Қандастар Ассамблея

Терең сезімнің тұнбасы

19.11.2013 4876
     Ол - бір сырлы, сегіз қырлы талант. Ол талантты ақын, талантты сыншы, талантты прозаик. Бір кісіге осының біреуі де жетер еді. Оған табиғат үшеуін де берген. «Екі кеменің қүйрығы» демекші, бұл жігіт үш кеменің қүйрығын ұстап келеді.  Оның университет қақпасынан шыққанына 4-5-ақ жыл болды. Осы уақыт ішінде Әбіш жүздеген өлең, ондаған мақала, 6- 7 повесть, бірнеше әңгімелер циклін берді, әлемге әйгілі француз жазушысы Ги де Мопасанның «Пьер мен Жан» «Өмір» романдарын аударды. Лев Толстойдың «Соғыс жөне бейбітшілік» эпопеясын қазақшалауға күш қосысты... Ол - талантты аудармашы да.  Бадырайып тұрған шындықтың өзі - даусыз дәлелденбейтін әдебиет. Әбішті де даусыз танып ала алмадық. Ол жазған әр мақала ондаған дау әкеліп жүрді, ал, Әбіш қаламынан туған әңгіме-повестер төңірегіндегі дау-пікірлер әлі басталған да жоқ, жұрттың бір бүйірінде, бір қабырғасында жатыр.  Әдетте жұрттың айтпайын деген сөзін мезгіл айттырады, амалсыз айттырады. Кімнің кім екенін ашатын да сол мезгіл деген мықты. Жазушы тек содан ғана қорықсын.  «Күй» мен «Ханша дария хикаясы». Бұл екі повесть оқушы жұртшылықты еріксіз елең еткізді. Екеуі де өткен өмірден. «Күй» повесі белгілі халық күйшісі Абыл Тарақтыұлының өмірі мен өліміне арналған. Бұл Абылдың ғана тағдыры емес, бүкіл халықтың тағдыры. Үлкен бір тағдыр сыры бар. Халық сүйген өнердің - қарашұнақ домбыраның тағдыры. «Сұлдың кінәсі - сұлулығы» дегендей, таланттың кінәсі оның таланттылығы болған заманда Абыл күйшінің бақытты болуы мүмкін емес еді. Жазушы осы идеяны жеріне жеткізе аша білген.  Повесті оқып шыққан кісінің құлағынан «Абыл» күйінің қоңыр күмбірі, көз алдынан күйшіні тұтқын еткен түрікпен батыры Жөнеут бейнесі өпшейтіні де содан. Шын мәніндегі өнерді жасау - қиын шаруа, ал, өнер туралы өнер көрсету - одан да ауыр. Осы ауыртпалықты Әбіш жеңіл алып шыққан, қалқымай, бұлталақтамай әкеткен.  «Ханша дария хикаясы» атты повесте танғұттар жөніндегі тарихи аңызға сүйеніп, Ә. Кекілбаев елдің елдік, ерлік қасиеттері төңірегінде ұрушы мен бұғушының, күшті мен әлсіздің арасындағы алшақтықты әдемі бейнелейді. Танғүттың кекшіл сұлуы Күлбаршын мен Шығыс әміршісі Шыңғысханның пішіндері әсерлі таңбаланады.  Бұл екі повесть жөнінде өте көп сейлеуге, көп айтуға, керісінше, түк айтпауға болады. Шығарма қанша сапалы болса - оның сапасының дәл неде екенін тап басып айту кімді де болса түйыққа тірейтіні даусыз. Ал, мұндай түйықтан амал тауып өтудің жалғыз жолы - сол шығарманы оқу ғана.  Әбіш Кекілбаев - күрделі талант. Күрделілік күрделі болайын деген талаптан тұрмайды. Ол - акылдың, мол білімнің, терең сезімнің түнбасы. Түнба - қашан да салмақты, кашан да бояу. Ол ақса ырғып ақпайды, ырғалып ағады, көпірудің орнына, қипқтана түседі. Алыстаң орман қып көрсетіп, жетіп келсең, бес түп ши тұратын сағыммінез оның талантына жат. Онда жалтылдап көрінетін жез-құбылмалылық жоқ. Ол көңілді арбайды, бірақ, көзді алдамайды. Ал, шынайы өнердің асыл мұраты - сол, кімді де болсын алдамау ғой. Алдамаған жерде ақиқат қа бар...                       Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

     Ол - бір сырлы, сегіз қырлы талант. Ол талантты ақын, талантты сыншы, талантты прозаик. Бір кісіге осының біреуі де жетер еді. Оған табиғат үшеуін де берген. «Екі кеменің қүйрығы» демекші, бұл жігіт үш кеменің қүйрығын ұстап келеді.

 Оның университет қақпасынан шыққанына 4-5-ақ жыл болды. Осы уақыт ішінде Әбіш жүздеген өлең, ондаған мақала, 6- 7 повесть, бірнеше әңгімелер циклін берді, әлемге әйгілі француз жазушысы Ги де Мопасанның «Пьер мен Жан» «Өмір» романдарын аударды. Лев Толстойдың «Соғыс жөне бейбітшілік» эпопеясын қазақшалауға күш қосысты... Ол - талантты аудармашы да.

 Бадырайып тұрған шындықтың өзі - даусыз дәлелденбейтін әдебиет. Әбішті де даусыз танып ала алмадық. Ол жазған әр мақала ондаған дау әкеліп жүрді, ал, Әбіш қаламынан туған әңгіме-повестер төңірегіндегі дау-пікірлер әлі басталған да жоқ, жұрттың бір бүйірінде, бір қабырғасында жатыр.

 Әдетте жұрттың айтпайын деген сөзін мезгіл айттырады, амалсыз айттырады. Кімнің кім екенін ашатын да сол мезгіл деген мықты. Жазушы тек содан ғана қорықсын.

 «Күй» мен «Ханша дария хикаясы». Бұл екі повесть оқушы жұртшылықты еріксіз елең еткізді. Екеуі де өткен өмірден. «Күй» повесі белгілі халық күйшісі Абыл Тарақтыұлының өмірі мен өліміне арналған. Бұл Абылдың ғана тағдыры емес, бүкіл халықтың тағдыры. Үлкен бір тағдыр сыры бар. Халық сүйген өнердің - қарашұнақ домбыраның тағдыры. «Сұлдың кінәсі - сұлулығы» дегендей, таланттың кінәсі оның таланттылығы болған заманда Абыл күйшінің бақытты болуы мүмкін емес еді. Жазушы осы идеяны жеріне жеткізе аша білген.

 Повесті оқып шыққан кісінің құлағынан «Абыл» күйінің қоңыр күмбірі, көз алдынан күйшіні тұтқын еткен түрікпен батыры Жөнеут бейнесі өпшейтіні де содан. Шын мәніндегі өнерді жасау - қиын шаруа, ал, өнер туралы өнер көрсету - одан да ауыр. Осы ауыртпалықты Әбіш жеңіл алып шыққан, қалқымай, бұлталақтамай әкеткен.

 «Ханша дария хикаясы» атты повесте танғұттар жөніндегі тарихи аңызға сүйеніп, Ә. Кекілбаев елдің елдік, ерлік қасиеттері төңірегінде ұрушы мен бұғушының, күшті мен әлсіздің арасындағы алшақтықты әдемі бейнелейді. Танғүттың кекшіл сұлуы Күлбаршын мен Шығыс әміршісі Шыңғысханның пішіндері әсерлі таңбаланады.

 Бұл екі повесть жөнінде өте көп сейлеуге, көп айтуға, керісінше, түк айтпауға болады. Шығарма қанша сапалы болса - оның сапасының дәл неде екенін тап басып айту кімді де болса түйыққа тірейтіні даусыз. Ал, мұндай түйықтан амал тауып өтудің жалғыз жолы - сол шығарманы оқу ғана.

 Әбіш Кекілбаев - күрделі талант. Күрделілік күрделі болайын деген талаптан тұрмайды. Ол - акылдың, мол білімнің, терең сезімнің түнбасы. Түнба - қашан да салмақты, кашан да бояу. Ол ақса ырғып ақпайды, ырғалып ағады, көпірудің орнына, қипқтана түседі. Алыстаң орман қып көрсетіп, жетіп келсең, бес түп ши тұратын сағыммінез оның талантына жат. Онда жалтылдап көрінетін жез-құбылмалылық жоқ. Ол көңілді арбайды, бірақ, көзді алдамайды. Ал, шынайы өнердің асыл мұраты - сол, кімді де болсын алдамау ғой. Алдамаған жерде ақиқат қа бар...

                     

Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар