Қандастар Ассамблея

Жер жаһанға мәшһүр

20.11.2013 2393
Өзінің ақиқатшыл, келісті көркем шығармаларымен өшпес даңққа бөленген, социалистік реализмнің ұлы күшін дәлелдеген аға буын орыс жазушыларының алдыңғы легінде Михайл Александрович Шолоховтың есімі аталады. Ол совет әдебиетінің туын жоғары көтеріп, оның жер жүзілік көлемге шығуына тендесі жоқ еңбек сіңірді. Жазушының творчествосы зерттеулерде совет әдебиетінің классигі, орыстың XIX ғасырдың озық көркем әдебиетінің дәстүрін жалғастырушы суреткер санатында сипатталады. Оның совет әдебиетін асқар биікке көтерген «Тынық дон» эпопеясын, «Көтерілген тың» романын, «Адам тағдыры» әңгімесін, тағы басқа шығармаларын оқығанда, осы бағаның орынды екеніне көз жетеді. Суреткерлік жолын 1923 жылы жарияланған «Сынақ» атты фельетонынан бастаған М.Шолохов алғашқы бірнеше жыл ішінде көбінесе әңгімелер жазады. Оларда өзінің туып-өскен, етене өлкесі Дон өмірінің шындығын суреттейді. Бұл әңгімелері кейіннен жеке жинақ болып басылады. «Дон әңгімелеріне» жазған алғы сөзінде А.Серафимович М.Шолоховтың шығармаларындағы бірқатар сонылықты дәл таныған еді. А.Серафимович жас жазушының, әсіресе, тіл байлығын, шындыққа, өмірге толы сөз кестесін атап айтады. Жас Шолохов бас-аяғы азғана жылда өзінің тамаша талантын танытады; жиырма үш жасында «Тынық дон» эпопеясының екі кітабын жариялайды. Оның осы алғашқы көлемді шығармасы үлкен көркемдік жаңалық, әдебиеттегі ірі оқиға деп қабыдданды. М.Шолоховтың «Тынық Доны» - қамтыған өмірлік материалының өрісі, идеялық, көркемдік тереңдігі, сомдап, мүсіндеген характерлерінің молдығы, жағынан совет әдебиетінде үздік тұрған шығарма. Бұл эпопеяда бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Россия өмірі мен азамат соғысы аяқталу кезеңіне дейінгі аралықтағы оқиғалар сөз болады. Дон өңіріндегі казактардың бейбіт тіршілігі, семьялық жай-күйі, империалистік соғыс майдандарының суреттері, азамат соғысының аласапыран арпалыстары, ұрыстан, тынымсыз шапқыннан күйзелген елдің ауыр халі кезектестіріле көрсетіледі. «Тынық Донда» халықтың революция дәуіріндегі болмысы, қоғамдағы, санадағы өзгерістер, жаңарулар барша ақиқатымен елестейді. Революциялық заман, объективтік қажеттіліктер қозғалысқа түсірген халық өміршщ мол картинасын жасауы -шығарманың аса ірі жетістігі. М.Шолохов романында адам тағдырлары бүкіл қоғамды дүбірлеткен түбірлі оқиғаларға, революцияға, азамат соғысына тікелей қабыстырыла көрсетілген. Көпшілік қозғалысы мен жеке адамдар іс-әрекетінің сәйкестігін тауып суреттеу мәселесінде «Тынық Дон» - ерекше үлгі. Григорий мен Аксиньяның арасындағы қасіретті махаббат, Мелеховтар, Листницкийлер семьясының тарихы, азамат соғысы тұсының аламантасыр оқиғалары қатал шындығымен баяндалады. Майданда болып жатқан қан төгістің салдары тылдағы халыққа төтелей тиіп жатады. Мұнда әр түрлі ұғымдағы, көзқарастағы адамдардың айқасқа шыққан, қым-қуыт араласқан, бір жағы қирап, екінші жағы жеңіп жатқан заман көрінісі бар. Өмірдің ақиқат ағысын еш бұрмаламай, шындығын таба білуі, характерлер тағдырын не қолдан жақсартпай, не жасанды түрде өзгертпей шынайы қалпында беруі - суреткердің зор табысы. Халық пен партия М.Шолохов шығармасын орасан қуатты көркемдік жаңалық деп таныды. Жазушы бұл эпопеясы үшін бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлыкқа ие болды.

Өзінің ақиқатшыл, келісті көркем шығармаларымен өшпес даңққа бөленген, социалистік реализмнің ұлы күшін дәлелдеген аға буын орыс жазушыларының алдыңғы легінде Михайл Александрович Шолоховтың есімі аталады. Ол совет әдебиетінің туын жоғары көтеріп, оның жер жүзілік көлемге шығуына тендесі жоқ еңбек сіңірді.

Жазушының творчествосы зерттеулерде совет әдебиетінің классигі, орыстың XIX ғасырдың озық көркем әдебиетінің дәстүрін жалғастырушы суреткер санатында сипатталады. Оның совет әдебиетін асқар биікке көтерген «Тынық дон» эпопеясын, «Көтерілген тың» романын, «Адам тағдыры» әңгімесін, тағы басқа шығармаларын оқығанда, осы бағаның орынды екеніне көз жетеді.

Суреткерлік жолын 1923 жылы жарияланған «Сынақ» атты фельетонынан бастаған М.Шолохов алғашқы бірнеше жыл ішінде көбінесе әңгімелер жазады. Оларда өзінің туып-өскен, етене өлкесі Дон өмірінің шындығын суреттейді. Бұл әңгімелері кейіннен жеке жинақ болып басылады. «Дон әңгімелеріне» жазған алғы сөзінде А.Серафимович М.Шолоховтың шығармаларындағы бірқатар сонылықты дәл таныған еді. А.Серафимович жас жазушының, әсіресе, тіл байлығын, шындыққа, өмірге толы сөз кестесін атап айтады. Жас Шолохов бас-аяғы азғана жылда өзінің тамаша талантын танытады; жиырма үш жасында «Тынық дон» эпопеясының екі кітабын жариялайды. Оның осы алғашқы көлемді шығармасы үлкен көркемдік жаңалық, әдебиеттегі ірі оқиға деп қабыдданды.

М.Шолоховтың «Тынық Доны» - қамтыған өмірлік материалының өрісі, идеялық, көркемдік тереңдігі, сомдап, мүсіндеген характерлерінің молдығы, жағынан совет әдебиетінде үздік тұрған шығарма. Бұл эпопеяда бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Россия өмірі мен азамат соғысы аяқталу кезеңіне дейінгі аралықтағы оқиғалар сөз болады. Дон өңіріндегі казактардың бейбіт тіршілігі, семьялық жай-күйі, империалистік соғыс майдандарының суреттері, азамат соғысының аласапыран арпалыстары, ұрыстан, тынымсыз шапқыннан күйзелген елдің ауыр халі кезектестіріле көрсетіледі. «Тынық Донда» халықтың революция дәуіріндегі болмысы, қоғамдағы, санадағы өзгерістер, жаңарулар барша ақиқатымен елестейді. Революциялық заман, объективтік қажеттіліктер қозғалысқа түсірген халық өміршщ мол картинасын жасауы -шығарманың аса ірі жетістігі.

М.Шолохов романында адам тағдырлары бүкіл қоғамды дүбірлеткен түбірлі оқиғаларға, революцияға, азамат соғысына тікелей қабыстырыла көрсетілген. Көпшілік қозғалысы мен жеке адамдар іс-әрекетінің сәйкестігін тауып суреттеу мәселесінде «Тынық Дон» - ерекше үлгі. Григорий мен Аксиньяның арасындағы қасіретті махаббат, Мелеховтар, Листницкийлер семьясының тарихы, азамат соғысы тұсының аламантасыр оқиғалары қатал шындығымен баяндалады. Майданда болып жатқан қан төгістің салдары тылдағы халыққа төтелей тиіп жатады. Мұнда әр түрлі ұғымдағы, көзқарастағы адамдардың айқасқа шыққан, қым-қуыт араласқан, бір жағы қирап, екінші жағы жеңіп жатқан заман көрінісі бар. Өмірдің ақиқат ағысын еш бұрмаламай, шындығын таба білуі, характерлер тағдырын не қолдан жақсартпай, не жасанды түрде өзгертпей шынайы қалпында беруі - суреткердің зор табысы. Халық пен партия М.Шолохов шығармасын орасан қуатты көркемдік жаңалық деп таныды. Жазушы бұл эпопеясы үшін бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлыкқа ие болды.

Ұқсас материалдар