Қандастар Ассамблея

Еңлікгүл

18.11.2013 4066
     Шадыр мінезді, шақшадай шал қыңырайып  тұрып алды. Күн болса мынау. Жапалақтаған  қар жолды көміп тастаған.  Мың із атанған бұл өмірде  түн емес, күндіздің өзінде жол тауып,  жүру  қиын. Машинамен айдалада қақаған  суықта  жалғыз  өзің адасып  кетсең не болмақ. Шал әрең дегенде барып, әзер көнді.             - Туһ, осы  шопырлардан-ақ тыныштық  болсашы  бір. Жеті түнде  де маза берер емес,-деп  күңкілдеп жүр.             Мен оның келіскен келіспегеніне  қарамастан  машинаның  суын ағыздым. Айналсоқтап шыжбалаңдап  жүрген шалдың  беті ақыры бері қарады. Әлдеқандай болмай жүр енді үйге! Үйдің төбесі тым аласа екен. Күлімсіреген ондық шамның  пілтесін  көтеріп қойды. Есік  орнына  шыт мата іліп қойған. Түпкі бөлмеге  барып  көрпе  әкелді де, пештің  түбіндегі  құрым  киіздің  үстіне төседі. Мен амалсыз  соның  үстіне қисайдым. Шалдың  қимылы  қунақ, жіті,бетінен  қаны тамып тұр. Шоқшадай сақалы  тарғыл екен.  Үстіме  тон жапты да,  шамның пілтесін түсірді. Шалдың  жағымсыз  даусынан  оянып кеттім. - Әй, тұр-ей, таң атып кетті. Орнымнан  салбырап  түрегелдім. Кешегі ұзақ жолдан  денем  дел-сал  болып  қалыпты.  Дала  аппақ, таң  да аппақ, тек аспан  ғана  көкшілденіп көкжиекке бозғылт  түстеніп сұғынып тұр. Анадай жерде  құдықтан  су әкеліп,  радиаторға  толтырып тұрып құйдым. Капотты жаба бергенде:  Үйге жүріп, шай ішіңіз, деген  қыз даусына  елең  ете қалдым. Жиырманың о жақ, бұл жағындағы  бір қыз лып етіп, үйге кіріп бара жатты.  Құм арасында  келе жатқанда кенеттен  бір бұлаққа тап боласың. Біздің тауға шыққандардың кейбіреуі еңлік гүлін табады.  Онда да мыңның бірі. Сондай сәтте адам күнде көріп жүрген бұлақтың немесе гүлдің қасиетін түсініп, жаңа көргендей төне түсетіні бар. Шалғайда жүрген шақта  шопан үйлеріндегі бірлі  жарымды қыздарды  көрсем, үстеріне қызыл киген әсем келіншектерді байқасам, олар тіпті әсем, хор қызындай көрінеді-ау. Үйге түндегідей емес жақсы көңілмен кірдім. Теріс қарап шай демдеп жатқан қыз: -Түпкі үйге өтіңіз, - деді. Етігімді сілкіп тастап, төргі  бөлмеге өттім. Шағын бөлме ұқыпты жиналыпты. Жинақты қызы бар үйге бірден ұқсайды. Шашын тап-тақыр алдырған жас бала дөңгелек столды жағалап жүр. Шәугімді көтеріп әкеп стол шетіне келіп отырғанда ғана жаңағым алды ашық  көйлек киген келіншек екенін байқадым. Омырау  тұсы үшкілдене ашық қалыпты.  Қараптан-қарап отырып қысылдым. Түнде шал  келіншегін қызғанған екен ғой.  Жаңағы ата қайда кетті? Қарауыл ғой,  көрші баздарды қарап келеді. Үстел жағалаған бала келіншектің алдына барып жайғасты. Әй, бойдақтың күні құрсын да, қыз бен келіншекті шатастырып.  Енді қысылып отырыс мынау. - Өзіңіздің күйеуіңіз қайда? Ол күлді. Жаңағы кісі ғой.  Не өзің  үйленіп пе едің?- Үлкенси, сен  деп тіл қатты.  Мен басымды шайқадым. Таң қалатын жайт шын айтып тұр ма,  әлде әзілдей ме? Мелшиіп бедірейе қарап қалсам керек: Не  сенбей отырсың ба? Шын. Шайың суып қалды ғой. Үлпершектей жас келіншек шақшадай шалдың... Жоқ,  сенуге болмайтын сияқты сөзіне,  киіміне, бітім-пошымына қарағанда... - Сіз қатты қалжыңдайды екенсіз. Иә, күйеуім сол кісі. Таңқалатындар көп. Тіпті сен сияқты бозбалалар қырындайды да. Ал, Дайыр болса қызғанады. Байқадың ба, бағана да сипақтап көп жүрді ғой. Ол үнсіз қалды. Түріндегі салқынқандылықты жастық лебі жасыра алмай тұрғандай... Сопақша келген бетінің ұшында болар-болмас қызғылтым нұр үздіксіз  ойнайды. Жұқа қабақ, томпақ ерін келіншекті салмақты көрсетіп тұрған ашық маңдайы еді. Сен баласың ғой. Қаншадасың? Жиырма үш. Құрдас екенбіз. Бірақ бәрібір баласың. Мен талайды көрдім. Сен қазір шалға тиіп, мынаны не жын ұрды деп ойлап отырған боларсың. Жастық шақ албырт кезең ғой. Алдын ойлау, артыңа қайырыла қарамайтын аңғал сәттер болады оңдайда. Бәріне зерделі ой қажет. Сонымен кесіп, пішіп алу дұрыс көрінеді. Ол шыныдағы шайды бір-екі сораптай ішті де, әңгімесін әріден жалғастырады. Білімі бар, оқыған адамдардың  жалғызы болдым да жасымнан ерке өстім. Онды бітіріп, институтқа түскен едім. Жеңіл ойлы топқа тап болдым. Көңілді би, жеңіл орта, думанды түн. Солай жүргенде еш нәрсенің байыбына бармай, өзімнің құндақтағы балалығыммен қоштасқаныма, қайта айналып келмес асыл күндерімнің алыс кеткеніне дәл сол шақтары мән бермеген едім. Содан кейін-ақ маған бәрібір болды. Оқуға да зауқым шаппады. Ақыры үлгере алмағандықтан институттан шығып қалдым. Онымды үйге айтпай, бір мекемеге күндіз еден жуушы болып орналасып, соның ақшасын стипендиям деп алдап жүрдім. Жігіт атаулыға талғамсыз қарайтын әдет шықты. Шын ұнатқаны ма, жоқ сырттай жылтырағаны ма, бірде-біреуіне көңілім шынайы құлаған жоқ. Жеңіл би, көңілді кеш, ресторан, кафе... Бөтен үйде түнеп қалу, ес білмей мас болу... Мұның бірде-бірінен әке-шешем бейхабар. Оларға институтта анау болды, мынау болды деп қоямын. Ақыры сөйтіп жүргенде масқара боп, жүкті болып қалдым. Кешегі мені өліп-өшіп құшқан жігіттер бәрі сырттап кетті. Ешқайсысы етегін ұстатпайды. Ақыры дәрігерге бардым, көз жасымды көл етіп. Сонда мосқал тартқан әйел маған өлердей кейіп, қатты ұрысты.  Сен не, адам өлтірейін деп пе едің? Тұңғышыңды тұншықтырмақсың ба? Егер олай болса, өмір бойы қубас атанып, ана деген аттан құралақан өтуің кәдік. Дүниедегі ең үлкен қасірет - баласыздық, - деп ақылын айтты. Ақыры дегеніне көндім. Енді мен ел естімес жаққа кеткім келді. Бір таныс қыз маған: Біздің ауылда алпыстан асқан бір кісі бар, әйелі жуырда өлген, босанғаныңша тиіп ал, сосын басың бос қой, - деп ақыл бергенсіді. Мен келісе кеттім. Ауылға келіп, жұдырықтай, шашы қу тарта бастаған осы кісіні алғаш көргенде  денем түршікті. Амал не? Өмірі бала сүймеген ол тіпті қуанды. Ел көзінен жырақ кетіп, осында әдейі көшіп келдік. Алғашында маған ол ылғи сенімсіз қарайтын. Мына Елдес дүниеге келгенде өз әлінше той жасады, - деп алдында отырған баланың тақыр басынан сипады. Адам жастықтың отымен өрт кешіп алғанын, ертеңгі күні сол күйген жер сыздап, ауырарын сезбейді екен. Кешегі думанды деп жүрген күндерімнің бәрі өткінші, дәмсіз екені, сұрқия қылықтарым есіме түссе, бетімнен отым шығады.  Жас дәуреннің  маған  сыйлағанын  ала алмаппын. Қызығымды  өзім  өшіріппін, енді өзім өкінемін.  Ойлау, түсіну, өмірді  қадірлей  білу керек  екен. Сонда ғана әр күнің мазмұнды, қызық. Адамдар  елеусіз-ау, деп  мән бермей  жүре беретін  кейбір  кішкентай  заттан  ұлы  дүниелер  туындап жатады.  Ал, кейбіреуінің  қатерлі соққы,  ойландырар  қайғы  болатынын  аңғардым.  Өз бейнемді  өзгертіп, жасандылыққа бой ұрып,  айналамдағыны түсінбей  кеткеніме  таң қаламын. Қазір  сол  күндерге, кезінде  өзімше  бақыттымын деп түйген  сәттеріме қарғыс айтамын. Өз жолымды  таба алмағаныма, мақсатсыз  болғаныма налимын. Ал, алға қойған  айтулы  міндет - арманы  жоқ, мақсаты жоқ, ертеңге қояр  талабы жоқ адам  жиі адасып,  көп қателеседі екен. Мені өмірдің өзі-ақ сабақ  болсын  деп  базарлы шақ  жастық дәуренімнен  айырып,  осы түпкірге  тыққан еді.  Жанға тыныш, өткенді ұмытуға, қайғы ізін  жасыруға  жайлы. Жаңағы  кісінің  өзі кішкентай  болғанымен жүрегі  үлкен, адамгершілігі мол. Алдында кейін  ажырасып кетермін деп бас қоса салғанымен, кейін етім  үйреніп, мейірім, аялы алақаны  үшін сыйлайтын  болдым. Өмірге  қайта оралып,  алды-артымды  болжатқан  сол кісінің  тіршілік  тынысы,  ақылы сияқты.  Кіршіксіз  көңілінің  алдында  бас иемін. Көлденең  өткен  сен сияқтылардан  мені қызғанатын  сияқты.  Жаман жолға, бұрынғы  күйіме  кіріп,  жеңіл өмірге ауытқып кете ме, тағы да басын  тасқа соғып, майырылып қала ма деп сақтанады  ғой деймін. Қашан да жақсылық тілеп,  ізгі ойын білдірсем деп тұрады. Иә, жастық желікпен қанатымды  күйдіріп алған  маған сый осы. Құдай қаласа, жазға салым шал байқұс өзінің  тұңғышын көреді. Қазір аяғым ауыр.  Елдесті өз  балам деп  елжіреп тұрады. Сен  қарағым,  мына  келіншек  мылжың  екен деп  қалма. Әншейін, іште  жатқан  ащы  түтінді  сыртқа  шығарғаным  ғой  бұл. Солай... Оның  сөзінен кейін  қылжаққа  салам  ба  деген манағы  бір ойдан  тез қайтқанмын. Көңілім пәс тартып, аяушылық па, жоқ әлде өкініш пе,  әйтеуір  бір сезім баурап барады. Машина  тез от алды. Мың іздегі  қалған  жалғыз үйден  ұзағанша асық болғандай, газды  үсті-үстіне  қатты  баса түсемін. Өмір деген  осылай...  Әдеби әлем

     Шадыр мінезді, шақшадай шал қыңырайып  тұрып алды. Күн болса мынау. Жапалақтаған  қар жолды көміп тастаған.  Мың із атанған бұл өмірде  түн емес, күндіздің өзінде жол тауып,  жүру  қиын. Машинамен айдалада қақаған  суықта  жалғыз  өзің адасып  кетсең не болмақ. Шал әрең дегенде барып, әзер көнді.

            - Туһ, осы  шопырлардан-ақ тыныштық  болсашы  бір. Жеті түнде  де маза берер емес,-деп  күңкілдеп жүр.

            Мен оның келіскен келіспегеніне  қарамастан  машинаның  суын ағыздым. Айналсоқтап шыжбалаңдап  жүрген шалдың  беті ақыры бері қарады.

Әлдеқандай болмай жүр енді үйге!

Үйдің төбесі тым аласа екен. Күлімсіреген ондық шамның  пілтесін  көтеріп қойды. Есік  орнына  шыт мата іліп қойған. Түпкі бөлмеге  барып  көрпе  әкелді де, пештің  түбіндегі  құрым  киіздің  үстіне төседі. Мен амалсыз  соның  үстіне қисайдым. Шалдың  қимылы  қунақ, жіті,бетінен  қаны тамып тұр. Шоқшадай сақалы  тарғыл екен.  Үстіме  тон жапты да,  шамның пілтесін түсірді.

Шалдың  жағымсыз  даусынан  оянып кеттім.

- Әй, тұр-ей, таң атып кетті.

Орнымнан  салбырап  түрегелдім. Кешегі ұзақ жолдан  денем  дел-сал  болып  қалыпты.  Дала  аппақ, таң  да аппақ, тек аспан  ғана  көкшілденіп көкжиекке бозғылт  түстеніп сұғынып тұр. Анадай жерде  құдықтан  су әкеліп,  радиаторға  толтырып тұрып құйдым. Капотты жаба бергенде:

 Үйге жүріп, шай ішіңіз, деген  қыз даусына  елең  ете қалдым. Жиырманың о жақ, бұл жағындағы  бір қыз лып етіп, үйге кіріп бара жатты.  Құм арасында  келе жатқанда кенеттен  бір бұлаққа тап боласың. Біздің тауға шыққандардың кейбіреуі еңлік гүлін табады.  Онда да мыңның бірі. Сондай сәтте адам күнде көріп жүрген бұлақтың немесе гүлдің қасиетін түсініп, жаңа көргендей төне түсетіні бар. Шалғайда жүрген шақта  шопан үйлеріндегі бірлі  жарымды қыздарды  көрсем, үстеріне қызыл киген әсем келіншектерді байқасам, олар тіпті әсем, хор қызындай көрінеді-ау.

Үйге түндегідей емес жақсы көңілмен кірдім. Теріс қарап шай демдеп жатқан қыз:

-Түпкі үйге өтіңіз, - деді. Етігімді сілкіп тастап, төргі  бөлмеге өттім. Шағын бөлме ұқыпты жиналыпты. Жинақты қызы бар үйге бірден ұқсайды. Шашын тап-тақыр алдырған жас бала дөңгелек столды жағалап жүр. Шәугімді көтеріп әкеп стол шетіне келіп отырғанда ғана жаңағым алды ашық  көйлек киген келіншек екенін байқадым. Омырау  тұсы үшкілдене ашық қалыпты.  Қараптан-қарап отырып қысылдым. Түнде шал  келіншегін қызғанған екен ғой.

 Жаңағы ата қайда кетті?

Қарауыл ғой,  көрші баздарды қарап келеді.

Үстел жағалаған бала келіншектің алдына барып жайғасты. Әй, бойдақтың күні құрсын да, қыз бен келіншекті шатастырып.  Енді қысылып отырыс мынау.

- Өзіңіздің күйеуіңіз қайда?

Ол күлді.

Жаңағы кісі ғой.  Не өзің  үйленіп пе едің?- Үлкенси, сен  деп тіл қатты.  Мен басымды шайқадым. Таң қалатын жайт шын айтып тұр ма,  әлде әзілдей ме? Мелшиіп бедірейе қарап қалсам керек:

Не  сенбей отырсың ба? Шын. Шайың суып қалды ғой.

Үлпершектей жас келіншек шақшадай шалдың...

Жоқ,  сенуге болмайтын сияқты сөзіне,  киіміне, бітім-пошымына қарағанда...

- Сіз қатты қалжыңдайды екенсіз. Иә, күйеуім сол кісі. Таңқалатындар көп. Тіпті сен сияқты бозбалалар қырындайды да. Ал, Дайыр болса қызғанады. Байқадың ба, бағана да сипақтап көп жүрді ғой.

Ол үнсіз қалды. Түріндегі салқынқандылықты жастық лебі жасыра алмай тұрғандай... Сопақша келген бетінің ұшында болар-болмас қызғылтым нұр үздіксіз  ойнайды. Жұқа қабақ, томпақ ерін келіншекті салмақты көрсетіп тұрған ашық маңдайы еді.

Сен баласың ғой. Қаншадасың?

Жиырма үш.

Құрдас екенбіз. Бірақ бәрібір баласың. Мен талайды көрдім. Сен қазір шалға тиіп, мынаны не жын ұрды деп ойлап отырған боларсың. Жастық шақ албырт кезең ғой. Алдын ойлау, артыңа қайырыла қарамайтын аңғал сәттер болады оңдайда. Бәріне зерделі ой қажет. Сонымен кесіп, пішіп алу дұрыс көрінеді.

Ол шыныдағы шайды бір-екі сораптай ішті де, әңгімесін әріден жалғастырады.

Білімі бар, оқыған адамдардың  жалғызы болдым да жасымнан ерке өстім. Онды бітіріп, институтқа түскен едім. Жеңіл ойлы топқа тап болдым. Көңілді би, жеңіл орта, думанды түн. Солай жүргенде еш нәрсенің байыбына бармай, өзімнің құндақтағы балалығыммен қоштасқаныма, қайта айналып келмес асыл күндерімнің алыс кеткеніне дәл сол шақтары мән бермеген едім. Содан кейін-ақ маған бәрібір болды. Оқуға да зауқым шаппады. Ақыры үлгере алмағандықтан институттан шығып қалдым. Онымды үйге айтпай, бір мекемеге күндіз еден жуушы болып орналасып, соның ақшасын стипендиям деп алдап жүрдім. Жігіт атаулыға талғамсыз қарайтын әдет шықты. Шын ұнатқаны ма, жоқ сырттай жылтырағаны ма, бірде-біреуіне көңілім шынайы құлаған жоқ. Жеңіл би, көңілді кеш, ресторан, кафе... Бөтен үйде түнеп қалу, ес білмей мас болу... Мұның бірде-бірінен әке-шешем бейхабар. Оларға институтта анау болды, мынау болды деп қоямын. Ақыры сөйтіп жүргенде масқара боп, жүкті болып қалдым. Кешегі мені өліп-өшіп құшқан жігіттер бәрі сырттап кетті. Ешқайсысы етегін ұстатпайды. Ақыры дәрігерге бардым, көз жасымды көл етіп. Сонда мосқал тартқан әйел маған өлердей кейіп, қатты ұрысты.

 Сен не, адам өлтірейін деп пе едің? Тұңғышыңды тұншықтырмақсың ба? Егер олай болса, өмір бойы қубас атанып, ана деген аттан құралақан өтуің кәдік. Дүниедегі ең үлкен қасірет - баласыздық, - деп ақылын айтты. Ақыры дегеніне көндім. Енді мен ел естімес жаққа кеткім келді. Бір таныс қыз маған:

Біздің ауылда алпыстан асқан бір кісі бар, әйелі жуырда өлген, босанғаныңша тиіп ал, сосын басың бос қой, - деп ақыл бергенсіді. Мен келісе кеттім. Ауылға келіп, жұдырықтай, шашы қу тарта бастаған осы кісіні алғаш көргенде  денем түршікті. Амал не? Өмірі бала сүймеген ол тіпті қуанды. Ел көзінен жырақ кетіп, осында әдейі көшіп келдік. Алғашында маған ол ылғи сенімсіз қарайтын. Мына Елдес дүниеге келгенде өз әлінше той жасады, - деп алдында отырған баланың тақыр басынан сипады.

Адам жастықтың отымен өрт кешіп алғанын, ертеңгі күні сол күйген жер сыздап, ауырарын сезбейді екен. Кешегі думанды деп жүрген күндерімнің бәрі өткінші, дәмсіз екені, сұрқия қылықтарым есіме түссе, бетімнен отым шығады.  Жас дәуреннің  маған  сыйлағанын  ала алмаппын. Қызығымды  өзім  өшіріппін, енді өзім өкінемін.  Ойлау, түсіну, өмірді  қадірлей  білу керек  екен. Сонда ғана әр күнің мазмұнды, қызық.

Адамдар  елеусіз-ау, деп  мән бермей  жүре беретін  кейбір  кішкентай  заттан  ұлы  дүниелер  туындап жатады.  Ал, кейбіреуінің  қатерлі соққы,  ойландырар  қайғы  болатынын  аңғардым.  Өз бейнемді  өзгертіп, жасандылыққа бой ұрып,  айналамдағыны түсінбей  кеткеніме  таң қаламын. Қазір  сол  күндерге, кезінде  өзімше  бақыттымын деп түйген  сәттеріме қарғыс айтамын. Өз жолымды  таба алмағаныма, мақсатсыз  болғаныма налимын. Ал, алға қойған  айтулы  міндет - арманы  жоқ, мақсаты жоқ, ертеңге қояр  талабы жоқ адам  жиі адасып,  көп қателеседі екен.

Мені өмірдің өзі-ақ сабақ  болсын  деп  базарлы шақ  жастық дәуренімнен  айырып,  осы түпкірге  тыққан еді.  Жанға тыныш, өткенді ұмытуға, қайғы ізін  жасыруға  жайлы. Жаңағы  кісінің  өзі кішкентай  болғанымен жүрегі  үлкен, адамгершілігі мол. Алдында кейін  ажырасып кетермін деп бас қоса салғанымен, кейін етім  үйреніп, мейірім, аялы алақаны  үшін сыйлайтын  болдым. Өмірге  қайта оралып,  алды-артымды  болжатқан  сол кісінің  тіршілік  тынысы,  ақылы сияқты.  Кіршіксіз  көңілінің  алдында  бас иемін. Көлденең  өткен  сен сияқтылардан  мені қызғанатын  сияқты.  Жаман жолға, бұрынғы  күйіме  кіріп,  жеңіл өмірге ауытқып кете ме, тағы да басын  тасқа соғып, майырылып қала ма деп сақтанады  ғой деймін. Қашан да жақсылық тілеп,  ізгі ойын білдірсем деп тұрады. Иә, жастық желікпен қанатымды  күйдіріп алған  маған сый осы. Құдай қаласа, жазға салым шал байқұс өзінің  тұңғышын көреді. Қазір аяғым ауыр.  Елдесті өз  балам деп  елжіреп тұрады.

Сен  қарағым,  мына  келіншек  мылжың  екен деп  қалма. Әншейін, іште  жатқан  ащы  түтінді  сыртқа  шығарғаным  ғой  бұл. Солай...

Оның  сөзінен кейін  қылжаққа  салам  ба  деген манағы  бір ойдан  тез қайтқанмын. Көңілім пәс тартып, аяушылық па, жоқ әлде өкініш пе,  әйтеуір  бір сезім баурап барады.

Машина  тез от алды. Мың іздегі  қалған  жалғыз үйден  ұзағанша асық болғандай, газды  үсті-үстіне  қатты  баса түсемін.

Өмір деген  осылай...

 Әдеби әлем

Ұқсас материалдар