Қандастар Ассамблея

Аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі

19.11.2013 14184
Иә.                 Адам баласының өмірі бесіктен басталады...          Бесік - ұрпақ өсіру мен ұлтты бағып-қағудың, ұятты қалыптастыру мен ұлт намысын тәрбиелеудің ұлы құндағы.             Болашақ өмірдің иесі құндақ құшағында жатып, жер үстінің мазасыз тіршілігінен алғаш хабар балады. Аспан әлемінің адамға, адамның ойына, санасына ықпал етер бимәлім құдіретті күшімен де осы бесікте жатып, алғаш тілдеседі, күннің нұры мен шуағын осы бесікте жатып, алғаш көреді; мына он сегіз мың ғаламның асыл махаббатының қайталанбас ғажайып бір сәті - ананың ұлы жүрегінен телегей-теңіз сезім боп ақтарылған бесік жырының сиқырлы сырлы сазын да алғаш осы бесікте жатып естиді. Сондықтан болар, ана сүтімен емген, ата мінезімен енген ой тазалығы мен сүйек тазалығын танытар қасиеттердің қай-қайсысы да адам бойына осы бесігінде жатқанда дариды, қонады дейді біздің ырымшыл халық.             Рас шығар...  Әбіш Кекілбаев туралы ойланған сайын менің есіме ылғи да қазақтың ісмер қара шалдарының қолынан шыққан осындай бір қазақы талбесік елестейді. Кең даламыздың қай қиырына барсаң да алдыңнан шығып, әр үйдің жылы төрінде тұратын, басына үкінің қанаты байланған кәдімгі қара бесік!... Аттың жалында, түйенің қомында, өгіздің арқасында көшіп-қонып жүріп, өркениет дүниесінің жиырмасыншы ғасырына өркенді ел болып іліккен, енді, міне, жиырма бірінші ғасырға да азат ел ретінде аман аттағалы тұрған халқымыздың ұлдары мен қыздары бөленген бесік...             Әбіш Кекілбаев туралы ойланған сайын... Бір дәуірді екінші бір дәуірге аманаттап, қазақ халқының мұңы мен сырын, әні мен жырын, сәні мен мәнін, қаны мен жанын, ары мен барын, өртеңі мен ертеңін қоса арқалаған мына евразиялық алып кеңістік - қазақтың апайтес ұлы Даласы да маған бір сәт әлгі Аталар рухы мен аналар махаббаты тербеген қасиетті қара бесік бейнесінде көрінеді.             Көкірегі тола күй... Бірде домбыраның шанағындай безілдеп, заманалар сыры астан-кестең төгілер, енді бірде қарт қобыздай аңырап, аспан мен жердің арасы қосылып кеткендей ерекше бір халге бөлер Атажұрт үні жететіндей құлаққа  Алатау, Алтай елестейді...             Сарыарқа мен Сыр, Еділ мен Жайық елестейді...             Ат арқасы қиянда жатқан меңіреу қойын-қолтығын келе-келе түйе кезген Маңғыстаудың ақ таулары, қара таулары, қызыл таулары көлбейді... Үстірттің құс қанатын талдырар тақтайдай жазық құба жоны, Сейсем Ата, Шақпақ Ата, Тамшалы, Айрақты, Шер қала, қасиетті Бекет Атаның аңғары қолын созардай... Ұбап- шұбап, ана дәуірден мына дәуірге бет түзеген көш пен қазақы қаймағы бұзыла қоймаған бимәлім сырлы, жұмбағы мол өлкенің аңызы мен ақиқатын көкірегіне басқан қара бесік тағы да көз алдына келеді.             Қара бесіктің құндағына бөленіп, бақлып, балбырап, ана әлдиінің құшағында жатқан қара баланы көретіндейсің...             Қара бесік -көне-көне күндерден сыр тарқатар киелі мекен. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» секілді көркемдік кескіні мен тарихи тұрпаты бөлек қалың-қалың романдарға оқырманының ойын өсіріп, көкжиегін кеңейтер, көңіл-қиялына қанат бітірер соқпағы соны «Күй», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша-дария хикаясы», «Құс қанаты», «Шеткері үй», «Бәйгеторы» тәрізді хикаятповестерге әрлі де нәрлі әңгіме, толғауларға, көсіле төгіліп кетер өлең мен жырға, есіле сөйлеп берер шешен тілді эсселерге, танымы терең саяси талдауларға айналды. Берісі - қазақ пен алаш жұртының, әрісі әлем әдебиеті мен көркем ойының қазынасын молайтар құндылықтар қатарына қосылды. Орыс, неміс, венгер, болгар, чех, эстон, қырғыз өзбек, татар т.б. тілдерге аударылды.             Ал қара бала ше? Қара бала қазақ халқының арғы-бергі ұлан-асыр тарихын жадына тоқи жүріп, топты жарар шешенге, рухани әлеміміздің көшін бастар көсемге, кемел суреткерге, көрікті қаламгерге, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткеріне, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың игереі кәдімгі ел білетін Әбіш Кекілбаевқа айналды.             Иә...             Ол - соғыс балдай тәтті бала күндерінің шырқын алған, көбін жоқшылықтың қамалына, жәбірдің қорығына қамаған, жетімдік кебін кигізіп, жер тістеткен, Мұқағалидың тілімен айтқанда «жалғанда -жалған, жалғанда; жесірден мұңлық жан бар ма? Жалғанда жалғыз қалғанда, әдіре қалған арманға, араша түсер жан бар ма?» деп жесірлік тақсыретін тартып, зардабын көрген қамкөңіл аналардың қабағын тануға, жар жағасында тұрып, жабыққан жалғыз үйдей жаны жүдеу тартып, жүрегі сыздаған жаһанның қайғы-қасіретін сезінуге бейім, белі, бұғанасы ерте қатайған, ерте есейген буынның өкілі. Сол үшін де болар ойы қағылез, мінезі зерек суреткер өзінің қатар-тұрғыластары секілді ерте ес жыиып, дүниелік құбылыстар мен өмірлік байламдарханыдағы көзқарастарын да ертерек бекітті. Ол тағдырдың ала-құла тәлкегіне бой алдырмай, өмірде де, өнерде де еліктеу-солықтау ауылына алданып, аялдаған жоқ. Қалыптасу кезеңіне де ат басын ұзақ шалдырмастан, бірден үлгісі бөлек, үрдісі берік, мінез-бітімі «тайға басқан таңбадай» анық та қанық, өрімі мен өзегі өзгеше кқркемдік оазистің келісті хан жайлауынан бір-ақ көрінді.             Әдібі бөлек, жаратылысы жанды баурайтын жазушының суреткерлік әлемі туралы аз айтылған жоқ. Сонау көркемөнер мен көркем әдебиетке ел ықыласы айрықша ауып, муза жарықтықтың бағы тасып тұрған алпысыншы жылдардың «жылымығы» тұсында сөз өнерінің салқар сахарасына тұтқиыл келіп қонған бір шоғыр таланттар десантының арасынан өзінің тынысы таза лирикалық жырлармен, білімді де білікті, ойлы да парасатты сыни мақалаларымен «одағайланып» көзге түскен жас жігіттің алғашқы аяқ алысы - ел есінде.             Сыры мен жыры, шуағы мен нұры молдау тұста, әдебиеттің алғыр ортасында өніп-өскен, көгеріп-көктеген өмір мен өнерді біртұтас әлем ретінде қабылдап, қалыптасқан жас Кекілбаевтың бүгінгі шашы бурыл тартқан, ел ертеңі көкірегін көбірек мазалап, түн ұйқысы төрт бөлінген, уақытының көбі елдік қалыптасуымыз бен тәуелсіздіктің тиянағына арналып жүрген суреткер, мемлекет қайраткері, ел ағасы - Кекілбаевқа дейінгі аралықтағы суреткердің әр жазғаны, әр шығармасы талғампаз оқырманның назарынан шет қалып көрген емес.             Асылы, жазушы бақыты дегеніміз де осы болса керек. Бұл бақытқа әркім әр түрлі кезеңде әр қиын жолмен келеді. Біреу - ерте біреу- кеш. Суреткер Кекілбаевты мұндай бақ, көріп отырсыздар, ерте, тым ерте тапқан. Тапқан да жүрегінің төріне, ақ қағаздың өріне, қаламының ұшына халқының ықылас-сенімі мен махаббатын арқалай қапысыз қонған. Сол үшін болар, жазушы қай тұста да, қандай кезде де ақ қағаз бен қаламының алдында, әлгі бір халық ықыласы мен арының алдында жаңылып сүрініп те көрген емес. Ірілі-ұсақты туындыларының қандайын аңыз, суреткер мұраты жалғыз  - өнер мен өмірдің обалына  қалмау. Жалғандық пен жауапсыздыққа жол бермеу. Нені жазса толысқан ой мен тебіренген жүрек арқылы өткізу. Өзін қай кезде де жалғастардың жалғасы, қазақ рухани әлемінің кешеден бүгінге жетіп, бүгіннен ертеңге өтер мәңгілік ғұмырының бір үзігі сезіну суреткер ойы мен мұратын тынымсыз қозғалыста, өмірлік әрекет үстінде ұстайтын қамшысы тәрізді. Жазушы үшін өз қазанында өзі қайнаудан қауіпті нәрсе жоқ. Бұл - өз буына өзі пісер желбуаздық пен болдым-толдымның белгісі. Бұл - тоқырау мен тоқтаудың басты нышаны. Өсу, өзгерту, түлеу, жаңару, жаңғыру әр сөзіне оқырман ойын қозғап, жүрегіне жетер-қуат беріп, жан бітіріп отыру бар жерде суреткер бағы жанады, жалыны аспанға шапшиды, жарығы алысқа кетеді. Жүректен аққан сөз жүректерге жетеді... Қырық жылдан астам уақыт бойына оқырманының ойын қапысыз тербеп, жүрген қалтқысыз әлдилеп келе жатқан Кекілбаев әлемі - міне, осындай принциптерге көзделген көркемдіктің келісті өлшем, биігіне көрінер кемел әлем.  Күні кеше ғана -алпсыншы жылдардың ақырында арқар мүйізді - сөзінің талай-талай таңғажайып үлгілерін естіп, оқып, тоқып таңдану мен таңырқауды сиретіп бара жатқан сергек оқырманның «Күй» повесімен қалай шұқыраса табысқаны жадынан кете қояр ма?! Осыған дейін сан мәрте қазақы сезімнің күйтабағына қайыра-қайыра түсіп келген меңіреу кесінді жусанды дала «Күйде» өзгеше кейіпке еніп, бар қайғы-қасыретімен, күйініш-сүйінішімен,  кесір-кесапатымен, өзек өртер өзгеше реңімен көрінбеп пе еді?! Ондағы ғасыр бойына бір адамның екінші бір адамға көрсетер қысастық- қиянатының соңы ағайын арасына, ел арасына тіпті, көнтикенттер арасына қалай түсіп келе жатқанын жақсы білеміз. Бірақ амал бар ма? Әр жаңа реніш - жаңа қақтығысты, әр жаңа қақтығыс жаңа қасырет-қырғынды тудырарын біле тұра, адам баласы әлгі төркінінде озбыр «менмендік» жасырынған көзсіз намыс пен ессіз әрекеттің жетегіне еріп жүре береді...Ақылдың құрығына көнбеген ашудың ақыры қайда апарып  ұрындырары белгілі, ол әуелі ауыл арасын шайқайды, сонан соң ел арасын бүлдіреді. Қанға, қырғынға жетелейді. Бұл - сонау Еврипид, Софокл, Шекспир, Шиллер замандарынан бері жеріне жеткізіп жазылғанымен, тарих пен тағдырдың ащы сабақтарынан аз қорытынды шығарар жұмырбасты пенденің мәңгібақи түзелмей келе жатқан ең үлкен кемшілігі. Әр жаңа дәуірдің, әр жаңа ұрпақтың әлгі адам әлсіздігін аңғартар пендешілік мінез ауылына соқпай кеткені кемде кем.             Ежелден, ескі замандардан қоңсыласа қонып, қыз алып, қыз берісіп, бірде тартысып, бірде келісіп, бірде алысып, бірде шабысып, бірде жұлқысып, бірде табысып, қатар өмір сүріп келе жақтан түрікмен ауылдары мен адай ауылдарының кезекті бір текетірес қырғынын суреттей отырып, сол оқиға, сол қырғынға әуен-ырғағы мүлде тосын көркемдік сипат берген, адамның жан-жүрегін қозғай отырып, қалың қатпарлы философиялық ойлар иіріміне батыратын осынау шағын повесті күрсінбей, қайғырмай, өкінбей, тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес.             «Күй» -сөзбен сурет салудың сөзбен өмірлік қақтығыстарды айнытпай көркем өрудің, сөзбен адам жанының нәзік те сырлы, сұлу да нұрлы, қатыгез де қайсар, қаһарлы да қанқұмар, тәккаппар да текті, аяр да арсыз мінездерге, қаракеттерге толы ішкі әлемін жан-жақты жарқыратып ашудың өзгеше өрісі кең, ажарлы үлгісі.             «Күй» - реалистік-психологиялық мектептің жаңа сатылы биігін, деңгейін танытар интеллектуалды прозаның қазақ топырағындағы алғашқы нышандарының бірі.             Қазақ сахарасы мен түрікмен құмының қым-қуат мінезді естен кетпес суреттерін жасай отырып, автор әлгі суреттерді кейіпкер жан дүниесін ашуға шебер пайдаланады. Өзі жасаған озбырлық пен өктемдік өз өмірін өрт болып жалап, өзегін жарып шыққан ұлдарының бірінен соң бірін жалмап-жұтқан, жүрегін, жанын аяусыз жаралаған, енді міне, төрінен көрі жақын жасында кек тұмшалаған кеудесін домбыраның қос ішегінен шыққан мына сарыны бөлек үн біржола билеп-төстеп, жуып-шайып бара жатқаны мына. Кеудесін тілімдеген тұтқын қазақтың өксік пен зарға, өкініш пен ойға құрылған күй ішін өртеуде. Мына күй сақалын жаспен жуғызып, кеудесін қасірет-қайғыға буғызып, өзін көрмек түгілі, атын естісе шошынып, үдіре қашатын қалың елдің алдында шөктіріп бара жатқаны қалай?! Қысқасы, адам жанының қалың қалтарыс-бұлтарысын көркем сөздің қуатымен қапысыз аша отырып, оның айтып тіл жетпес әлем-тапырақ ішкі халін Жөнейт хан трагедиясы мен тәубасы арқылы беру, оқиға өзегін нанымды өру жазушының ғана емес, күллі қазақ көркем прозасының жетісігі екені күмәнсіз.             Кез келген жазушының жаратылысы, мінезі болмысы, сөз жоқ, оның көркем әлемінен көрініс табады. Ой өрісі, білім парасаты, көзқарасы, таным табиғаты бір шығармасынан екінші бір шығармасына ауысып отырады.             Осы орайда, суреткер Кекілбаевты, ойшыл, білімдар, тарихшы Кекілбаевтан еш бөле-жара қарауға болмайтынын ұмытпуымыз керек. Қазақ топырағына осы суреткер алып келген баяндау мәнерінің өзгеше үрдісі мен үлгісі туралы сөз бола қалғанда да осы жайды әр кез ескеріп отыруы қажет-ақ. Жазушының повестері мен тарихи романдарына айрықша тән осынау стильдік тұтастық ыждаһатты зерттеуді, тануды керек етеді.             Табиғатынан сілкіне сөйлеп, бір қозғалып кетсе, оңай тоқтай қоймайтын өмірдегі Кекілбаев секілді, жазушы Кекілбаевтың да көркем баяндауындағы сөз қолдану мен сөйлем құраудың арналы ағысы қатты, алып өзендей елестер кескіні «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дейтін ілік-шатыс сөздердің құр тізбегі емес. Бұл ойлау мен сөйлеудің, сөйлем құраудың стильдік тұтастығын, автор қолтаңбасының даралығын танытар қадау-қадау көркемдік ерекшеліктердің ең бастысы Кекілбаев үшін Сөз - сыр мен сынның, қуаныш пен мұңның, күн мен түннің, сарын мен үннің, мына ұлы жаратылыс пен ғаламның болмыс-бітімін танудың, мінезін ашудың ең қуатты көркемдік құралы. Көшкен бұлттай жөңкілген, кең тынысты, өрімі берік осынау күрделі құрмалас сөйлемдер тасасынан қазақ халқының ғасырлар қойнауынан жаңғырып аман жеткен шешендік салтын, көсемдік қалпын айқын аңғартар ұлттық бояу-реңдермен қоса, әлемдік нақыштағы мәдениет прозаға интеллектуалды баяндауға тән өрісі кең, өрелі ізденістердің төл топырағымыздағы күнгейлі сипаттары да молынан ұшырасады.             Қазақ топырағындағы интеллектуалды монобаяндау үлгісі туралы айтқанда Кекілбаев повестері мен романдары айрықша талдауды керек етеді дейтініміз де сондықтан.             Кекілбаев үшін өмір аңыз бен ақиқат үйлесімінен тұратын алып кеңістік іспетті.             Аңыздар мен тарихи әфсаналар немесе тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар, көп тұста автор үшін түбегейлі көркемдік мақсатқа жету жолындағы «гардероб» қана секілді. Аңыз да, оқиға да тарихи  тұлғалардың іс-әрекеттері де қазіргі заманның өмірлік қиындықатырмен, қуаныш-қасіреттерімен үндесе жалғасып, «Дала балладаларын» құрайтын повестердің қай-қайсысы да ерекше философиялық ой мен көркемдік сипатқа ие болды. Өмірдің қатпар-қатпар шындықтарын тануға көмектеседі. Оқырман тарих үзігін әлгі бір аңыздың өзегін өз өмірінің бүгінгі шындығындай сезінеді. Қайғырады, қуанады, күйінеді, сүйінеді. Нәтижесінде халық ойы мен кемеңгерлігін аңғартар әлгі аңыз әңгіме түлейді, түрленеді. Осыған дейін сахара төсін дастан, жыр, ән-күй, саз-сарын түрінде кезіп келген халық даналығы мен халық жады өркениет әлемінің бүгінгі ұлы кеңістігіне еркін араласады. Сонылық сипатқа, жаңа өмірлік мәнге, мағынаға ие болады. Әуелгіде қазаққа ғана түсінікті көрінген оқиға құбыла, құлпыра, ақырында Кекілбаев қиялынан өнген, өскен, көктеген көркемдік әлемі өз сәулесін алыс-алыс қияндарға, қиырларға таратады. Жұмырбасты пенденің бәріне бірдей етене ойлар мен ахуалдардың ортақ биігіне көтеріледі.             Ортақ кеңістік... Ортақ қасірет... Ортақ қуаныш... Ортақ өкініш... Ортақ сезімдер... Ортақ ойлар...             «Ханша-дария хикаясы» повесін оқып отырып, жарты әлемді қылыштың жүзі, найзаның ұшы, аттың тұяғы, білектің күшімен бағындырған, көшпелілердің қуатты ұлы империясын құрған Шыңғыс хан өміріне қатысты бір аңыздың суреткер призмасы арқылы қалай өткенін, тарағанын көреміз. Көп уақыт бойы қаһарлы да қатыгез ұлы әмірші бейнесі әдебиеттерде бұрмалана кесінделіп, адамнан гөрі, құбыжыққа ұқсанқырап келгені белгілі. Ұлы Әміршіден адамды көру, адам бейнесін жасауға ұмтылу, сол арқылы шығарманың көркемдік тұтастығын біржола бекіту - аталмыш повестің басты мұраты. Суреткер Әмірші өмірінің соңғы сәттерінен әлемдік әдебиетте әр кез шоқтығы асқақ көрінер адам жанының ішкі қайшылықтары мен иірімдеріне көбірек ден қояр арылу, тазару тақырыбын іздестіреді. Алдына қойған осынау іргелі мақсатқа жетудің жолын жазушы ұлы қағанның бауырына басқан соңғы сұлуы -Гүрбелжін аурмен арада болған тән рахаты мен жан рахатының алшақтығынан көреді. Алпыс екі тамырыңызды кеулеп, кезіп кетер ой ағысы мен сезім суреттеріне ынтыға берілген оқырман қиялына ғажайып қанат бітеді. Жер бауырлаған пендешілік әрекеттер мен адам асқақ ұғымдар аңыз қорығынан ұзап, көркемдік шындықтың айдыны кең аясына көтеріле қалқиды. «Күй» повесінде сұлулық кейпіндегі ұлы муза кектің жолын кесіп, қатал Жөнейт ханды өз арының алдына жүгіндіріп, өз қолымен жасаған қаталдық атаулыдан жирендірсе, кенже ұлының аруағы болып келіп, қайғы мен қасіретке алып барар пендешілік ойлардан, мақсаттардан түңілдірсе; «Ханша-дария хикаясында» керісінше, сұлулық Гүрбелжін арудың бойындағы тән рахаты кейпінде келіп, Шыңғыс ханды таңғұт жұртының қарғысына ұрындырады, сұлулық бұл жолы ұлы Әміршіні ажал болып қабады.             Шынайы классикалық биікке көтерілген сюжет өру мен образ сомдаудың адамдар адамдар қарым-қатынасы арқылы өрбитін осынау арбасулар астарында қаншама өмір, шындық жатыр десеңізші! «Судың да сұрауы бар» демейтін бе еді дала даналығы. Автордың түпкі айтары осы. Осы уәжге ол өз кейіпкерлерін сандаған психологиялық шиеленістер арқылы алып өтіп, асықпай, аптықпай, байсалды баяндау үлгісімен жетеді. Оған оқырманын да шексіз иландырады, сендіреід. Өмірі, бүкіл саналы ғұмыры алыс-жұлыспен кеткенін, көзді ашып-жұмардай қысқа мерзімде ағып өте шыққанын Әмірші соңғы рет сезінеді. Ажалы Алладан болды ма, елде адамнан болды ма? Мәселе сонда ғана ма? Жоқ, суреткердің мақсаты басқада. Өз қолыңмен істеген қиянатың, ерте ме, кеш пе, алдыңнан бір шығары хақ дегенге саяды шығарма арқауына өзек болған оқиға.             Гүрбелжін арудың ыстық құшағы болып, жыландай иіріліп келіп, аяусыз қапқан мына ажал соның айғағы соның дәлелі.             Әділет пен зұлымдықтың, ақ пен қараның мәңгілік майданында осындай бір дүниекезектің болары ұлы жаратылстың ғұзыр-пәрменімен атқарылар ар сотының, ұлы үкімнің болары анық.             Міне, отыздан асар-аспас жастағы Кекілбаев көркемдік әлемінің күре тамырындай болып арылу мен тазару тақырыбының осы бір қайталанбас болмысы кейінгі «Аңыздың ақыры» романы мен «Үркер», «Елең-алаң» роман-диологиясында да өзінің өзекті жалғасын табады.             Алғашқыда «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарық көрген, соңыра «Аңыздың ақыры» деген атпен кітап болып басылған роман - осынау тарих пен аңызды «гардероб» ретінде пайдаланудың ең бір жетілген мықты үлігісі.             Көркем де келісті баяндау бұл жолы өзінің жазира-жайлауына шыққандай, ерекше қолтық сөге көсіледі. Авторлық ойдың қара орманы күмбірлеп, жусанды даласына айырықша тіл біткендей болады. Романда түркі дүниесінің тарихында өзгеше орны бар тағы бір ортағасырлық ұлы билеуші Әмір Темір өмірінің үздігімен жүздесеміз.             Муза мен сұлулық әлемі бұл жолы көзсіз махаббат кескінінде, көрікті мұнараны көтеріп, соған өзінің күллі жалын сезімін қоса өрген жас жігіттің кейпінде келеді. Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша өз басиесіне деген сезімі мен құрметінің белгісі - ретінде әдемі мұнара тұрғызбақшы болады. Мұнараны салу кезінде сәулетті жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң, мөлтек сыр... ұлы сезімге жалғасады. Шынайы шығыстық үлгідегі сезінуі мен ойлаудың ауаны айдынын кеңейтіп, шығармаға арқау болған аңыздық сарын терең де мағыналы философиялық түйіндерге жетелейді. «Арыстан айға шауып мерт болыпты» деген халық нақылы еске түседі. Өзінің ұлы сезімінің торынан шыға алмаған сәулетті жігіттің өмірі аянышты аяқталады. Әміршінің жарына ынтық болған сезімі әшкереленіп, хас шебер дарға асылады.             Иә, қатыгездік қаһары таза сезім мен мөлдір махаббатты жеңген тәрізді еді, аяққа салып, таптаған тәрізді еді... Бірақ әмірші де, әміршінің қабағынан қорқып, тіс жармаған айналасы да, қалың халқы да, аңызды қанатына іліп әкетіп, ғасырлар қойнауынан бізге алып жеткен. Уақыттың алып кеңістігі де бір нәрсені жеңе алмайтынын ескермеген екен. Шеберді өлтірдім, жазаладым - бәріне нүкте қойдым деп ойлаған Ұлы Әмірші жаңылыпты, қателесіпті. Қайта өз ғұзырынмен, өзінің қатал пәрменімен ол махаббаттың сұлу да сырлы мұнарасын асқақтата түсіпті.             Түптеп келгенде, сұлулық бәрін де ойсырата жеңді. Махаббат мұнарасы көкке бой созды. Ол өзінің ғажайып кескінмен, сұлу сымбатымен адамдардың пендешілік көрсоқыр мінезін, қалыбын күйретті. Махаббат мұнарасы ғасырлардан ғасырларға өтті. Көріп отырсыздар, Кекілбаев суреткерлігінің алғашқы кезеңін анықтайтын, даралайтын шығармалар легі, яғни астарлы философияға негізделген аңыздық рухтағы туындылар - шоқтығы биік, көркемдік қуаты берік, өмірлік сипаты өзгеше әлем.         Біз бүгінгі мақаламызда осынау көркем дүниелерге арқа сүйей отырып, жазушының тағдырынан елінің, жерінің тағдырын көруге ұмтылдық, жазушыны тебіренткен тану-тазару, айту-арылу үлгісіндегі өміршең ойлар кеңістігінен елдік қазынамызға ғана емес, ХХ ғасыр өркениетінің рухани қазынасына қосылар тұғыры биік көркемдік әлемді қайыра бір елеп- екшеуге тырыстық.  Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма ед?! Бастауы мен қайнары көне-көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразылауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне бек сендік. Сендік те жұмыр басты пендесін сергелдеңге салған мына долы ғасырдың дөңайбат мінезімен аламантасыр әрекетін қайыра, қайта байыптадық.  Ой төрінде тағы да ісмер қара шалдарымыздың қолынан шыққан үкілі қара бесік - кәдімгі ат жалы, түйе қомында жүріп біздің дәуірге ұлтты, ұрпақты аман жеткізген қасиетті қара бесік тұрды. Еліміздің өткені мен бүгінін, ертеңі мен өртеңін сол бесікке бөлеп тербеткен аналар келді көз алдыма...             Апыр-ай! Аңызға бергісіз асау дәуірлердің қолтығынан аман шыққан алаш атты, асыл сүйекті ел едік қой... Тағдыр бізге осыншама ұлан-ғасыр жер бергенде, сол жерді сақтайтын, алдағы күндерге аман алып баратын бір құдіретті күшті неге бермесін?! Берген болар... Ол күштің аты-жөні ынтымақ, береке, бірлік дейді көне көз қария тарих - елдікке егемендікке деген ел сенімімен құлшынысы дейді абызмінезді өткеніміз.             Кекілбаев қаламынан туған аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі де соны айтады. Соған меңзейді.  Нұрлан ОРАЗАЛИН  «Қазақ әдебиеті», 3-желтоқсан 1999 жыл Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Иә.

                Адам баласының өмірі бесіктен басталады...

         Бесік - ұрпақ өсіру мен ұлтты бағып-қағудың, ұятты қалыптастыру мен ұлт намысын тәрбиелеудің ұлы құндағы.

            Болашақ өмірдің иесі құндақ құшағында жатып, жер үстінің мазасыз тіршілігінен алғаш хабар балады. Аспан әлемінің адамға, адамның ойына, санасына ықпал етер бимәлім құдіретті күшімен де осы бесікте жатып, алғаш тілдеседі, күннің нұры мен шуағын осы бесікте жатып, алғаш көреді; мына он сегіз мың ғаламның асыл махаббатының қайталанбас ғажайып бір сәті - ананың ұлы жүрегінен телегей-теңіз сезім боп ақтарылған бесік жырының сиқырлы сырлы сазын да алғаш осы бесікте жатып естиді. Сондықтан болар, ана сүтімен емген, ата мінезімен енген ой тазалығы мен сүйек тазалығын танытар қасиеттердің қай-қайсысы да адам бойына осы бесігінде жатқанда дариды, қонады дейді біздің ырымшыл халық.

            Рас шығар...

 Әбіш Кекілбаев туралы ойланған сайын менің есіме ылғи да қазақтың ісмер қара шалдарының қолынан шыққан осындай бір қазақы талбесік елестейді. Кең даламыздың қай қиырына барсаң да алдыңнан шығып, әр үйдің жылы төрінде тұратын, басына үкінің қанаты байланған кәдімгі қара бесік!... Аттың жалында, түйенің қомында, өгіздің арқасында көшіп-қонып жүріп, өркениет дүниесінің жиырмасыншы ғасырына өркенді ел болып іліккен, енді, міне, жиырма бірінші ғасырға да азат ел ретінде аман аттағалы тұрған халқымыздың ұлдары мен қыздары бөленген бесік...

            Әбіш Кекілбаев туралы ойланған сайын... Бір дәуірді екінші бір дәуірге аманаттап, қазақ халқының мұңы мен сырын, әні мен жырын, сәні мен мәнін, қаны мен жанын, ары мен барын, өртеңі мен ертеңін қоса арқалаған мына евразиялық алып кеңістік - қазақтың апайтес ұлы Даласы да маған бір сәт әлгі Аталар рухы мен аналар махаббаты тербеген қасиетті қара бесік бейнесінде көрінеді.

            Көкірегі тола күй... Бірде домбыраның шанағындай безілдеп, заманалар сыры астан-кестең төгілер, енді бірде қарт қобыздай аңырап, аспан мен жердің арасы қосылып кеткендей ерекше бір халге бөлер Атажұрт үні жететіндей құлаққа  Алатау, Алтай елестейді...

            Сарыарқа мен Сыр, Еділ мен Жайық елестейді...

            Ат арқасы қиянда жатқан меңіреу қойын-қолтығын келе-келе түйе кезген Маңғыстаудың ақ таулары, қара таулары, қызыл таулары көлбейді... Үстірттің құс қанатын талдырар тақтайдай жазық құба жоны, Сейсем Ата, Шақпақ Ата, Тамшалы, Айрақты, Шер қала, қасиетті Бекет Атаның аңғары қолын созардай... Ұбап- шұбап, ана дәуірден мына дәуірге бет түзеген көш пен қазақы қаймағы бұзыла қоймаған бимәлім сырлы, жұмбағы мол өлкенің аңызы мен ақиқатын көкірегіне басқан қара бесік тағы да көз алдына келеді.

            Қара бесіктің құндағына бөленіп, бақлып, балбырап, ана әлдиінің құшағында жатқан қара баланы көретіндейсің...

            Қара бесік -көне-көне күндерден сыр тарқатар киелі мекен. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» секілді көркемдік кескіні мен тарихи тұрпаты бөлек қалың-қалың романдарға оқырманының ойын өсіріп, көкжиегін кеңейтер, көңіл-қиялына қанат бітірер соқпағы соны «Күй», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша-дария хикаясы», «Құс қанаты», «Шеткері үй», «Бәйгеторы» тәрізді хикаятповестерге әрлі де нәрлі әңгіме, толғауларға, көсіле төгіліп кетер өлең мен жырға, есіле сөйлеп берер шешен тілді эсселерге, танымы терең саяси талдауларға айналды. Берісі - қазақ пен алаш жұртының, әрісі әлем әдебиеті мен көркем ойының қазынасын молайтар құндылықтар қатарына қосылды. Орыс, неміс, венгер, болгар, чех, эстон, қырғыз өзбек, татар т.б. тілдерге аударылды.

            Ал қара бала ше? Қара бала қазақ халқының арғы-бергі ұлан-асыр тарихын жадына тоқи жүріп, топты жарар шешенге, рухани әлеміміздің көшін бастар көсемге, кемел суреткерге, көрікті қаламгерге, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткеріне, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың игереі кәдімгі ел білетін Әбіш Кекілбаевқа айналды.

            Иә...

            Ол - соғыс балдай тәтті бала күндерінің шырқын алған, көбін жоқшылықтың қамалына, жәбірдің қорығына қамаған, жетімдік кебін кигізіп, жер тістеткен, Мұқағалидың тілімен айтқанда «жалғанда -жалған, жалғанда; жесірден мұңлық жан бар ма? Жалғанда жалғыз қалғанда, әдіре қалған арманға, араша түсер жан бар ма?» деп жесірлік тақсыретін тартып, зардабын көрген қамкөңіл аналардың қабағын тануға, жар жағасында тұрып, жабыққан жалғыз үйдей жаны жүдеу тартып, жүрегі сыздаған жаһанның қайғы-қасіретін сезінуге бейім, белі, бұғанасы ерте қатайған, ерте есейген буынның өкілі. Сол үшін де болар ойы қағылез, мінезі зерек суреткер өзінің қатар-тұрғыластары секілді ерте ес жыиып, дүниелік құбылыстар мен өмірлік байламдарханыдағы көзқарастарын да ертерек бекітті. Ол тағдырдың ала-құла тәлкегіне бой алдырмай, өмірде де, өнерде де еліктеу-солықтау ауылына алданып, аялдаған жоқ. Қалыптасу кезеңіне де ат басын ұзақ шалдырмастан, бірден үлгісі бөлек, үрдісі берік, мінез-бітімі «тайға басқан таңбадай» анық та қанық, өрімі мен өзегі өзгеше кқркемдік оазистің келісті хан жайлауынан бір-ақ көрінді.

            Әдібі бөлек, жаратылысы жанды баурайтын жазушының суреткерлік әлемі туралы аз айтылған жоқ. Сонау көркемөнер мен көркем әдебиетке ел ықыласы айрықша ауып, муза жарықтықтың бағы тасып тұрған алпысыншы жылдардың «жылымығы» тұсында сөз өнерінің салқар сахарасына тұтқиыл келіп қонған бір шоғыр таланттар десантының арасынан өзінің тынысы таза лирикалық жырлармен, білімді де білікті, ойлы да парасатты сыни мақалаларымен «одағайланып» көзге түскен жас жігіттің алғашқы аяқ алысы - ел есінде.

            Сыры мен жыры, шуағы мен нұры молдау тұста, әдебиеттің алғыр ортасында өніп-өскен, көгеріп-көктеген өмір мен өнерді біртұтас әлем ретінде қабылдап, қалыптасқан жас Кекілбаевтың бүгінгі шашы бурыл тартқан, ел ертеңі көкірегін көбірек мазалап, түн ұйқысы төрт бөлінген, уақытының көбі елдік қалыптасуымыз бен тәуелсіздіктің тиянағына арналып жүрген суреткер, мемлекет қайраткері, ел ағасы - Кекілбаевқа дейінгі аралықтағы суреткердің әр жазғаны, әр шығармасы талғампаз оқырманның назарынан шет қалып көрген емес.

            Асылы, жазушы бақыты дегеніміз де осы болса керек. Бұл бақытқа әркім әр түрлі кезеңде әр қиын жолмен келеді. Біреу - ерте біреу- кеш. Суреткер Кекілбаевты мұндай бақ, көріп отырсыздар, ерте, тым ерте тапқан. Тапқан да жүрегінің төріне, ақ қағаздың өріне, қаламының ұшына халқының ықылас-сенімі мен махаббатын арқалай қапысыз қонған. Сол үшін болар, жазушы қай тұста да, қандай кезде де ақ қағаз бен қаламының алдында, әлгі бір халық ықыласы мен арының алдында жаңылып сүрініп те көрген емес. Ірілі-ұсақты туындыларының қандайын аңыз, суреткер мұраты жалғыз  - өнер мен өмірдің обалына  қалмау. Жалғандық пен жауапсыздыққа жол бермеу. Нені жазса толысқан ой мен тебіренген жүрек арқылы өткізу. Өзін қай кезде де жалғастардың жалғасы, қазақ рухани әлемінің кешеден бүгінге жетіп, бүгіннен ертеңге өтер мәңгілік ғұмырының бір үзігі сезіну суреткер ойы мен мұратын тынымсыз қозғалыста, өмірлік әрекет үстінде ұстайтын қамшысы тәрізді.

Жазушы үшін өз қазанында өзі қайнаудан қауіпті нәрсе жоқ. Бұл - өз буына өзі пісер желбуаздық пен болдым-толдымның белгісі. Бұл - тоқырау мен тоқтаудың басты нышаны. Өсу, өзгерту, түлеу, жаңару, жаңғыру әр сөзіне оқырман ойын қозғап, жүрегіне жетер-қуат беріп, жан бітіріп отыру бар жерде суреткер бағы жанады, жалыны аспанға шапшиды, жарығы алысқа кетеді. Жүректен аққан сөз жүректерге жетеді... Қырық жылдан астам уақыт бойына оқырманының ойын қапысыз тербеп, жүрген қалтқысыз әлдилеп келе жатқан Кекілбаев әлемі - міне, осындай принциптерге көзделген көркемдіктің келісті өлшем, биігіне көрінер кемел әлем.

 Күні кеше ғана -алпсыншы жылдардың ақырында арқар мүйізді - сөзінің талай-талай таңғажайып үлгілерін естіп, оқып, тоқып таңдану мен таңырқауды сиретіп бара жатқан сергек оқырманның «Күй» повесімен қалай шұқыраса табысқаны жадынан кете қояр ма?! Осыған дейін сан мәрте қазақы сезімнің күйтабағына қайыра-қайыра түсіп келген меңіреу кесінді жусанды дала «Күйде» өзгеше кейіпке еніп, бар қайғы-қасыретімен, күйініш-сүйінішімен,  кесір-кесапатымен, өзек өртер өзгеше реңімен көрінбеп пе еді?! Ондағы ғасыр бойына бір адамның екінші бір адамға көрсетер қысастық- қиянатының соңы ағайын арасына, ел арасына тіпті, көнтикенттер арасына қалай түсіп келе жатқанын жақсы білеміз. Бірақ амал бар ма? Әр жаңа реніш - жаңа қақтығысты, әр жаңа қақтығыс жаңа қасырет-қырғынды тудырарын біле тұра, адам баласы әлгі төркінінде озбыр «менмендік» жасырынған көзсіз намыс пен ессіз әрекеттің жетегіне еріп жүре береді...Ақылдың құрығына көнбеген ашудың ақыры қайда апарып  ұрындырары белгілі, ол әуелі ауыл арасын шайқайды, сонан соң ел арасын бүлдіреді. Қанға, қырғынға жетелейді. Бұл - сонау Еврипид, Софокл, Шекспир, Шиллер замандарынан бері жеріне жеткізіп жазылғанымен, тарих пен тағдырдың ащы сабақтарынан аз қорытынды шығарар жұмырбасты пенденің мәңгібақи түзелмей келе жатқан ең үлкен кемшілігі. Әр жаңа дәуірдің, әр жаңа ұрпақтың әлгі адам әлсіздігін аңғартар пендешілік мінез ауылына соқпай кеткені кемде кем.

            Ежелден, ескі замандардан қоңсыласа қонып, қыз алып, қыз берісіп, бірде тартысып, бірде келісіп, бірде алысып, бірде шабысып, бірде жұлқысып, бірде табысып, қатар өмір сүріп келе жақтан түрікмен ауылдары мен адай ауылдарының кезекті бір текетірес қырғынын суреттей отырып, сол оқиға, сол қырғынға әуен-ырғағы мүлде тосын көркемдік сипат берген, адамның жан-жүрегін қозғай отырып, қалың қатпарлы философиялық ойлар иіріміне батыратын осынау шағын повесті күрсінбей, қайғырмай, өкінбей, тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес.

            «Күй» -сөзбен сурет салудың сөзбен өмірлік қақтығыстарды айнытпай көркем өрудің, сөзбен адам жанының нәзік те сырлы, сұлу да нұрлы, қатыгез де қайсар, қаһарлы да қанқұмар, тәккаппар да текті, аяр да арсыз мінездерге, қаракеттерге толы ішкі әлемін жан-жақты жарқыратып ашудың өзгеше өрісі кең, ажарлы үлгісі.

            «Күй» - реалистік-психологиялық мектептің жаңа сатылы биігін, деңгейін танытар интеллектуалды прозаның қазақ топырағындағы алғашқы нышандарының бірі.

            Қазақ сахарасы мен түрікмен құмының қым-қуат мінезді естен кетпес суреттерін жасай отырып, автор әлгі суреттерді кейіпкер жан дүниесін ашуға шебер пайдаланады. Өзі жасаған озбырлық пен өктемдік өз өмірін өрт болып жалап, өзегін жарып шыққан ұлдарының бірінен соң бірін жалмап-жұтқан, жүрегін, жанын аяусыз жаралаған, енді міне, төрінен көрі жақын жасында кек тұмшалаған кеудесін домбыраның қос ішегінен шыққан мына сарыны бөлек үн біржола билеп-төстеп, жуып-шайып бара жатқаны мына. Кеудесін тілімдеген тұтқын қазақтың өксік пен зарға, өкініш пен ойға құрылған күй ішін өртеуде. Мына күй сақалын жаспен жуғызып, кеудесін қасірет-қайғыға буғызып, өзін көрмек түгілі, атын естісе шошынып, үдіре қашатын қалың елдің алдында шөктіріп бара жатқаны қалай?! Қысқасы, адам жанының қалың қалтарыс-бұлтарысын көркем сөздің қуатымен қапысыз аша отырып, оның айтып тіл жетпес әлем-тапырақ ішкі халін Жөнейт хан трагедиясы мен тәубасы арқылы беру, оқиға өзегін нанымды өру жазушының ғана емес, күллі қазақ көркем прозасының жетісігі екені күмәнсіз.

            Кез келген жазушының жаратылысы, мінезі болмысы, сөз жоқ, оның көркем әлемінен көрініс табады. Ой өрісі, білім парасаты, көзқарасы, таным табиғаты бір шығармасынан екінші бір шығармасына ауысып отырады.

            Осы орайда, суреткер Кекілбаевты, ойшыл, білімдар, тарихшы Кекілбаевтан еш бөле-жара қарауға болмайтынын ұмытпуымыз керек. Қазақ топырағына осы суреткер алып келген баяндау мәнерінің өзгеше үрдісі мен үлгісі туралы сөз бола қалғанда да осы жайды әр кез ескеріп отыруы қажет-ақ. Жазушының повестері мен тарихи романдарына айрықша тән осынау стильдік тұтастық ыждаһатты зерттеуді, тануды керек етеді.

            Табиғатынан сілкіне сөйлеп, бір қозғалып кетсе, оңай тоқтай қоймайтын өмірдегі Кекілбаев секілді, жазушы Кекілбаевтың да көркем баяндауындағы сөз қолдану мен сөйлем құраудың арналы ағысы қатты, алып өзендей елестер кескіні «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дейтін ілік-шатыс сөздердің құр тізбегі емес. Бұл ойлау мен сөйлеудің, сөйлем құраудың стильдік тұтастығын, автор қолтаңбасының даралығын танытар қадау-қадау көркемдік ерекшеліктердің ең бастысы Кекілбаев үшін Сөз - сыр мен сынның, қуаныш пен мұңның, күн мен түннің, сарын мен үннің, мына ұлы жаратылыс пен ғаламның болмыс-бітімін танудың, мінезін ашудың ең қуатты көркемдік құралы. Көшкен бұлттай жөңкілген, кең тынысты, өрімі берік осынау күрделі құрмалас сөйлемдер тасасынан қазақ халқының ғасырлар қойнауынан жаңғырып аман жеткен шешендік салтын, көсемдік қалпын айқын аңғартар ұлттық бояу-реңдермен қоса, әлемдік нақыштағы мәдениет прозаға интеллектуалды баяндауға тән өрісі кең, өрелі ізденістердің төл топырағымыздағы күнгейлі сипаттары да молынан ұшырасады.

            Қазақ топырағындағы интеллектуалды монобаяндау үлгісі туралы айтқанда Кекілбаев повестері мен романдары айрықша талдауды керек етеді дейтініміз де сондықтан.

            Кекілбаев үшін өмір аңыз бен ақиқат үйлесімінен тұратын алып кеңістік іспетті.

            Аңыздар мен тарихи әфсаналар немесе тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар, көп тұста автор үшін түбегейлі көркемдік мақсатқа жету жолындағы «гардероб» қана секілді. Аңыз да, оқиға да тарихи  тұлғалардың іс-әрекеттері де қазіргі заманның өмірлік қиындықатырмен, қуаныш-қасіреттерімен үндесе жалғасып, «Дала балладаларын» құрайтын повестердің қай-қайсысы да ерекше философиялық ой мен көркемдік сипатқа ие болды. Өмірдің қатпар-қатпар шындықтарын тануға көмектеседі. Оқырман тарих үзігін әлгі бір аңыздың өзегін өз өмірінің бүгінгі шындығындай сезінеді. Қайғырады, қуанады, күйінеді, сүйінеді. Нәтижесінде халық ойы мен кемеңгерлігін аңғартар әлгі аңыз әңгіме түлейді, түрленеді. Осыған дейін сахара төсін дастан, жыр, ән-күй, саз-сарын түрінде кезіп келген халық даналығы мен халық жады өркениет әлемінің бүгінгі ұлы кеңістігіне еркін араласады. Сонылық сипатқа, жаңа өмірлік мәнге, мағынаға ие болады. Әуелгіде қазаққа ғана түсінікті көрінген оқиға құбыла, құлпыра, ақырында Кекілбаев қиялынан өнген, өскен, көктеген көркемдік әлемі өз сәулесін алыс-алыс қияндарға, қиырларға таратады. Жұмырбасты пенденің бәріне бірдей етене ойлар мен ахуалдардың ортақ биігіне көтеріледі.

            Ортақ кеңістік... Ортақ қасірет... Ортақ қуаныш... Ортақ өкініш... Ортақ сезімдер... Ортақ ойлар...

            «Ханша-дария хикаясы» повесін оқып отырып, жарты әлемді қылыштың жүзі, найзаның ұшы, аттың тұяғы, білектің күшімен бағындырған, көшпелілердің қуатты ұлы империясын құрған Шыңғыс хан өміріне қатысты бір аңыздың суреткер призмасы арқылы қалай өткенін, тарағанын көреміз. Көп уақыт бойы қаһарлы да қатыгез ұлы әмірші бейнесі әдебиеттерде бұрмалана кесінделіп, адамнан гөрі, құбыжыққа ұқсанқырап келгені белгілі. Ұлы Әміршіден адамды көру, адам бейнесін жасауға ұмтылу, сол арқылы шығарманың көркемдік тұтастығын біржола бекіту - аталмыш повестің басты мұраты. Суреткер Әмірші өмірінің соңғы сәттерінен әлемдік әдебиетте әр кез шоқтығы асқақ көрінер адам жанының ішкі қайшылықтары мен иірімдеріне көбірек ден қояр арылу, тазару тақырыбын іздестіреді. Алдына қойған осынау іргелі мақсатқа жетудің жолын жазушы ұлы қағанның бауырына басқан соңғы сұлуы -Гүрбелжін аурмен арада болған тән рахаты мен жан рахатының алшақтығынан көреді. Алпыс екі тамырыңызды кеулеп, кезіп кетер ой ағысы мен сезім суреттеріне ынтыға берілген оқырман қиялына ғажайып қанат бітеді. Жер бауырлаған пендешілік әрекеттер мен адам асқақ ұғымдар аңыз қорығынан ұзап, көркемдік шындықтың айдыны кең аясына көтеріле қалқиды.

«Күй» повесінде сұлулық кейпіндегі ұлы муза кектің жолын кесіп, қатал Жөнейт ханды өз арының алдына жүгіндіріп, өз қолымен жасаған қаталдық атаулыдан жирендірсе, кенже ұлының аруағы болып келіп, қайғы мен қасіретке алып барар пендешілік ойлардан, мақсаттардан түңілдірсе; «Ханша-дария хикаясында» керісінше, сұлулық Гүрбелжін арудың бойындағы тән рахаты кейпінде келіп, Шыңғыс ханды таңғұт жұртының қарғысына ұрындырады, сұлулық бұл жолы ұлы Әміршіні ажал болып қабады.

            Шынайы классикалық биікке көтерілген сюжет өру мен образ сомдаудың адамдар адамдар қарым-қатынасы арқылы өрбитін осынау арбасулар астарында қаншама өмір, шындық жатыр десеңізші! «Судың да сұрауы бар» демейтін бе еді дала даналығы. Автордың түпкі айтары осы. Осы уәжге ол өз кейіпкерлерін сандаған психологиялық шиеленістер арқылы алып өтіп, асықпай, аптықпай, байсалды баяндау үлгісімен жетеді. Оған оқырманын да шексіз иландырады, сендіреід. Өмірі, бүкіл саналы ғұмыры алыс-жұлыспен кеткенін, көзді ашып-жұмардай қысқа мерзімде ағып өте шыққанын Әмірші соңғы рет сезінеді. Ажалы Алладан болды ма, елде адамнан болды ма? Мәселе сонда ғана ма? Жоқ, суреткердің мақсаты басқада. Өз қолыңмен істеген қиянатың, ерте ме, кеш пе, алдыңнан бір шығары хақ дегенге саяды шығарма арқауына өзек болған оқиға.

            Гүрбелжін арудың ыстық құшағы болып, жыландай иіріліп келіп, аяусыз қапқан мына ажал соның айғағы соның дәлелі.

            Әділет пен зұлымдықтың, ақ пен қараның мәңгілік майданында осындай бір дүниекезектің болары ұлы жаратылстың ғұзыр-пәрменімен атқарылар ар сотының, ұлы үкімнің болары анық.

            Міне, отыздан асар-аспас жастағы Кекілбаев көркемдік әлемінің күре тамырындай болып арылу мен тазару тақырыбының осы бір қайталанбас болмысы кейінгі «Аңыздың ақыры» романы мен «Үркер», «Елең-алаң» роман-диологиясында да өзінің өзекті жалғасын табады.

            Алғашқыда «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарық көрген, соңыра «Аңыздың ақыры» деген атпен кітап болып басылған роман - осынау тарих пен аңызды «гардероб» ретінде пайдаланудың ең бір жетілген мықты үлігісі.

            Көркем де келісті баяндау бұл жолы өзінің жазира-жайлауына шыққандай, ерекше қолтық сөге көсіледі. Авторлық ойдың қара орманы күмбірлеп, жусанды даласына айырықша тіл біткендей болады. Романда түркі дүниесінің тарихында өзгеше орны бар тағы бір ортағасырлық ұлы билеуші Әмір Темір өмірінің үздігімен жүздесеміз.

            Муза мен сұлулық әлемі бұл жолы көзсіз махаббат кескінінде, көрікті мұнараны көтеріп, соған өзінің күллі жалын сезімін қоса өрген жас жігіттің кейпінде келеді. Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша өз басиесіне деген сезімі мен құрметінің белгісі - ретінде әдемі мұнара тұрғызбақшы болады. Мұнараны салу кезінде сәулетті жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң, мөлтек сыр... ұлы сезімге жалғасады. Шынайы шығыстық үлгідегі сезінуі мен ойлаудың ауаны айдынын кеңейтіп, шығармаға арқау болған аңыздық сарын терең де мағыналы философиялық түйіндерге жетелейді. «Арыстан айға шауып мерт болыпты» деген халық нақылы еске түседі. Өзінің ұлы сезімінің торынан шыға алмаған сәулетті жігіттің өмірі аянышты аяқталады. Әміршінің жарына ынтық болған сезімі әшкереленіп, хас шебер дарға асылады.

            Иә, қатыгездік қаһары таза сезім мен мөлдір махаббатты жеңген тәрізді еді, аяққа салып, таптаған тәрізді еді... Бірақ әмірші де, әміршінің қабағынан қорқып, тіс жармаған айналасы да, қалың халқы да, аңызды қанатына іліп әкетіп, ғасырлар қойнауынан бізге алып жеткен. Уақыттың алып кеңістігі де бір нәрсені жеңе алмайтынын ескермеген екен. Шеберді өлтірдім, жазаладым - бәріне нүкте қойдым деп ойлаған Ұлы Әмірші жаңылыпты, қателесіпті. Қайта өз ғұзырынмен, өзінің қатал пәрменімен ол махаббаттың сұлу да сырлы мұнарасын асқақтата түсіпті.

            Түптеп келгенде, сұлулық бәрін де ойсырата жеңді. Махаббат мұнарасы көкке бой созды. Ол өзінің ғажайып кескінмен, сұлу сымбатымен адамдардың пендешілік көрсоқыр мінезін, қалыбын күйретті. Махаббат мұнарасы ғасырлардан ғасырларға өтті. Көріп отырсыздар, Кекілбаев суреткерлігінің алғашқы кезеңін анықтайтын, даралайтын шығармалар легі, яғни астарлы философияға негізделген аңыздық рухтағы туындылар - шоқтығы биік, көркемдік қуаты берік, өмірлік сипаты өзгеше әлем.      

  Біз бүгінгі мақаламызда осынау көркем дүниелерге арқа сүйей отырып, жазушының тағдырынан елінің, жерінің тағдырын көруге ұмтылдық, жазушыны тебіренткен тану-тазару, айту-арылу үлгісіндегі өміршең ойлар кеңістігінен елдік қазынамызға ғана емес, ХХ ғасыр өркениетінің рухани қазынасына қосылар тұғыры биік көркемдік әлемді қайыра бір елеп- екшеуге тырыстық.

 Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма ед?! Бастауы мен қайнары көне-көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразылауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне бек сендік. Сендік те жұмыр басты пендесін сергелдеңге салған мына долы ғасырдың дөңайбат мінезімен аламантасыр әрекетін қайыра, қайта байыптадық.

 Ой төрінде тағы да ісмер қара шалдарымыздың қолынан шыққан үкілі қара бесік - кәдімгі ат жалы, түйе қомында жүріп біздің дәуірге ұлтты, ұрпақты аман жеткізген қасиетті қара бесік тұрды. Еліміздің өткені мен бүгінін, ертеңі мен өртеңін сол бесікке бөлеп тербеткен аналар келді көз алдыма...

            Апыр-ай! Аңызға бергісіз асау дәуірлердің қолтығынан аман шыққан алаш атты, асыл сүйекті ел едік қой... Тағдыр бізге осыншама ұлан-ғасыр жер бергенде, сол жерді сақтайтын, алдағы күндерге аман алып баратын бір құдіретті күшті неге бермесін?! Берген болар... Ол күштің аты-жөні ынтымақ, береке, бірлік дейді көне көз қария тарих - елдікке егемендікке деген ел сенімімен құлшынысы дейді абызмінезді өткеніміз.

            Кекілбаев қаламынан туған аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі де соны айтады. Соған меңзейді.

 Нұрлан ОРАЗАЛИН

 «Қазақ әдебиеті», 3-желтоқсан 1999 жыл

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар