Қандастар Ассамблея

Ғ.Мұстафиннің суреткерлігі

21.11.2013 46269
«Миллионер» (1947) романы - кезінде бүкілодақтық сын назарына ілініп, жақсы бағаланған шығарманың бірі. Ол кезде қазақ әдебиетінде мұндай ілтипатқа ілінген туынды бірен-саран ғана болатын. А.Фадеев 1948 жылы: «Қазақ әдебиеті профессионал үлкен әдебиет болып, бүкілодақтық әдебиеттің дәрежесіне көтерілген және сол арқылы дүниежүзілік аренаға шыққан әдебиет», - деп жетістіктер қатарында «Миллионерді» де атап өткен еді. Бұл шығарманың сонылыгын бірсыпыра өрнектері белгілеген болатын. Ең алдымен, мұнда ауыл өмірін күрт көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, колхозды электрлендіру секілді мезгілдің ділгір, жанды проблемалары көтерілген. Колхозда, ауыл шаруашылығында сапалық өзгерістер басқарудың жаңаша тәсілдері керектігі күн тәртібіне мықтап қойылған еді. Онан соң қызғылықты адам типтерінің жасалуы, олардың өмірден алынған шыншылдығы батыл суреткерлік ізденісті танытатын. Мәселен, Жақып сынды колхоздың байырғы, тәжірибелі басшысының бейнесі, оның уақыт талабынан артта қала бастағандығы романда сенімді көрсетілген. Ақырында, «Миллионердің» тартымды тілі шығармаға өзгеше ажар беріп тұрғанын атап өтер едік. Міне, осы және басқа сипаттары «Миллионерді» сол кездегі көптеген сүреңсіз шығармалар қатарынан оқшау, озық көрсетті. Ауыл шаруашылығын өркендетудің көкейкесті мәселелерін күн тәртібіне ерте қоя білгендігінің өзі шығарманың актуальділік мәнін арттырған. Кейінірек, 50-жылдарда орыс совет жазушысы В.Овечкин колхоз құрылысында орын тепкен кейбір олқылықтарды талдап, өте пайдалы ойлар айтқанын білеміз. Бұл шығармадан Ғ.Мұстафиннің суреткерлік даралығы, көркемдік тәсілі, қаламгерлік мәнері айқын танылды. Әсіресе, ол      өмірдің      романтикасын,      анық,      айқын      мінезді, қаһармандарды, олардың іс-әрекетінің дәйектілігін көрсетуді мақсат тұтады. Шығанақтар, Жақыптар, Жомарттар алған бетінен қайтпайтын, тегеурінді, арман жолында барлық ақыл, қаііратын жұмсайтын жандар болып сипатталады. Бұл -қаііармандар бойына тартымдылық, істеріне өршілдік нышан дврытады. Кейіпкерлер өмір байланыстарының кең аіідынында емес, белгілі түйінді, жолайрық тұстарында, мінез ерекшелігі ашылмай қоймайтын ситуациялар үстінде әрекет етеді. Өмір процесінің өзін емес, нәтижесін, сол процесс гуралы бастауыш ойды көрсету романтик жазушылардың Кдламына хас әдіс болатын. Озық совет адамдарына тән ұдайы аліа ұмтылушылықты, қол жеткен табысты місе тұтпай, асаналық іздеушілікті суреттеу жазушыны көркемдік тәсіл асағынан романтиктермен үндестірген. Өзінің творчестволық иабораториясын сөз еткен мақалаларында Ғ.Мұстафин асазушылық өнерде ұстаз тұтқан есімдерді, өмір фактілерін асинақтау принциптерін аңғартқан. Сол пікірлер оның күллі сурегкерлік өзгешелігін түсінуге кілт секілді. «Ой әуендері» (1978) деп аталған мақалалар жинағында автор өте қызғылықты тұжырымдар жасаған. Қаламгердің бір ғана шыгармасында емес, барлық туындыларында да жетекшілікке аліан принципі айтылғандықтан, біз осы кітаптан ұзақ та болса үзінді келтіруді жөн көрдік: «...Түптеп келгенде, шығарманың тағдырын шешетін -ой. Ой деген қисапсыз көп, шексіз үлкен. Сол көптің ішінен таңдай білші! Сол үлкеннің шетінен бойына шақтап ала білсе, жазушы сәтті бір қадам алға басқаны. Ойларға мен тек социализм тұрғысынан қарадым. Неғұрлым социализмді жақтаған, оны жасаушыларға жәрдем еткен ой солғұрлым күшті, әрі әдемі көрінеді маған. Сондықтан үлкенді-кішілі еңбектерімнің бәрі совет жерінде болып жатқан ғажайып озгерістерді, қазақ халқының арманын, әрекетін бейнелеуге ариалды. Бейнелеу тіпті қиынға соқты. Дүние - дүние, әдебиет - әдебиет болғалы біздегі өмір, біздікіндей қауымды білмеген скен. Тарих үлгі түгіл нобай, жол түгілі сүрлеу тауып бере алмады. «Өмір не өлім» романын жазғанда менщ аласұрған ойым совет қауымына теңеу таба алған жоқ, әйтеуір совет адамдарынан барлық адамдардан жоғары қоюды көздеді... Табысым мейлі таудай, мейлі теңгедей болсын, барын Гюго мен Горькийге бағыштадым. Ақылды, сабырлы, ер, шешен адамдардың тұлғасын сол екеуі көрсетті. Сөз іздеуім «Шығанақтың» тұсында басталды. Бұл кезде халық қалыптастырған дайын сөздерге, эпосқа құмарттым. «Миллионер» мен «Қарағандыда» күшімді салдым. Әдейі жолсызбен, сонымен жүріп жол салмақ болдым. Барды ғана айтып қоймай, жоқты да айтса, болғанды ғана айта бермей, болашақты да айтса, соларды айтуға лайық тіл тапса деген мақсат тұрды алда. Осы мақсат «Аманкелді» сияқты колхоз, Жомарт сияқты председатель жасауға апарады. Екеуі де сол кезде жоқ-ты, кейін болды. Ахмет ұста әлі жоқ. Бірақ сөзсіз болады» (207). Ғ.Мұстафин суреткерлігін танығысы келетін зерттеуші немесе оқушы бұл сөздерге ой жібермеуі мүмкін емес. Француздың ұлы жазушысы, адам намысының жаршысы Виктор Гюгоның әсірелеп көрсететін дәстүрін қазақ жазушысы өз творчествосында нысана етіп алғанын көреміз. Болғанды ғана емес, болуға тиістіні айту, сендіру күшінің молдығы, талдау орнына дәлелдеу... Бұл сипаттар совет әдебиетінің ізденгіштік пафосын білдіреді, суреттеу құралдарының алуан түрлі екендігіне көз жеткізеДі. Ғ.Мұстафиннің творчестволық тәсілі белгілі мақсаттан туған, саналы түрде ұстанған тәсіл деуіміз осыдан. Әрине, өмір ағысы мен келешегін романтикше түсіну мен суреттеудің мықты да, әлсіз жақтары бар. Белгілі бір арманға берілген, қайратты жандардың қайтпас іс-әрекетін көрсету арқылы көпшілікке үлгі тастау, рухтандыру оларды жігерлендіру, сенім күшін арттыру мәселесінде бұл тәсіл ұтымды-ақ. Ал өмірдің қалың байланыстарын, себеп пен саддардың жалғастығын  және  дәлдігін,  объективтік  әрі  субъективтік элементтерді табиғи ұштастыру, құбылыстың нандырмай КОЙмайтын толық картинасын елестету міндеті бір басқа. Қазақ совет әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі -«Қарағанды» (1952) романы. Бұл бірталай көркемдік-і порчсстволық уәзипаны шешкен шығарма. Ғ.Мұстафин өзіне неғұрлым таныс Қарағанды тақырыбына отызыншы жындарда-ақ қалам тартқан. «Өмір не өлім» романы, кезінде, сол сападағы ізденістерінің бірі еді. Ал, «Қарағанды» - озінің Квркемдік жинақтаушылық қуаты жағынан, әдебиетіміздің дамуына серпін қосқан, оның жетекші тақырыптық бағытын іныктаған туынды. Өндіріс ортасын таныстыру, қаһармандарды еңбек үстінде Кврсету, қоғамдық қатынастарды алғы кезекке шығарыпсипаттау жалпы совет әдебиетінде қалыптасқан игі дәстүр болса, осы өрнек қазақ әдебиетіне толық түрінде «Қарағанды» крқылы келді. Мақсат бірлігі мен еңбек процесі түрлі ұлт окілдсрінің озара достық және ынтымағын бекіткенін, бұдан халықтардың мәдениеті, дүниетанымы кеңи түсетінін көрсетуі «Қарағанды» романының мықты идеялық желісінің бірі болып табылады. Кешегі ауыл қазағының кен жұмысын мсцгеруі, түрлі мамандық иесі болуы, бұл жолдағы кііындықтар, санадағы өзгерістер, психологиядағы жаңарулар мұның бәрі роман ауқымында жарқын да шабытты корсетілген мәселелер. Қазақстанды индустрияландыру кезеңінің қайталанбас шындығының мол қамтылуы, сол уақытқа тән жасампаздық пафосының пәрменді көрінуі, адамдардың мінез-құлқындағы, тіліндегі ұлттық колориттің табиғи, шыншыл берілуі бұл шығарманы әдебиетіміздің үлкен ескерткіші дәрежесіне көтерді. «Қарағандыда» дәуір адамдарының типтік тұлғалары корініс береді. Түрлі ситуацияларда, кейде азырақ, кейде кобірек қатыстырыла тұрса да, бұл шығармадан ондаған кейінкерлердің мінез қырлары таныс болады. Социалистік реализм әдебиетінің күрделі бір өзіндік жаңалығы - халық, бұқара  окілдерінің  жасампаздық  жаңа  еңбегін  мадақ  ету романға көтерщкі ажар қосады. «Қарағанды» өзінің құрылыстық шеңберімен де, көтерген материалының аумақтылығымен де, кейіпкерлер қатарының молдыр>шен де, суреттеу құралдарының сан бояулылығымен де барлық бітімі жаңашыл шығарма, қазақ романшылығы дамуының белгілі бір кезеңін нышандайтын туынды. Социалистік құрылыстың жеңімпаз жолына қалтқысыз сенімділіктің, коммунистік мұрат дүниетанымның нұрына бөленіп туған роман - идеялык саралықтың да биік үлгісі. Мұндағы трест бастығы Щербаков, партия жетекшісі Мейрам Омаров бейнелері - күрделі типтік жинақтаулар. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» романдарының жанрлық және көркемдік тәсілін, бұлардың әкелген жаңалықтарын сөз еткенде, сол кездегі жалпы қазақ совет әдебиетінің ахуалын да есте ұстау ләзім. Бұл туындылар дұниеге келген кезде, әдебиеттің кең тыныспен дамуына кедергі келтіретін кейбір жалған ұғымдар да кездесіп қалып отыратын. Қайсыбір білгішсымақтар «біздің елімізде адамдар арасында тартыс туғызарлық негіз жоқ, кемшілікті көрсету совет адамына жала болады» деген іналағай түсінікке кәдімгідей иланатын. Сөз болып отырған шығармалардың тартыстық жүйесінде босаң жерлер болса, ол әлгіндей «теорияға да» байланысты. Ғ.Мұстафиннің шығармашылық тәжірибесіндегі биік -оның «Дауылдан кейін» (1959) романы. Қазақстан өміріндегі аса бір қиын да қызықты кезең - елді советтендіру кезеңі бұл шығармада көркем әдіптелген. Бір кезде Б.Майлин, С.Мұқанов шығармаларында көтерілген бұл тақырыпқа сол кезеңді көзімен көрген, көптеген ой түйген, дәуірдің шытырман шындығын саралап білуге мүмкіндігі болған, суреткерлігі кемелденген Ғ.Мұстафиннің қалам тартуы игі нәтижеге алып келді. Бұл тақырыпқа бұрылуын автор былайша түсіндіреді. «...Өміріміздің бір қызықты шағы жөнді көрсетілмей қалыпты. Оны жазатын жасамыс адамдар азайып барады. Жастар білмейді. Борыш арқалап кету лайық па? Сондықтан азырақ шегінуге тура келді». («Ой әуендері» 2086). Лл шығарма алдына қойған көркемдік шарттарын да автор вскерткен. «Дауылдан кейін» романы біраз тәжірибені бастан Кешіріп, ой байсалды, жас мосқал тартқан кезде Жа (зылғандықтан, бастапқы кітаптарда ескере алмағанымды ескерсем, жеткізе алмағаньімды жеткізсем деген талап қатты қойылды. Көркем әдебиеттің ең үлкен қасиеті - адам тану. таныту үшін әуелі өзің танып алу керек. Бұл өте қиын. Сол міындықтан қашып, шығармаға адамдарды аз енгізетінмін. Бұл жолы көбірек енді. Бірақ біріне бірі ұқсамау жағын кадагаладым... (2086). Біздің ойымызша, қаламгердің бұл қысқа і ұжырымдарында үлкен сыр жатыр. Мәселе бұл арада коркемдік методқа да тікелей қатысты тәрізді. Шындығында, оның тақырыбы, қамтыған дәуірі жағынан ғана емес, коркемдік жинақтау әдісі жағынан да «Дауылдан кейін» жазушының бұрынғы шығармаларынан өзгешелеу жасалған. Ол озгешеліктің ең негізі - мұнда реалистік суреттер мен байланыстардың анағұрлым кең берілгендігінде. Сонау жиырмасыншы жылдар оқиғаларын суреттеген жазушы типтік цсағдайды, типтік характерлер сомдалуын талап ететін реализм Ырғағына көшкен. Сондықтан да кейіпкерлердің іс-әрекеті дөлелді, әрбір ситуацияның себебі анық, шешімі сенімді болып отырады. «Дауылдан кейінгі» үлкен растық дарытатын негіздің бірі тартыстық желінің екшеліп, кейіпкерлердің жүйелі шогырлануы, қаһармандар арасындағы күрестің табиғи өрбіп, шарықтау шегіне жетіп тартылуы. Бір жағы Шәкен бай бастаған үстем тап өкілдері мен екінші тарапта Аман ТӨҢІрегіне топталған кедейлер қауымының мәмілеге келмес күресі объективтік шындық болса, қаһармандардың аңсар, орекеттері өзіндік даралығымен нақтылы жағдайда көрініп ОТЫрған. Әлеуметтік тартыстың осылайша толыққанды болуы шыіарманың күллі сюясеттік-композициялық жүйесіне әсер еткен,   характерді   түрлі   жағдайда   көрсетуге   мүмкіндікті молайтқан. Қаламгер өмірдің ағыстарын өз қалпында уақыт пен ортаға, мінезге сәйкес етіп бейнелеуге ден қойған. Мұның бәрі шығармада реализмнің көркемдік жинақтау принциптері басты нысана болғанын байқатады. Ең үлкен табыс - ауыл адамдарының өздеріне тән қайталанбас саналық, салттың мінез өзгешеліктерінің көрінуі, суреткер бір-біріне ұқсамайтын алуан адам галереясын шебер бейнелеген, қазақ ауылында ұшырайтын мінездер мұнда көп және олар қысқа да болса қызғылықты елес берген. Мәселен, романдағы Тәуке, Әбен, Танакөз, Нұрғали, Сыздық сияқты кейіпкерлер - жанды бейнелер. Бұлар жүйелі көрініс бермегенімен, өзіндік мәнін, астарын жоғалтпайды. «Дауылдан кейінде» автор ауылдағы жаңа бұлқынып келе жатқан революцияық кұштің өкілі ретінде Аманды көбірек сипаттайды. Аманның ясаңалықты қабылдауға қабілеттілігі, еңбекшілер мүддесіне сергектігі, сол үшін аузы алты қарыс айлалы жаулармен айқасқа түсе алатын мүмкіндігі бірнеше тұста жарқын көрінген. Орташа тап өкілінің осылайша шынығып жетілу эволюциясы танылады. Жаңа экономикалық саясат дәуірінен бастап байлардың мал-мүлкін конфискелеуге дейінгі аралықтың өзіндік шындығын барша байланыстарымен бейнелей алуы «Дауылдан кейінді» бүкіл қазақ совет әдебиетінің үздік туындылары қатарына қосады. Қазақ қоғамының үлкен бетбұрыс, жолайрық кезеңіндегі барлық таптар мен топтардың ықыласы мен мінездері, ірі-ірі заманалық оқиғалар мен кейіпкерлердің жеке бастық тірлігінің тұтастықта берілуі, қазақ сахарасының табиғаты, халықтың әдет-ғұрпы, наным-сенімі неғұрлым толық қамтылғанына қарап «Дауылдан кейін» романын эпопея деп атау да орынды болар еді. Романның танытқыштық сипаты аса мол. Ежелден руға бөлініп, таптық теңсіздік түрлері «көмескіленіп» келген қазақ ауылының ішкі құрылысы, күрес формалары таптық санаға жетілудегі баяулықтар, совет заманы жаңалықтарын халықтың бірте-бірте қабылдап түсінуі секілді қызықты көріністер көп. Қазақ ауылын советтендір} жұмысының көптеген ксдергілерді жеңе отырып жүргпілгенін, бұл жолда қарсылықтар да, қайшылықтар да кездескенін таныстыра алуы романның соны нышанының бірі. Қаһармандар мінездерінің КӨЛ қырлылығын ашуы суреткердің реалистігі тереңдегендігін, мінез диалектикасын нақтылы беруге /кеіілгендігін аңғартады. Әсіресе, үстем тап өкілдерінің бейнесін беруге ясазушы шеберлігі жарқырап ашылғанын айту к.ажет. Ақылды, айлалы Шәкен байдың жаңа экономикалық Свясат кезіндегі іс-әрекеттері барынша нанымды. Романда совет өкіметінің жолын жете түсіне алмай жүрген, көңілі адал, бірақ анық бағдарын танымаған кедей окілдерінің де, пайдасынан зияны көп жадағай белсенділердің де, байдың дүниесін өз мүлкінен артық қорғайтын малшының да, ясаңа дәуірдің әлеуметтік теңсіздікке қарсы екенін тез мнгарып, қоғамдық істерге белсене араласа бастаған қазақ оііелдерінің де, рулық «туыстық» сезіміне шырмалған, қасындағы жауын жете білмейтін шикі жандардың да бейнелері ұшырайды.

«Миллионер» (1947) романы - кезінде бүкілодақтық сын назарына ілініп, жақсы бағаланған шығарманың бірі. Ол кезде қазақ әдебиетінде мұндай ілтипатқа ілінген туынды бірен-саран ғана болатын. А.Фадеев 1948 жылы: «Қазақ әдебиеті профессионал үлкен әдебиет болып, бүкілодақтық әдебиеттің дәрежесіне көтерілген және сол арқылы дүниежүзілік аренаға шыққан әдебиет», - деп жетістіктер қатарында «Миллионерді» де атап өткен еді.

Бұл шығарманың сонылыгын бірсыпыра өрнектері белгілеген болатын. Ең алдымен, мұнда ауыл өмірін күрт көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, колхозды электрлендіру секілді мезгілдің ділгір, жанды проблемалары көтерілген. Колхозда, ауыл шаруашылығында сапалық өзгерістер басқарудың жаңаша тәсілдері керектігі күн тәртібіне мықтап қойылған еді. Онан соң қызғылықты адам типтерінің жасалуы, олардың өмірден алынған шыншылдығы батыл суреткерлік ізденісті танытатын. Мәселен, Жақып сынды колхоздың байырғы, тәжірибелі басшысының бейнесі, оның уақыт талабынан артта қала бастағандығы романда сенімді көрсетілген. Ақырында, «Миллионердің» тартымды тілі шығармаға өзгеше ажар беріп тұрғанын атап өтер едік. Міне, осы және басқа сипаттары «Миллионерді» сол кездегі көптеген сүреңсіз шығармалар қатарынан оқшау, озық көрсетті. Ауыл шаруашылығын өркендетудің көкейкесті мәселелерін күн тәртібіне ерте қоя білгендігінің өзі шығарманың актуальділік мәнін арттырған. Кейінірек, 50-жылдарда орыс совет жазушысы В.Овечкин колхоз құрылысында орын тепкен кейбір олқылықтарды талдап, өте пайдалы ойлар айтқанын білеміз.

Бұл шығармадан Ғ.Мұстафиннің суреткерлік даралығы, көркемдік тәсілі, қаламгерлік мәнері айқын танылды. Әсіресе, ол      өмірдің      романтикасын,      анық,      айқын      мінезді, қаһармандарды, олардың іс-әрекетінің дәйектілігін көрсетуді мақсат тұтады. Шығанақтар, Жақыптар, Жомарттар алған бетінен қайтпайтын, тегеурінді, арман жолында барлық ақыл, қаііратын жұмсайтын жандар болып сипатталады. Бұл -қаііармандар бойына тартымдылық, істеріне өршілдік нышан дврытады. Кейіпкерлер өмір байланыстарының кең аіідынында емес, белгілі түйінді, жолайрық тұстарында, мінез ерекшелігі ашылмай қоймайтын ситуациялар үстінде әрекет етеді. Өмір процесінің өзін емес, нәтижесін, сол процесс гуралы бастауыш ойды көрсету романтик жазушылардың Кдламына хас әдіс болатын. Озық совет адамдарына тән ұдайы аліа ұмтылушылықты, қол жеткен табысты місе тұтпай, асаналық іздеушілікті суреттеу жазушыны көркемдік тәсіл асағынан романтиктермен үндестірген. Өзінің творчестволық иабораториясын сөз еткен мақалаларында Ғ.Мұстафин асазушылық өнерде ұстаз тұтқан есімдерді, өмір фактілерін асинақтау принциптерін аңғартқан. Сол пікірлер оның күллі сурегкерлік өзгешелігін түсінуге кілт секілді. «Ой әуендері» (1978) деп аталған мақалалар жинағында автор өте қызғылықты тұжырымдар жасаған. Қаламгердің бір ғана шыгармасында емес, барлық туындыларында да жетекшілікке аліан принципі айтылғандықтан, біз осы кітаптан ұзақ та болса үзінді келтіруді жөн көрдік:

«...Түптеп келгенде, шығарманың тағдырын шешетін -ой. Ой деген қисапсыз көп, шексіз үлкен. Сол көптің ішінен таңдай білші! Сол үлкеннің шетінен бойына шақтап ала білсе, жазушы сәтті бір қадам алға басқаны. Ойларға мен тек социализм тұрғысынан қарадым. Неғұрлым социализмді жақтаған, оны жасаушыларға жәрдем еткен ой солғұрлым күшті, әрі әдемі көрінеді маған. Сондықтан үлкенді-кішілі еңбектерімнің бәрі совет жерінде болып жатқан ғажайып озгерістерді, қазақ халқының арманын, әрекетін бейнелеуге ариалды. Бейнелеу тіпті қиынға соқты. Дүние - дүние, әдебиет - әдебиет болғалы біздегі өмір, біздікіндей қауымды білмеген скен. Тарих үлгі түгіл нобай, жол түгілі сүрлеу тауып бере алмады. «Өмір не өлім» романын жазғанда менщ аласұрған ойым совет қауымына теңеу таба алған жоқ, әйтеуір совет адамдарынан барлық адамдардан жоғары қоюды көздеді... Табысым мейлі таудай, мейлі теңгедей болсын, барын Гюго мен Горькийге бағыштадым. Ақылды, сабырлы, ер, шешен адамдардың тұлғасын сол екеуі көрсетті. Сөз іздеуім «Шығанақтың» тұсында басталды. Бұл кезде халық қалыптастырған дайын сөздерге, эпосқа құмарттым. «Миллионер» мен «Қарағандыда» күшімді салдым. Әдейі жолсызбен, сонымен жүріп жол салмақ болдым. Барды ғана айтып қоймай, жоқты да айтса, болғанды ғана айта бермей, болашақты да айтса, соларды айтуға лайық тіл тапса деген мақсат тұрды алда. Осы мақсат «Аманкелді» сияқты колхоз, Жомарт сияқты председатель жасауға апарады. Екеуі де сол кезде жоқ-ты, кейін болды. Ахмет ұста әлі жоқ. Бірақ сөзсіз болады» (207).

Ғ.Мұстафин суреткерлігін танығысы келетін зерттеуші немесе оқушы бұл сөздерге ой жібермеуі мүмкін емес. Француздың ұлы жазушысы, адам намысының жаршысы Виктор Гюгоның әсірелеп көрсететін дәстүрін қазақ жазушысы өз творчествосында нысана етіп алғанын көреміз. Болғанды ғана емес, болуға тиістіні айту, сендіру күшінің молдығы, талдау орнына дәлелдеу... Бұл сипаттар совет әдебиетінің ізденгіштік пафосын білдіреді, суреттеу құралдарының алуан түрлі екендігіне көз жеткізеДі. Ғ.Мұстафиннің творчестволық тәсілі белгілі мақсаттан туған, саналы түрде ұстанған тәсіл деуіміз осыдан. Әрине, өмір ағысы мен келешегін романтикше түсіну мен суреттеудің мықты да, әлсіз жақтары бар. Белгілі бір арманға берілген, қайратты жандардың қайтпас іс-әрекетін көрсету арқылы көпшілікке үлгі тастау, рухтандыру оларды жігерлендіру, сенім күшін арттыру мәселесінде бұл тәсіл ұтымды-ақ. Ал өмірдің қалың байланыстарын, себеп пен саддардың жалғастығын  және  дәлдігін,  объективтік  әрі  субъективтік элементтерді табиғи ұштастыру, құбылыстың нандырмай КОЙмайтын толық картинасын елестету міндеті бір басқа.

Қазақ совет әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі -«Қарағанды» (1952) романы. Бұл бірталай көркемдік-і порчсстволық уәзипаны шешкен шығарма. Ғ.Мұстафин өзіне неғұрлым таныс Қарағанды тақырыбына отызыншы жындарда-ақ қалам тартқан. «Өмір не өлім» романы, кезінде, сол сападағы ізденістерінің бірі еді. Ал, «Қарағанды» - озінің Квркемдік жинақтаушылық қуаты жағынан, әдебиетіміздің дамуына серпін қосқан, оның жетекші тақырыптық бағытын іныктаған туынды.

Өндіріс ортасын таныстыру, қаһармандарды еңбек үстінде Кврсету, қоғамдық қатынастарды алғы кезекке шығарыпсипаттау жалпы совет әдебиетінде қалыптасқан игі дәстүр болса, осы өрнек қазақ әдебиетіне толық түрінде «Қарағанды» крқылы келді. Мақсат бірлігі мен еңбек процесі түрлі ұлт окілдсрінің озара достық және ынтымағын бекіткенін, бұдан халықтардың мәдениеті, дүниетанымы кеңи түсетінін көрсетуі «Қарағанды» романының мықты идеялық желісінің бірі болып табылады. Кешегі ауыл қазағының кен жұмысын мсцгеруі, түрлі мамандық иесі болуы, бұл жолдағы кііындықтар, санадағы өзгерістер, психологиядағы жаңарулар мұның бәрі роман ауқымында жарқын да шабытты корсетілген мәселелер. Қазақстанды индустрияландыру кезеңінің қайталанбас шындығының мол қамтылуы, сол уақытқа тән жасампаздық пафосының пәрменді көрінуі, адамдардың мінез-құлқындағы, тіліндегі ұлттық колориттің табиғи, шыншыл берілуі бұл шығарманы әдебиетіміздің үлкен ескерткіші дәрежесіне көтерді.

«Қарағандыда» дәуір адамдарының типтік тұлғалары корініс береді. Түрлі ситуацияларда, кейде азырақ, кейде кобірек қатыстырыла тұрса да, бұл шығармадан ондаған кейінкерлердің мінез қырлары таныс болады. Социалистік реализм әдебиетінің күрделі бір өзіндік жаңалығы - халық, бұқара  окілдерінің  жасампаздық  жаңа  еңбегін  мадақ  ету романға көтерщкі ажар қосады. «Қарағанды» өзінің құрылыстық шеңберімен де, көтерген материалының аумақтылығымен де, кейіпкерлер қатарының молдыр>шен де, суреттеу құралдарының сан бояулылығымен де барлық бітімі жаңашыл шығарма, қазақ романшылығы дамуының белгілі бір кезеңін нышандайтын туынды. Социалистік құрылыстың жеңімпаз жолына қалтқысыз сенімділіктің, коммунистік мұрат дүниетанымның нұрына бөленіп туған роман - идеялык саралықтың да биік үлгісі. Мұндағы трест бастығы Щербаков, партия жетекшісі Мейрам Омаров бейнелері - күрделі типтік жинақтаулар.

«Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» романдарының жанрлық және көркемдік тәсілін, бұлардың әкелген жаңалықтарын сөз еткенде, сол кездегі жалпы қазақ совет әдебиетінің ахуалын да есте ұстау ләзім. Бұл туындылар дұниеге келген кезде, әдебиеттің кең тыныспен дамуына кедергі келтіретін кейбір жалған ұғымдар да кездесіп қалып отыратын. Қайсыбір білгішсымақтар «біздің елімізде адамдар арасында тартыс туғызарлық негіз жоқ, кемшілікті көрсету совет адамына жала болады» деген іналағай түсінікке кәдімгідей иланатын. Сөз болып отырған шығармалардың тартыстық жүйесінде босаң жерлер болса, ол әлгіндей «теорияға да» байланысты.

Ғ.Мұстафиннің шығармашылық тәжірибесіндегі биік -оның «Дауылдан кейін» (1959) романы. Қазақстан өміріндегі аса бір қиын да қызықты кезең - елді советтендіру кезеңі бұл шығармада көркем әдіптелген. Бір кезде Б.Майлин, С.Мұқанов шығармаларында көтерілген бұл тақырыпқа сол кезеңді көзімен көрген, көптеген ой түйген, дәуірдің шытырман шындығын саралап білуге мүмкіндігі болған, суреткерлігі кемелденген Ғ.Мұстафиннің қалам тартуы игі нәтижеге алып келді. Бұл тақырыпқа бұрылуын автор былайша түсіндіреді. «...Өміріміздің бір қызықты шағы жөнді көрсетілмей қалыпты. Оны жазатын жасамыс адамдар азайып барады. Жастар білмейді. Борыш арқалап кету лайық па? Сондықтан азырақ шегінуге тура келді». («Ой әуендері» 2086). Лл шығарма алдына қойған көркемдік шарттарын да автор вскерткен. «Дауылдан кейін» романы біраз тәжірибені бастан Кешіріп, ой байсалды, жас мосқал тартқан кезде Жа (зылғандықтан, бастапқы кітаптарда ескере алмағанымды ескерсем, жеткізе алмағаньімды жеткізсем деген талап қатты қойылды. Көркем әдебиеттің ең үлкен қасиеті - адам тану. таныту үшін әуелі өзің танып алу керек. Бұл өте қиын. Сол міындықтан қашып, шығармаға адамдарды аз енгізетінмін. Бұл жолы көбірек енді. Бірақ біріне бірі ұқсамау жағын кадагаладым... (2086).

Біздің ойымызша, қаламгердің бұл қысқа і ұжырымдарында үлкен сыр жатыр. Мәселе бұл арада коркемдік методқа да тікелей қатысты тәрізді. Шындығында, оның тақырыбы, қамтыған дәуірі жағынан ғана емес, коркемдік жинақтау әдісі жағынан да «Дауылдан кейін» жазушының бұрынғы шығармаларынан өзгешелеу жасалған. Ол озгешеліктің ең негізі - мұнда реалистік суреттер мен байланыстардың анағұрлым кең берілгендігінде. Сонау жиырмасыншы жылдар оқиғаларын суреттеген жазушы типтік цсағдайды, типтік характерлер сомдалуын талап ететін реализм Ырғағына көшкен. Сондықтан да кейіпкерлердің іс-әрекеті дөлелді, әрбір ситуацияның себебі анық, шешімі сенімді болып отырады.

«Дауылдан кейінгі» үлкен растық дарытатын негіздің бірі тартыстық желінің екшеліп, кейіпкерлердің жүйелі шогырлануы, қаһармандар арасындағы күрестің табиғи өрбіп, шарықтау шегіне жетіп тартылуы. Бір жағы Шәкен бай бастаған үстем тап өкілдері мен екінші тарапта Аман ТӨҢІрегіне топталған кедейлер қауымының мәмілеге келмес күресі объективтік шындық болса, қаһармандардың аңсар, орекеттері өзіндік даралығымен нақтылы жағдайда көрініп ОТЫрған. Әлеуметтік тартыстың осылайша толыққанды болуы шыіарманың күллі сюясеттік-композициялық жүйесіне әсер еткен,   характерді   түрлі   жағдайда   көрсетуге   мүмкіндікті молайтқан. Қаламгер өмірдің ағыстарын өз қалпында уақыт пен ортаға, мінезге сәйкес етіп бейнелеуге ден қойған. Мұның бәрі шығармада реализмнің көркемдік жинақтау принциптері басты нысана болғанын байқатады.

Ең үлкен табыс - ауыл адамдарының өздеріне тән қайталанбас саналық, салттың мінез өзгешеліктерінің көрінуі, суреткер бір-біріне ұқсамайтын алуан адам галереясын шебер бейнелеген, қазақ ауылында ұшырайтын мінездер мұнда көп және олар қысқа да болса қызғылықты елес берген. Мәселен, романдағы Тәуке, Әбен, Танакөз, Нұрғали, Сыздық сияқты кейіпкерлер - жанды бейнелер. Бұлар жүйелі көрініс бермегенімен, өзіндік мәнін, астарын жоғалтпайды. «Дауылдан кейінде» автор ауылдағы жаңа бұлқынып келе жатқан революцияық кұштің өкілі ретінде Аманды көбірек сипаттайды. Аманның ясаңалықты қабылдауға қабілеттілігі, еңбекшілер мүддесіне сергектігі, сол үшін аузы алты қарыс айлалы жаулармен айқасқа түсе алатын мүмкіндігі бірнеше тұста жарқын көрінген. Орташа тап өкілінің осылайша шынығып жетілу эволюциясы танылады.

Жаңа экономикалық саясат дәуірінен бастап байлардың мал-мүлкін конфискелеуге дейінгі аралықтың өзіндік шындығын барша байланыстарымен бейнелей алуы «Дауылдан кейінді» бүкіл қазақ совет әдебиетінің үздік туындылары қатарына қосады. Қазақ қоғамының үлкен бетбұрыс, жолайрық кезеңіндегі барлық таптар мен топтардың ықыласы мен мінездері, ірі-ірі заманалық оқиғалар мен кейіпкерлердің жеке бастық тірлігінің тұтастықта берілуі, қазақ сахарасының табиғаты, халықтың әдет-ғұрпы, наным-сенімі неғұрлым толық қамтылғанына қарап «Дауылдан кейін» романын эпопея деп атау да орынды болар еді.

Романның танытқыштық сипаты аса мол. Ежелден руға бөлініп, таптық теңсіздік түрлері «көмескіленіп» келген қазақ ауылының ішкі құрылысы, күрес формалары таптық санаға жетілудегі баяулықтар, совет заманы жаңалықтарын халықтың бірте-бірте қабылдап түсінуі секілді қызықты көріністер көп.

Қазақ ауылын советтендір} жұмысының көптеген ксдергілерді жеңе отырып жүргпілгенін, бұл жолда қарсылықтар да, қайшылықтар да кездескенін таныстыра алуы романның соны нышанының бірі. Қаһармандар мінездерінің КӨЛ қырлылығын ашуы суреткердің реалистігі тереңдегендігін, мінез диалектикасын нақтылы беруге /кеіілгендігін аңғартады. Әсіресе, үстем тап өкілдерінің бейнесін беруге ясазушы шеберлігі жарқырап ашылғанын айту к.ажет. Ақылды, айлалы Шәкен байдың жаңа экономикалық Свясат кезіндегі іс-әрекеттері барынша нанымды.

Романда совет өкіметінің жолын жете түсіне алмай жүрген, көңілі адал, бірақ анық бағдарын танымаған кедей окілдерінің де, пайдасынан зияны көп жадағай белсенділердің де, байдың дүниесін өз мүлкінен артық қорғайтын малшының да, ясаңа дәуірдің әлеуметтік теңсіздікке қарсы екенін тез мнгарып, қоғамдық істерге белсене араласа бастаған қазақ оііелдерінің де, рулық «туыстық» сезіміне шырмалған, қасындағы жауын жете білмейтін шикі жандардың да бейнелері ұшырайды.