Батыл да табиғи айта білген қаламгерлер

21.11.2013 2161
С.Шаймерденов - жиырмасыншы-отызыншы жылдарда туып өскен жастардың өмір соқпақтары тақтайдай тегіс болмағанын, ол жолда күрес те, ағаттық та аралас кездескенін алғаш рет батыл да табиғи айта білген қаламгерлеріміздің бірі. Әсіресе, ол отызыншы жылдардың алғашкы тұсындағы көптеген сорақы белсенділікті жас кезіндегі алған әсері негізінде боямай, жасанды ізге түсіп кетпей, болған қалпында көрсетуге талаптанған. Ауыл белсендісі - «қаһар Жүсіптің» бейнесі есте қаларлық. Коллективтендіру басталған кезде совет екіметінің сара нұсқауларын не түсінбестіктен, кейде әдейі бұрмалап, момын елге топалаң салған надан, жаһил жандардың кесапаты, келтірген залалы аз болмаған. Шығарма қаһарманы Мезгіл тек кездескен қиындықтарды, халықтың орасан төзімділігін ғана айтып қоймайды, сондай шақтарда адамшылық қасиетін жоймаған, қасындағылардың қасіретін өзінің мейірім-шапағатымен жеңілдете білген, азаматтық парызына адал қарап, еңбек еткен жандардың қайсарлығын көрсетуді нысанада ұстап отырады... «Қарғаш» повесінде әрі ескі, әрі мәңгі жас тақырып -махаббат хикаясы желі тартқан. Шығарма қаһарманы Сапардың сыры болып баяндалған сұлу қыз Қарғашпен сәті түспеген сүйіспеншілігінің тарихы әсерлі, табиғи. Мұндай оқиға ауыз әдебиеті дәстүрінде ғашықтық эпостың мазмұнын құрай алар еді. «Қарғашты» шын мәнінде махаббат жыры деп атауға негіз бар. Өмірдің талай жолдарынан өтіп, егделікке жете бастаған Сапардың жүрегінде ұмытылмастай із қалдырған алғашқы құштарлығы жылдар өтсе де есінен шықпапты. Сапар өмір жолындағы кездескен қызық пен қымбатты саралап көргенде, бір кезде ауылда бірге өскен, шын іңкәр болған Қарғашпен өзінің арасында өткен оқиғалар тізіліп ойына оралады. Адам өмірінің мазмұны мен сәні табиғи, таза махаббатта екенін алғашқы сүйіспеншілік өкінішті, орны жазылмайтын жара секілді, адам көңілін қоңылтақ сездіретінін «Қарғаш» повесі әрі сабақ, әрі ғибрат ретінде ұғындырады. Енді бір шығармасында («Өмір нұры») жазушы он екі жыл отасып тұрған ерлі-зайыпты Жантуар мен Шәмшігүлдің мүлде екі керағар мінез адамы екенін талдайды, өмірдің жанды мәселесін көтереді. Көп жылдар аядай бөлмеде тату күн кешіп келген семьяның шырқы олар қазынадан екі бөлмелі үй ала саласымен бұзыла бастайды. Оған себепкер -Шәмшігүл. Автор оның өмірбаяндық немесе өзгеше деректерін айтпай-ақ мінезінің өзгешелігін бірнеше көріністе айқындай алған. Шәмшігүлдің әрбір сөзі, іс-әрекеті оның бейнесін толықтыра түседі. Ол Жантуар сынды қарапайым адамға «жаны қосылмай», сәті түскен соң ғана жұбай болып жүргені белгілі болады. Жантуар үшін бірінші мәселе адамшылық парызы болса, Шәмшігүл адамның қоғамдағы орны мен мұратын дүние-мүлкіне қарап бағалайды. Бір бөлмелі үйде тұрған кезде Шәмшігүл «жұрт секілді дүние құрып, адамша тұрғың-ақ келеді, амал қанша» деп армандайтын. Кейін жаңа үйге көшкенде оның осындай ұғымы асқына береді. Ол үйіне мебельді бірінен соң бірін сықап толтырып, қонақ түгіл өздері отырар жер қалдырмайды. Бұл тұста, әлбетте, әсірелеу элементі бар, бірақ ол шындықтың шырайын бұзбайды. Шәмшігүл үйіне қонақ шақырғанда «хрустальдарымды жазатайым сындырып кетпесе екен» деп уайымдайды. Сөйтіп аз күннің ішінде оның көңіл түкпіріндегі аңсары, барлық рухани болмысы ашылады. Мебельдері үйге сыймаған соң, Шәмшігүл енді басқа, кеңдеу үйді іздестіреді, жар жолдасын осы мақсатына еріксіз жегіп қояды. Ақырында оның мінезі Жантуарды да безер етіп, «мың күн жанған шам-шырақ бір-ақ күнде сөнетін» халге жетеді... Жазушы кейбір адамдар арасында кездесетін дүниеқұмарлық әдетін көркем жинақтай алған. Шәмшігүл -мінез-құлқы, ой-өрісі дәл мінезделген тұлға. Әрине, әрбір адам да жақсы өмір сүргісі, дүние-мүлік молдығына жеткісі келеді. Бұл айып емес, тіршілік қажеті. Біздің байқауымызша, С.Шаймерденов жиһазды, жылтырақты пір тұтушылықты, құнығушылықты әшкерелегісі келген. Жағдаймен де, адаммен де есептеспейтін, есіл-дерті «ел аузына ілініп жүрген» мебель алып мақтануды ғана көздейтін сырты жылтыр, іші қуыс жандардың өмірлік «философиясы» біздің қоғамымыздың табиғатына мүлдем жат. Дүниенің құлы болғандар үшін рухани байлық, көпшілік мүддесімен санасу, Отан алдындағы парызын өтеу деген қасиетті шындықтар бос сөз болып естіледі. Олардың қауіптілігі де осында. Міне, кейбір ортада етек ала бастаған осындай жарамсыз тенденция жазушының қаламына ілінген. «Селдің екпіні» деген әңгімесінде де автор осы мәселеге, басқа бір оқиғаға орай, қайтадан зер салған. Дәуіріміздің ғылыми-техникалық өсуі, адамдарымызды жан-жақты, гармониялы жетілдіру күн тәртібіне берік қойылған шақта қайсыбір кісілердің рухани кедейлікке душар болуы жат көрініс екені бүкіл еліміздің әдебиетінде көтеріліп келеді. Міне, осы бір маңызды тақырыпты қазақ әдебиетіне әкеліп, шебер шығармалар жасауы жазушының замана сұрауларына көңілі сергек екеңдігін байқатады.

С.Шаймерденов - жиырмасыншы-отызыншы жылдарда туып өскен жастардың өмір соқпақтары тақтайдай тегіс болмағанын, ол жолда күрес те, ағаттық та аралас кездескенін алғаш рет батыл да табиғи айта білген қаламгерлеріміздің бірі. Әсіресе, ол отызыншы жылдардың алғашкы тұсындағы көптеген сорақы белсенділікті жас кезіндегі алған әсері негізінде боямай, жасанды ізге түсіп кетпей, болған қалпында көрсетуге талаптанған. Ауыл белсендісі - «қаһар Жүсіптің» бейнесі есте қаларлық. Коллективтендіру басталған кезде совет екіметінің сара нұсқауларын не түсінбестіктен, кейде әдейі бұрмалап, момын елге топалаң салған надан, жаһил жандардың кесапаты, келтірген залалы аз болмаған. Шығарма қаһарманы Мезгіл тек кездескен қиындықтарды, халықтың орасан төзімділігін ғана айтып қоймайды, сондай шақтарда адамшылық қасиетін жоймаған, қасындағылардың қасіретін өзінің мейірім-шапағатымен жеңілдете білген, азаматтық парызына адал қарап, еңбек еткен жандардың қайсарлығын көрсетуді нысанада ұстап отырады...

«Қарғаш» повесінде әрі ескі, әрі мәңгі жас тақырып -махаббат хикаясы желі тартқан. Шығарма қаһарманы Сапардың сыры болып баяндалған сұлу қыз Қарғашпен сәті түспеген сүйіспеншілігінің тарихы әсерлі, табиғи. Мұндай оқиға ауыз әдебиеті дәстүрінде ғашықтық эпостың мазмұнын құрай алар еді. «Қарғашты» шын мәнінде махаббат жыры деп атауға негіз бар. Өмірдің талай жолдарынан өтіп, егделікке жете бастаған Сапардың жүрегінде ұмытылмастай із қалдырған алғашқы құштарлығы жылдар өтсе де есінен шықпапты. Сапар өмір жолындағы кездескен қызық пен қымбатты саралап көргенде, бір кезде ауылда бірге өскен, шын іңкәр болған Қарғашпен өзінің арасында өткен оқиғалар тізіліп ойына оралады. Адам өмірінің мазмұны мен сәні табиғи, таза махаббатта екенін алғашқы сүйіспеншілік өкінішті, орны жазылмайтын жара секілді, адам көңілін қоңылтақ сездіретінін «Қарғаш» повесі әрі сабақ, әрі ғибрат ретінде ұғындырады.

Енді бір шығармасында («Өмір нұры») жазушы он екі жыл отасып тұрған ерлі-зайыпты Жантуар мен Шәмшігүлдің мүлде екі керағар мінез адамы екенін талдайды, өмірдің жанды мәселесін көтереді. Көп жылдар аядай бөлмеде тату күн кешіп келген семьяның шырқы олар қазынадан екі бөлмелі үй ала саласымен бұзыла бастайды. Оған себепкер -Шәмшігүл. Автор оның өмірбаяндық немесе өзгеше деректерін айтпай-ақ мінезінің өзгешелігін бірнеше көріністе айқындай алған. Шәмшігүлдің әрбір сөзі, іс-әрекеті оның бейнесін толықтыра түседі. Ол Жантуар сынды қарапайым адамға «жаны қосылмай», сәті түскен соң ғана жұбай болып жүргені белгілі болады. Жантуар үшін бірінші мәселе адамшылық парызы болса, Шәмшігүл адамның қоғамдағы орны мен мұратын дүние-мүлкіне қарап бағалайды. Бір бөлмелі үйде тұрған кезде Шәмшігүл «жұрт секілді дүние құрып, адамша тұрғың-ақ келеді, амал қанша» деп армандайтын. Кейін жаңа үйге көшкенде оның осындай ұғымы асқына береді. Ол үйіне мебельді бірінен соң бірін сықап толтырып, қонақ түгіл өздері отырар жер қалдырмайды. Бұл тұста, әлбетте, әсірелеу элементі бар, бірақ ол шындықтың шырайын бұзбайды. Шәмшігүл үйіне қонақ шақырғанда «хрустальдарымды жазатайым сындырып кетпесе екен» деп уайымдайды. Сөйтіп аз күннің ішінде оның көңіл түкпіріндегі аңсары, барлық рухани болмысы ашылады. Мебельдері үйге сыймаған соң, Шәмшігүл енді басқа, кеңдеу үйді іздестіреді, жар жолдасын осы мақсатына еріксіз жегіп қояды. Ақырында оның мінезі Жантуарды да безер етіп, «мың күн жанған шам-шырақ бір-ақ күнде сөнетін» халге жетеді...

Жазушы кейбір адамдар арасында кездесетін дүниеқұмарлық әдетін көркем жинақтай алған. Шәмшігүл -мінез-құлқы, ой-өрісі дәл мінезделген тұлға. Әрине, әрбір адам да жақсы өмір сүргісі, дүние-мүлік молдығына жеткісі келеді. Бұл айып емес, тіршілік қажеті. Біздің байқауымызша, С.Шаймерденов жиһазды, жылтырақты пір тұтушылықты, құнығушылықты әшкерелегісі келген. Жағдаймен де, адаммен де есептеспейтін, есіл-дерті «ел аузына ілініп жүрген» мебель алып мақтануды ғана көздейтін сырты жылтыр, іші қуыс жандардың өмірлік «философиясы» біздің қоғамымыздың табиғатына мүлдем жат. Дүниенің құлы болғандар үшін рухани байлық, көпшілік мүддесімен санасу, Отан алдындағы парызын өтеу деген қасиетті шындықтар бос сөз болып естіледі. Олардың қауіптілігі де осында. Міне, кейбір ортада етек ала бастаған осындай жарамсыз тенденция жазушының қаламына ілінген.

«Селдің екпіні» деген әңгімесінде де автор осы мәселеге, басқа бір оқиғаға орай, қайтадан зер салған. Дәуіріміздің ғылыми-техникалық өсуі, адамдарымызды жан-жақты, гармониялы жетілдіру күн тәртібіне берік қойылған шақта қайсыбір кісілердің рухани кедейлікке душар болуы жат көрініс екені бүкіл еліміздің әдебиетінде көтеріліп келеді. Міне, осы бір маңызды тақырыпты қазақ әдебиетіне әкеліп, шебер шығармалар жасауы жазушының замана сұрауларына көңілі сергек екеңдігін байқатады.

Ұқсас материалдар