"Манас" жайлы бірер сөз

18.11.2013 5171
     «Манас» - бір халықтың талай ғасырлар ішіндегі елдік-ерлігін, наным-сенімін, тұрмыс-салтын, философиялық, эстетикалық көзқарасын, рухани күшін, көркемдік ой жүйесін өз бойына жинақтаған, таң қалдырғандай мол, тамсандырғандай көркем туынды.             Бүкіл дүниежүзінде «Манастан» зор көлемді эпопея болған емес. Басқаларды теңіз десек, мұны мұхит деуге болады. Поэзиялық көркемдігі, оқиға байлығы жағынан да «Манас» қазіргіге шейінгі әдеби жұртшылыққа мәлім эпостардың ешқайсысынан кем түспейді.             ...Индияның атышулы «Махабхаратасы» көлемі жағынан «Илиада» мен «Одиссеядан» сегіз есе артық болса, әйгілі «Шахнама» екі жүз мың жол, ал «Манас» тирлогиясының Саяқбай Қаралаев вариантының өзі зерттеушілердің айтуынша, жарты миллион жол. Бес мың жолдан жоғарғы «Манас» варианты - он сегіз. Олардың ішінде 15 томнан тұратын, тек «Манас» жорығының өзіне арналған Сағынбай Оразбаков варианты да бар. Не деген зор байлық?!             Аспанмен таласқан Алатаудың төрін жайлап, күнгейін қыстап, сан заман бай табиғаттың еркесі боп, бұла өскен ат төбеліндей аз ғана елдің ерлікті ұраны, өлеңді құралы етуіне, ер аталарының халқы үшін күрескен ерлік өмірін де, өлімін де емірене тереңнен толғап, патриоттық мойымас өршілдік сарында жыр етіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізгендігіне таң қалмасқа болмайды.             Өнер иесі де халық, даналардың анасы да халық дейтін ежелгі қағиданың шындығын, дұрыстығын «Манас» авторы, қырғыз халқының өзі-ақ дәлелдейтін сияқты.             «Манастың» «Шоң жорық» бөлімінің орыс тіліне, бір томдығының өзбек тіліне, құрастырылған варианты, төрт томдығының қазақ тіліне аударылуы - совет халықтарының ескі мұралары жөніндегі игілікті істерінің бірі және мақтанарлық жайт.             «Манасты» аудару, оны халқымызға таныту - тек қырғыз ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде айрықша көңіл аударарлық іс. Әрине оған мұрындық болушы, ең алдымен қырғыз халқы, оның үкімет басшылары, ғылыми жұртшылығы болу қажет десек, қырғыздың тілін жақсы түсінетін қазақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. елдер де бұл іске белсене ат салысуға тиісті.             «Манас» эпосының патриоттыққа баулитын тәрбиелік мәнін, тарихи, этнографиялық, көркемдік қасиетін, ұшан-теңіз тіл байлықтарын былай қойғанда, қазақ, қырғыз сықылды елдердің өмірі тек тағылық, мәдениетсіздік, рухани жағынан төменгі сатыда деп ұғынатын Европа оқымыстыларына үлкен соққы. Мәдениеттімін деп кеудесін соғатын қазіргі Европа, Америка елдерінің ешқайсысы да «Манас» тәрізді эпоспен қазіргі мәдениетке жеткен бір де бірі жоқ. «Песни о Нибеллунгахи», «Песни о Роланделер» «Манастың» бір эпизодының шеніне келмейді. Сондықтан В.Г.Белинскийше айтсақ, «адам баласының бесігі болған - шығыс», оның өнерлі халықтары ескі заманның өзінде-ақ зор тұлға боларлық «Махабхарата», «Шахнама», «Манас», «Қазақтың батырлар жыры» сықылды әлемге ортақ адам баласының алтын қазынасына тұлға боларлық мол байлық қосты деп ауыз толтырып айта аламыз да, мақтана да аламыз.             Эпостың «Тайторыны бәйгіге қосу» бөліміне шейін «Көбеш ханның Қаныкейді шабуы», «Қаныкей мен Шиырдының Семетейді алып қашуы», «Семетейдің өсуі» атты үш бөлім бар. Олардың қайсысы болсын, өз жақынынан көрген тоқсанға келген кемпір Манастың шешесі, бір жасар сәби, қамқорсыз қалған жас әйелдің бастарынан қайғылы халдер арылмайды. Олар бір қиындықтан екінші қиындыққа ұшырап, кездескен бөгет, көрген қиыншылықтары оқушыларының жан сезімін еріксіз тербетеді.             Арқасына салып, жаяу алып қашқан жалғыз ұлды дұшпандары өлтіріп кетпес үшін ағасы Исмайылға бала етіп беріп, өз баласын он екі жыл бойы «інім» деп жасыру, аналық махаббатына бөлей алмау, оның шын елі, шын әкесінің кім екендігін айта алмау, сүйген ері Манасқа, қырғыз халқын шын сүйген патриот әйелге қаншама қасірет, қандай қиын жағдай?! Әйтсе де ол бүкіл Бұхарда жалғыз жүріп, өз елі - қырғыздың жыртысын жырту үшін Тайторыны бәйгіге қоспақ, озып келсе, Манастың, қырғыздың аруағын көтермек, ержеткен жалғыз ұлы Семетейді енді өз қолына алып, құлаған шаңырағын көтермек, қуғынға ұшыраған қырғыз елін қайта ел етпек. Жас ананың ұлы арманы осы. Бірақ ол тағы да зор бөгеттерге ұшырайды. Оның ойын дұрыс түсінбей, ат қосуын желігу, Манасты ұмыту, бай іздеу деп ұққан Исмайыл қатты ренжіп, Қаныкейді өлтіру үшін өз баласы Семетейді жұмсайды. Жездеміздің аруағына нұқсан келтірген апаңды өз қолыңмен өлтір дейді Исмайыл. Не деген трагедия! Қандай қиын ситуация! Міне, бұл бөлімнің драмалық коллизиясы да, оқырмандардың жан жүйесін күйзелтетін де осы жайттар.             Қаныкей Исмайылдың әркетін естиді. Оның алдында екі мәселе тұр: бірі - Тайторыны бәйгіден келтіріп, арманына жету, екіншісі - сол үшін сан қиыншылық көріп, жас орнына қан жұтқан жалғыз ұлдың өз қолынан қаза табу. Анасын апасы деп білетін жас батыр жалған әкесі Исмайылдың сөзіне еріп, өлтіріп тастауы да ықтимал. Осы жағдайлардың бәрін де жақсы ұғынып, Қаныкей өз басынан ел намысын артық санайды. Бұндай өлім қанша ауыр, қанша әділетсіз болса да, ер намысы, ел намысы үшін өлімді ерлікпен қарсы алуға бел байлайды.             Мейлінше ауыр жағдайда жүріп, өз басын өлімге тігуге Қаныкейді айдаушы күш не? Бізше, ол - Қаныкейдің өз басындағы патриоттық, өзін қырғыз халқының бір бөлшегі білу, сол елді сүюшілік.             Ел қорғаны ердің адал жары, келешекте атасының ізін басар батыр ұлдың анасы екендігін де әр кез есінде сақтап, барлық іс-әрекет сол халықтың бір керегіне жараса деген тілекті, ұлы арманды негізгі мақсат етіп қоюшылық.             Мысал үшін Исмайылдың әмірін алып, қырық батыр қосшымен Қаныкейді өлтіру үшін Семетейдің келе жатқанын естіп жырлаған Қаныкейдің мына бір монологін алалық:   ...Айналайын, Семетей, Ел тауып көйлек кисе еді. Есі кеткен сорлының, Ене екенін білсе еді. Кіндік кесіп, кір жуған, Керіліп жатқан кең Талас Жері екенін білсе еді. Ақ қалпақты ер қырғыз Елі екенін білсе еді. Алты сұмның кебінен Алып келген Бұқара Мен екенін білсе еді, -   деген жолдарда қырғыз халқының еліне, жеріне деген қанша сүйіспендік махаббат жатыр?! Жыршыны да, тыңдаушыны да тебірентетін осы тәрізді отанын сүюшілік те, сол жолда өз басының өлімге ұшырау қаупінің түйісуі. Мұндай күшті драмалық коллизияның ескі ауыз әдебиетінде жиі кездесуіне таң қалмасқа болмайды. Ол не ел намысынан бас тартып, бәйгіден атын қайтарып алуы керек немесе өлімге мойынсұнып, не де болса көріп алуы қажет. Қаныкей соңғысына бел байлайды. Өз басынан ел намысын жоғары қояды. Драмалық коллизияның шешім күштілігі де осында.             Жарты миллион жолдан құралатын С.Қаралаев вариантын былай қойғанда, баспа жүзін көрген «Манастың» төрт томдығын оқып шыққан адам оның құрылысына, жалпы көркемдік ерекшеліктеріне ғажап қалатыны сөзсіз. Әр бөлімнің өзі бас-аяғы бүтін, өзінше байланысы, дамуы, қақтығысу, шиеленісу, экспозиция, шегініс, шарықтау шегі бар бір поэма дерлік. Сонымен қатар негізгі оқиғаның желісін үзбеу үшін, келешектегі оқиғаға әрдайым көпір тастап отырады. Келешектегі оқиғаның ұшығын алдыңғы бөлімдерінде қылтитып көрсетеді де, оны дамытпай, оған айрықша тоқталмай, әдейі қалдырып кетеді. Сол тақырып, сәл ғана шеті қылтиған оқиға келесі бір бөлімнің негізгі желісі, ұстаған мәселесі болып отырады. Бір бөлімдегі оқиғаны суреттеуге барлық композициялық элемент пен образ жасауға қажетті компоненттерді қолдана отырып, оқиғаны тек шарықтау шегіне ғана жеткізіп, шешуін кейінге қалдыру - «Манас» эпосының композициялық  құрылысындағы негізгі ерекшеліктің бірі.             Көркем шығармадағы суреттелінетін оқиғаның оқырмандарға нанымды, солай болуына шек келтірмей сенерлік ететін шарттың ең негізгісі. Әртүрлі жол, әдістермен қолданылатын дәлелдеу (мотивировка). Айтуға оңай, сәл нәрсе болып көрінсе де, дәлелдеуі жетіспеген іс-әрекеттер шебер оқырмандарды сендіре алмайды. Түптеп келгенде, көркем шығарманың реалистік мазмұнына нұқсан келтіреді. Дәлелдеуі жетіспеген шығарма шындықтан қол үзген ең әлсіз шығармалардың тобына жатады.             «Манас» эпосының екінші бір көңіл аударарлық жағы (жалпы батырлар эпосына тән кейбір мифологиялық жайттарды былай қойғанда) - адамдардың амал, іс-әрекеттерінің өте мығым, шебер дәлелденетіні. Эпостың көлемі қанша ұзақ, оқиғалары қанша көп болса да, суреттелген оқиға, адамдардың араларындағы қақтығыстар әрдайым оқырмандары тап солай болу мүмкіндігіне шек келтірместей дәрежеде дәлелденіледі.             Эпостың композициялық ерекшелігін сөз еткенде және бір еске алатын жайт - оқиғаның  мазмұнына қарай суреттеу әдістерін шебер қолдана білушілік. Кейде эпосқа тән байсалды, алыстан орап, ұсақ жайттардың (деталь) өзін қалдырмай, кеңінен суреттеу, әртүрлі шегіністерге бару, суреттемек негізгі образдың өзін тек қатыстырып қана қойып, оны сөз етпей, сөз етсе жеңіл-желпі, көбіне, балаңдығынан, тәжірибесіздігінен туған, оның жалпы ұнамдылығына нұқсан келтірмейтін, кейбір кемшіліктерін ғана көрсетіп, негізгі күшті айналасын суреттеуге жұмсау болса, кей бөлімінде оқиғаны негізгі қаһарманның басына жинастыра үйіп-төгіп, оқырмандарының оған тез көңіл аударып, оның күйініш-сүйінішін тез сезінуге мәжбүр етеді. Мысалы, «Семетей мен Қоңырбайдың соғысы» атты бөлімнің көп жерлері жоғарғы айталған әдіспен жырланады. Ал «Тайторы» бөлімі одан басқаша. «Тайторыны бәйгіге қосу» бөліміндегі оқиғаның негізгі желісі ат шабысы, Қаныкейдің басына төнген қайғылы халдер де осы Тайторыны бәйгіге қосу әрекетінің айналасында болады.             Ендеше оқиғаның құрылысы да, суреттеу әдісі де сол ат шабыс, оның өзіне тән ерекшелігіне бағыныңқы.             Бөлімде негізгі оқиға ат шабыс десек, композициялық және сөз қолданыстары да дамыту арқылы келеді. Алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейте түсу - дамыту әдісінің негізгі шарты. Оқырмандарының арқауын босатпай, өзіне еліктіре, қызықтыратын күш те осында ғой. Шыға шауып, жайылып қалатын ат тәрізді, оқиға өршіп, шиеленісіп, алдыңғы оқиғадан соңғысы асып түсіп отырмаса, ол кімді қызықтырмақ? «Тайторының шабысындағы» сиқырлы күш те осында. Тайторы әуелі үш жүз, онан соң алпыс, тағы бір қарағанда отыз аттың соңында келе жатады. Кейінде қалған Тайторы бірден екі көтеріліп, шабысын үдете түседі. Алдында Шоңқасқа, Күрең, Ақтұлпар, үш-ақ ат қалғандағы Тайторының шабысын жомықшы-ақын былай суреттейді: ...Мылтық даусы шыққанда, Жал құйрығын жел күреп, Жүйткіген лепті екпіні Тау бүркіттей күркіреп, Құйысқаны сақылдап, Шоңқасқаны тақымдап, Көзді жұмып-ашқанша, Жетіп барды Күреңге, Құйрықтаса жақындап.             Бірақ Тайторы эпоста тек оп-оңай оза бермейді. Екінші аттың да осал жылқы емес екендігін, Тайторыны Ақтұлпармен үзеңгі қағыстыра, бір-біріне жеңгізіп, таластыра суреттеу арқылы күліктігін айқындай түседі. Епсіз жүйрік Ақтұлпар Ересен о да мал екен. Еңкейіске келгенде Тайторы мойны озады. Өрге шыға бергенде Ақтұлпар қайта қозады. Ерегесе жарысып, Екі үзеңгі қағысып...» деп суреттелінеді.             Тайталаса жарысқан екі аттың шабысын көз алдыңа келтіріп, елестетуі қалай мақтаса да сыяды.             Біз жомықшының өз аузынан өз құлағымызбен тыңдаған бір бөлімнің кейбір көркемдік ерекшелігі жайлы ғана сөз қозғап отырмыз. Егер «Манастың» бір вариантын түгел зерттеп, оның идеялық-көркемдігіне, ерекшелігіне көңіл аударсақ, жалпы эпосқа тән ерекшелік, не тамаша қызық жайттарды табуға да, фольклористика ғылымына көптеген үлестер де қосуға болар еді. Әрине бұл - бір күннің, не бір-ақ адамның қолынан келетін іс емес, көптеген зерттеушілердің бірлесе істейтін жұмысы.             Бір кезде хат білмеген халық, оның жыршысының бір басына сыйған мол байлық, дүниежүзілік мәні бар «Манас» трилогиясы - талай жүздеген фольклор оқымыстыларына ғылыми азық.             Бір халықтың талай ғасырлар басынан кешірген өмірін, ерлік, елдік салтын, арманы мен мұңын, патриоттық ұлы идеясын, наным-сенімін, этикасы мен эстетикалық түйсігін толық қамтыған жарты миллион жол халықтық жырды шын мәніндегі мұрагері совет дәуіріне, біздерге жеткізген жомықшы Саяқбай Қаралаевқа таң қалмасқа да, оған шын жүректен алғыс айтып, оны шын көңілден емірене сүймеске де мүмкін емес. Алтынның қолда барда қадірі жоқ, Айрылғасын түседі енді есіме, - дейтін халық өлеңінің мәні зор. Саяқбай - дүниежүзінде бір-ақ адам. Еш жер, еш елде жарты миллион жолдан құралатын 30 томдық асыл қазынаны жатқа айтатын екінші Саяқбай жоқ. Егер оны өз репертуарымен жер жүзілік фольклористика ғылымына таныта алсақ, бұл ХХ ғасырда тек совет елінде ғана болуы мүмкін кереметтің бірі деп білер еді.             Демек, Саяқбайдың 70 жылдығын өткізу - жер жүзіндегі үздік құбылыс «Манасты» көтеру, жалпы совет халқының, оның ішінде қырғыз халқының зор рухани күшін, асқан таланттылығын әлем алдында көрмеге шығару деген сөз.             Сондықтан бұл мәселеге қырғыз елі айрықша мән беріп, көтеру керек те, оған бүкіл совет халқының барлық ғылым қайраткерлері түгел ат салысуы қажет.  Әдеби әлем

     «Манас» - бір халықтың талай ғасырлар ішіндегі елдік-ерлігін, наным-сенімін, тұрмыс-салтын, философиялық, эстетикалық көзқарасын, рухани күшін, көркемдік ой жүйесін өз бойына жинақтаған, таң қалдырғандай мол, тамсандырғандай көркем туынды.

            Бүкіл дүниежүзінде «Манастан» зор көлемді эпопея болған емес. Басқаларды теңіз десек, мұны мұхит деуге болады. Поэзиялық көркемдігі, оқиға байлығы жағынан да «Манас» қазіргіге шейінгі әдеби жұртшылыққа мәлім эпостардың ешқайсысынан кем түспейді.

            ...Индияның атышулы «Махабхаратасы» көлемі жағынан «Илиада» мен «Одиссеядан» сегіз есе артық болса, әйгілі «Шахнама» екі жүз мың жол, ал «Манас» тирлогиясының Саяқбай Қаралаев вариантының өзі зерттеушілердің айтуынша, жарты миллион жол. Бес мың жолдан жоғарғы «Манас» варианты - он сегіз. Олардың ішінде 15 томнан тұратын, тек «Манас» жорығының өзіне арналған Сағынбай Оразбаков варианты да бар. Не деген зор байлық?!

            Аспанмен таласқан Алатаудың төрін жайлап, күнгейін қыстап, сан заман бай табиғаттың еркесі боп, бұла өскен ат төбеліндей аз ғана елдің ерлікті ұраны, өлеңді құралы етуіне, ер аталарының халқы үшін күрескен ерлік өмірін де, өлімін де емірене тереңнен толғап, патриоттық мойымас өршілдік сарында жыр етіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізгендігіне таң қалмасқа болмайды.

            Өнер иесі де халық, даналардың анасы да халық дейтін ежелгі қағиданың шындығын, дұрыстығын «Манас» авторы, қырғыз халқының өзі-ақ дәлелдейтін сияқты.

            «Манастың» «Шоң жорық» бөлімінің орыс тіліне, бір томдығының өзбек тіліне, құрастырылған варианты, төрт томдығының қазақ тіліне аударылуы - совет халықтарының ескі мұралары жөніндегі игілікті істерінің бірі және мақтанарлық жайт.

            «Манасты» аудару, оны халқымызға таныту - тек қырғыз ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде айрықша көңіл аударарлық іс. Әрине оған мұрындық болушы, ең алдымен қырғыз халқы, оның үкімет басшылары, ғылыми жұртшылығы болу қажет десек, қырғыздың тілін жақсы түсінетін қазақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. елдер де бұл іске белсене ат салысуға тиісті.

            «Манас» эпосының патриоттыққа баулитын тәрбиелік мәнін, тарихи, этнографиялық, көркемдік қасиетін, ұшан-теңіз тіл байлықтарын былай қойғанда, қазақ, қырғыз сықылды елдердің өмірі тек тағылық, мәдениетсіздік, рухани жағынан төменгі сатыда деп ұғынатын Европа оқымыстыларына үлкен соққы. Мәдениеттімін деп кеудесін соғатын қазіргі Европа, Америка елдерінің ешқайсысы да «Манас» тәрізді эпоспен қазіргі мәдениетке жеткен бір де бірі жоқ. «Песни о Нибеллунгахи», «Песни о Роланделер» «Манастың» бір эпизодының шеніне келмейді. Сондықтан В.Г.Белинскийше айтсақ, «адам баласының бесігі болған - шығыс», оның өнерлі халықтары ескі заманның өзінде-ақ зор тұлға боларлық «Махабхарата», «Шахнама», «Манас», «Қазақтың батырлар жыры» сықылды әлемге ортақ адам баласының алтын қазынасына тұлға боларлық мол байлық қосты деп ауыз толтырып айта аламыз да, мақтана да аламыз.

            Эпостың «Тайторыны бәйгіге қосу» бөліміне шейін «Көбеш ханның Қаныкейді шабуы», «Қаныкей мен Шиырдының Семетейді алып қашуы», «Семетейдің өсуі» атты үш бөлім бар. Олардың қайсысы болсын, өз жақынынан көрген тоқсанға келген кемпір Манастың шешесі, бір жасар сәби, қамқорсыз қалған жас әйелдің бастарынан қайғылы халдер арылмайды. Олар бір қиындықтан екінші қиындыққа ұшырап, кездескен бөгет, көрген қиыншылықтары оқушыларының жан сезімін еріксіз тербетеді.

            Арқасына салып, жаяу алып қашқан жалғыз ұлды дұшпандары өлтіріп кетпес үшін ағасы Исмайылға бала етіп беріп, өз баласын он екі жыл бойы «інім» деп жасыру, аналық махаббатына бөлей алмау, оның шын елі, шын әкесінің кім екендігін айта алмау, сүйген ері Манасқа, қырғыз халқын шын сүйген патриот әйелге қаншама қасірет, қандай қиын жағдай?! Әйтсе де ол бүкіл Бұхарда жалғыз жүріп, өз елі - қырғыздың жыртысын жырту үшін Тайторыны бәйгіге қоспақ, озып келсе, Манастың, қырғыздың аруағын көтермек, ержеткен жалғыз ұлы Семетейді енді өз қолына алып, құлаған шаңырағын көтермек, қуғынға ұшыраған қырғыз елін қайта ел етпек. Жас ананың ұлы арманы осы. Бірақ ол тағы да зор бөгеттерге ұшырайды. Оның ойын дұрыс түсінбей, ат қосуын желігу, Манасты ұмыту, бай іздеу деп ұққан Исмайыл қатты ренжіп, Қаныкейді өлтіру үшін өз баласы Семетейді жұмсайды. Жездеміздің аруағына нұқсан келтірген апаңды өз қолыңмен өлтір дейді Исмайыл. Не деген трагедия! Қандай қиын ситуация! Міне, бұл бөлімнің драмалық коллизиясы да, оқырмандардың жан жүйесін күйзелтетін де осы жайттар.

            Қаныкей Исмайылдың әркетін естиді. Оның алдында екі мәселе тұр: бірі - Тайторыны бәйгіден келтіріп, арманына жету, екіншісі - сол үшін сан қиыншылық көріп, жас орнына қан жұтқан жалғыз ұлдың өз қолынан қаза табу. Анасын апасы деп білетін жас батыр жалған әкесі Исмайылдың сөзіне еріп, өлтіріп тастауы да ықтимал. Осы жағдайлардың бәрін де жақсы ұғынып, Қаныкей өз басынан ел намысын артық санайды. Бұндай өлім қанша ауыр, қанша әділетсіз болса да, ер намысы, ел намысы үшін өлімді ерлікпен қарсы алуға бел байлайды.

            Мейлінше ауыр жағдайда жүріп, өз басын өлімге тігуге Қаныкейді айдаушы күш не? Бізше, ол - Қаныкейдің өз басындағы патриоттық, өзін қырғыз халқының бір бөлшегі білу, сол елді сүюшілік.

            Ел қорғаны ердің адал жары, келешекте атасының ізін басар батыр ұлдың анасы екендігін де әр кез есінде сақтап, барлық іс-әрекет сол халықтың бір керегіне жараса деген тілекті, ұлы арманды негізгі мақсат етіп қоюшылық.

            Мысал үшін Исмайылдың әмірін алып, қырық батыр қосшымен Қаныкейді өлтіру үшін Семетейдің келе жатқанын естіп жырлаған Қаныкейдің мына бір монологін алалық:

 

...Айналайын, Семетей,

Ел тауып көйлек кисе еді.

Есі кеткен сорлының,

Ене екенін білсе еді.

Кіндік кесіп, кір жуған,

Керіліп жатқан кең Талас

Жері екенін білсе еді.

Ақ қалпақты ер қырғыз

Елі екенін білсе еді.

Алты сұмның кебінен

Алып келген Бұқара

Мен екенін білсе еді, -

 

деген жолдарда қырғыз халқының еліне, жеріне деген қанша сүйіспендік махаббат жатыр?! Жыршыны да, тыңдаушыны да тебірентетін осы тәрізді отанын сүюшілік те, сол жолда өз басының өлімге ұшырау қаупінің түйісуі. Мұндай күшті драмалық коллизияның ескі ауыз әдебиетінде жиі кездесуіне таң қалмасқа болмайды. Ол не ел намысынан бас тартып, бәйгіден атын қайтарып алуы керек немесе өлімге мойынсұнып, не де болса көріп алуы қажет. Қаныкей соңғысына бел байлайды. Өз басынан ел намысын жоғары қояды. Драмалық коллизияның шешім күштілігі де осында.

            Жарты миллион жолдан құралатын С.Қаралаев вариантын былай қойғанда, баспа жүзін көрген «Манастың» төрт томдығын оқып шыққан адам оның құрылысына, жалпы көркемдік ерекшеліктеріне ғажап қалатыны сөзсіз. Әр бөлімнің өзі бас-аяғы бүтін, өзінше байланысы, дамуы, қақтығысу, шиеленісу, экспозиция, шегініс, шарықтау шегі бар бір поэма дерлік. Сонымен қатар негізгі оқиғаның желісін үзбеу үшін, келешектегі оқиғаға әрдайым көпір тастап отырады. Келешектегі оқиғаның ұшығын алдыңғы бөлімдерінде қылтитып көрсетеді де, оны дамытпай, оған айрықша тоқталмай, әдейі қалдырып кетеді. Сол тақырып, сәл ғана шеті қылтиған оқиға келесі бір бөлімнің негізгі желісі, ұстаған мәселесі болып отырады. Бір бөлімдегі оқиғаны суреттеуге барлық композициялық элемент пен образ жасауға қажетті компоненттерді қолдана отырып, оқиғаны тек шарықтау шегіне ғана жеткізіп, шешуін кейінге қалдыру - «Манас» эпосының композициялық  құрылысындағы негізгі ерекшеліктің бірі.

            Көркем шығармадағы суреттелінетін оқиғаның оқырмандарға нанымды, солай болуына шек келтірмей сенерлік ететін шарттың ең негізгісі. Әртүрлі жол, әдістермен қолданылатын дәлелдеу (мотивировка). Айтуға оңай, сәл нәрсе болып көрінсе де, дәлелдеуі жетіспеген іс-әрекеттер шебер оқырмандарды сендіре алмайды. Түптеп келгенде, көркем шығарманың реалистік мазмұнына нұқсан келтіреді. Дәлелдеуі жетіспеген шығарма шындықтан қол үзген ең әлсіз шығармалардың тобына жатады.

            «Манас» эпосының екінші бір көңіл аударарлық жағы (жалпы батырлар эпосына тән кейбір мифологиялық жайттарды былай қойғанда) - адамдардың амал, іс-әрекеттерінің өте мығым, шебер дәлелденетіні. Эпостың көлемі қанша ұзақ, оқиғалары қанша көп болса да, суреттелген оқиға, адамдардың араларындағы қақтығыстар әрдайым оқырмандары тап солай болу мүмкіндігіне шек келтірместей дәрежеде дәлелденіледі.

            Эпостың композициялық ерекшелігін сөз еткенде және бір еске алатын жайт - оқиғаның  мазмұнына қарай суреттеу әдістерін шебер қолдана білушілік. Кейде эпосқа тән байсалды, алыстан орап, ұсақ жайттардың (деталь) өзін қалдырмай, кеңінен суреттеу, әртүрлі шегіністерге бару, суреттемек негізгі образдың өзін тек қатыстырып қана қойып, оны сөз етпей, сөз етсе жеңіл-желпі, көбіне, балаңдығынан, тәжірибесіздігінен туған, оның жалпы ұнамдылығына нұқсан келтірмейтін, кейбір кемшіліктерін ғана көрсетіп, негізгі күшті айналасын суреттеуге жұмсау болса, кей бөлімінде оқиғаны негізгі қаһарманның басына жинастыра үйіп-төгіп, оқырмандарының оған тез көңіл аударып, оның күйініш-сүйінішін тез сезінуге мәжбүр етеді. Мысалы, «Семетей мен Қоңырбайдың соғысы» атты бөлімнің көп жерлері жоғарғы айталған әдіспен жырланады. Ал «Тайторы» бөлімі одан басқаша.

«Тайторыны бәйгіге қосу» бөліміндегі оқиғаның негізгі желісі ат шабысы, Қаныкейдің басына төнген қайғылы халдер де осы Тайторыны бәйгіге қосу әрекетінің айналасында болады.

            Ендеше оқиғаның құрылысы да, суреттеу әдісі де сол ат шабыс, оның өзіне тән ерекшелігіне бағыныңқы.

            Бөлімде негізгі оқиға ат шабыс десек, композициялық және сөз қолданыстары да дамыту арқылы келеді. Алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейте түсу - дамыту әдісінің негізгі шарты. Оқырмандарының арқауын босатпай, өзіне еліктіре, қызықтыратын күш те осында ғой. Шыға шауып, жайылып қалатын ат тәрізді, оқиға өршіп, шиеленісіп, алдыңғы оқиғадан соңғысы асып түсіп отырмаса, ол кімді қызықтырмақ? «Тайторының шабысындағы» сиқырлы күш те осында. Тайторы әуелі үш жүз, онан соң алпыс, тағы бір қарағанда отыз аттың соңында келе жатады. Кейінде қалған Тайторы бірден екі көтеріліп, шабысын үдете түседі. Алдында Шоңқасқа, Күрең, Ақтұлпар, үш-ақ ат қалғандағы Тайторының шабысын жомықшы-ақын былай суреттейді:

...Мылтық даусы шыққанда,

Жал құйрығын жел күреп,

Жүйткіген лепті екпіні

Тау бүркіттей күркіреп,

Құйысқаны сақылдап,

Шоңқасқаны тақымдап,

Көзді жұмып-ашқанша,

Жетіп барды Күреңге,

Құйрықтаса жақындап.

            Бірақ Тайторы эпоста тек оп-оңай оза бермейді. Екінші аттың да осал жылқы емес екендігін, Тайторыны Ақтұлпармен үзеңгі қағыстыра, бір-біріне жеңгізіп, таластыра суреттеу арқылы күліктігін айқындай түседі.

Епсіз жүйрік Ақтұлпар

Ересен о да мал екен.

Еңкейіске келгенде

Тайторы мойны озады.

Өрге шыға бергенде

Ақтұлпар қайта қозады.

Ерегесе жарысып,

Екі үзеңгі қағысып...»

деп суреттелінеді.

            Тайталаса жарысқан екі аттың шабысын көз алдыңа келтіріп, елестетуі қалай мақтаса да сыяды.

            Біз жомықшының өз аузынан өз құлағымызбен тыңдаған бір бөлімнің кейбір көркемдік ерекшелігі жайлы ғана сөз қозғап отырмыз. Егер «Манастың» бір вариантын түгел зерттеп, оның идеялық-көркемдігіне, ерекшелігіне көңіл аударсақ, жалпы эпосқа тән ерекшелік, не тамаша қызық жайттарды табуға да, фольклористика ғылымына көптеген үлестер де қосуға болар еді. Әрине бұл - бір күннің, не бір-ақ адамның қолынан келетін іс емес, көптеген зерттеушілердің бірлесе істейтін жұмысы.

            Бір кезде хат білмеген халық, оның жыршысының бір басына сыйған мол байлық, дүниежүзілік мәні бар «Манас» трилогиясы - талай жүздеген фольклор оқымыстыларына ғылыми азық.

            Бір халықтың талай ғасырлар басынан кешірген өмірін, ерлік, елдік салтын, арманы мен мұңын, патриоттық ұлы идеясын, наным-сенімін, этикасы мен эстетикалық түйсігін толық қамтыған жарты миллион жол халықтық жырды шын мәніндегі мұрагері совет дәуіріне, біздерге жеткізген жомықшы Саяқбай Қаралаевқа таң қалмасқа да, оған шын жүректен алғыс айтып, оны шын көңілден емірене сүймеске де мүмкін емес.

Алтынның қолда барда қадірі жоқ,

Айрылғасын түседі енді есіме, -

дейтін халық өлеңінің мәні зор. Саяқбай - дүниежүзінде бір-ақ адам. Еш жер, еш елде жарты миллион жолдан құралатын 30 томдық асыл қазынаны жатқа айтатын екінші Саяқбай жоқ. Егер оны өз репертуарымен жер жүзілік фольклористика ғылымына таныта алсақ, бұл ХХ ғасырда тек совет елінде ғана болуы мүмкін кереметтің бірі деп білер еді.

            Демек, Саяқбайдың 70 жылдығын өткізу - жер жүзіндегі үздік құбылыс «Манасты» көтеру, жалпы совет халқының, оның ішінде қырғыз халқының зор рухани күшін, асқан таланттылығын әлем алдында көрмеге шығару деген сөз.

            Сондықтан бұл мәселеге қырғыз елі айрықша мән беріп, көтеру керек те, оған бүкіл совет халқының барлық ғылым қайраткерлері түгел ат салысуы қажет.

 Әдеби әлем

Ұқсас материалдар