Қандастар Ассамблея

Шекарадағы шайкіде

19.11.2013 2329
       Қытай арандатушыларының қастандығы 1969 жылғы август айында күллі әлем назары тағы да совет-қытай шекарасына, бұл жолы енді қазақ жерінің күншығыс шетіндегі атақты Жоңғар қақпасына қарай ауды. "Күн көсемнің" есірік идеясына елтіген бір топ қарақшы еліміздің Тарбағатай сілеміндегі бір табалдырықтан арам ниетпен аттап өтіп, совет жерінде қантөгіс қақтығыс ұйымдастырды. Құрсанып келген шүршіттер тұмсығы бұзылып кері қайтты. Қашқан ізінде жосылған қан қалды. Бірақ соған қарамастан "елін тауып, есін жиған соң" үйреншікті байбаламына басып: "Совет әскерлері шекарамызға басып кірді, танкісімен таптап, вертолетімен тоқпақтап, ойран caп кетті!" - деп бажалақтады. Олардың бұл дақпыртына сенген де бар, сенбеген де бар. Беттің арын белбеуге түйіп тастап, бебеу қаққан суайттардың өтірігін әлем алдында әшкерелеп, болған жайды сол болған қалпында, асырмай жасырмай айтып беру үшін бір топ журналист жол шектік. "Правданың" әскери тілшісі, Совет Одағының Батыры полковник Сергей Александрович Борзенко бастаған біздің топ ең әуелі Шығыс шекара округі бастықтарының әңгімесін тындады, сосын Алматыдағы әскери госпитальда жатқан жаралы шекарашылармен сөйлесті. Сонан соң самолетпен Алакөл жағасындағы Көктұма аулына жеттік. Онда журналистерді қос вертолет, 13 августағы ұрыс кезінде жа- ралы жауынгерлерді кері тасыған екі вертолет күтіп тұр екен. Соларға мініп, Жалаңашкөл аймағына келдік. Биіктен қарағанда оймақтай боп қана көрінетін кішкентай көлдің айналасы шынында да жалаңаш екен. Аяқ асты сықырлап жатқан қиыршық қара тасқа толы құлазыған қумедиен. Терістігінен Тарбағатай кеп тірелген, түстігінде түйедей шөгіп Алатау жатқан осынау қу тақырды Жоңғар қақпасы дейді. Қақпаның шығыс беткейіндегі Ебінұр көлінен соққан ескек жел екілене долданғанда түйелі көшті төңкеріп, жұдырықтай тастарды қаңбақтай жөңкілтетін көрінеді. Осынау сойқанды қақпадан қазақ жеріне талай-талай жойқын жортуылдар жасалғаны тарихтан белгілі. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сүлама" атанған жоңғар шапқыншылығы ерді елінен, қарындасты ағасынан, ананы баласынан айырып, қазақ даласын қанға бөктіріп күйзелтті ғой. Қалың қазақ "Елім-ай!" деп егіліп, тау мен дала, сай мен сала күңіренген зар заман халық жадынан мәңгі кетер ме?! О, туған жер, қасиетті Атамекен - Отаным! Саған кім қызықпады, сенің шүрайлы төскейінді кімнің таптағысы келмеді! Шығыстан шапқан жоңғар да, түстіктен тиген қоқан да, тынысынды тарылтқан ақ патша да, батыстан бассалмақ болған Гитлер де... Бірақ, басқыншы баян тапқан ба, қанша тартысып, аш кенедей жабысса да, қазақ жерін құлдық құрсауында ұстап тұра алмады. Халқымның кең жазира көңіліндей дарқан далада көп ұшырасатын қорған төбелер мен кішігірш тау тектес зираттар сол бір сұрапыл соқтығыстардың тілсіз куәсі емес пе? Е-е, бұл дала не көрмеді дейсіз? Мынау азынаған тас қақпаның суық құшағында жер қайыстырған қаншама қолдың сүйегі қалмады дейсіз? "Өрт аңсаған оттан өледі" дегендей, сол бір келмеске кеткен жаугершіліктің ізін қуған қытай басшылары өздерінің бір топ жандайшаптарын қазақ жерін - совет шекарасын таптауға жұмсап, өздерінің тауы шағылды. Қара ниетпен баса көктеген біраз солдаттары опат болды. Алакөл аңғары мен Іле жазығының қақ ортасында қасқая орналасқан Матай тауы ежелден-ақ қазақ батырларының қарауыл қарайтын орны болған деседі. Жау қолы Жоңғар қақпасынан өтсе де, Жаркент жазығы арқылы келсе де, Іле бойлап жылжыса да, Матай төбесіндегі қарауылдың көзіне түспей қалмайды екен. Көзі өткір жігіттер дүшпанды байқасымен шың төбесіндегі маяларға от қойып белгі беретін болыпты. Күндіз - шіріген шөп, түнде қу шөп жаққан. Сонда көгілдір аспанға шаншылып шыққан қою түтін, не лаулаған жалын о шеті Аякөз, бұ шеті ақ бас Алатауға дейін түгел көрінеді екен. Сөйтіп қамсыз жатқан қалың ел дер кезінде хабарланып қару-жарағын сайлап, жауға қарсы аттанатын болған. Бүгінгі батырларымыз - Совет шекарашылары ел шетіне жау тисе, шөп өртеп жатпайды. Олардың қолында шекара бұзған нелер жансыздың жымысқы іздерін тез кесіп, қарақшылық пиғылымен келгенін сол ниетіне лайық "сыймен" қарсы алатын қару бар. Шекараның арғы бетінде бір шикіліктің барлығы 12 августың кешінде-ақ сезіліп қалып еді. Қытай бекетіне жас солдаттар келіпті. Олар Теректі маңында топ-тобымен мұнараға шығып, біз жаққа қол сілтесіп, көп тұрды. Командованиенің ұйғарымы бойынша күзет күшейтіліп, секем алған учаскеге полковник Петр Никитенко жіберілді. Түн тыныш өтті. Таңғы сағат 4 шамасында шекарашылар "Тас қақпа" ("Каменные ворота") атап кеткен учаскедегі ізкесер сүрлеуді ("КСП - контрольно следовая полоса") тексеруге сержант Михаил Дулеповтың жасағы шықты. Оның қасында В. Еговцев бар-ды. 4. 50-де сержант өзінің бақылау пунктінде отырған жолдастарына біздің территориямыздағы солдаттар "Высота каменная" ("Тастөбе") деп атайтын дөңнің үстінен қытай солдатын көргенін баяндады. Таң жарығы молая түсті. "Тастөбеден" енді тоғыз адам анық көрінді. Оң жақтағы көршілес төбеге де қытайлар орналасып алыпты. Оөп қазып орнығып жатыр. Бүл кезде Талды жақтан түстіктегі "Тастөбені" бетке алып 12- маошыл КСП-ны бойлап тура тартты. Ашықтан-ашық алшаң басып келеді өздері. Вертолетпен полковник Никитенко да жетті. Лейтенант Евгений Говор полковник әкелген мегафонмен қытайларға "Цзан чжу!" - "Тоқта!", "Хулай" - "Қайт кейін!", "Туй дсо, го цзян сяи в вай цюй" - "Шекараның арғы жағына өтіндер" - деп айғайлай бастады. Бірақ хунвейбиндер бұл ескертуге құлақ аспады. Арада екі сағаттай уақыт өтті. "Жаман айтпай жақсы жоқ" дегендей, көршілес екі заставадан шақырылған резерв те келіп жетті. Кіші лейтенант Владимир Пучков бастаған жауынгерлер тобы да полковник Никитенко отырған бақылау пунктінің жанында тұрған-ды. Қаскүнемдерді совет территориясына өткізіп қойып, осылай отыра беруге болмайды ғой. Бұйрық бойынша капитан Петр Теребенков және аға лейтенант Владимир Ольшевский бастаған екі жауынгер топ қабаттаса жылжып, "Тастөбенің" сол қапталынан, ал лейтенант Говор бастаған сегіз жігіт оң қапталдан орағыта бастады. Осы кезде, 13 август күнгі таңертеңгі 7.55-те, "Тастөбеде" және шығыс жақтағы биік қырқаларға бекінген қытай әскерлері ашық жердегі біздің шекарашыларды оқтың астына алды. Бірінші машинадағы командир Пучков пен механик-жүргізуші Виктор Пищулев жараланып қалды, бірақ ұрыстан шықпады. "Жауды аяған жаралы" деген осы да. Сонда да біздің жігіттер саспады, дереу жауап қайтарып, "Тастөбені" де, анау жоталарды да бұршақтай бораған оқтың астына алды. Қызыл ракета - атака! Теребенков пен Олыневскийдің жігіттері тас қияға тайсалмай тұра ұмтылып, шабуылға атылды. Оң жақта Говордың тобы атойлап барады. Ал Пучков ірі калибрлі, қосақталған пулеметтерімен қорғасын төгіп, төбеге бекінген жаудың ту сыртынан шықты да, әрі олардың шегінер жолын қиып, әрі бұларға көмекке келмек болған маошыл баскесерлердің қосымша топтарын бұлай қарай аттатпай қойды. Ұрыс қыза түсті. Екі жақтан жарыса атылған автомат, пулемет тырылы гүрс-гүрс жарылған граната дүрсілімен ұласып, қара тас басқан қойнау-қолатты жаңғырықтырды. Санай берсе, ерлік эпизодтары көп-ақ. "Тастөбеге" бірінші болып қатардағы Виталий Рязанов пен сержант Михаил Дулепов жетті. Екеуі де үрыстың бас кезінде жарақат алғанына қарамастан алға ұмтылып, арттағы жолдастарына қайрат қосты. Дулепов "Тастөбенің" қия бетінде алыстағы жау снайперінің желкеден атқан оғынан қаза тапты. Ал Рязанов автоматтан оқ боратып, гранаталарды үсті-үстіне лақтырып, төбеге бірінші боп шықты. Бірақ қыршын жас қапыда кетті. Оны да бүйірден атылған қорғасын опат етті. Осы шайқаста шаһит болған қос арыс - Михаил Дулепов пен Виталий Рязановты Алакөл ауданының орталығы Үшарал селосының жұртшылығы мен жауынгер жолдастары арулап қойды. Ерлерді соңғы сапарға шығарып салардағы қаралы жиынға халық қисапсыз көп жиналды. Кәрі де, жас та, әйел де, бала да, күллі Алакөл өңірі тайлы-таяғы қалмай қоштасуға келді. Аналар аза тұтып, көпті көрген көне көз қариялар күңіренді. Аһ үрмаған азамат қалмады. Еңіреп кеткен есіл ерлерін ел қашан да осылай қастерлеген ғой. - Қош бол, қос арыстаным! - деді күмістей жарқыраған шоқша сақалды, шүңірек көз қария алақан жайып. - Атабабамның қаны сіңген қасиетті қазақ топырағы жамбаста- рыңа батпас торқа болсын, қарақтарым! Қарияның бұл сөзін мен ерге берген ел батасы деп түсіндім. Сондықтан ақсақалдың атын да сұрамадым. Сұрап не керек? Мұндай сөзді айтпайтын қазақ шалы табылар ма екен бұл дүниеден? Әй, табылмас! Ұрыс ұзын ырғасы 1 сағат 5 минутқа созылды. Біздің шығын екі адам. Он бір адам жаралы. Оның есесіне совет жеріне өтіп кеткен маошыл қаскүнемдер түгелдей дерлік жер жастанды. Пекин әміршілері өздерінің жат елде топырақ құшқан жандайшаптарының өлігін сұрап алып, туған жеріне қоюға да жарамады. Бірақ, жерімізге жаугершілікпен келсе де қаза тапқан қытай солдаттары кемусіз қалған жоқ. Олар Жалаңашкөлдің жағасынан қазылған үлкен молаға қойылды. Капитан Петр Теребенков өзіміздің Алматыдағы шекарашылардың жоғары училищесін бітіріпті. 1955 жылдан коммунист. Курсант кезінде талай рет училищенің ұзақ қашықтықтарға жүгіруден чемпионы болыпты. Осындай желаяқ, жүйріктігіне орай оны жолдастары қалжындап: "Теребенок резвый как жеребенок", - деп атайды екен. "Тастөбенің" қия беткейіне өрмелеген кезде оның осынау спортшылығының да көп пайдасы тиді. Кейбір батыр тұлғалы, еңгезердей жігіттер қайқаңға өкпелері өшіп өрең шыққанда, сол қолынан жараланған Теребенков сыр алдырмай оңай жетті Ол ол ма? Капитан шың басына бекінген қытай офицерлерімен граната лақтырысып жекпе-жекке де түсті. Таяққа ілген каскасына алдарқатып қойып, қулығын асырмақ болған әккі жаудың амалын дер кезінде аңғарып, омырауына баяғының билері тәрізді "күн көсемінің" бейнесі салынған кіші-гірім табақтай белгі таққан офицерді соңғы гранатасымен о дүниеге аттандырды. Оңжақ қанаттағы шағындау биіктікті шабуылдаған лейтенант Говордың жігіттері де өздерінен саны көп жауды табан тіретпей түре айдап шықты. Тұтқынға алынған қосқытай да осы арада қолға түсті. Солардың біреуі - жәудіреген бадырақ көз бозбала біздегі емханада жатыр. Жап-жас. Оу, хунвейбин аталатын қаныпезерлер осындай жас есіріктер емес пе?! Оқ оң иығынан тиіпті. Сүйегін зақымдаған. Бір өзі жеке палатада жатыр. Тегі, біздің шекарашылар қолына түскен соғыс олжаларының ішінде автомат, карабин, пулемет, граната, пистолет, кинокамера, фотоаппарат және т. б. қару-жарақ, Маоның нақылдары жазылған алақандай "киіз кітаптар" көп болғанымен солардың иесі кім екенін анықтайтын бір де бір документ жоқ. Осының бәрі де Жалаңашкөл түбіндегі арандатушылықтың алдын-ала әзірлікпен жасалған қастандық екенін дәлелдей түседі. Әйтпесе, танк соғатын граната неге керек? Еш елдің шекарасында ондай қару болмайды. Өйткені, халықаралық рәсім бойынша шекараны тек оқ атар қарумен ғана күзетеді. Немесе солдатқа кинокамераның қаншалық қажеті бар? Қанша қырғи-қабақ болса да әлі дипломатиялық қарым-қатынасты үзе қоймаған екі елдің шекарашылары өз жерінде тұрып тұтқынға түсу қаупінен қорықпаса керек еді. Ендеше қытай солдаттары неден сескеніп документтерін тастап кеткен? Яғни олар шекара бұзатынын, соның нәтижесінде ұрыс болатынын, сол ұрыста оққа ұшып, қолға түсулері мүмкін екенін алдын-ала білді. Совет жауынгерінің жаны не деген жомарт десеңізші! 13 августағы ұрыста жараланған біздің үш жігіт - Теребенков, Пучков және Пушилов сол емханада бірге жатқан әлгі қытай тұтқынына күн сайын өздеріне әкелген жеміс-жидек пен алмадан сәлемдеме жіберіп тұрады. Мүмкін, оларды кешегі ұрыс үстінде осы тұтқын жаралаған шығар? - Мейлі, - дейді жігіттер, - ұрыс даласында кімді кім аясын! Маоның идеясына елтіген ғой. Қарашы түрін, бейшараның!.. Иә, солай қару кезеніп, қара ниетпен келген қас дұшпанды жігіттер шайқас үстіңде, ұрыс даласында аяған жоқ. Ал қолға түскен қарусыз тұтқынның жөні басқа. Совет солдаты адамгершілік салтын, атадан мирас болып келе жатқан гуманизм дәстүрін ұмытқан жоқ, ұмытпақ та емес! Біз шекарада болдық, қанды шайқас дауылдаған шоқылар мен тас жолдарды көрдік. Осыдан бірнеше күн ғана бұрын оқ борап, ажал андыздаған жерлер қазір құлаққа ұрған танадай тым-тырыс тыныштық құшағында. Тек жоңғар даласынан екілене соғатын екпіні күшті ескек жел ғана долдана гулеп, ішін тарта ұлыды. Совет шекарашылары ел іргесін жіті барлап, өз күштеріне сенімді, нық салауатпен сабыр сақтауда. Олардың өз қызметтерін қырағылықпен атқарары сөзсіз. Өйткені Отан күзетінде қырандар тұр ғой. Иә, қырандар күзетте тұр, ал осыдан бірер апта бұрын сол күзет күреске, шолғыншылық шайқасқа ұласып кетті емес пе! Қырандар қақтығыстан еш қаймықпай, қарсы келген қаскүнемдерді қан қаптырып, жайпап өтті ғой. Жат жерден келген жаугершілер әрдайым осылайша аяқтап отырған өз жорықтарын. Солай болған және қашан да солай болмақ! Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

       Қытай арандатушыларының қастандығы

1969 жылғы август айында күллі әлем назары тағы да совет-қытай шекарасына, бұл жолы енді қазақ жерінің күншығыс шетіндегі атақты Жоңғар қақпасына қарай ауды. "Күн көсемнің" есірік идеясына елтіген бір топ қарақшы еліміздің Тарбағатай сілеміндегі бір табалдырықтан арам ниетпен аттап өтіп, совет жерінде қантөгіс қақтығыс ұйымдастырды. Құрсанып келген шүршіттер тұмсығы бұзылып кері қайтты. Қашқан ізінде жосылған қан қалды. Бірақ соған қарамастан "елін тауып, есін жиған соң" үйреншікті байбаламына басып: "Совет әскерлері шекарамызға басып кірді, танкісімен таптап, вертолетімен тоқпақтап, ойран caп кетті!" - деп бажалақтады. Олардың бұл дақпыртына сенген де бар, сенбеген де бар. Беттің арын белбеуге түйіп тастап, бебеу қаққан суайттардың өтірігін әлем алдында әшкерелеп, болған жайды сол болған қалпында, асырмай жасырмай айтып беру үшін бір топ журналист жол шектік. "Правданың" әскери тілшісі, Совет Одағының Батыры полковник Сергей Александрович Борзенко бастаған біздің топ ең әуелі Шығыс шекара округі бастықтарының әңгімесін тындады, сосын Алматыдағы әскери госпитальда жатқан жаралы шекарашылармен сөйлесті. Сонан соң самолетпен Алакөл жағасындағы Көктұма аулына жеттік. Онда журналистерді қос вертолет, 13 августағы ұрыс кезінде жа-

ралы жауынгерлерді кері тасыған екі вертолет күтіп тұр екен. Соларға мініп, Жалаңашкөл аймағына келдік.

Биіктен қарағанда оймақтай боп қана көрінетін кішкентай көлдің айналасы шынында да жалаңаш екен. Аяқ асты сықырлап жатқан қиыршық қара тасқа толы құлазыған қумедиен. Терістігінен Тарбағатай кеп тірелген, түстігінде түйедей шөгіп Алатау жатқан осынау қу тақырды Жоңғар қақпасы дейді. Қақпаның шығыс беткейіндегі Ебінұр көлінен соққан ескек жел екілене долданғанда түйелі көшті төңкеріп, жұдырықтай тастарды қаңбақтай жөңкілтетін көрінеді. Осынау сойқанды қақпадан қазақ жеріне талай-талай жойқын жортуылдар жасалғаны тарихтан белгілі. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сүлама" атанған жоңғар шапқыншылығы ерді елінен, қарындасты ағасынан, ананы баласынан айырып, қазақ даласын қанға бөктіріп күйзелтті ғой. Қалың қазақ "Елім-ай!" деп егіліп, тау мен дала, сай мен сала күңіренген зар заман халық жадынан мәңгі кетер ме?!

О, туған жер, қасиетті Атамекен - Отаным! Саған кім қызықпады, сенің шүрайлы төскейінді кімнің таптағысы келмеді! Шығыстан шапқан жоңғар да, түстіктен тиген қоқан

да, тынысынды тарылтқан ақ патша да, батыстан бассалмақ болған Гитлер де... Бірақ, басқыншы баян тапқан ба, қанша тартысып, аш кенедей жабысса да, қазақ жерін құлдық құрсауында ұстап тұра алмады. Халқымның кең жазира көңіліндей дарқан далада көп ұшырасатын қорған төбелер мен кішігірш тау тектес зираттар сол бір сұрапыл соқтығыстардың тілсіз куәсі емес пе? Е-е, бұл дала не көрмеді дейсіз? Мынау азынаған тас қақпаның суық құшағында жер қайыстырған қаншама қолдың сүйегі қалмады дейсіз?

"Өрт аңсаған оттан өледі" дегендей, сол бір келмеске кеткен жаугершіліктің ізін қуған қытай басшылары өздерінің бір топ жандайшаптарын қазақ жерін - совет шекарасын таптауға жұмсап, өздерінің тауы шағылды.

Қара ниетпен баса көктеген біраз солдаттары опат болды. Алакөл аңғары мен Іле жазығының қақ ортасында қасқая орналасқан Матай тауы ежелден-ақ қазақ батырларының қарауыл қарайтын орны болған деседі. Жау қолы Жоңғар қақпасынан өтсе де, Жаркент жазығы арқылы келсе де, Іле бойлап жылжыса да, Матай төбесіндегі қарауылдың көзіне түспей қалмайды екен. Көзі өткір жігіттер дүшпанды байқасымен шың төбесіндегі маяларға от қойып белгі беретін болыпты. Күндіз - шіріген шөп, түнде қу шөп жаққан. Сонда көгілдір аспанға шаншылып шыққан қою түтін, не лаулаған жалын о шеті Аякөз, бұ шеті ақ бас Алатауға дейін түгел көрінеді екен. Сөйтіп қамсыз жатқан қалың ел дер кезінде хабарланып қару-жарағын сайлап, жауға қарсы аттанатын болған.

Бүгінгі батырларымыз - Совет шекарашылары ел шетіне жау тисе, шөп өртеп жатпайды. Олардың қолында шекара бұзған нелер жансыздың жымысқы іздерін тез кесіп, қарақшылық пиғылымен келгенін сол ниетіне лайық "сыймен" қарсы алатын қару бар.

Шекараның арғы бетінде бір шикіліктің барлығы 12 августың кешінде-ақ сезіліп қалып еді. Қытай бекетіне жас солдаттар келіпті. Олар Теректі маңында топ-тобымен мұнараға шығып, біз жаққа қол сілтесіп, көп тұрды. Командованиенің ұйғарымы бойынша күзет күшейтіліп, секем алған учаскеге полковник Петр Никитенко жіберілді. Түн тыныш өтті.

Таңғы сағат 4 шамасында шекарашылар "Тас қақпа" ("Каменные ворота") атап кеткен учаскедегі ізкесер сүрлеуді ("КСП - контрольно следовая полоса") тексеруге сержант Михаил Дулеповтың жасағы шықты. Оның қасында В. Еговцев бар-ды. 4. 50-де сержант өзінің бақылау пунктінде отырған жолдастарына біздің территориямыздағы солдаттар "Высота каменная" ("Тастөбе") деп атайтын дөңнің үстінен қытай солдатын көргенін баяндады. Таң жарығы молая түсті. "Тастөбеден" енді тоғыз адам анық көрінді. Оң жақтағы көршілес төбеге де қытайлар орналасып алыпты. Оөп қазып орнығып жатыр. Бүл кезде Талды жақтан түстіктегі "Тастөбені" бетке алып 12- маошыл КСП-ны бойлап тура тартты. Ашықтан-ашық алшаң басып келеді өздері. Вертолетпен полковник Никитенко да жетті. Лейтенант Евгений Говор полковник әкелген мегафонмен қытайларға "Цзан чжу!" - "Тоқта!", "Хулай" - "Қайт кейін!", "Туй дсо, го цзян сяи в вай цюй" - "Шекараның арғы жағына өтіндер" - деп айғайлай бастады. Бірақ хунвейбиндер бұл ескертуге құлақ аспады.

Арада екі сағаттай уақыт өтті. "Жаман айтпай жақсы жоқ" дегендей, көршілес екі заставадан шақырылған резерв те келіп жетті. Кіші лейтенант Владимир Пучков бастаған жауынгерлер тобы да полковник Никитенко отырған бақылау пунктінің жанында тұрған-ды. Қаскүнемдерді совет территориясына өткізіп қойып, осылай отыра беруге болмайды ғой. Бұйрық бойынша капитан Петр Теребенков және аға лейтенант Владимир Ольшевский бастаған екі жауынгер топ қабаттаса жылжып, "Тастөбенің" сол қапталынан, ал лейтенант Говор бастаған сегіз жігіт оң қапталдан орағыта бастады. Осы кезде, 13 август күнгі таңертеңгі 7.55-те, "Тастөбеде" және шығыс жақтағы биік қырқаларға бекінген қытай әскерлері ашық жердегі біздің шекарашыларды оқтың астына алды. Бірінші машинадағы командир Пучков пен механик-жүргізуші Виктор Пищулев жараланып қалды, бірақ ұрыстан шықпады. "Жауды аяған жаралы" деген осы да.

Сонда да біздің жігіттер саспады, дереу жауап қайтарып, "Тастөбені" де, анау жоталарды да бұршақтай бораған оқтың астына алды. Қызыл ракета - атака! Теребенков пен Олыневскийдің жігіттері тас қияға тайсалмай тұра ұмтылып, шабуылға атылды. Оң жақта Говордың тобы атойлап барады. Ал Пучков ірі калибрлі, қосақталған пулеметтерімен қорғасын төгіп, төбеге бекінген жаудың ту сыртынан шықты да, әрі олардың шегінер жолын қиып, әрі бұларға көмекке келмек болған маошыл баскесерлердің қосымша топтарын бұлай қарай аттатпай қойды.

Ұрыс қыза түсті. Екі жақтан жарыса атылған автомат, пулемет тырылы гүрс-гүрс жарылған граната дүрсілімен ұласып, қара тас басқан қойнау-қолатты жаңғырықтырды.

Санай берсе, ерлік эпизодтары көп-ақ.

"Тастөбеге" бірінші болып қатардағы Виталий Рязанов пен сержант Михаил Дулепов жетті. Екеуі де үрыстың бас кезінде жарақат алғанына қарамастан алға ұмтылып, арттағы жолдастарына қайрат қосты. Дулепов "Тастөбенің" қия бетінде алыстағы жау снайперінің желкеден атқан оғынан қаза тапты. Ал Рязанов автоматтан оқ боратып, гранаталарды үсті-үстіне лақтырып, төбеге бірінші боп шықты. Бірақ қыршын жас қапыда кетті. Оны да бүйірден атылған қорғасын опат етті.

Осы шайқаста шаһит болған қос арыс - Михаил Дулепов пен Виталий Рязановты Алакөл ауданының орталығы Үшарал селосының жұртшылығы мен жауынгер жолдастары арулап қойды. Ерлерді соңғы сапарға шығарып салардағы қаралы жиынға халық қисапсыз көп жиналды. Кәрі де, жас та, әйел де, бала да, күллі Алакөл өңірі тайлы-таяғы қалмай қоштасуға келді. Аналар аза тұтып, көпті көрген көне көз қариялар күңіренді. Аһ үрмаған азамат қалмады. Еңіреп кеткен есіл ерлерін ел қашан да осылай қастерлеген ғой.

- Қош бол, қос арыстаным! - деді күмістей жарқыраған шоқша сақалды, шүңірек көз қария алақан жайып. - Атабабамның қаны сіңген қасиетті қазақ топырағы жамбаста-

рыңа батпас торқа болсын, қарақтарым!

Қарияның бұл сөзін мен ерге берген ел батасы деп түсіндім. Сондықтан ақсақалдың атын да сұрамадым. Сұрап не керек? Мұндай сөзді айтпайтын қазақ шалы табылар ма екен бұл дүниеден? Әй, табылмас!

Ұрыс ұзын ырғасы 1 сағат 5 минутқа созылды. Біздің шығын екі адам. Он бір адам жаралы. Оның есесіне совет жеріне өтіп кеткен маошыл қаскүнемдер түгелдей дерлік жер

жастанды. Пекин әміршілері өздерінің жат елде топырақ құшқан жандайшаптарының өлігін сұрап алып, туған жеріне қоюға да жарамады. Бірақ, жерімізге жаугершілікпен келсе де қаза тапқан қытай солдаттары кемусіз қалған жоқ. Олар Жалаңашкөлдің жағасынан қазылған үлкен молаға қойылды.

Капитан Петр Теребенков өзіміздің Алматыдағы шекарашылардың жоғары училищесін бітіріпті. 1955 жылдан коммунист. Курсант кезінде талай рет училищенің ұзақ қашықтықтарға жүгіруден чемпионы болыпты. Осындай желаяқ, жүйріктігіне орай оны жолдастары қалжындап: "Теребенок резвый как жеребенок", - деп атайды екен. "Тастөбенің" қия беткейіне өрмелеген кезде оның осынау спортшылығының да көп пайдасы тиді. Кейбір батыр тұлғалы, еңгезердей жігіттер қайқаңға өкпелері өшіп өрең шыққанда, сол қолынан жараланған Теребенков сыр алдырмай оңай жетті Ол ол ма? Капитан шың басына бекінген қытай офицерлерімен граната лақтырысып жекпе-жекке де түсті. Таяққа ілген каскасына алдарқатып қойып, қулығын асырмақ болған әккі жаудың амалын дер кезінде аңғарып, омырауына баяғының билері тәрізді "күн көсемінің" бейнесі салынған кіші-гірім табақтай белгі таққан офицерді соңғы гранатасымен о дүниеге аттандырды.

Оңжақ қанаттағы шағындау биіктікті шабуылдаған лейтенант Говордың жігіттері де өздерінен саны көп жауды табан тіретпей түре айдап шықты. Тұтқынға алынған қосқытай да осы арада қолға түсті. Солардың біреуі - жәудіреген бадырақ көз бозбала біздегі емханада жатыр. Жап-жас. Оу, хунвейбин аталатын қаныпезерлер осындай жас есіріктер емес пе?! Оқ оң иығынан тиіпті. Сүйегін зақымдаған. Бір өзі жеке палатада жатыр. Тегі, біздің шекарашылар қолына түскен соғыс олжаларының ішінде автомат, карабин, пулемет, граната, пистолет, кинокамера, фотоаппарат және т. б. қару-жарақ, Маоның нақылдары жазылған алақандай "киіз кітаптар" көп болғанымен солардың иесі кім екенін анықтайтын бір де бір документ жоқ. Осының бәрі де Жалаңашкөл түбіндегі арандатушылықтың алдын-ала әзірлікпен жасалған қастандық екенін дәлелдей түседі. Әйтпесе, танк соғатын граната неге керек? Еш елдің шекарасында ондай қару болмайды. Өйткені, халықаралық рәсім бойынша шекараны тек оқ атар қарумен ғана күзетеді. Немесе солдатқа кинокамераның қаншалық қажеті бар? Қанша қырғи-қабақ болса да әлі дипломатиялық қарым-қатынасты үзе қоймаған екі елдің шекарашылары өз жерінде тұрып тұтқынға түсу қаупінен қорықпаса керек еді. Ендеше қытай солдаттары неден сескеніп документтерін тастап кеткен? Яғни олар шекара бұзатынын, соның нәтижесінде ұрыс болатынын, сол ұрыста оққа ұшып, қолға түсулері мүмкін екенін алдын-ала білді.

Совет жауынгерінің жаны не деген жомарт десеңізші! 13 августағы ұрыста жараланған біздің үш жігіт - Теребенков, Пучков және Пушилов сол емханада бірге жатқан әлгі қытай тұтқынына күн сайын өздеріне әкелген жеміс-жидек пен алмадан сәлемдеме жіберіп тұрады. Мүмкін, оларды кешегі ұрыс үстінде осы тұтқын жаралаған шығар?

- Мейлі, - дейді жігіттер, - ұрыс даласында кімді кім аясын! Маоның идеясына елтіген ғой. Қарашы түрін, бейшараның!..

Иә, солай қару кезеніп, қара ниетпен келген қас дұшпанды жігіттер шайқас үстіңде, ұрыс даласында аяған жоқ. Ал қолға түскен қарусыз тұтқынның жөні басқа. Совет солдаты адамгершілік салтын, атадан мирас болып келе жатқан гуманизм дәстүрін ұмытқан жоқ, ұмытпақ та емес!

Біз шекарада болдық, қанды шайқас дауылдаған шоқылар мен тас жолдарды көрдік. Осыдан бірнеше күн ғана бұрын оқ борап, ажал андыздаған жерлер қазір құлаққа ұрған танадай тым-тырыс тыныштық құшағында. Тек жоңғар даласынан екілене соғатын екпіні күшті ескек жел ғана долдана гулеп, ішін тарта ұлыды. Совет шекарашылары ел іргесін жіті барлап, өз күштеріне сенімді, нық салауатпен сабыр сақтауда. Олардың өз қызметтерін қырағылықпен атқарары сөзсіз. Өйткені Отан күзетінде қырандар тұр ғой. Иә, қырандар күзетте тұр, ал осыдан бірер апта бұрын сол күзет күреске, шолғыншылық шайқасқа ұласып кетті емес пе! Қырандар қақтығыстан еш қаймықпай, қарсы келген қаскүнемдерді қан қаптырып, жайпап өтті ғой. Жат жерден келген жаугершілер әрдайым осылайша аяқтап отырған өз жорықтарын. Солай болған және қашан да солай болмақ!

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар