Қандастар Ассамблея

Көңіл неге құлазиды?

19.11.2013 2776
 (Қаз-қалпында) …Ойда жоқ жердегі ұшырасу деп осындайды айтса керек. Троллейбус есігінің табалдырығында. Мен сыртқа шығып келе жатқам. Ентелеп ішке кірген ол күлімдеген қалпы кері түсті. Бір-бірімізді көрмегелі талай жыл. Шамасы, ширек ғасыр. Әй, қайдам одан да көптеу ме?! Заматында басыма жетіп келгені: “Дәл өзі. Аты кім еді, ә?..”. Түс әлеті. Алматының шіліңгір шілдесі жер-көкті шыжғырып тұр. Бір жақсысы, аялдамада жүргін­ші­лер аз. Самбырлай ілгері адым­даған жүзтаныс ағай адамдардың аяғынан шеткерірек оқшауланып барды да, қапсыра құшақтап, қо­лымды ұзақ қысып жібермеді. – Тура осы маңда жолықтырам деп кім ойлапты. Үш ұйықтасам түсіме кірмейтін жай. Халдарың қалай, айналайын. Бала-шаға аман-­ есен бе? Көрмегелі, кездеспегелі біраз болды-ау. Бір шаһарда тұр­сақ та жиырма жылдан астам уа­қыт жүздеспеу деген сұмдық қой. – Иә! Мына ТЮЗ-ге келгенмін, ертең болатын “Пай-пай, жас жұ­байларға!” билет ала салайын деген едім. – Таңырқай аңырған дидарынан жанарымды аудармаған қалпы. – Өзіңіздің денсаулығыңыз жақсы ма? Мен де сізді жоғалтып алып… Алаңдап жүруші ем… Жік-жапар боп, асты-үстіме түскен танысымның есімі есіме түссейші. “Бәке десем бе? Жоқ, Сәкең бе еді?..”. Шынымен-ақ ұмы­тыппын. Айдай анығы – ке­мінде алты-жеті жас үлкендігі бар. “Аға дей берейін. Қателеспеспін…”. – Жанат-ау, сен мені мүлдем ұмытып қалмаған шығарсың. Те­мір­ғали ағаңмын ғой. Қазір пенсиядамын. Заманның түзу кезінде ертерек ілініп кеттім емес пе. Күндіз-түні кемпірдің жанындамын, әй­теуір. Екі-үш немерем қолда… Әуелде үйде қол қусырып қарап отырмай, күзет-мүзетте тиіп-қашып жұмыс істеген болдым. Азын-аулақ зейнет­ақы шай-шақпыттан артылмайды. О жағын өзің де сезесің. Сөйткенмен жанды күткенге не жетсін. Кәні, бері қарай жүр. Егер асықпасаң, ана-у-у Аманкелдінің түбіне барып оты­райық. У-шудан алысырақта… Темірғали аға ылдым-жылдым жол бастаған. Сұңғақ бойы әжеп­тәуір шөгіңкі шалынған-ды. Томпақ бүйрек беті де суалыңқы. Баяғыдағы қозы қарыны, тіпті ішіне жабысып қалғандай. Әбден ағарған сақал-мұр­ты ғана бәз қалпында. Өңіне ерекше шырай беріп тұрар осы келтелеу, дөң­геленте қойылған сақал-мұр­ты болмаса, оны танымас та едім. Алғаш та­ныс­қанымда өте пысық, аса ұшқалақ, өркөкірек көрінген архитектор жі­гітті онша ұнатпағаным рас. Жалған желжуан ба деп те ойлағам. Жоқ. Келе-келе мен оны жыға тани бастадым. “Адам сөй­лескенше, жылқы кісі­нес­кенше”. Санкт-Петербургтегі Репин атын­да­ғы көркем-сурет академиясын бі­тіріп­ті. Казгипрогорда – жобалау институтында, жетекші архитек­тор­дың оң қолы көрінеді. Мұның бәрін кейінірек өз аузынан естіп, білдім. Айтпақшы қайда, қалай танысқа­нымды айтпаппын ғой. Сон-ау-у бір жылдары №12 қазақ орта мектебінің жанынан арнайы ашылған сурет үйірмесі іспетті изостудия жұмыс іс­тей бастады. Үйірмеден үлкендеу. Ал­дын-ала өткізілген байқаудан ірік­телген, сурет салуға икемі бар қабі­летті де, дарынды балалар қылқалам өнерінің қыры мен сырын меңгеруге құлшына кіріскен-ді. Сыннан сүрін­бей өткендер сапында әлгі архитек­тор­дың тұлымшағы желбіреген қызы да бар. Балғын суретшілердің ұзын саны – жиырмадан аспас. Осылар­дың арасына біздің ұл, кемпір-шалдың ауылдан келген тұңғыш неме­ресі, төр­тінші сыныпта оқитын Фараби де топ ете түскен. Дәріс жүргізе бас­таған Бей­сен ағаларының айтуына қараған­да: “Фарабидің қиялы бай, ойын түрлі-түсті бояулармен шебер жеткізе біледі. Ендігі жерде өздеріңіз жіті қадағалап, суретке қажетті керек-жа­рақтарын қымбатсынбай дер кезінде тауып беріңіздер. Бояу мен қа­рын­даш­тың түр-түрі, әрқилы фор­мат­тағы қатырма қағаз. Әп дегеннен тездетіп сатып алып беретін дүниелеріңіз – этюдник. Табылса даңғарадай үлкенін емес, шағындау орташалауын. Онсыз болмайды. Бі­раздан соң қала сыртына шығамыз. Табиғат аясында өткізіле­тін пленер сабақ­тарына этюдниксіз баруға болмайды”. Міне, қызық! Әлгі суретшілер мойындарына асып жүретін ағаш шабадан, яғни этюднигіңіз оңайлықпен қолға түспейтін дефицит боп шықты. Бүкіл Алматыда жоқ. Астанадан таппаған қат дүние Талдықорған мен Қызылордадан қайдан табыла қойсын. Атасы мен әжесіне, нағашыларына бізге білдірмей ұлдың өзі де хат жазып жіберіпті. Амал жоқ, Мәскеу мен Ленинградқа қатынаған тамыр-таныстарға тапсырып жүріп, бір шабаданға зорға дегенде қол жеткіз­геніміз бар… Осының бәрінен хабардар Темірғали аға өткен-кеткенді тәптіштеп сұрап жатыр, сұрап жатыр. – Балаларыңның бәрі аяқтанған болар. Фарабиің суретшілік жолын қуа алды ма? Өзің қайда жүрсің? Сол баяғы газетте ме? Ойлап отырсам соңғы кездес­кенімізге де ширек ғасырдан асыпты. – Біраз болды. Менің де шамалауымша жиырма жеті-жиырма сегіз жыл. Ұмытпасам, сіз бір жолыққанымызда Қарағандыға ма, әлде Жезқазғанға ма қызмет ауыстыратын ойыңызды айтқан секілдісіз. Со жаққа көшіп кеткен-ау деп жүрдім көпке шейін. Өмір – өзен. Біздің бастан да талай жайлар өтті ғой. Бір сүрініп, бір тұрып… Шүкір! Новосібір­ге офицерлік курсқа барам деп көзіме екі мәрте операция жасаттым. Әскери ко­мис­­сариаттың салдыр-салақтығынан. Шаш ал десе, бас алатын қызыл импе­рияның әпербақан қылығын менен гөрі өзіңіз жақсы білесіз. Дәрігерлік комиссия­дан өткізбей, табан астында, бір күннің ішінде Қазвоенкомат пен ЦК-ның тиісті бөлімі әлдебір шенеуніктің орнына айдап жіберді емес пе. Өз жайымды білетін мен әуелде жөн-жосығын айтып, бұлтақ­тап қарсылық білдіргеніме бұлар қара­мады. Құлақ асқысы келмеген «дөкей­лер» зіркілдесін. “Партноменклатурада тұрасыз, давай ендеше, қызыл билетіңіз­ді өткізіңіз!” деп қорқытты. О заманда артық-мартық қиқалақтау қайда-а? Партиядан шығарып, көзіңді көгертіп, тентіретіп жібереді. Бүгінгідей бостан дәуірдің қадірін бағалаған жөн… – Иә, қылышынан қан тамып тұрған кез екен ғой. Біз оны қайдан білейік. Советтік жымысқы әрекеттің, сұрқия саясаттың сергелдеңін бір кісідей-ақ кештім, – деді сәл мұңая төменшіктеген Темекең. Үнсіз аяғының ұшымен жер тырнағыштаған кейпі біраз отырған. Сонда ғана барып көз қиығым шалып қал­ды. Маңдайы шынжыр табан трак­тор­дың ізіндей, шимай-шимай. Сойдақ-сойдақ, тым терең әжімдер – тағдыр тауқыметінің таңбасындай көрінген. – Дұрыс айтасың, осы жерде ешқандай жобаларымды қабылдата алмадым. Домбыра бейнесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің макеті ұлтшыл атандырып, талай жерде таяқ жедім. Содан үлкен үміт жетектеп Жезқазғандағы жобалау институтына кеттім. Жаңа орта жатырқамай қарсы алды. Жанкештіліктің арқасында кеншілер сарайының жобасын өткізіп, архитектурадағы фантазиямды енді жү­зеге асырамын ба деп жүргенімде облыс тарап кетті. Сонымен бірге менің де ой-қиялымның шылпарасы шықты. Жақсы басталған ісім аяқталмай, орта жолда қалды. Алматыға қайтып оралдым. Әй­теуір, отбасымды қозғамаған едім. Әйт­песе, далада тентіреп қалатын түрім бар. Барлық жерде жаппай қысқарту. Бұрын­ғы жұмыс істеген жерімнің есігінен де сығалатпады. “Қайда барсаң – Қорқыт­тың көрі”. Өзіңе бәрі аян. «Ұлы держава» атанған кеңестің шаңырағы шайқал­ған елең-алаң тұста есеңгіреп қалдық емес пе. Нәпақа тауып отырған­дардың дені базар жағалап босып кетті. Өйтіп-бүйтіп ескі досым­ның күшімен бір мектепке сурет пәнінің мұғалімі боп орна­лас­тым. Әупірімдеп жүріп пен­сияға сол мектептен шықтым. Бірі­мізді-біріміз іздейтін шама болды ма, тіпті?! Енді-енді маңайымызға бажайлай қарай бастаған сықыл­дымыз. Е, өздерің қазір Астанада екенсіңдер ғой. Жақсы. Көңіл – көрген жерде. Орнында бар оңалар. Ең бастысы, заман тыныш бол­ғай… Бала-шаға­ның бақытына бө­ле­ніп, қызығын көрген жанда арман жоқ шығар, сірә?! Ол ұзақ сөйлеген. Ынты-шынтымен, бар ықыласымен әңгіме өрбіткен оның сөзін бөлмедім. Қатты байсал тартқандай. Сөзі де салмақты. Туған ел, туған жер, туған тіл, туған өнер төңірегінде шыр-пыры шығып, тамағы қар­лыққанша айтысып, пікірталас көрігін қайнататын бір кездегі намысшыл жігітті танымай қалға­ным жасырын емес. Тұла бойында нағыз қазақтың қаны ойнаған, өткір де отты жанарлары пәстеу. Бір кездегі ұлтшыл да, ұлтжанды Темірғалидың жұқанағы да аң­ғарылмайды. Қайта, керісінше. Бор­кемік. Күмілжі. Тұнжыр. Оның жүзіне қараған сайын көңі­лім құлази түсетіндей. Өршіл ру­хы­ның осыншалықты жаншылып қалға­нына қайранмын. – Балаларыңыз өз беттерінше бір-бір үй болған шығар, – дедім қылаусыз оймен. – Бауырым, бағанадан бері мыжып отырған жұмыс, қызмет дегендерің жәй әншейін нәрсе екен. Мына бізді жерге қаратып, тұрала­тып кеткен ұл-қыздарым­ның әре­кеттері мен қылықтарын ешқашан кешіре де, ақтай да алмаймын. Әйтеуір, қырық жыл отас­қан шүйкедей кемпірдің көңі­лі үшін бәріне де көндім. Әйт­песе… Бүйтіп қара бет боп жер басып жүрмес ем. Балаларыма жұрт қатарлы тәрбие, білім бердік. Шет жағасын өзің жақсы білесің. «Не ішем, не кием» дегізбей, ала­қаны­мызға салып, ша­ма-шарқы­мыз­ша аялап-ақ өсірген секілді едік. Өз­гелердің бойынан байқаған оғаш мінездерге шыдамай күйіп-пісетін жаман ағаңның қазіргі халін еш­кім­нің басына бермесін. Дұшпа­ныма тілемеймін, қарағым. Балаларым үмітімді ақтамады. Әл­гі су­ретші бола ма деген үлкен қы­зым инязда оқып жүріп, бір негр­ге күйеуге шығып кетті. Алжир ме, Ангола ма? Шешесі көрген сықыл­ды, бірге оқыпты-мыс. Үйге жолатпай жібердім. “Шіріген бір жұ­мыртқа”. Онысы аз дегендей кенже еркеміз қыз құрып кеткендей, кә­ріс­ке үй­ленді емес пе?! Мына іргедегі Үш­төбенің кәрісі. Анасы неміс кө­рі­неді. Өз қолыңды өзің кесе ал­майсың. Біраз жыл араласпа­дық. Ағайын-туыстың, жақын-жұ­ра­­ғат­­тың бетіне қарай алмай қалдық. Елге күліп, елді сөгіп отырушы едім бұрынырақта. Бәрі бекер екен. Не өлі, не тірі емес күй кешіп жүр­ге­німізде, ортаншы ұл өзіміздің қара­көзге үйленді. Қазір екі не­ме­реміз бар. Құда-құдағиымыз көрші подьезден боп шықты. Құ­дайдың мұнысына да тәубе! – Соңғы уәжі кекесіндеу, кекірек естілген. – Солай, бауырым. Біздің жағдай осы. Несіне бүгежектейін, несіне жасырайын. Басқа салғанды көреді екен­сің. Іштей егілесің, езілесің. Дәрмен жоқ. Тек сасық намыс жібермейді. Шыдаймыз да… – ? .. Ләм-мим ауыз ашпадым. Не де­мекпін? Қалың тұманды сейілткен де Тем­кеңнің өзі. Күңгірт көңілді сәулелендірген сөздері құлақ түбінде жаңғырады. – Өмірдің сыйлар қызығы мен шыжығы көп-ақ. Көру керек, көну керек. Күйеу баламыз – негр, ке­лі­німіз – кәріс, ал құдағиымыз – неміс, біздің алдымызда тағы не күтіп тұр­ғанын бір Алладан басқа ешкім біл­мейді. Тағдыр амандықпен жолық­тырсын әрдайым. Біз бір-бірімізді қимай қоштастық. Көңіл құлазытқан күтпеген кез­десудің шырмауынан арыла алмаған мен ежелгі танысымды көз ұшымен ұзатып салдым. Жүрегім алай-дү­лей… Жанат ЕЛШІБЕК

 (Қаз-қалпында)

…Ойда жоқ жердегі ұшырасу деп осындайды айтса керек. Троллейбус есігінің табалдырығында. Мен сыртқа шығып келе жатқам. Ентелеп ішке кірген ол күлімдеген қалпы кері түсті. Бір-бірімізді көрмегелі талай жыл. Шамасы, ширек ғасыр. Әй, қайдам одан да көптеу ме?! Заматында басыма жетіп келгені: “Дәл өзі. Аты кім еді, ә?..”.

Түс әлеті. Алматының шіліңгір шілдесі жер-көкті шыжғырып тұр. Бір жақсысы, аялдамада жүргін­ші­лер аз. Самбырлай ілгері адым­даған жүзтаныс ағай адамдардың аяғынан шеткерірек оқшауланып барды да, қапсыра құшақтап, қо­лымды ұзақ қысып жібермеді.

– Тура осы маңда жолықтырам деп кім ойлапты. Үш ұйықтасам түсіме кірмейтін жай. Халдарың қалай, айналайын. Бала-шаға аман-­ есен бе? Көрмегелі, кездеспегелі біраз болды-ау. Бір шаһарда тұр­сақ та жиырма жылдан астам уа­қыт жүздеспеу деген сұмдық қой.

– Иә! Мына ТЮЗ-ге келгенмін, ертең болатын “Пай-пай, жас жұ­байларға!” билет ала салайын деген едім. – Таңырқай аңырған дидарынан жанарымды аудармаған қалпы. – Өзіңіздің денсаулығыңыз жақсы ма? Мен де сізді жоғалтып алып… Алаңдап жүруші ем…

Жік-жапар боп, асты-үстіме түскен танысымның есімі есіме түссейші. “Бәке десем бе? Жоқ, Сәкең бе еді?..”. Шынымен-ақ ұмы­тыппын. Айдай анығы – ке­мінде алты-жеті жас үлкендігі бар. “Аға дей берейін. Қателеспеспін…”.

– Жанат-ау, сен мені мүлдем ұмытып қалмаған шығарсың. Те­мір­ғали ағаңмын ғой. Қазір пенсиядамын. Заманның түзу кезінде ертерек ілініп кеттім емес пе. Күндіз-түні кемпірдің жанындамын, әй­теуір. Екі-үш немерем қолда… Әуелде үйде қол қусырып қарап отырмай, күзет-мүзетте тиіп-қашып жұмыс істеген болдым. Азын-аулақ зейнет­ақы шай-шақпыттан артылмайды. О жағын өзің де сезесің. Сөйткенмен жанды күткенге не жетсін. Кәні, бері қарай жүр. Егер асықпасаң, ана-у-у Аманкелдінің түбіне барып оты­райық. У-шудан алысырақта…

Темірғали аға ылдым-жылдым жол бастаған. Сұңғақ бойы әжеп­тәуір шөгіңкі шалынған-ды. Томпақ бүйрек беті де суалыңқы. Баяғыдағы қозы қарыны, тіпті ішіне жабысып қалғандай. Әбден ағарған сақал-мұр­ты ғана бәз қалпында. Өңіне ерекше шырай беріп тұрар осы келтелеу, дөң­геленте қойылған сақал-мұр­ты болмаса, оны танымас та едім. Алғаш та­ныс­қанымда өте пысық, аса ұшқалақ, өркөкірек көрінген архитектор жі­гітті онша ұнатпағаным рас. Жалған желжуан ба деп те ойлағам. Жоқ. Келе-келе мен оны жыға тани бастадым. “Адам сөй­лескенше, жылқы кісі­нес­кенше”. Санкт-Петербургтегі Репин атын­да­ғы көркем-сурет академиясын бі­тіріп­ті. Казгипрогорда – жобалау институтында, жетекші архитек­тор­дың оң қолы көрінеді. Мұның бәрін кейінірек өз аузынан естіп, білдім. Айтпақшы қайда, қалай танысқа­нымды айтпаппын ғой. Сон-ау-у бір жылдары №12 қазақ орта мектебінің жанынан арнайы ашылған сурет үйірмесі іспетті изостудия жұмыс іс­тей бастады. Үйірмеден үлкендеу. Ал­дын-ала өткізілген байқаудан ірік­телген, сурет салуға икемі бар қабі­летті де, дарынды балалар қылқалам өнерінің қыры мен сырын меңгеруге құлшына кіріскен-ді. Сыннан сүрін­бей өткендер сапында әлгі архитек­тор­дың тұлымшағы желбіреген қызы да бар. Балғын суретшілердің ұзын саны – жиырмадан аспас. Осылар­дың арасына біздің ұл, кемпір-шалдың ауылдан келген тұңғыш неме­ресі, төр­тінші сыныпта оқитын Фараби де топ ете түскен. Дәріс жүргізе бас­таған Бей­сен ағаларының айтуына қараған­да: “Фарабидің қиялы бай, ойын түрлі-түсті бояулармен шебер жеткізе біледі. Ендігі жерде өздеріңіз жіті қадағалап, суретке қажетті керек-жа­рақтарын қымбатсынбай дер кезінде тауып беріңіздер. Бояу мен қа­рын­даш­тың түр-түрі, әрқилы фор­мат­тағы қатырма қағаз. Әп дегеннен тездетіп сатып алып беретін дүниелеріңіз – этюдник. Табылса даңғарадай үлкенін емес, шағындау орташалауын. Онсыз болмайды. Бі­раздан соң қала сыртына шығамыз. Табиғат аясында өткізіле­тін пленер сабақ­тарына этюдниксіз баруға болмайды”.

Міне, қызық! Әлгі суретшілер мойындарына асып жүретін ағаш шабадан, яғни этюднигіңіз оңайлықпен қолға түспейтін дефицит боп шықты. Бүкіл Алматыда жоқ. Астанадан таппаған қат дүние Талдықорған мен Қызылордадан қайдан табыла қойсын. Атасы мен әжесіне, нағашыларына бізге білдірмей ұлдың өзі де хат жазып жіберіпті. Амал жоқ, Мәскеу мен Ленинградқа қатынаған тамыр-таныстарға тапсырып жүріп, бір шабаданға зорға дегенде қол жеткіз­геніміз бар…

Осының бәрінен хабардар Темірғали аға өткен-кеткенді тәптіштеп сұрап жатыр, сұрап жатыр.

– Балаларыңның бәрі аяқтанған болар. Фарабиің суретшілік жолын қуа алды ма? Өзің қайда жүрсің? Сол баяғы газетте ме? Ойлап отырсам соңғы кездес­кенімізге де ширек ғасырдан асыпты.

– Біраз болды. Менің де шамалауымша жиырма жеті-жиырма сегіз жыл. Ұмытпасам, сіз бір жолыққанымызда Қарағандыға ма, әлде Жезқазғанға ма қызмет ауыстыратын ойыңызды айтқан секілдісіз. Со жаққа көшіп кеткен-ау деп жүрдім көпке шейін. Өмір – өзен. Біздің бастан да талай жайлар өтті ғой. Бір сүрініп, бір тұрып… Шүкір! Новосібір­ге офицерлік курсқа барам деп көзіме екі мәрте операция жасаттым. Әскери ко­мис­­сариаттың салдыр-салақтығынан. Шаш ал десе, бас алатын қызыл импе­рияның әпербақан қылығын менен гөрі өзіңіз жақсы білесіз. Дәрігерлік комиссия­дан өткізбей, табан астында, бір күннің ішінде Қазвоенкомат пен ЦК-ның тиісті бөлімі әлдебір шенеуніктің орнына айдап жіберді емес пе. Өз жайымды білетін мен әуелде жөн-жосығын айтып, бұлтақ­тап қарсылық білдіргеніме бұлар қара­мады. Құлақ асқысы келмеген «дөкей­лер» зіркілдесін. “Партноменклатурада тұрасыз, давай ендеше, қызыл билетіңіз­ді өткізіңіз!” деп қорқытты. О заманда артық-мартық қиқалақтау қайда-а? Партиядан шығарып, көзіңді көгертіп, тентіретіп жібереді. Бүгінгідей бостан дәуірдің қадірін бағалаған жөн…

– Иә, қылышынан қан тамып тұрған кез екен ғой. Біз оны қайдан білейік. Советтік жымысқы әрекеттің, сұрқия саясаттың сергелдеңін бір кісідей-ақ кештім, – деді сәл мұңая төменшіктеген Темекең. Үнсіз аяғының ұшымен жер тырнағыштаған кейпі біраз отырған. Сонда ғана барып көз қиығым шалып қал­ды. Маңдайы шынжыр табан трак­тор­дың ізіндей, шимай-шимай. Сойдақ-сойдақ, тым терең әжімдер – тағдыр тауқыметінің таңбасындай көрінген. – Дұрыс айтасың, осы жерде ешқандай жобаларымды қабылдата алмадым. Домбыра бейнесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің макеті ұлтшыл атандырып, талай жерде таяқ жедім. Содан үлкен үміт жетектеп Жезқазғандағы жобалау институтына кеттім. Жаңа орта жатырқамай қарсы алды. Жанкештіліктің арқасында кеншілер сарайының жобасын өткізіп, архитектурадағы фантазиямды енді жү­зеге асырамын ба деп жүргенімде облыс тарап кетті. Сонымен бірге менің де ой-қиялымның шылпарасы шықты. Жақсы басталған ісім аяқталмай, орта жолда қалды. Алматыға қайтып оралдым. Әй­теуір, отбасымды қозғамаған едім. Әйт­песе, далада тентіреп қалатын түрім бар. Барлық жерде жаппай қысқарту. Бұрын­ғы жұмыс істеген жерімнің есігінен де сығалатпады. “Қайда барсаң – Қорқыт­тың көрі”. Өзіңе бәрі аян. «Ұлы держава» атанған кеңестің шаңырағы шайқал­ған елең-алаң тұста есеңгіреп қалдық емес пе. Нәпақа тауып отырған­дардың дені базар жағалап босып кетті. Өйтіп-бүйтіп ескі досым­ның күшімен бір мектепке сурет пәнінің мұғалімі боп орна­лас­тым. Әупірімдеп жүріп пен­сияға сол мектептен шықтым. Бірі­мізді-біріміз іздейтін шама болды ма, тіпті?! Енді-енді маңайымызға бажайлай қарай бастаған сықыл­дымыз. Е, өздерің қазір Астанада екенсіңдер ғой. Жақсы. Көңіл – көрген жерде. Орнында бар оңалар. Ең бастысы, заман тыныш бол­ғай… Бала-шаға­ның бақытына бө­ле­ніп, қызығын көрген жанда арман жоқ шығар, сірә?!

Ол ұзақ сөйлеген. Ынты-шынтымен, бар ықыласымен әңгіме өрбіткен оның сөзін бөлмедім. Қатты байсал тартқандай. Сөзі де салмақты. Туған ел, туған жер, туған тіл, туған өнер төңірегінде шыр-пыры шығып, тамағы қар­лыққанша айтысып, пікірталас көрігін қайнататын бір кездегі намысшыл жігітті танымай қалға­ным жасырын емес. Тұла бойында нағыз қазақтың қаны ойнаған, өткір де отты жанарлары пәстеу. Бір кездегі ұлтшыл да, ұлтжанды Темірғалидың жұқанағы да аң­ғарылмайды. Қайта, керісінше. Бор­кемік. Күмілжі. Тұнжыр. Оның жүзіне қараған сайын көңі­лім құлази түсетіндей. Өршіл ру­хы­ның осыншалықты жаншылып қалға­нына қайранмын.

– Балаларыңыз өз беттерінше бір-бір үй болған шығар, – дедім қылаусыз оймен.

– Бауырым, бағанадан бері мыжып отырған жұмыс, қызмет дегендерің жәй әншейін нәрсе екен. Мына бізді жерге қаратып, тұрала­тып кеткен ұл-қыздарым­ның әре­кеттері мен қылықтарын ешқашан кешіре де, ақтай да алмаймын. Әйтеуір, қырық жыл отас­қан шүйкедей кемпірдің көңі­лі үшін бәріне де көндім. Әйт­песе… Бүйтіп қара бет боп жер басып жүрмес ем. Балаларыма жұрт қатарлы тәрбие, білім бердік. Шет жағасын өзің жақсы білесің. «Не ішем, не кием» дегізбей, ала­қаны­мызға салып, ша­ма-шарқы­мыз­ша аялап-ақ өсірген секілді едік. Өз­гелердің бойынан байқаған оғаш мінездерге шыдамай күйіп-пісетін жаман ағаңның қазіргі халін еш­кім­нің басына бермесін. Дұшпа­ныма тілемеймін, қарағым. Балаларым үмітімді ақтамады. Әл­гі су­ретші бола ма деген үлкен қы­зым инязда оқып жүріп, бір негр­ге күйеуге шығып кетті. Алжир ме, Ангола ма? Шешесі көрген сықыл­ды, бірге оқыпты-мыс. Үйге жолатпай жібердім. “Шіріген бір жұ­мыртқа”. Онысы аз дегендей кенже еркеміз қыз құрып кеткендей, кә­ріс­ке үй­ленді емес пе?! Мына іргедегі Үш­төбенің кәрісі. Анасы неміс кө­рі­неді. Өз қолыңды өзің кесе ал­майсың. Біраз жыл араласпа­дық. Ағайын-туыстың, жақын-жұ­ра­­ғат­­тың бетіне қарай алмай қалдық. Елге күліп, елді сөгіп отырушы едім бұрынырақта. Бәрі бекер екен. Не өлі, не тірі емес күй кешіп жүр­ге­німізде, ортаншы ұл өзіміздің қара­көзге үйленді. Қазір екі не­ме­реміз бар. Құда-құдағиымыз көрші подьезден боп шықты. Құ­дайдың мұнысына да тәубе! – Соңғы уәжі кекесіндеу, кекірек естілген. – Солай, бауырым. Біздің жағдай осы. Несіне бүгежектейін, несіне жасырайын. Басқа салғанды көреді екен­сің. Іштей егілесің, езілесің. Дәрмен жоқ. Тек сасық намыс жібермейді. Шыдаймыз да…

– ? ..

Ләм-мим ауыз ашпадым. Не де­мекпін?

Қалың тұманды сейілткен де Тем­кеңнің өзі. Күңгірт көңілді сәулелендірген сөздері құлақ түбінде жаңғырады.

– Өмірдің сыйлар қызығы мен шыжығы көп-ақ. Көру керек, көну керек. Күйеу баламыз – негр, ке­лі­німіз – кәріс, ал құдағиымыз – неміс, біздің алдымызда тағы не күтіп тұр­ғанын бір Алладан басқа ешкім біл­мейді. Тағдыр амандықпен жолық­тырсын әрдайым.

Біз бір-бірімізді қимай қоштастық.

Көңіл құлазытқан күтпеген кез­десудің шырмауынан арыла алмаған мен ежелгі танысымды көз ұшымен ұзатып салдым. Жүрегім алай-дү­лей…

Жанат ЕЛШІБЕК

Ұқсас материалдар