Ә.Нұршайықовтың «Ботакөз» атты повесі

19.11.2013 2414
Жазушы Ә.Нұршайықовтың «Ботакөз» атты повесі адамның сымбаты мен сыры арасындағы парықты сөз етеді. Шағын повесть. Бірақ мұнда адам өмірінің жанды елесі, шын сыры бар. Форма жағынан қазіргі әдебиетте жиі кездесетін тәсілмен (бұрынғы мен бүгінгіні кезектестіре әңгімелеу) кейіпкер атынан айтылған бас-аяғы бүп-бүтін, тартымды шығарма. Өмірдің өшпес әніндей әрі ескі, әрі жаңа мәселе махаббат жыры қысқа, тұжырымды сөз болады. Ол Еркеш деген жігіттің ертеде, бұдан жиырма жыл бұрын, студент кезінде бір қызға (өзі қойып алған аты Ботакөз) бірден құштар болып қыздан ықылас көрмесе де, жылдар бойы оны есінен шығармағаны, ақырында тәкаббар қыздың сәтсіз семья құрып, қасірет шеккенін естігені, жанашырлықпен және де толқығаны туралы хикая. Мінезі қарапайым, пейілі таза, бірақ ажарсыз жігіт Еркешті менсінбеген Ботакөз сұлу жігітті тапқан-ақ екен. Бірақ онысы маскүнем болып шығыпты. Ботакөз ақырында ажырап тыныпты. Ал Еркеш тату семья құрыпты, екі ұлы бар секілді... Сонымен бұл өзі астарлы мәні бар шығарма, қарапайым тереңдікке толы туынды. Мінез іздемей, түр таңдаған Ботакөз жағдайы анау, түрі күйкі болса да, ісі орнықты, адамгершіл Еркеш үйлі-баранды болыпты. Түсіне емес, ісіне қара - міне өмір философиясы. Әңгімелеуші кейіпкер - парасат адамы, сұлулықты, ізгілікті сүйе де, бағалай білетін биік ойлы адам. Мәңгілік тақырып сенімді, жылы жырланған. Ә.Нұршайықовтың «Әсем» деген повесінің пафосы да - адамның жақсару, жаңару қабілетіне зор сенімділікпен қарау мәселесі. Адамгершілік, парыз мәселелері - Т.Жармағамбетовтың «Нәзік   бұлттар»   повесінің   де   идеялық   негізі.   Мұндағы кейіпкерлер        Теміржан,        Күнсая,        Ілиялар        нағыз замандастарымыз. Бұлардың да алдына қойған мақсаты ө өмірін ел өмірімен тағдырлас ету. Аталған қаһармандардь алғашқы екеуі студент те, соңғысы қызметкер. Мамандықтар да   (бірі   -   инженер,   екіншісі   -   музыкант,   үшіншісі кинооператор) басқа-басқа. Сонда да болса бұлардың өмірлік мұраттары өте жақын. Бұл - нысана бірліктен туған құбылыс. Өзге бірсыпыра шығармадағыдай «Нәзік бұлттарда» да ауыл өмірі ерекше ілтипатпен, ықыласты көзбен, сүйіспеншілікпен суреттелген. Малшылардың қарапайым тіршілігі нақтылы әңгімеленеді. Сахараның табиғат көріністері әдемі түскен. Авторлық аңсардың анықтығы мен адамгершілік мұраты шығарма бойына табиғи дарып, растық, көркемдік сонылық келбет әкелген. «Нәзік бұлттар» автордың өз творчествосындағы елеулі қадамы деуге болады. Қазіргі туындыларда кейіпкердің өсу жолының бұралаң кезеңдері де қамтылады. Бізде айта қалғаңдай сом тұлғалы, ірі характерлер мол емес. Оның есесіне тағдыр, тарихы қызғылықты, табиғи ақиқат, қарапайым кейіпкер шоғыры қалың. Бұл - әдебиеттің кең қанат жайып, өсуінің нышаны. Алдағы кезде советтік тұрмыс қалпымыздың интеллектуалдық, моральдык тәжірибесін қорытып, көркемдік жинақтаулар жасайтын туындылар керек. Замандас тұлғасын әр қиядан көрсету ниеті тың әдеби жүрістерге жол ашып келеді. «Сенім» романындағы агроном Нұрлан шығарма аяғында жеңбейді, қайта жеңіледі. «Дала сырындағы» Қоспан ақ дүлей боранмен арпалысып көп малдан айрылады. Лениндік сыйлықтың лауреаты Ш.Айтматовтың «Қош, Гүлсарысында» колхозшы Танабай қанша азапты бейнеті, қалтқысыз қызметі ескерілмей, партиядан шығарылады... Бас қаһармандардың жеңілісі деген бұдан біраз жыл бұрын «қатерлі» шешім болып есептелер еді. Бүгінде олай емес. Мәселе орталық қаһарманның мүлде адаспайтындығында емес, оны еріксіз ашындыратын кедергі жагдайлардың әлі де өмірден орын тебуінде. Жақсылықтың жаршысы, кемшіліктің дұшпаны, жалқаудың, арамтамақтың жауы болған адамның қолдаушысы да, алдынан ор казушысы да табылуы анық. Әлгі қаскүнем күштер нағыз жақсы адамның өзін ретін тауып  сүріндіруі  өмірде бола береді.. Ендеше қателеспейтін қаһарман немесе түзелмейтін меңіреу кейіпкер ғана іздеу біржақтылық болар еді. Жағдай да, характер де типтік, шыншыл байланыстар арқылы берілгенде ғана ақиқат анық түспек. Шығармашылық еркіндіктің кеңеюі, қаламгердің жауапкершілігі, инициативасы артуы әр жазушының икеміне лайық келетін мәнер, стиль табуына мүмкіндік ашты. Әлі де болса қаламгерлеріміздің көркемдік жинақтаулары өз дәрежесінде емес екенін көреміз. Жекелеген тағдырлар тарихын зерттеуге де, айтуға да қабілетті қаламгерлер, адамдар арасындағы мол байланыстар, қарым-қатынастар диалектикасын еркін меңгере алған жоқ. Жаңа әлеуметтік тәжірибені қорытып, тың тұлғалар, соны ситуациялар іздеу абзал. Замана қаһарманын көре білу, өмір шытырманы арасынан оның келбетін айнытпай танитын қырағылық, жаңа критерийлер керек. 1968

Жазушы Ә.Нұршайықовтың «Ботакөз» атты повесі адамның сымбаты мен сыры арасындағы парықты сөз етеді. Шағын повесть. Бірақ мұнда адам өмірінің жанды елесі, шын сыры бар. Форма жағынан қазіргі әдебиетте жиі кездесетін тәсілмен (бұрынғы мен бүгінгіні кезектестіре әңгімелеу) кейіпкер атынан айтылған бас-аяғы бүп-бүтін, тартымды шығарма. Өмірдің өшпес әніндей әрі ескі, әрі жаңа мәселе махаббат жыры қысқа, тұжырымды сөз болады. Ол Еркеш деген жігіттің ертеде, бұдан жиырма жыл бұрын, студент кезінде бір қызға (өзі қойып алған аты Ботакөз) бірден құштар болып қыздан ықылас көрмесе де, жылдар бойы оны есінен шығармағаны, ақырында тәкаббар қыздың сәтсіз семья құрып, қасірет шеккенін естігені, жанашырлықпен және де толқығаны туралы хикая. Мінезі қарапайым, пейілі таза, бірақ ажарсыз жігіт Еркешті менсінбеген Ботакөз сұлу жігітті тапқан-ақ екен. Бірақ онысы маскүнем болып шығыпты. Ботакөз ақырында ажырап тыныпты. Ал Еркеш тату семья құрыпты, екі ұлы бар секілді... Сонымен бұл өзі астарлы мәні бар шығарма, қарапайым тереңдікке толы туынды. Мінез іздемей, түр таңдаған Ботакөз жағдайы анау, түрі күйкі болса да, ісі орнықты, адамгершіл Еркеш үйлі-баранды болыпты. Түсіне емес, ісіне қара - міне өмір философиясы. Әңгімелеуші кейіпкер - парасат адамы, сұлулықты, ізгілікті сүйе де, бағалай білетін биік ойлы адам. Мәңгілік тақырып сенімді, жылы жырланған. Ә.Нұршайықовтың «Әсем» деген повесінің пафосы да - адамның жақсару, жаңару қабілетіне зор сенімділікпен қарау мәселесі.

Адамгершілік, парыз мәселелері - Т.Жармағамбетовтың «Нәзік   бұлттар»   повесінің   де   идеялық   негізі.   Мұндағы кейіпкерлер        Теміржан,        Күнсая,        Ілиялар        нағыз замандастарымыз. Бұлардың да алдына қойған мақсаты ө өмірін ел өмірімен тағдырлас ету. Аталған қаһармандардь алғашқы екеуі студент те, соңғысы қызметкер. Мамандықтар да   (бірі   -   инженер,   екіншісі   -   музыкант,   үшіншісі кинооператор) басқа-басқа. Сонда да болса бұлардың өмірлік мұраттары өте жақын. Бұл - нысана бірліктен туған құбылыс.

Өзге бірсыпыра шығармадағыдай «Нәзік бұлттарда» да ауыл өмірі ерекше ілтипатпен, ықыласты көзбен, сүйіспеншілікпен суреттелген. Малшылардың қарапайым тіршілігі нақтылы әңгімеленеді. Сахараның табиғат көріністері әдемі түскен.

Авторлық аңсардың анықтығы мен адамгершілік мұраты шығарма бойына табиғи дарып, растық, көркемдік сонылық келбет әкелген. «Нәзік бұлттар» автордың өз творчествосындағы елеулі қадамы деуге болады.

Қазіргі туындыларда кейіпкердің өсу жолының бұралаң кезеңдері де қамтылады. Бізде айта қалғаңдай сом тұлғалы, ірі характерлер мол емес. Оның есесіне тағдыр, тарихы қызғылықты, табиғи ақиқат, қарапайым кейіпкер шоғыры қалың. Бұл - әдебиеттің кең қанат жайып, өсуінің нышаны. Алдағы кезде советтік тұрмыс қалпымыздың интеллектуалдық, моральдык тәжірибесін қорытып, көркемдік жинақтаулар жасайтын туындылар керек.

Замандас тұлғасын әр қиядан көрсету ниеті тың әдеби жүрістерге жол ашып келеді. «Сенім» романындағы агроном Нұрлан шығарма аяғында жеңбейді, қайта жеңіледі. «Дала сырындағы» Қоспан ақ дүлей боранмен арпалысып көп малдан айрылады. Лениндік сыйлықтың лауреаты Ш.Айтматовтың «Қош, Гүлсарысында» колхозшы Танабай қанша азапты бейнеті, қалтқысыз қызметі ескерілмей, партиядан шығарылады... Бас қаһармандардың жеңілісі деген бұдан біраз жыл бұрын «қатерлі» шешім болып есептелер еді. Бүгінде олай емес. Мәселе орталық қаһарманның мүлде адаспайтындығында емес, оны еріксіз ашындыратын кедергі жагдайлардың әлі де өмірден орын тебуінде. Жақсылықтың жаршысы, кемшіліктің дұшпаны, жалқаудың, арамтамақтың жауы болған адамның қолдаушысы да, алдынан ор казушысы да табылуы анық. Әлгі қаскүнем күштер нағыз жақсы адамның өзін ретін тауып  сүріндіруі  өмірде бола береді..

Ендеше қателеспейтін қаһарман немесе түзелмейтін меңіреу кейіпкер ғана іздеу біржақтылық болар еді. Жағдай да, характер де типтік, шыншыл байланыстар арқылы берілгенде ғана ақиқат анық түспек.

Шығармашылық еркіндіктің кеңеюі, қаламгердің жауапкершілігі, инициативасы артуы әр жазушының икеміне лайық келетін мәнер, стиль табуына мүмкіндік ашты.

Әлі де болса қаламгерлеріміздің көркемдік жинақтаулары өз дәрежесінде емес екенін көреміз. Жекелеген тағдырлар тарихын зерттеуге де, айтуға да қабілетті қаламгерлер, адамдар арасындағы мол байланыстар, қарым-қатынастар диалектикасын еркін меңгере алған жоқ. Жаңа әлеуметтік тәжірибені қорытып, тың тұлғалар, соны ситуациялар іздеу абзал. Замана қаһарманын көре білу, өмір шытырманы арасынан оның келбетін айнытпай танитын қырағылық, жаңа критерийлер керек.

1968

Ұқсас материалдар