған көз қырын салуға да құқы жоқ. Ислам елдеріндегі әйелдердің қымтанып киінуі - тіпті де қатындары шетінен жезөкше, Батыстың сұржылан насихатының «түсіндіруіндей» адами «кемсітудің» белгісі емес, аналар мен аруларды сұқ көз, арам ниет, пасық пиғылдан ұдайы қорғап отырудың амалы. Керек десеңіз, қасиетті ислам дінінде бір-біріне еш туыстығы жоқ, егер өзара жұбайлық қатынаста болмаса, бөтен еркек пен бөгде әйелдің үйде немесе бөлмеде оңаша қалуына тиым салынған. Міне, қасиетті сеніміміз әйел затының ар-намысын, пәктігін қалай қорғайды?! Жоғарыда айтқандай, бақалшылар қаңтардың аяғы мен ақпанның басында бекер дүрлікпейді. Өйткені мектептерде, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында қайдағы бір ойдан шығарылған «Валентин күніне» бағышталған дүрбелең басталады. Тіпті ұлт мектептерінің осыған орай, түрлі би кештері мен өзге де шаралар өткізуге мұрындық боларына не дерсің?! Сонда осы оқу орындарының басшылары және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары айға қарап отыра ма, екен?! Неге олар өз мұғалімдерімен арнайы әңгімелер өткізіп, аталған мереке-сымақтың ұлтымызға жат, тіпті келешек ұрпақ санасына зиянды да қатерлі екенін айтпасқа?! Сондай-ақ, барлық деңгейдегі білім беру бөлімдері мен басқармалары осындай сәтте «бейтараптылық» танытып, үнсіз қалуды жөн санайтын сыңайлы. Яғни, «Қасқыр да тоқ, қой да аманның» кейпін киеді-ау дейміз... Дұрысында, ұлт мектептерінде мұндай «мереке-сымаққа» тиым салатын уақыт жетті. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында тиым салынбаса да, (амал не, өзге ұлт өкілдері бар ғой), аталған «мейрамның» рухани жағынан алғанда, біздің салт-санамыз үшін түкке тұрмайтындығы анық та дәлелді түсіндірілсе, жастарымыз соншама милау емес қой, көп нәрсенің мәніне өздерінің де көзі жетер еді... Соншама ғашықтарды «ұлылау» қажет болса, неге Қозы Көрпеш және Баян сұлу күндерін атап өтпеске?! Республикамызға танымал «Жас Алаш» газеті сонау жылдары қазақ жастарына жыл сайын              11 наурызды Қозы Көрпеш, 19 мамырды Баян сұлу күндері ретінде жаппай атап өтуді ұсынған-ды.Өкініштісі сол, осы бастама бізде кеңінен қолдау таппай отыр. Міне, нағыз ғашықтық мерекесі қажет десеңіз, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудан артық қандай аяулы жандарды таппақсыз?! Сонда «Валентин күні» дегеніңіз, тіпті де «ғашықтар» емес, пасықтар күні болып қалмай ма?! Республикамызға танымал ақын, журналист әрі жерлесіміз Жанғали Нәбиуллин ағамыздың мынадай тамаша пікірі осындайда еріксіз көңілімізге оралады: «Неге екенін білмейміз, әйтеуір ерсілікке бару жағынан алдымызға жан салмайтын болып алдық. Мұндай өз топырағының дәстүріне мұрын шүйіріп, шетелдік иттің тезегіне ауыз ашып, көз жұму тек Оралда, тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де етек алып болған екен. Бірақ бізден гөрі Ресей елі есін тезірек жинай бастаған секілді». Иә, қанша десек те, орыс көршілеріміздің ұлттық түйсігі мен намысы бізден гөрі басымдау екенін қаласақ та, қаламасақ та мойындауымыз қажет. Сонымен 14 ақпан күні жақындап келеді. Немене, қатырма қағазды жүректерге хат жазып, «әулие-сымақтың» күнін тағы да тойлауға әзірленіп жатқандар үнсіз қалар ма, екен?! Әлде бізге қарсы айтар уәжі бар ма?! Қандай уәж?! Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

         ...Міне, әр жылдың алғашқы айы - қаңтардың да күндері зулап өтіп жатыр. Ал ақпан басталды-ақ, бақалшылар үшін әбігер кезеңі келеді. Олар артынып-тартынып, әр елден, әр жерден жүрекшелері бар қатырма қағаздар жеткізіп әлек. Өйткені атышулы, қоғамдық өмірімізге мейлінше арсыздықпен еніп келе жатқан «Ғашықтар күніне» әзірлігі бұл олардың...

...Сонымен «Ғашықтар күні» кімнің мерекесі, кімнің келекесі? Әрине, христиан дініндегілердің, әсіресе католиктер мен протестанттардың төл мерекесі, сол сенімді ұлықтауға арналған «әдемі» ертегі ғана. Бірақ оның астарында адамды аздыру, имандылықтан тайдыру жымысқы ниеті жатыр. Ашығын айтсақ, осы «мереке-сымақтың» басты шарты мынадай: сол күні бойжеткендер мен қатындар өздеріне «ұнаған» қарсы жыныс өкілдеріне хат жазады. немесе көңілдерін білдіреді. Ал Батыста одан да сорақы: сол күні кез келген еркек өзіне «ұнаған», тіпті бейтаныс төмен етектінің кез келген жерде бетінен сүюі тиіс. Бұл - не ерігу, не «еркіндік»?

Осының өзі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріне, жалпы Шығыс халықтарының имандылық туралы наным-түсініктеріне сай келе ме?! Әрине, сай келмейді. Сай келмейтіні былай тұрсын, оған мүлдем кереғар...

Қазақтың салтында, Шығыс халықтарының ұғымында он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен өздігінен бозбалаға үздігіп сөз айтпайды, көңілін білдірмейді, ар-намысын қашанда жоғары ұстайды.Себебі қолға оңай түскен «олжа» немесе бойжеткеннің, бикештің өзінің иілуі ешқашан бозбала, жігіт, ер-азамат тарапынан жаулықтыларға құрмет былай тұрсын, тіпті ілтипат сезімін де туғызбайды. Ұлтымыздың бұрын қыз баланың пәктігі мен паңдығын жоғары қойғаны соншалық, ежелгі әдебиетімізде «етіне күн тимеген» деген теңеулер бар емес пе?! Демек, бұл «мереке-сымақты» қазақ қызының ұяңдығы мен жан, тән тазалығына, әйелдеріміздің арлы да ақылды болуына қарсы бағытталған, бізге жат, зымияндыққа толы, ұлтымызға қатерлі саяси іс-әрекеттің бірі ғана деп түсінуіміз қажет...

Мұсылман дінінің қағидаларына сай, танымайтын еркектің бөтен қатынның бетінен сүймек түгілі, оған көз қырын салуға да құқы жоқ. Ислам елдеріндегі әйелдердің қымтанып киінуі - тіпті де қатындары шетінен жезөкше, Батыстың сұржылан насихатының «түсіндіруіндей» адами «кемсітудің» белгісі емес, аналар мен аруларды сұқ көз, арам ниет, пасық пиғылдан ұдайы қорғап отырудың амалы. Керек десеңіз, қасиетті ислам дінінде бір-біріне еш туыстығы жоқ, егер өзара жұбайлық қатынаста болмаса, бөтен еркек пен бөгде әйелдің үйде немесе бөлмеде оңаша қалуына тиым салынған. Міне, қасиетті сеніміміз әйел затының ар-намысын, пәктігін қалай қорғайды?!

Жоғарыда айтқандай, бақалшылар қаңтардың аяғы мен ақпанның басында бекер дүрлікпейді. Өйткені мектептерде, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында қайдағы бір ойдан шығарылған «Валентин күніне» бағышталған дүрбелең басталады. Тіпті ұлт мектептерінің осыған орай, түрлі би кештері мен өзге де шаралар өткізуге мұрындық боларына не дерсің?! Сонда осы оқу орындарының басшылары және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары айға қарап отыра ма, екен?! Неге олар өз мұғалімдерімен арнайы әңгімелер өткізіп, аталған мереке-сымақтың ұлтымызға жат, тіпті келешек ұрпақ санасына зиянды да қатерлі екенін айтпасқа?! Сондай-ақ, барлық деңгейдегі білім беру бөлімдері мен басқармалары осындай сәтте «бейтараптылық» танытып, үнсіз қалуды жөн санайтын сыңайлы. Яғни, «Қасқыр да тоқ, қой да аманның» кейпін киеді-ау дейміз...

Дұрысында, ұлт мектептерінде мұндай «мереке-сымаққа» тиым салатын уақыт жетті. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында тиым салынбаса да, (амал не, өзге ұлт өкілдері бар ғой), аталған «мейрамның» рухани жағынан алғанда, біздің салт-санамыз үшін түкке тұрмайтындығы анық та дәлелді түсіндірілсе, жастарымыз соншама милау емес қой, көп нәрсенің мәніне өздерінің де көзі жетер еді...

Соншама ғашықтарды «ұлылау» қажет болса, неге Қозы Көрпеш және Баян сұлу күндерін атап өтпеске?! Республикамызға танымал «Жас Алаш» газеті сонау жылдары қазақ жастарына жыл сайын              11 наурызды Қозы Көрпеш, 19 мамырды Баян сұлу күндері ретінде жаппай атап өтуді ұсынған-ды.Өкініштісі сол, осы бастама бізде кеңінен қолдау таппай отыр. Міне, нағыз ғашықтық мерекесі қажет десеңіз, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудан артық қандай аяулы жандарды таппақсыз?! Сонда «Валентин күні» дегеніңіз, тіпті де «ғашықтар» емес, пасықтар күні болып қалмай ма?!

Республикамызға танымал ақын, журналист әрі жерлесіміз Жанғали Нәбиуллин ағамыздың мынадай тамаша пікірі осындайда еріксіз көңілімізге оралады: «Неге екенін білмейміз, әйтеуір ерсілікке бару жағынан алдымызға жан салмайтын болып алдық. Мұндай өз топырағының дәстүріне мұрын шүйіріп, шетелдік иттің тезегіне ауыз ашып, көз жұму тек Оралда, тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де етек алып болған екен. Бірақ бізден гөрі Ресей елі есін тезірек жинай бастаған секілді». Иә, қанша десек те, орыс көршілеріміздің ұлттық түйсігі мен намысы бізден гөрі басымдау екенін қаласақ та, қаламасақ та мойындауымыз қажет.

Сонымен 14 ақпан күні жақындап келеді. Немене, қатырма қағазды жүректерге хат жазып, «әулие-сымақтың» күнін тағы да тойлауға әзірленіп жатқандар үнсіз қалар ма, екен?! Әлде бізге қарсы айтар уәжі бар ма?! Қандай уәж?!

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар