Барша қазақтың Әбіші

19.11.2013 3161
            Әбіш - жазушы!             Әбіш - қайраткер!             Әбіш - барша қазақтың Әбіші!             Бұл Алашта Әбішті білмейтін кім бар? Ешкім де жоқ! Абайды, Ыбырайды, Шерханды білмейтін адамның жоқтығы рас болса, Әбіштің шоқтығы да сондайлық биік. Бүгінгі жастар Бұқар жырау кім десең, ептеп тосылып қалуы мүмкін. Ал, Әбіш Кекілбаев десең білмеуі мүмкін емес.             Бұқар жырау заманының танымалы болды. Абылайдың аты аталған жерде Бұқар-екең қалыс қалмады. Бұқар-екең өйткені, Абылай саясатында, оның елді ұстауында басты тұлға болды. Осындай орнына қарап бізде Нұрсұлтанды Абылайға, Әбішті Бұқарға теңейтін рәміз бар Ұнағанын ұлыға балайтын халыққа оның теріс демейсің. Біз сондықтан да қазақпыз ғой. Бір қарағанға әбестігі білінбейді. Қайсысы да өз дәуірінде ғана емес, бүкіл ел өткен жолда өшпес ізін қалдырған Отанымыздың азаттығы мен тәуелсіздігінің күресінде жарық жұлдыз болып жанған қайталанбас тұлғалар. Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбіш Кекілбаев ел зердесінде Абылай мен  Бұқар болып орнықса, оның ерсілігі сезілмейді. Бұл - біздің қалаулы перзенттерімізді қадірлегендіктен, еңбегін қастерлегендіктен, ежелден ел аузында жүрген асылдарымыздай көріп, ардақ тұтқанымыз. әйтпесе, ұлыларды бір-бірімен салыстырып бола ма. Әрбірі - дара! Олардың ұлылығы да осы даралығында! Әрқайсысы ғасырында іс тындырған Абылай, оған дейін де, одан кейін де талай қайраткерлер қиялдап кеткен арманды жүзеге асыру Нұрұлтан Назарбаевтың ғана еншісіне тиді. Ал Әбіш Кекілбаев та ұлтымыздың көзінің  қарашығындай асылдарының бірі, бірегейі, ел қамқоры. Әлемге танылған қаламгер, қоғамдық өмір айдында құлаш сермеген, Елбасының сенімді серіктестері санатында өз міндетін шынайы сезінге, бақталас-бақастықтан жаны таза, кішіпейіл бір қазақ. Аллаға аян, ел Президентінің айналасында Әбекең секілді сенімді серкелері бары халқымыздың көңілін тоқ етеді.  Тарихтың бас кейіпкері ұлттың ұл перзенттері жөнінде сөз қозғар болсақ, ешбір кібіртіктемей Әбішті де айтар едік. Мұндай қайраткерді құдай көктен түсірмейді. Ол халықтың арасынан сурылып шығады.таланты мен дарыны, ел деп соққан жүрегі бар ұл халқына қызмет етпей тұра алмайды. Абай мен Байтұрсынұлы да туа ел қамқоры болған жоқ Оны бесігі өсіріп берді. Маңқыстаудың маң даласында маңыраған қой, боздаған аруана, қаңсыған шөл, суырлған құмның ортасында қырық жамаулы киіз үйде туып, жалаңаяқ мектепке барған қара бала оқу іздеп Алматыға келіп, стипендиясы бірде жетіп, бірде жетпей сонда да сабақтан артылған уақытында қаланың үлкен кітапханасынан шықпайтын бозбала қазақстан дейтін үлкен республиканың Мемлекеттік хатшысы дәрежесіне көтерілді Төрт құбыласы толысып тұрған байдың бағланы емес, хан тұқымы емес, өз тірлігімен, терең білімімен, ақыл-йымен, парасатымен, біліктілігімен, зердесімен заңғар да алыс көкжиегімен, алғыр арнасымен, Махамбет пен Исатайдай өткірлігімен, Бұқар тілімен, Төле бидей төбе, Қазыбек бидей көбе, барша қазаққа сөзін өткізетін ұлылыққа жетті.             Әбіштің өсу-жетіл, өркендеу жолы біздің замандастарымыздың көз алдында өтті. 1957 жылдың ашңытқан жазы біздің  есімізде. С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне осы мақала авторының бірімен құжат тапсырған жұқалтаң қара бала Әбіш болатын. Содан, оқу бітірісімен ол әскери қызметін өтеуге аттанды. Университет дәрісханасында жарыса өлең жазғанбыз. Әдебиет - оның ғашық жары болды. Ол артынан прозаны еншілеп алды. Алғашқы тырнақалды әңгімелері де есімізде.Оның тілі Маңқыстаудың жантағындай жалпақ қазақы, түйенің қомындай қоңды, жаядай дәмді, қазыдай шұрайлы болып келетін. Айтар ойын айтсаңшы. Оны оқығанда Каспийдің толқынында есіп жүргендей, Сарыарқаның жазығында кең даланы кезіп жүргендей, қазағымның қалың арасында емін-еркін сайран-сауық құрғандай рахатты сезінетінбіз.             Ал оның артынан қазақтың қилы тарихынан шежірелі эпопеяларын бірінен соң бірін бергенде, оған дейін жазып жүргендері, біздің оқып келгеніміз оның дайындығы екенін аңғардық. Мұқтар Әуезов те «Абайды» дүниеге әкелуге өзін шеберлік, ой тұңғиығы жағынан әзірледі емес пе. Ол қазақ халқы тағдырының ең бір қиын кезеңдерінің көрінісін оны өз қолымен қойып, көзбен көргендей суреттеп, ешкім мына жерін дұрыс емес деп дау айта алмайтындай шынайы баяндап берді. Әбекеңнің әдебиеттегі шыншылдығына қаламын айға білеген тарихшы академик ғалым да таң қалады. Алма-кезек, аумалы-төкпелі он сегізінші ғасырда халқымыздың басынан не өтті, қалай болды, кім еді, қандай күй еді дегенде, Әбекеңнің кітаптарына үңілсек жетіп жатады. Тарихты әділ таразылап беру азаматтық ерлік» Әбекеңнің жазушылықтағы ерлігі оның елдің қоғамдық, саяси өмірінің елеулі, тарихи өткелдеріндегі жеке басының қайртакерлігімен біте қайнасып жатыр.             Әбішті көтеріп тұрған осы екі қасиеті! Егемендіктің емексіткен кездері біздің көз алдымызда. Қара көзді қарындастың жанарында ұшқындаған, жан берісіп, жан алысып жатқан желтоқсан оқиғалары, тәуелсіздігіміздің атқан таңы, оның қолдан тайып кетердей елең-алаңы. Жаңөзендегі текетірес, жаңа егеменді парламент, қайсысы да  өшпеген елес. Егес те, мәміле де елдераралық келіссөздер, қарым-қатынастар, қабылдаулар... Талпынған жас мемлекетіміздің алғашқы адымдары, жасаған қадамдары...             Қазақстан тәуелсіз мемлекеттілігінің дүниеге келу бастауындағы Әбекең ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы, «Құс қанаты», «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», т.б. повестер мен әңгімелер жинақтарының, «Аңыздың ақыры» романының авторы. «Үркер» және «Елең-алаң» романдары үшін ҚР Абай атьндағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған жазушы.             Әбекең айтса, қалт айтпайды. Оның сөзі халықтың сөзіндей дуалы. Ұлыларды ұлылар ғана айнытпай таниды. Оған дәлел: Абайды қазақтың бас ақыны деп алғаш бағалаған кім? Ахмет Байтұрсынұлы! Ахаңды қазақтың алғашқы шыққан көсемі деп таныған кім? Мұқтар Әуезов!             Ал Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы тағы бір бағасын берген кім? Әбіш Кекілбаев!             Ол Ахаңды теңдесі жоқ деді. Ахаңның 125 жылдық мерейтойында Алматыда өткен салтанатта айтты бұл сөзін. Осы мақаланы жазып отырған екі автор да оның куәсі болдық Нұрсұлтан Назарбаев Ахаңды ұлттың ұстазы деп бағаласа, Әбіш Кекілбаев Ахаңа дейін де, одан кейін де қазақта ондай адам тумағанын шегелей айтты. Данагөй Әбіштің аузынан шыққан сөз уәлі.             Оның қасқа маңдайына қазақтың ар-ұяты сыйып тұр. Төле, Қазыбек, Әйтеке тәрізді төбе билердің ақылындай ақылы, даналығы, қамқорлығы, бітіспес дауды бірауыз сөзбен шешер тілмарлығы, сөйлесе сөзге шешендігі, дүниені алдына алып толғанар ой тереңдігі, шебер жазушының ұлы таланты тұла бойында тұнып тұр. Өзіміздің Әбішке, Әбекеңе - Әбіш Кекілбайұлына ұзақ өмір, зор денсаулық берсін! Халық бақытына еңбек еткен қайраткерге елдің көшін түзеуге Алла қуат қоссын дейміз.  Зұқарнай АЛДАМЖАР, академик,  Байтұрсын ІЛИЯС, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

            Әбіш - жазушы!

            Әбіш - қайраткер!

            Әбіш - барша қазақтың Әбіші!

            Бұл Алашта Әбішті білмейтін кім бар? Ешкім де жоқ! Абайды, Ыбырайды, Шерханды білмейтін адамның жоқтығы рас болса, Әбіштің шоқтығы да сондайлық биік. Бүгінгі жастар Бұқар жырау кім десең, ептеп тосылып қалуы мүмкін. Ал, Әбіш Кекілбаев десең білмеуі мүмкін емес.

            Бұқар жырау заманының танымалы болды. Абылайдың аты аталған жерде Бұқар-екең қалыс қалмады. Бұқар-екең өйткені, Абылай саясатында, оның елді ұстауында басты тұлға болды. Осындай орнына қарап бізде Нұрсұлтанды Абылайға, Әбішті Бұқарға теңейтін рәміз бар Ұнағанын ұлыға балайтын халыққа оның теріс демейсің. Біз сондықтан да қазақпыз ғой. Бір қарағанға әбестігі білінбейді. Қайсысы да өз дәуірінде ғана емес, бүкіл ел өткен жолда өшпес ізін қалдырған Отанымыздың азаттығы мен тәуелсіздігінің күресінде жарық жұлдыз болып жанған қайталанбас тұлғалар. Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбіш Кекілбаев ел зердесінде Абылай мен  Бұқар болып орнықса, оның ерсілігі сезілмейді. Бұл - біздің қалаулы перзенттерімізді қадірлегендіктен, еңбегін қастерлегендіктен, ежелден ел аузында жүрген асылдарымыздай көріп, ардақ тұтқанымыз. әйтпесе, ұлыларды бір-бірімен салыстырып бола ма. Әрбірі - дара! Олардың ұлылығы да осы даралығында! Әрқайсысы ғасырында іс тындырған Абылай, оған дейін де, одан кейін де талай қайраткерлер қиялдап кеткен арманды жүзеге асыру Нұрұлтан Назарбаевтың ғана еншісіне тиді. Ал Әбіш Кекілбаев та ұлтымыздың көзінің  қарашығындай асылдарының бірі, бірегейі, ел қамқоры. Әлемге танылған қаламгер, қоғамдық өмір айдында құлаш сермеген, Елбасының сенімді серіктестері санатында өз міндетін шынайы сезінге, бақталас-бақастықтан жаны таза, кішіпейіл бір қазақ. Аллаға аян, ел Президентінің айналасында Әбекең секілді сенімді серкелері бары халқымыздың көңілін тоқ етеді.

 Тарихтың бас кейіпкері ұлттың ұл перзенттері жөнінде сөз қозғар болсақ, ешбір кібіртіктемей Әбішті де айтар едік. Мұндай қайраткерді құдай көктен түсірмейді. Ол халықтың арасынан сурылып шығады.таланты мен дарыны, ел деп соққан жүрегі бар ұл халқына қызмет етпей тұра алмайды. Абай мен Байтұрсынұлы да туа ел қамқоры болған жоқ Оны бесігі өсіріп берді. Маңқыстаудың маң даласында маңыраған қой, боздаған аруана, қаңсыған шөл, суырлған құмның ортасында қырық жамаулы киіз үйде туып, жалаңаяқ мектепке барған қара бала оқу іздеп Алматыға келіп, стипендиясы бірде жетіп, бірде жетпей сонда да сабақтан артылған уақытында қаланың үлкен кітапханасынан шықпайтын бозбала қазақстан дейтін үлкен республиканың Мемлекеттік хатшысы дәрежесіне көтерілді Төрт құбыласы толысып тұрған байдың бағланы емес, хан тұқымы емес, өз тірлігімен, терең білімімен, ақыл-йымен, парасатымен, біліктілігімен, зердесімен заңғар да алыс көкжиегімен, алғыр арнасымен, Махамбет пен Исатайдай өткірлігімен, Бұқар тілімен, Төле бидей төбе, Қазыбек бидей көбе, барша қазаққа сөзін өткізетін ұлылыққа жетті.

            Әбіштің өсу-жетіл, өркендеу жолы біздің замандастарымыздың көз алдында өтті. 1957 жылдың ашңытқан жазы біздің  есімізде. С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне осы мақала авторының бірімен құжат тапсырған жұқалтаң қара бала Әбіш болатын. Содан, оқу бітірісімен ол әскери қызметін өтеуге аттанды. Университет дәрісханасында жарыса өлең жазғанбыз. Әдебиет - оның ғашық жары болды. Ол артынан прозаны еншілеп алды. Алғашқы тырнақалды әңгімелері де есімізде.Оның тілі Маңқыстаудың жантағындай жалпақ қазақы, түйенің қомындай қоңды, жаядай дәмді, қазыдай шұрайлы болып келетін. Айтар ойын айтсаңшы. Оны оқығанда Каспийдің толқынында есіп жүргендей, Сарыарқаның жазығында кең даланы кезіп жүргендей, қазағымның қалың арасында емін-еркін сайран-сауық құрғандай рахатты сезінетінбіз.

            Ал оның артынан қазақтың қилы тарихынан шежірелі эпопеяларын бірінен соң бірін бергенде, оған дейін жазып жүргендері, біздің оқып келгеніміз оның дайындығы екенін аңғардық. Мұқтар Әуезов те «Абайды» дүниеге әкелуге өзін шеберлік, ой тұңғиығы жағынан әзірледі емес пе. Ол қазақ халқы тағдырының ең бір қиын кезеңдерінің көрінісін оны өз қолымен қойып, көзбен көргендей суреттеп, ешкім мына жерін дұрыс емес деп дау айта алмайтындай шынайы баяндап берді. Әбекеңнің әдебиеттегі шыншылдығына қаламын айға білеген тарихшы академик ғалым да таң қалады. Алма-кезек, аумалы-төкпелі он сегізінші ғасырда халқымыздың басынан не өтті, қалай болды, кім еді, қандай күй еді дегенде, Әбекеңнің кітаптарына үңілсек жетіп жатады. Тарихты әділ таразылап беру азаматтық ерлік» Әбекеңнің жазушылықтағы ерлігі оның елдің қоғамдық, саяси өмірінің елеулі, тарихи өткелдеріндегі жеке басының қайртакерлігімен біте қайнасып жатыр.

            Әбішті көтеріп тұрған осы екі қасиеті! Егемендіктің емексіткен кездері біздің көз алдымызда. Қара көзді қарындастың жанарында ұшқындаған, жан берісіп, жан алысып жатқан желтоқсан оқиғалары, тәуелсіздігіміздің атқан таңы, оның қолдан тайып кетердей елең-алаңы. Жаңөзендегі текетірес, жаңа егеменді парламент, қайсысы да  өшпеген елес. Егес те, мәміле де елдераралық келіссөздер, қарым-қатынастар, қабылдаулар... Талпынған жас мемлекетіміздің алғашқы адымдары, жасаған қадамдары...

            Қазақстан тәуелсіз мемлекеттілігінің дүниеге келу бастауындағы Әбекең ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы, «Құс қанаты», «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», т.б. повестер мен әңгімелер жинақтарының, «Аңыздың ақыры» романының авторы. «Үркер» және «Елең-алаң» романдары үшін ҚР Абай атьндағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған жазушы.

            Әбекең айтса, қалт айтпайды. Оның сөзі халықтың сөзіндей дуалы. Ұлыларды ұлылар ғана айнытпай таниды. Оған дәлел: Абайды қазақтың бас ақыны деп алғаш бағалаған кім? Ахмет Байтұрсынұлы! Ахаңды қазақтың алғашқы шыққан көсемі деп таныған кім? Мұқтар Әуезов!

            Ал Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы тағы бір бағасын берген кім? Әбіш Кекілбаев!

            Ол Ахаңды теңдесі жоқ деді. Ахаңның 125 жылдық мерейтойында Алматыда өткен салтанатта айтты бұл сөзін. Осы мақаланы жазып отырған екі автор да оның куәсі болдық Нұрсұлтан Назарбаев Ахаңды ұлттың ұстазы деп бағаласа, Әбіш Кекілбаев Ахаңа дейін де, одан кейін де қазақта ондай адам тумағанын шегелей айтты. Данагөй Әбіштің аузынан шыққан сөз уәлі.

            Оның қасқа маңдайына қазақтың ар-ұяты сыйып тұр. Төле, Қазыбек, Әйтеке тәрізді төбе билердің ақылындай ақылы, даналығы, қамқорлығы, бітіспес дауды бірауыз сөзбен шешер тілмарлығы, сөйлесе сөзге шешендігі, дүниені алдына алып толғанар ой тереңдігі, шебер жазушының ұлы таланты тұла бойында тұнып тұр. Өзіміздің Әбішке, Әбекеңе - Әбіш Кекілбайұлына ұзақ өмір, зор денсаулық берсін! Халық бақытына еңбек еткен қайраткерге елдің көшін түзеуге Алла қуат қоссын дейміз.

 Зұқарнай АЛДАМЖАР, академик,

 Байтұрсын ІЛИЯС, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

 Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар