Қандастар Ассамблея

Орыс әдебиетінің мақтанышы

19.11.2013 3877
Атағы әлемге жайылған орыс әдебиеті классиктерінің даңқты қатарында ұлы суреткер Иван Сергвевич Тургенев лайықты орын алады. Тургенев творчествосы заманындағы орыстың озық адамдарының ізденісі мен мұратының көркем шеларесі деп бекер айтылмаған. Әдебиет сүйетін қауым жазушының тамаша туындылары: «Аңшының әңгімесін», «Рудинді», «Дворян ұясын», «Қарсаңданы», «Әкелер мен балаларды», «Алғашқы махаббатты» жақсы біледі. Осылардың әрқайсысында автор заманының ең ділгір, көкейкесті проблемаларын көтерді, өшпес әсерлі адам тұлғаларын жасады. Сөйтіп ол өзінің шығармаларымен орыс халқының оянуына, жер жүзінің ерте мәдениеттенген халықтары қатарына қосылуыңа үлес қосты. Суреткердің әрбір туындысы жүрек қанымен жазылған. Олардан туған елін шын сүйген асыл азаматтың, терең парасат, үлкен сезім иесінің ыстық лебізін, жанашыр тілегін көреміз. Сондықтан да Тургеневтің әрбір шығармасын өз замандастары, әсіресе, ілгерішіл, адал ниетті қауым қызу қарсы алып, жылы тілек білдіріп отырған. Әлбетте, ақиқатты анық етіп айтқан, қоғамның қалың қайшылықтарын аша білген шығармаларды үстем қауым өкілдері онша ұната қоймайтын. Сондықтан да олар суреткердің соңына түсіп, көп қуғынға ұшыратқан. Соған қарамастан, Тургенев халқына деген сүйіспеншілігін, перзенттік адалдығын өзінің ғажайып шығармаларымен дәлелдей білді; отанында жүрсе де, шет елдерде өмір кешсе де, оның барлық ниеті Россия мүддесіне, елінің келешегіне арналған еді. Жазушы ес біліп, ержеткен дәуірде крепостнойлық правоның құрсауы шаруалардың мойнынан түсе қоймаған еді. Орыс еңбекшілері теңсіздік пен еріксіздіктің тұңғиығында тұрған болатын. Болашақ суреткер жасынан осы сұмдық кесапатқа өш болып өседі. Халық қалай етсе азат болады деген сауалға ерте жауап іздейді. И.С.Тургеневтің алғашқы шығармаларынан бастап соңғы гуі.дыларына дейін қашан да халық өмірінің ең зәру Мөселелерін көтеріп отыруы кездейсоқ көрініс емес. Туған Кділқі.іның  басындағы   зілдей   ауыртпалықты  көзбен   көріп, жүрекпен сезген жазушы сол сорақылықтың түп-тамырын ашып көрсетуді көздейді. Езілген еңбекшінің бойынан тамаша қасиеттер тауып, соны жарқырата суреттейді. Бүған оның алғашқы әңгімелері дәлел. «Аңшының әңгімесі» деп аталған новеллалар дестесінен шаруалар тіршілігінің сан қилы шыншыл көріністерін кездестіреміз. «Аңшының әңгімесі», үстірт қарағанда, шаруалар өмірінің күнделікті күйкі құбылыстарын баяндайтын сияқты көрінгенімен, талай-талай ақиқатты түбірінен қопарған тың сипатты, демократияшыл туындылар еді. Бұл әңгімелер орыс әдебиетіне жаңа тыныс, соны серпін әкелгендей болды. Ешбір әсірелеусіз, әрі көркем поэзияға бөленіп жазылған шаруалар тарихы мен тағдыры бүкіл оқушы қауымға зор жаңалықтай елестеді. Тургеневтің алғашқы әңгімелер топтамдарының ілгерішіл әдеби сыннан бірден жақсы баға алу себебі де осыдан. Суреткердің орыс өмірін және табиғатын терен сезінетін ерекше талантын әдеби қауым анық таныды. Мәселен, жазушы Гончаров Тургеневтің деревня тіршілігін бейнелеуге шеберлігін оның өскен ортасы мен алған тәрбиесіне байланыстырып қараган. Өзге орыс жазушылары секілді Тургеневтің суреткер ретінде қалыптасуына, дүниетанымының бекуіне үлы сыншы Белинскийдің және өзге озық замандастардың күшті ықпалы болған. Сол дәуірдегі орыстың озық ойын таратқан «Современник» журналына жақын түруы, журнал шығарушылармен көп уақыттар бойы қарым-қатынаста болуы оның суреткерлік сапарында елеулі роль атқарған. Автор «Аңшының әңгімесін» жазумен қатар драматургиямен де айналысады. Ол әлеуметтік теңсіздіктін тәлкегі - кішкентай адамдардың аянышты тағдырын сөз етеді Бұған «Масыл», «Бойдақ» секілді комедиялары, «Деревнядағь: бір ай» деген драмасы дәлел. Соңғы шығармасында ол қарапайым қауым арасынан шыққан зиялы адамның бақытты өмір үшін күресін көрсетеді. Драматургиялык туындыларында да Тургенев Россия шындығының типтік қайшылығын таба біледі. Бұдан кейінгі жылдарда Тургенев роман жазуға ойысты. Бұл жанр өмірдің қат-қабат ақиқатын кең де, терең көрсетуге қолайлы, болмысты неғұрлым толығырақ танытатын ұтымды жанр еді. Суреткер бұдан былай кеудесін кернеген ойларын, шешім іздеген сұрауларын роман арқылы білдіруді көздейді. Бірінің соңынан бірінің ізін суытпай романдар жариялайды. Соның алғашқы көрінісі - «Рудин» (1856). Мұнда автор алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерінің қызғылықты тұлғасын бейнелеуді көздеген. Романның орталық қаһарманы - Рудин ақылды да алғыр, сезімтал да зерек, жақсылыққа, биік мұраттарға құштар. Ол адам өмірінің асыл мақсатқа жұмсалуын, ясер бетінде ақылға, парасатқа негізделген тәртіп орнауын арман етеді. Бірақ, ол әлі де нағыз жігерлі, жүйелі істің адамы емес, әрекетінен армандауы басым жан. Өмір кедергілері, кездейсоқ бөгесіндер оны оңай сүріндіреді. Ол сүйген қызы - Наталья Ласунскаядан шешесінің қарсылығына бола күдер үзеді. Қиындықпен күреспеу, өмір дауылы алдында жапырақша шайқалуы оның басындағы қайшылығы. Дегенмен Рудин - оқушыға терең әсер еткен, жақсы мақсаттарға үндеген, болмыстың көп міндерін сынауға үйреткен тағылымды тұлға. Бұл тұлға жөнінде Максим Горький: «Уақыттың әмбе жағдайын - үкіметтің езгісін де, қоғамдық ойдың дәрменсіздігін де, шаруалардың көбінде өз міндетін түсіну санасы жетілмегенін де еске алсақ, қиялшыл Рудиннің кезінде тәжірибелі қайраткерден гөрі пайдалырақ болғанын мойындаймыз. Қиялшыл Рудин революциялық идеялардың насихатшысы, болмыстың сыншысы болды...», -дегені белгілі. Романда жан-жақты сыпатталған тамаша тұлғалардың бірі - Наталья Ласунская тұлғасы. Терең сүйе білетін, уәдеге берік, алдына нұрлы мақсат қойған әйел бейнесін жасай алуы - суреткердің зор табысы. Шығарманың акырында Рудинді Париж баррикадасында күрескерлер арасында көреміз. Бұл кездейсоқ шешім болмауға тиіс. Автор Рудиннің бойында революциялық жігер мол екендігін, оның алған бетінен қайтпайтын табандылығын баса көрсетпек болған. Тургенев көп жылдарын шет елдерде өткізді. Оның асқан әнші әйел Полина Виардоға ғашықтығы өмірінің ақырына дейін үзілмеген. Көп шығармаларында шын махаббат іңкәрлігін табиғи суреттеуі автордың өзі де терең тебіреніп, сұлу бақытты, мөлдір сәттерді басынан кешіруіне қатты байланысты. Тургенев шығармаларында махаббат дүниедегі ең әсем, ардақты құбылыс, өмірдің қайталанбас, баға жетпес қымбат сыйлығы есебінде көтеріңкі бейнеленеді. Сол арқылы жазушы өз оқушыларын жақсы сезімге, таза құштарлыққа, махаббат құдіретін қастерлеуге шақырады. Суреткердің шығармаларында, қаһармандардың ғашықтық хикаяларына аса көп орын бөлінуі сондықтан. Орыс әдебиетінің әрбір жақсы табысын шет елдерде насихаттауға көп қайрат жұмсауы Тургеневтің отаншылдығын дәлелдей түседі. Ол кейбір шығармаларды тікелей өзі аударған, қайсыбіреулерін тэржімашылар назарына ұсынып отырған. Әсіресе Тургеневтің Флобер, Золя, Мопассан секілді француздың ұлы суреткерлерімен жақын қарым-қатынаста болуы оның өз творчествосының жетілуі үшін де, орыс әдебиетінің озық үлгілерін Европаға таныстыру үшін де пайдалы болған. И.С.Тургенев көптеген әңгімелердің, повестердің, пьесалардың, романдардың авторы дедік. Бұл жанрлардын қай-қайсысының да кемелденуіне оның қосқан үлесі үлкен. Сонда да болса суреткердің даңқын арттырған - онын романдары. Жазушының романдарында окушыны терен ойларға батыратын, өз дәуірі үшін соны сөз болып табылатын ілгерішіл идеялар, асқақ армандар мол. Тургенев шығармаларының қаһармандары ешкімге ұқсамайтын даралығымен, әрі типтік жинақтаушылық қасиетімен ерекшеленеді. Көлемі жағынан онша қалың болып келмесе де. Тургенев   романдары   өмірдің   ең   бір   түйінді   тұстарын қозғайды, характерлерді мінез сыналатын асуларда, тосуларда көрсетеді. Жазушы психологиялық суреттеу тереңдігін баяндау шеберлігімен ұштастыра білген. Қаһарман өмірінің ең жауапты кезеңін таба білу, коршаған ортаның типтік суретін салу, сараң штрихтармен дәл белгісін түсіру, әлеуметтік типтің ерекшелігін ашу - Тургеневтің өзіндік зор ұсталық танытқан тұстары осылар. Адамның жан толғаныстарына табиғат құбылысын сәйкестендіріп көрсету - оның ұдайы ұстанған тәсілі. Тургенев шығармаларынан орыс жері табиғатының неше алуан қайталанбас көріністерін табамыз. Бұл туған ел табиғатын ерекше сүйе білуден, оның тартымды құбылыстарына ынтық іңкәрліктен туған қасиет еді. Мысалы, «Ася» деген повесінде жазушы күн батудың алды мен алғашқы караңғылық түскен қысқа ғана уакыттың ішіндегі табиғат құбылысын үш дүркін қайталап, құлпыртып суреттегені есімізге тұседі. Тургеневтің қаламынан табиғат құбылыстары жанды бейнедей көркейіп, ерекше қырларымен, сан сырларымен қайталанып, жаңғырып, жақсарып көрінеді. Оның пейзаж жасауға шеберлігі орыс қаламгерлерінің неше кауымына үлгілікке жараған. Орыс тілінің тазасы мен тартымдысын берген жазушылардың озық қатарында да Тургеневтің есімі жүреді. Жазушы өзінің әрбір романында қоғам өмірінің жаңа тыңдарын, маңызды проблемаларын көтеруді көздеген. Ол «Дворян ұясы» (1858) романында адамдар алдындағы бақыт пен парыз проблемасын күн тәртібіне қойды. Бұл - биік поэзияға, терең мұңға, тіл жеткісіз тәтті арманға толы шығарма... Романның орталық қаһарманы - Лаврецкий заманының үлгілі адамдарының бірі болып танылды. Мұның да асқақ ойы, өршіл мақсаты бар. Ол - жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделерді де қатар ойлай білетін адам. Лаврецкийдің әрбір сөзі мен ісі, іштей терең толғаныстары осыған айғақ. Сонда да болса ол үлкен бақытқа жете алмайды. Оның   сүйген   қызы   Лиза   Калитина   діни   нанымдардың кесіршен монастырге түсш, ғашығын қасіретке душар етеді. Лаврецкий қанша білгір, парасатты бола тұрса да, Лизаның қатерлі шешіміне қарсы тұрарлық айла-амал таба алмайды. Бұл оның бойындағы қайшылығы секілді. Қалай болған күнде де жазушы бұл романында өмірдің және бір қиын проблемасын батыл көтеріп, оқушы ойын қанағат-тандырарлық тың шешім тапқан. Кезінде жұртшылықтың ілтипатына ілініп, көп қызу талқыға түскен шығарманың бірі - Тургеневтің «Қарсаңда» (1859) романы. Автор мұнда әрекетшіл қаһарман тұлғасын бейнелеуді әдейі мақсат еткенін өзі де мойындаған. Шығарма қаһарманы - болгар революционері Инсаров - өз отанын жат елдіктер езгісінен құтқаруды арман етеді. Осы биік арман, мақсаттың беріктігі, көздеген нысанаға жету жолындағы табанды әрекеті оның бойын ерекше тұлғаландырады. Айналасына жақсы қылығымен, алғыр ақылымен, білімділігімен танылған тамаша сұлу Елена Стахованы Инсаровқа іңкәр еттірген бас себеп осы. Елена Стахова тек Тургенев творчествосындағы ғана емес, бүкіл классикалык орыс әдебиетіндегі айтулы, тартымды тұлғалардың бірі. Сұлу, сыпайы, әдепті Еленаны сүюшілер көп. Оған скульптор Шубин де, болашақ ғалым Берсенев те құмартады. Бұл екеуі де қатарынан озып тұрған ақыл, қайрат иелері, ұнамды жандар. Бірақ Инсаровтағыдай өр мақсат, ерекше ерлік бұлардың бойында жоқ. Ақырында Инсаров өзінің туған елін азат ету жолында опат болады. Елена сүйгенінің өмірлік мүддесін әрі қарай жалғастыра түсуге бел байлап, берік шешімге келеді. Инсаров та, Елена да кезінде оқушы жұртшылыққа үлкен әсер етіп, жақсы үлгіге жараған тұлғалар. Тургеневтің бұл романы жөнінде талай талдау мақалалар да жазылған. Соның ішінде Добролюбовтің «Нағыз күн қашан туар екен?» деген мақаласы өзінің пікір тереңдігімен, жалын-ды пафосымен айрықша көз тартады. Бұл мақаласында ұлы сыншы өз дәуіріндегі орыс өмірінің әлеуметтік сырларына кең талдау жасап, маңызды қорытындыларға келеді. Ол Россия өмірін жаңарту үшін қажырлы, қайратты күрескерлер керек екендігін ашық айтады. Инсаров секілді қаһармандар орыс арасынан да шығатындығына сенім білдіреді.  

Атағы әлемге жайылған орыс әдебиеті классиктерінің даңқты қатарында ұлы суреткер Иван Сергвевич Тургенев лайықты орын алады. Тургенев творчествосы заманындағы орыстың озық адамдарының ізденісі мен мұратының көркем шеларесі деп бекер айтылмаған. Әдебиет сүйетін қауым жазушының тамаша туындылары: «Аңшының әңгімесін», «Рудинді», «Дворян ұясын», «Қарсаңданы», «Әкелер мен балаларды», «Алғашқы махаббатты» жақсы біледі. Осылардың әрқайсысында автор заманының ең ділгір, көкейкесті проблемаларын көтерді, өшпес әсерлі адам тұлғаларын жасады. Сөйтіп ол өзінің шығармаларымен орыс халқының оянуына, жер жүзінің ерте мәдениеттенген халықтары қатарына қосылуыңа үлес қосты. Суреткердің әрбір туындысы жүрек қанымен жазылған. Олардан туған елін шын сүйген асыл азаматтың, терең парасат, үлкен сезім иесінің ыстық лебізін, жанашыр тілегін көреміз. Сондықтан да Тургеневтің әрбір шығармасын өз замандастары, әсіресе, ілгерішіл, адал ниетті қауым қызу қарсы алып, жылы тілек білдіріп отырған. Әлбетте, ақиқатты анық етіп айтқан, қоғамның қалың қайшылықтарын аша білген шығармаларды үстем қауым өкілдері онша ұната қоймайтын. Сондықтан да олар суреткердің соңына түсіп, көп қуғынға ұшыратқан. Соған қарамастан, Тургенев халқына деген сүйіспеншілігін, перзенттік адалдығын өзінің ғажайып шығармаларымен дәлелдей білді; отанында жүрсе де, шет елдерде өмір кешсе де, оның барлық ниеті Россия мүддесіне, елінің келешегіне арналған еді.

Жазушы ес біліп, ержеткен дәуірде крепостнойлық правоның құрсауы шаруалардың мойнынан түсе қоймаған еді. Орыс еңбекшілері теңсіздік пен еріксіздіктің тұңғиығында тұрған болатын. Болашақ суреткер жасынан осы сұмдық кесапатқа өш болып өседі. Халық қалай етсе азат болады деген сауалға ерте жауап іздейді.

И.С.Тургеневтің алғашқы шығармаларынан бастап соңғы гуі.дыларына дейін қашан да халық өмірінің ең зәру Мөселелерін көтеріп отыруы кездейсоқ көрініс емес. Туған Кділқі.іның  басындағы   зілдей   ауыртпалықты  көзбен   көріп, жүрекпен сезген жазушы сол сорақылықтың түп-тамырын ашып көрсетуді көздейді. Езілген еңбекшінің бойынан тамаша қасиеттер тауып, соны жарқырата суреттейді. Бүған оның алғашқы әңгімелері дәлел. «Аңшының әңгімесі» деп аталған новеллалар дестесінен шаруалар тіршілігінің сан қилы шыншыл көріністерін кездестіреміз.

«Аңшының әңгімесі», үстірт қарағанда, шаруалар өмірінің күнделікті күйкі құбылыстарын баяндайтын сияқты көрінгенімен, талай-талай ақиқатты түбірінен қопарған тың сипатты, демократияшыл туындылар еді. Бұл әңгімелер орыс әдебиетіне жаңа тыныс, соны серпін әкелгендей болды. Ешбір әсірелеусіз, әрі көркем поэзияға бөленіп жазылған шаруалар тарихы мен тағдыры бүкіл оқушы қауымға зор жаңалықтай елестеді. Тургеневтің алғашқы әңгімелер топтамдарының ілгерішіл әдеби сыннан бірден жақсы баға алу себебі де осыдан. Суреткердің орыс өмірін және табиғатын терен сезінетін ерекше талантын әдеби қауым анық таныды. Мәселен, жазушы Гончаров Тургеневтің деревня тіршілігін бейнелеуге шеберлігін оның өскен ортасы мен алған тәрбиесіне байланыстырып қараган.

Өзге орыс жазушылары секілді Тургеневтің суреткер ретінде қалыптасуына, дүниетанымының бекуіне үлы сыншы Белинскийдің және өзге озық замандастардың күшті ықпалы болған.

Сол дәуірдегі орыстың озық ойын таратқан «Современник» журналына жақын түруы, журнал шығарушылармен көп уақыттар бойы қарым-қатынаста болуы оның суреткерлік сапарында елеулі роль атқарған.

Автор «Аңшының әңгімесін» жазумен қатар драматургиямен де айналысады. Ол әлеуметтік теңсіздіктін тәлкегі - кішкентай адамдардың аянышты тағдырын сөз етеді Бұған «Масыл», «Бойдақ» секілді комедиялары, «Деревнядағь: бір ай» деген драмасы дәлел. Соңғы шығармасында ол қарапайым қауым арасынан шыққан зиялы адамның бақытты өмір үшін күресін көрсетеді. Драматургиялык туындыларында да Тургенев Россия шындығының типтік қайшылығын таба

біледі.

Бұдан кейінгі жылдарда Тургенев роман жазуға ойысты. Бұл жанр өмірдің қат-қабат ақиқатын кең де, терең көрсетуге қолайлы, болмысты неғұрлым толығырақ танытатын ұтымды жанр еді. Суреткер бұдан былай кеудесін кернеген ойларын, шешім іздеген сұрауларын роман арқылы білдіруді көздейді. Бірінің соңынан бірінің ізін суытпай романдар жариялайды. Соның алғашқы көрінісі - «Рудин» (1856). Мұнда автор алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерінің қызғылықты тұлғасын бейнелеуді көздеген. Романның орталық қаһарманы - Рудин ақылды да алғыр, сезімтал да зерек, жақсылыққа, биік мұраттарға құштар. Ол адам өмірінің асыл мақсатқа жұмсалуын, ясер бетінде ақылға, парасатқа негізделген тәртіп орнауын арман етеді. Бірақ, ол әлі де нағыз жігерлі, жүйелі істің адамы емес, әрекетінен армандауы басым жан. Өмір кедергілері, кездейсоқ бөгесіндер оны оңай сүріндіреді. Ол сүйген қызы - Наталья Ласунскаядан шешесінің қарсылығына бола күдер үзеді. Қиындықпен күреспеу, өмір дауылы алдында жапырақша шайқалуы оның басындағы қайшылығы. Дегенмен Рудин - оқушыға терең әсер еткен, жақсы мақсаттарға үндеген, болмыстың көп міндерін сынауға үйреткен тағылымды тұлға. Бұл тұлға жөнінде Максим Горький: «Уақыттың әмбе жағдайын - үкіметтің езгісін де, қоғамдық ойдың дәрменсіздігін де, шаруалардың көбінде өз міндетін түсіну санасы жетілмегенін де еске алсақ, қиялшыл Рудиннің кезінде тәжірибелі қайраткерден гөрі пайдалырақ болғанын мойындаймыз. Қиялшыл Рудин революциялық идеялардың насихатшысы, болмыстың сыншысы болды...», -дегені белгілі. Романда жан-жақты сыпатталған тамаша тұлғалардың бірі - Наталья Ласунская тұлғасы. Терең сүйе білетін, уәдеге берік, алдына нұрлы мақсат қойған әйел бейнесін жасай алуы - суреткердің зор табысы. Шығарманың акырында Рудинді Париж баррикадасында күрескерлер арасында көреміз. Бұл кездейсоқ шешім болмауға тиіс. Автор Рудиннің бойында революциялық жігер мол екендігін, оның алған бетінен қайтпайтын табандылығын баса көрсетпек болған.

Тургенев көп жылдарын шет елдерде өткізді. Оның асқан әнші әйел Полина Виардоға ғашықтығы өмірінің ақырына дейін үзілмеген. Көп шығармаларында шын махаббат іңкәрлігін табиғи суреттеуі автордың өзі де терең тебіреніп, сұлу бақытты, мөлдір сәттерді басынан кешіруіне қатты байланысты. Тургенев шығармаларында махаббат дүниедегі ең әсем, ардақты құбылыс, өмірдің қайталанбас, баға жетпес қымбат сыйлығы есебінде көтеріңкі бейнеленеді. Сол арқылы жазушы өз оқушыларын жақсы сезімге, таза құштарлыққа, махаббат құдіретін қастерлеуге шақырады. Суреткердің шығармаларында, қаһармандардың ғашықтық хикаяларына аса көп орын бөлінуі сондықтан.

Орыс әдебиетінің әрбір жақсы табысын шет елдерде насихаттауға көп қайрат жұмсауы Тургеневтің отаншылдығын дәлелдей түседі. Ол кейбір шығармаларды тікелей өзі аударған, қайсыбіреулерін тэржімашылар назарына ұсынып отырған. Әсіресе Тургеневтің Флобер, Золя, Мопассан секілді француздың ұлы суреткерлерімен жақын қарым-қатынаста болуы оның өз творчествосының жетілуі үшін де, орыс әдебиетінің озық үлгілерін Европаға таныстыру үшін де пайдалы болған.

И.С.Тургенев көптеген әңгімелердің, повестердің, пьесалардың, романдардың авторы дедік. Бұл жанрлардын қай-қайсысының да кемелденуіне оның қосқан үлесі үлкен. Сонда да болса суреткердің даңқын арттырған - онын романдары. Жазушының романдарында окушыны терен ойларға батыратын, өз дәуірі үшін соны сөз болып табылатын ілгерішіл идеялар, асқақ армандар мол. Тургенев шығармаларының қаһармандары ешкімге ұқсамайтын даралығымен, әрі типтік жинақтаушылық қасиетімен ерекшеленеді. Көлемі жағынан онша қалың болып келмесе де. Тургенев   романдары   өмірдің   ең   бір   түйінді   тұстарын қозғайды, характерлерді мінез сыналатын асуларда, тосуларда көрсетеді. Жазушы психологиялық суреттеу тереңдігін баяндау шеберлігімен ұштастыра білген. Қаһарман өмірінің ең жауапты кезеңін таба білу, коршаған ортаның типтік суретін салу, сараң штрихтармен дәл белгісін түсіру, әлеуметтік типтің ерекшелігін ашу - Тургеневтің өзіндік зор ұсталық танытқан тұстары осылар.

Адамның жан толғаныстарына табиғат құбылысын сәйкестендіріп көрсету - оның ұдайы ұстанған тәсілі. Тургенев шығармаларынан орыс жері табиғатының неше алуан қайталанбас көріністерін табамыз. Бұл туған ел табиғатын ерекше сүйе білуден, оның тартымды құбылыстарына ынтық іңкәрліктен туған қасиет еді. Мысалы, «Ася» деген повесінде жазушы күн батудың алды мен алғашқы караңғылық түскен қысқа ғана уакыттың ішіндегі табиғат құбылысын үш дүркін қайталап, құлпыртып суреттегені есімізге тұседі. Тургеневтің қаламынан табиғат құбылыстары жанды бейнедей көркейіп, ерекше қырларымен, сан сырларымен қайталанып, жаңғырып, жақсарып көрінеді. Оның пейзаж жасауға шеберлігі орыс қаламгерлерінің неше кауымына үлгілікке жараған. Орыс тілінің тазасы мен тартымдысын берген жазушылардың озық қатарында да Тургеневтің есімі жүреді.

Жазушы өзінің әрбір романында қоғам өмірінің жаңа тыңдарын, маңызды проблемаларын көтеруді көздеген. Ол «Дворян ұясы» (1858) романында адамдар алдындағы бақыт пен парыз проблемасын күн тәртібіне қойды. Бұл - биік поэзияға, терең мұңға, тіл жеткісіз тәтті арманға толы шығарма... Романның орталық қаһарманы - Лаврецкий заманының үлгілі адамдарының бірі болып танылды. Мұның да асқақ ойы, өршіл мақсаты бар. Ол - жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделерді де қатар ойлай білетін адам. Лаврецкийдің әрбір сөзі мен ісі, іштей терең толғаныстары осыған айғақ. Сонда да болса ол үлкен бақытқа жете алмайды. Оның   сүйген   қызы   Лиза   Калитина   діни   нанымдардың кесіршен монастырге түсш, ғашығын қасіретке душар етеді. Лаврецкий қанша білгір, парасатты бола тұрса да, Лизаның қатерлі шешіміне қарсы тұрарлық айла-амал таба алмайды. Бұл оның бойындағы қайшылығы секілді. Қалай болған күнде де жазушы бұл романында өмірдің және бір қиын проблемасын батыл көтеріп, оқушы ойын қанағат-тандырарлық тың шешім тапқан.

Кезінде жұртшылықтың ілтипатына ілініп, көп қызу талқыға түскен шығарманың бірі - Тургеневтің «Қарсаңда» (1859) романы. Автор мұнда әрекетшіл қаһарман тұлғасын бейнелеуді әдейі мақсат еткенін өзі де мойындаған. Шығарма қаһарманы - болгар революционері Инсаров - өз отанын жат елдіктер езгісінен құтқаруды арман етеді. Осы биік арман, мақсаттың беріктігі, көздеген нысанаға жету жолындағы табанды әрекеті оның бойын ерекше тұлғаландырады. Айналасына жақсы қылығымен, алғыр ақылымен, білімділігімен танылған тамаша сұлу Елена Стахованы Инсаровқа іңкәр еттірген бас себеп осы. Елена Стахова тек Тургенев творчествосындағы ғана емес, бүкіл классикалык орыс әдебиетіндегі айтулы, тартымды тұлғалардың бірі. Сұлу, сыпайы, әдепті Еленаны сүюшілер көп. Оған скульптор Шубин де, болашақ ғалым Берсенев те құмартады. Бұл екеуі де қатарынан озып тұрған ақыл, қайрат иелері, ұнамды жандар. Бірақ Инсаровтағыдай өр мақсат, ерекше ерлік бұлардың бойында жоқ. Ақырында Инсаров өзінің туған елін азат ету жолында опат болады. Елена сүйгенінің өмірлік мүддесін әрі қарай жалғастыра түсуге бел байлап, берік шешімге келеді. Инсаров та, Елена да кезінде оқушы жұртшылыққа үлкен әсер етіп, жақсы үлгіге жараған тұлғалар.

Тургеневтің бұл романы жөнінде талай талдау мақалалар да жазылған. Соның ішінде Добролюбовтің «Нағыз күн қашан туар екен?» деген мақаласы өзінің пікір тереңдігімен, жалын-ды пафосымен айрықша көз тартады. Бұл мақаласында ұлы сыншы өз дәуіріндегі орыс өмірінің әлеуметтік сырларына кең талдау жасап, маңызды қорытындыларға келеді. Ол Россия өмірін жаңарту үшін қажырлы, қайратты күрескерлер керек екендігін ашық айтады. Инсаров секілді қаһармандар орыс арасынан да шығатындығына сенім білдіреді.

 

Ұқсас материалдар