Қандастар Ассамблея

Тұңғыш Президент күні мерекесі жастар үшін өте маңызды – Н.Сыдықов

30.11.2012 2562
«Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне қатысты пікірімен бөлісіп, жылы лебізін білдірді. «Күні ертең бірінші рет атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мерекесі жастар үшін өте маңызды және жастардың тарапынан қолдау тауып отыр. Осы орайда, қазақстандықтарды, Қазақстан жастарын айтулы мерекемен құттықтаймын», - деген тілегін жеткізді Нұрлан Сыдықов.  «Біздер, жастар, білімге деген құштарлығымызбен жаңа технологияларды меңгере отырып, Президентіміз артқан сенімді ақтаймыз», - деп жастар атынан уәде берген «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Елбасының биылғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында жастарға жүктелген міндеттерді бірге орындауға шақырды. «Елбасының жастарды еңбеке шақырған биылғы бағдарламалық мақаласындағы мәселелерді жүзеге асыруға барша Қазақстан жастарын шақырамын. Мереке құтты болсын! Еліміз тыныштықта, амандықта болсын! Тәуелсіздігіміз жасасын!», - деді Н.Сыдықов.

«Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне қатысты пікірімен бөлісіп, жылы лебізін білдірді.

«Күні ертең бірінші рет атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мерекесі жастар үшін өте маңызды және жастардың тарапынан қолдау тауып отыр. Осы орайда, қазақстандықтарды, Қазақстан жастарын айтулы мерекемен құттықтаймын», - деген тілегін жеткізді Нұрлан Сыдықов. 

«Біздер, жастар, білімге деген құштарлығымызбен жаңа технологияларды меңгере отырып, Президентіміз артқан сенімді ақтаймыз», - деп жастар атынан уәде берген «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Елбасының биылғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында жастарға жүктелген міндеттерді бірге орындауға шақырды.

«Елбасының жастарды еңбеке шақырған биылғы бағдарламалық мақаласындағы мәселелерді жүзеге асыруға барша Қазақстан жастарын шақырамын. Мереке құтты болсын! Еліміз тыныштықта, амандықта болсын! Тәуелсіздігіміз жасасын!», - деді Н.Сыдықов.

Ұқсас материалдар