Қандастар Ассамблея

Сырлы суреткер

21.11.2013 2772
Ұлы Отан соғысы аяқталған жылы Алматының жоғары оқу орындарына кең байтақ республикамыздың тұс-тұсынан казақтың ұлдары мен қыздары ағылып келіп жатты. Солардың ішінде орта мектепті жана ғана бітіргендер де, соғыс кезінің гұрмыс қиындығына байланысты бірнеше жыл жұмыс істеп, тәжірибе алғандар да, майданның өтінде, оқ пен оттың шарпуын көріп, жаралы болып оралғандар да бар еді. Қазақ университетінің филология факультетіне қабылданғандардың арасында   келешекте   ақын-жазушы,   ғалым   болуды   аңсап келген дарынды жастар да аз болған жоқ. Жалпы сол кездегі студенттердің басым көпшілігінде оқуға, білуге құштарлық, мақсаттылық айқын сезілетін. Солардың қатарында қазіргі белгілі   жазушы,   әдебиетімізде   өзіндік   орны   бар   Сафуан Шаймерденов    те    болатын.    Сафуан    факультеттің    қазақ бөліміндегі жасы ересектің бірі ғана емес, творчестволық тәжірибесі жағынан да анағұрлым алда тұрған студент болды. Бірінші курста өлең жазатын, әдебиетке шындап берілген дейтін бір топ студент тез танысып, достасып кетіп едік. Сафуан     сонда     бізге     өзінің     көркем     әдебиетті     көп оқығандығымен   де,   өлең   жазуға,   сөз   талғауға   төселіп қалғандығымен де,  әсіресе  әдебиет құбылыстары жөнінде сенімді   пікір   айта  аларлық  қабілетімен   де   ықпал   еткені есімізде. Алғашқыда ақын боларлық мүмкіндігін байқатқан ол бір мезет әдебиет сынымен айналысып көрді, университетті бітіргеннен кейін газет қызметкері ретінде журналистік икемін де таныта білді, ақырында проза жанрында тұрақтап, қазақтың көрнекті жазушылары сапынан орын алды. Жазушының алғашқы көлемді туындысы «Болашаққа жол» (кейінгі басылымдарда біраз өңделіп, «Инеш» деп аталды) романы. Жазушының өзіне неғұрлым таныс студенттер өмірі, білім қуған, ізденгіш жастардың ойлары мен іс-әрекеттері шығарманың оқиғалық желісін құрауы табиғи. Бұл роман елуінші жылдардың бас кезінде қазақ әдебиеті көлеміндегі елеулі еңбектердің бірі болды. «Болашаққа жолда» кетерілген проблема - сол жылдарда биология ғылымы әлемінде орын тепкен белгілі көзқарастарға байланысты еді. Ең қызықтысы - мұнда бірталай кейіпкерлердің мінеч қырлары, ықыластары, іңкәрліктері, қайшылықтары наиымды корініс табады. Осы алғашқы ірі туындысынан-ақ қаламгердіц кеіііигі шығармаларында толысқан, бояуы қапыққан, бвдері айқындалған кейбір ерекшеліктері елес берсді. Соның бірі - қаһармандар характерін    ашуға,    олардың    қайталанбас    дара    бейнесін сомдауға   коңіл   бөлетіндік.   Романды   қазір   оқыған   адам, әлбетте,   суреткердің   шеберлігі   жетілмегендік   салдарынан туатын   кейбір   нұқсандарды   байқамай   қалмайды.   Соған қарамастан   онда  өмірден   алынған,   дәл  байқалған  жанды суреттер    сирек    емес.     Әсіресе,    шығарманың    орталық кейіпкерінің    бірі    -   Инештің    тұлғасы    автордың    қазақ әдебиетіне қосқан үлесі деп танимыз. Біздіңше, жазушы осы кейіпкері арқылы оте үлкен мәселені - жастар тәрбиесін жан-жақты жетілдіру,  нағыз  жаңа  қоғам  орнықтырушы  іскер, батыл, коллектив мүддесін бәрінен де жоғары қоя білетін, шыныққан,   қиындықтан   қорықпайтын,   күрескер   мінезді жандар    тәрбиелеу    проблемасын    көтере    алған.    Еңбек тәрбиесіне баулынбай, қалада жайлы тұрмыс үстінде, ата-ананың әлпештеуімен нәуетек болып өскен Инеш мінезінің бағдарын ашуы - суреткерлік қырағылық. Қалада ақсаусақ болып   оскен,   омірге   икемсіз   қыздардың   бірталай   тип-бейнелері қазіргі шығармаларда да корініп отырады. Өйткені Инештер белгілі бір кезеңнің өткінші типі емес, көптеген семьяда   ақыл,   адамгершілік,   еңбек   тәрбиесін   ұштастыра білмеушіліктен туатын, өмірде толып жатқан «прототиптері» бар,   әлі   де   болса,   коркемдік   зерттеуді,   себеп-саддарын, заңдылықтарын аша түсуді керек ететін, кең тараған құбылыс. Алғашқы     прозалық     қадамын     романнан     бастаған С.Шаймерденов   бұдан   кейін   бірыңғай   повесть   жанрында корінді:   «Мезгіл»   (1963),   «Қарғаш»   (1965),   «Жыл   құсы» (1969), «Өмір нұры» (1970), «Ашу» (1975), «Мәжнүн тал» (1978) атты шығармалары жарияланды. Бұлардың тақырыптық сипаты да, көтерген идеясы мен оқиғалар құрамы да, таңдаған қаһармандары да сан алуан. Бірақ бәріне ортақ бір белгі -орындау   шеберлігінің   биіктігі,   әрбір   туындыда   көрініп отырған суреткерлік жетістіктер, сапалық өсулер. «Болашаққа жолдан» соң араға он шақты жыл салып жарық корген «Мезгіл» повесі бейнелеу құралдарын сәйкес, жан-жақты қолдана білетін, соз саптауы тұжырымды әрі нақтылы болып қалыптасқан суреткерді танытты. Бұл тұста автордың адам мінезінің заңдылықтарын объективтік өмір шындығымен тұтастықта көрсете білетіндігі шығармадан шығармаға ауысқан сайын жетіле түсті. Сафуанның әдебиетімізге әкелген көркем характерлер қатары көбейді. «Мезгіл» повесі жазушының шығармашылық жолындағы белес қана емес, алпысыншы жылдардың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің сәтті туындыларының бірі. Онда өгей ана Бибігүлдің, жас кезінде оның қайырымын, қамқорлығын көп көрген, ер жетіп, инженер болған кезінде де сол жақсылық, мейірімді есінде сақтай білген, бүгінгі парасатты азамат Мезгілдің бейнелері өмірге де, мінезге де лайық көрінгені әдеби сында атап өтілген еді. Енді сол повесті қайта оқып шыққанда шығарманың сыры мен сымбаты бұрынғыдан да айқындала түскендей. Жасында көп қиындықты бастан кешіріп, совет өкіметінің панасында ғана адам қатарына қосылған Мезгілдің көргендері бір адамның емес, өзімен қатарлас барлық замандастарының сыры болып елестейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Мезгіл бойында совет жылдарында жетілген жас қауымның ортақ сипаттары да танылғандай.

Ұлы Отан соғысы аяқталған жылы Алматының жоғары оқу орындарына кең байтақ республикамыздың тұс-тұсынан казақтың ұлдары мен қыздары ағылып келіп жатты. Солардың ішінде орта мектепті жана ғана бітіргендер де, соғыс кезінің гұрмыс қиындығына байланысты бірнеше жыл жұмыс істеп, тәжірибе алғандар да, майданның өтінде, оқ пен оттың шарпуын көріп, жаралы болып оралғандар да бар еді. Қазақ университетінің филология факультетіне қабылданғандардың арасында   келешекте   ақын-жазушы,   ғалым   болуды   аңсап келген дарынды жастар да аз болған жоқ. Жалпы сол кездегі студенттердің басым көпшілігінде оқуға, білуге құштарлық, мақсаттылық айқын сезілетін. Солардың қатарында қазіргі белгілі   жазушы,   әдебиетімізде   өзіндік   орны   бар   Сафуан Шаймерденов    те    болатын.    Сафуан    факультеттің    қазақ бөліміндегі жасы ересектің бірі ғана емес, творчестволық тәжірибесі жағынан да анағұрлым алда тұрған студент болды. Бірінші курста өлең жазатын, әдебиетке шындап берілген дейтін бір топ студент тез танысып, достасып кетіп едік. Сафуан     сонда     бізге     өзінің     көркем     әдебиетті     көп оқығандығымен   де,   өлең   жазуға,   сөз   талғауға   төселіп қалғандығымен де,  әсіресе  әдебиет құбылыстары жөнінде сенімді   пікір   айта  аларлық  қабілетімен   де   ықпал   еткені есімізде. Алғашқыда ақын боларлық мүмкіндігін байқатқан ол бір мезет әдебиет сынымен айналысып көрді, университетті бітіргеннен кейін газет қызметкері ретінде журналистік икемін де таныта білді, ақырында проза жанрында тұрақтап, қазақтың көрнекті жазушылары сапынан орын алды.

Жазушының алғашқы көлемді туындысы «Болашаққа жол» (кейінгі басылымдарда біраз өңделіп, «Инеш» деп аталды) романы. Жазушының өзіне неғұрлым таныс студенттер өмірі, білім қуған, ізденгіш жастардың ойлары мен іс-әрекеттері шығарманың оқиғалық желісін құрауы табиғи. Бұл роман елуінші жылдардың бас кезінде қазақ әдебиеті көлеміндегі елеулі еңбектердің бірі болды. «Болашаққа жолда» кетерілген проблема - сол жылдарда биология ғылымы әлемінде орын тепкен белгілі көзқарастарға байланысты еді. Ең қызықтысы - мұнда бірталай кейіпкерлердің мінеч қырлары, ықыластары, іңкәрліктері, қайшылықтары наиымды корініс табады. Осы алғашқы ірі туындысынан-ақ қаламгердіц кеіііигі шығармаларында толысқан, бояуы қапыққан, бвдері айқындалған кейбір ерекшеліктері елес берсді. Соның бірі - қаһармандар характерін    ашуға,    олардың    қайталанбас    дара    бейнесін сомдауға   коңіл   бөлетіндік.   Романды   қазір   оқыған   адам, әлбетте,   суреткердің   шеберлігі   жетілмегендік   салдарынан туатын   кейбір   нұқсандарды   байқамай   қалмайды.   Соған қарамастан   онда  өмірден   алынған,   дәл  байқалған  жанды суреттер    сирек    емес.     Әсіресе,    шығарманың    орталық кейіпкерінің    бірі    -   Инештің    тұлғасы    автордың    қазақ әдебиетіне қосқан үлесі деп танимыз. Біздіңше, жазушы осы кейіпкері арқылы оте үлкен мәселені - жастар тәрбиесін жан-жақты жетілдіру,  нағыз  жаңа  қоғам  орнықтырушы  іскер, батыл, коллектив мүддесін бәрінен де жоғары қоя білетін, шыныққан,   қиындықтан   қорықпайтын,   күрескер   мінезді жандар    тәрбиелеу    проблемасын    көтере    алған.    Еңбек тәрбиесіне баулынбай, қалада жайлы тұрмыс үстінде, ата-ананың әлпештеуімен нәуетек болып өскен Инеш мінезінің бағдарын ашуы - суреткерлік қырағылық. Қалада ақсаусақ болып   оскен,   омірге   икемсіз   қыздардың   бірталай   тип-бейнелері қазіргі шығармаларда да корініп отырады. Өйткені Инештер белгілі бір кезеңнің өткінші типі емес, көптеген семьяда   ақыл,   адамгершілік,   еңбек   тәрбиесін   ұштастыра білмеушіліктен туатын, өмірде толып жатқан «прототиптері» бар,   әлі   де   болса,   коркемдік   зерттеуді,   себеп-саддарын, заңдылықтарын аша түсуді керек ететін, кең тараған құбылыс. Алғашқы     прозалық     қадамын     романнан     бастаған С.Шаймерденов   бұдан   кейін   бірыңғай   повесть   жанрында корінді:   «Мезгіл»   (1963),   «Қарғаш»   (1965),   «Жыл   құсы» (1969), «Өмір нұры» (1970), «Ашу» (1975), «Мәжнүн тал» (1978) атты шығармалары жарияланды. Бұлардың тақырыптық сипаты да, көтерген идеясы мен оқиғалар құрамы да, таңдаған қаһармандары да сан алуан. Бірақ бәріне ортақ бір белгі -орындау   шеберлігінің   биіктігі,   әрбір   туындыда   көрініп отырған суреткерлік жетістіктер, сапалық өсулер.

«Болашаққа жолдан» соң араға он шақты жыл салып жарық корген «Мезгіл» повесі бейнелеу құралдарын сәйкес, жан-жақты қолдана білетін, соз саптауы тұжырымды әрі нақтылы болып қалыптасқан суреткерді танытты. Бұл тұста автордың адам мінезінің заңдылықтарын объективтік өмір шындығымен тұтастықта көрсете білетіндігі шығармадан шығармаға ауысқан сайын жетіле түсті. Сафуанның әдебиетімізге әкелген көркем характерлер қатары көбейді.

«Мезгіл» повесі жазушының шығармашылық жолындағы белес қана емес, алпысыншы жылдардың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің сәтті туындыларының бірі. Онда өгей ана Бибігүлдің, жас кезінде оның қайырымын, қамқорлығын көп көрген, ер жетіп, инженер болған кезінде де сол жақсылық, мейірімді есінде сақтай білген, бүгінгі парасатты азамат Мезгілдің бейнелері өмірге де, мінезге де лайық көрінгені әдеби сында атап өтілген еді. Енді сол повесті қайта оқып шыққанда шығарманың сыры мен сымбаты бұрынғыдан да айқындала түскендей. Жасында көп қиындықты бастан кешіріп, совет өкіметінің панасында ғана адам қатарына қосылған Мезгілдің көргендері бір адамның емес, өзімен қатарлас барлық замандастарының сыры болып елестейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Мезгіл бойында совет жылдарында жетілген жас қауымның ортақ сипаттары да танылғандай.

Ұқсас материалдар