Қандастар Ассамблея

АЛТАЙ

18.02.2014 3795
Егер сіз осынау таңғажайып өлкеге - табиғаттың арда төлі атақты Алтайға бармасаңыз, барсаңыз да, оның: Күншығыстың бар асылын, бар байлығын, бар сұлулығын өн бойына дарыта жинақтаған асқар-асқар тауларын, асу-асу белдерін, ат омыраулап жарып жүре алмайтын жасыл шалғын кеңжайлауын, кермарал кербез елігін, мамырлай жүзген аққу-қаздарын, татсаң тандайда қалар балы мен ақ балтыр ару қайың, қайсар қарағайын - ие, ие, осылардың қадір-қасиетін түсініп, сезіміңізді селк еткізе алмасаңыз, әсіресе, айналайын адамдарының құдіретті қолынан туындаған сұрапыл жанартаулар мен жаңғыртуларды зерделей алмасаңыз, онда тындаңыз.

Егер сіз осынау таңғажайып өлкеге - табиғаттың арда төлі атақты Алтайға бармасаңыз, барсаңыз да, оның: Күншығыстың бар асылын, бар байлығын, бар сұлулығын өн бойына дарыта жинақтаған асқар-асқар тауларын, асу-асу белдерін, ат омыраулап жарып жүре алмайтын жасыл шалғын кеңжайлауын, кермарал кербез елігін, мамырлай жүзген аққу-қаздарын, татсаң тандайда қалар балы мен ақ балтыр ару қайың, қайсар қарағайын - ие, ие, осылардың қадір-қасиетін түсініп, сезіміңізді селк еткізе алмасаңыз, әсіресе, айналайын адамдарының құдіретті қолынан туындаған сұрапыл жанартаулар мен жаңғыртуларды зерделей алмасаңыз, онда тындаңыз.

- Міне, сіз - алқызыл нұрымен ақ бас тау, бұйра бас ормандарды аймалап, кең дүниені шапағымен шарапаттай масайраған Күн шығар сәтте ояндыңыз; мүмкін, сізді оятқан таң емес, әлгі бір таң бозынан сайраған бозторғай шығар, мүмкін, жаңа ғана дүркірей суаттан қайтқан марал дүбірі ме екен, әлде әупілдеген еліктің даусы шығар, әлде анау ақ тандағы ақ толқынын аспанға лақтырған Бұқтырма сарыны да, не болмаса арқаңыздан өткен таңғы шықтың шым-шым сызы ма... әйтеуір, дәл осындай шапақты шақта оянғаныңыз үшін, табиғат жарықтықты адал жүрегіңізбен алқайсыз да, бір-біріне мінгесіп-ұштасқан мәңгі тәкаппар асқақ Алтайдың алдында бас киіміңізді алып, тағзым етіп, "ассалау-мағалейкүм" деп есендесесіз. Сіздің бұл үніңізді Алтайдың жақпар тастары мен құзар шындары іліп алып, кезек-кезек жаңғырықтыра қайталайды, қайталайды... Енді сіз аңғарды басына кешіріп, күркіреген Бұқтырманың кәусар суына жуынып, қып-қызыл боп алжырап жатқан бүлдірген, жоқ болмаса анау таң қурайды таңдайыңызға салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз. Міне, сіз Алтайдың арайлы таңына шомылып тұрып, мынау дүниеге жаңа келгендей лүпілді жүрек, лыпыған сезіммен: "Өмір не деген тамаша едің!" -деп, бар даусыңызбен және айкайлайсыз. Сіздің өмірге ғашық екеніңізді анау ұйқысынан жаңа ғана оянған алып таулар жаңғырықтыра тағы да үздік-создық қайталайды-ай... Ал сіз Алтай жазығының жазиралы келбетіне сүйсіне, балқарағай мен шайыр, иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтасыз, армансыз жұтасыз. Сонсоң... сонсоң иін тірескен қалың орманды аралап, тау басына өрмелеңіз. Тау басына көтерілген сайын, анау бір Алтай бұрымы іспетті Бұқтырма, анау тілдей-тілдей көгерген егін, асықтай-асықтай үйрілген аяулы ауыл, жер сонысына тас кенедей жабысқан төрт түлік мал, қара жолдың шаңын аспанға көтерген машина аяғыңыздың астында қалады. Ал сіз - Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз. Енді, міне, орман да таусылды, таудың бірыңғай шақпақ тастарын сусытып, тас шоқының таз басы басталады. Шоқының ұшар басын жасырып аппақ бұлт шегіп жатады. Аппақ бұлт тауды екіге бөліп сұлап жатады. Кейде осынау аппақ болып сұлап жатқан бұлт жылап та жатады. Ол осынау асқаралы шоқы-шындардың ақ сәлдесі іспетті Алтай жазы жауынды болады. Ашық күндері аз. Әсіресе, июль айында күн күркіреп, жан шошырлық найзағай ойнайды. Найзағай ойнаған сайын жай түсіп, зәулім қарағайларды қақ айырады. Кей күні бауырсақтай-бауырсақтай өткінші бұршақтар шауып өте шығатыны бар. Алтайда салба-салба бай самырсындар бар, оның басына жаңғақ өседі, бір ай нөсер жауса да, әлгі самырсындардың түбінде отырған адамға су тимейді. Алтай жазы келте, мүмкін, өзгеше келбетті болғандықтан да солай шығар... Тамыз айының ортасынан-ақ ақжауындатып, бұрынғы аппақ ұшпа бұлттар қара қошқылдана қоғамдаса бастайды. Қыркүйек туа түстіктен сұп-суық жел соғып, ертеңгілікте бүкіл табиғат бозқыраудың астында жатады. Білесіз бе, Алтай күзі таңғажайып ертек сынды, Алтай күзі өмір бақвдз сзры болып көрген жоқ, қызыл күревденіп, тзмылжыған сзйын, ала жаздағы мәре-сәре тірлігімізге ой бітіп, өз-өзімізден жуасып, момзқан күйде күйбің-күйбің шаруаға кірісесіз. Алтай күзі әрі мазасыз, әрі ойшыл, дарқан, әрі жабырқау. Дегенмен, қараша туа бұл өңірдің нағыз мінезіне қанығып, мұнда ыстық пен суыққа қара нардай төзе білетін жандар тұратынына көзіңіз жетер. Жауып-еріп, жауып-тыным таппайтын қар аралас жаңбыр түн мезетінде көк тайғақ мұз болып жатады да, түс қайта жылбысқылана ериді. Бірақ қараша - Алтай үшін қардың айы. Міне, сіз ойрат-ойпаттардың аппақ көрпесін айқара жамылып мызғып жатқан шақта қос ат жегіп, шанамен жолға шықтыңыз делік. Айналаңызға қарайын десеңіз, көз қарықтыратын шағырмақ. Жаздағы жайқалған орман, жап-жасыл жер жарықтық мәңгілік ұйқыға бөленгендей, не болмаса ерке қылығын ерте жоғалтқан арудай, салқын сазарады. Шыңылтыр аяз ашық қалған жеріңізді тіміскілеп ұрлана қарады денеңізді. Тек самырсын мен аршалар ғана жасыл күйде өң-түсін өзгертпей, көсегесі биік көктемді еске салады. Бұқтырма мұз құрсаудың қыспағында қысыла ыңырсиды, ал шымшық әр үйдің шатырына паналап, есік ашылған сайын, жылы жерге ұмтылады. Әйтсе де Алтай қысы таза да тәкаппар Сібір аязын еске салады. Әлде, географиялық орналасуы сол Сібірге тым жақын болғандықтан шығар. Алтай Бұқтырманың жоғарғы ағысында әлдеқайда әдеміленеді. Алтайдың солтүстік жағы таулы Алтай өлкесімен, ал шығысы Монғолия, оңтүстік шығысы Қытай елімен шеқаралас. Алтайдан әрі Қазақстаннын жері жоқ және Қазақстанның ең сұлу аймағы да - осы өр Алтай! Алтайдың көктемі кешеу келеді. Қыстайғы екі көзге тарта жауған қар еріншектене ерігенше, астынан шөп көктеп үлгереді. Құралайдан бастап нағыз көктем туып, жан-жануарға жан бітіп, әбігерге түссе, адамдар да ағаш үйлерінен ұзап, тырың-тырың тірлігіне, шаруа қамына кіріспек. Май айының аяқ шенінде бүкіл Алтай қып-қызыл гүлге көмкеріліп, жасыл жаулығын қайта жамылады. Көкпеңбек аспанға мамықтай бұлт маңып, тау өзендері көркіне қайта мінбек. Сіз табиғаттың осыншалық сый-сыяпатын төге салған мәрттігіне қайран қалып, тау асып, байып жатқан Күннің алқызыл нұрына табынасыз да, кілемдей түрілген кек майсаға аунай кетесіз. Күлесіз, бақыттан, шаттықтан күлесіз. Күліп жүріп гүл тересіз, теріп жүріп "Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айрылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ!" деп, жар салғыңыз келеді.

Әдеби әлем

Ұқсас материалдар