Қандастар Ассамблея

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодардың екі мың оқушысы «Жас Ұланға» қабылданды

30.11.2012 2023
Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымдары» республикалық қоғамдық бірлестігіне екі мың оқушыны салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мен өз елімнің патриотымын. Бұл тамаша ұйымның қатарына қосылған барлық оқушыларды құттықтаймын. Барша қауымды өз Отанын сүюге және патриот болуға шақырамын», - деді Павлодар қаласындағы №35 мектептің 3 сынып оқушысы Балнұр Қоматова. Білім бөлімінің мәліметінше, желтоқсанда республика Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұланға» Павлодардың тағы 10 мың оқушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадада, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен спорттық жарыстарда, шығармашылық конкурстарда жүлделі орынға ие болған дарынды балалар, сонымен қатар мектептегі өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары кіреді.

Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымдары» республикалық қоғамдық бірлестігіне екі мың оқушыны салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен өз елімнің патриотымын. Бұл тамаша ұйымның қатарына қосылған барлық оқушыларды құттықтаймын. Барша қауымды өз Отанын сүюге және патриот болуға шақырамын», - деді Павлодар қаласындағы №35 мектептің 3 сынып оқушысы Балнұр Қоматова.

Білім бөлімінің мәліметінше, желтоқсанда республика Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұланға» Павлодардың тағы 10 мың оқушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадада, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен спорттық жарыстарда, шығармашылық конкурстарда жүлделі орынға ие болған дарынды балалар, сонымен қатар мектептегі өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары кіреді.

Ұқсас материалдар