Қандастар Ассамблея

А.А. Мозохинге жазған хаты

17.11.2013 2181
Аса қадірлі Василий Владимирович!    Сіздің 27 февральда жазған хатыңызды мен қазір, 7 апрельде ғана алып отырмын. Сондықтан, бүгін почта жүруін пайдаланып, хат жазып қалуға асығып отырмын; бұл почта, қар еріп, өзендер тасылғалы жатқан кезде жүріп бара жатқандықтан, Орынборға майдың 5-10 нан ерте барып жете алмас. Ал бізде әзір қыс, қар жуық маңда еритін түрі жоқ, бүгін, тіпті, боран соғып тұр. Мен бүдан бұрынғы хатымда Торғай мектебінің үйін салу жөнінде бүйрық берілді деген едім ғой. Бұл жөніндегі машақаттың ұшы-қыйыры жоқ. 240 мың дана кірпіш дайындауға ақша беріліп те қойылды; ендігі үлкен қиыншылық ағашта болып отыр; ағашты Наурызымнан немесе Аманнан алдыруымыз керек, ал айналамыздағы қазақтарда көлік жоқ. Сондықтан губернаторға: Николаевскі уезінің начальнигіне әмір беріңіз, сондағы қазақтар ағаш жеткізіп беру пөдіретін алатын болсын деп өтініш жасағалы отырмыз; бірақ қағаз арқылы, әрине, ешнәрсе де бітпейді. Сондықтан мен өзім барып ол елдің адамдарымен сөйлесіп келуім керек болып отыр. Оның үстіне мектеп салу жүмысына ең әрі дегенде июньнен бастап кірісу үшін Троицкіден мектеп салу және үй салу жұмыстарына керекті әртүрлі материалдарды алу, одан дереу қайта оралып, кірпіш құюшылардың жұмысын қарау, оларды асықтыру керек болып отыр. Мектепке парта, орындық, стол сияқты заттарды дайындау үшін, мектеп үйін бала оқытуға лайықтап жөндеу үшін Ырғызда да болуым керек, Бұл жұмысқа керекті қаржы бар. Яков Петрович болса, қолынан келген көмегін беремін деп уәде еткенмен, бұл жұмысқа өз басы қатыспайды; расын айтқанда қазақ халқының басына түскен күйзеліспен байланысты, оның бұған қолы да тиетін емес. Ешбір жұмысты да басқа біреуге тапсыру мүмкін емес, өйткені, бәрі де өзінің тамағына тартуды ойлайды, ал кінамыз онан да аз. Май айының ішінде ол өзінің қазақтарына жәрдем сұрауға Орынборға барады; сонда оны попечительмен таныстырып қойыңыз, өйткені ол танысқысы келіп жүр. Ал онансоң, ұлы мәртебелі ол кісіні ықласлпен қабылдайтын болсын, сол жағын ескересіз,-мұның попечительге ешбір қыйындығы жоқ, ал Яков Петрович біздің оқу жұмысындағы бастықтарымыз жөнінде жақсы пікірде болып қайтады. Осылай етсек, онда көп жағдайда, қандай іске де кедергі жасап отыратын облыстық бастықтарға қарамай-ақ іс ете беруімізге болады. Мев оны-мұны айтып, мазаңызды алғаныма ғафу етіңіз. Бұлай етуіме себеп - келешекте мүмкін іболғанынша қателеспей іс етейік деген ой еді, ал, екінші жағынан, біздің мектептеріміздің праволары мед жағдайларын қамтамасыз етіп, қорғап қалу мақсаты еді. Өткен почтамен мен Сізге Торғай және Ырғыз мектептерінің сметалары жайындағы пікірімді айтқан едім. Менің ондағы көрсеткен жұмыстарымның бәрі де аса қажетті жұмыстар. Жергілікті адамдардая өзіме көмекшілер тауып алайын деген оймен, попечительден - біздід мектептерімізге құрметті қамқоршылар тағайындауға рұхсат сұраған едім; мұны заңның өзі де талап етеді. Ешқандай озбырлыққа жол бермеу үшін, мектептеріміз мүмкін болғанынша жеткілікті қамтамасыз етіліп, мектептің түрлі мұқтажына үнемдеп қор жасау үшін, түрліше жағдайлардың бәрін қатты ескере келіп, мен мектептің шаруашылық жағын да басқаша құрғым келіп отыр. Бұлардың бәрі де қиын емес. Қазіргі ең басты жұмыс -мектеп үйлерін салып алу. Барлық жұмыстың негізі де осында. Егер мөктеп үйлері, оқу-тәжрибе жұмыстарының тілектеріне сай, берік, қолайлы және жақсы болып салынып бітсе, қалғандарының бәрі мүлде оңай нәрсе. Декабрь айындағы қиын сапардан кейін аяғымның сырқырап ауыра беруінің салдарынан қыстың денін сырқаттанумен өткіздім, сол мезгіл-мезгіл ауырған сырқатымнын, ара-арасында хрестоматияның екінші бөлімін құрастыра бастадым. Мұны бір-екі жылда аяқтайтын болармын. Хрестоматияның бұл бөлімінде мен мүмкін болғанынша толық түрде жаратылыс тарихы туралы, география, тарих туралы, аздап химиядан, физикадан, техникалық өндірістен түсінік бергім келеді. Қазақ халқының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті ойдағыдай орындап шьгғуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын,-мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді. Жуырда мен «Орынбор листогіне» Торғай қазақтарының басына түскен апаттары туралы мақала жазып жібердім. Осы мақаламда қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Бұл пікір, менідше, ешбір ақылға сыймайтын нәрсе сыяқты. Егер істі дұрыс жүргізе білмесе, онда айттым да қойдым, қазақтар, - келешегі жақсы деп үміт етіп отырған осы халық, - тез құрып кетеді, содан кейін бұл істі ешқандай түзете алмайсын. Осындай ерсі жобаларды оқығанда және естігенде салың суға кетеді. Сондықтан, қолайсыздау істеп отырғанымды біле тұрсам да, өзімнің оған қарсы екенімді білдіруге бел байладым. Менің бұл пікірімнің попечительге және облыстық бастықтарға қандай әсер еткендігін, мүмкіндігі болса, маған жасырмай хабарласаңыз жақсы болар еді. Мен мұны бір рет қана жаздым. Енді жазбаймын. Сондықтан, бұл туралы сөз бола қойса менің пікірімді попечительдің құлағына салуға болмас па екен. Сіздің әйеліңізге, Федор Дмитрьевичке және Александр Григорьевичке менен жалынды сәлем. Мен екі реет Федор Дмитрьевичке хат жаздым (бұған көп уақыт болды) және бірнеше рет Алексей Григорьевичке де хат жаздым, - бірақ менің осы хаттарым сіздерге барған-бармағанын біле алмадым. Ал мұндағылардың бәрі де хат жоғалады және қазнаның жіберген конверттері де жоғалып кетеді деседі. География және тарих оқу құралдарынан Торғай мен Ырғыз мектептеріне өзіңіздің қолайлы деп тапқан оқу құралдарыңызды жібергеніңіз жақсы болар еді; тек мүмкін болса, қысқа және тусінікті етіліп жазылған оқу құралдарды жібергеніңіз жөн болар еді. Ерікті экономикалық қоғамның шығарған Халық оқу әдебиеті өте қымбат кітап екен; мен оны оқытушылардың пайдалануы үшін ғана әрбір мектепке бір-бір данадан жаздырып алғалы отырмын. Сізге мәңгі берілген И. АЛТЫНСАРИН. 1880 жыл, 7 апрель. Торғай қаласы.

Аса қадірлі Василий Владимирович!

   Сіздің 27 февральда жазған хатыңызды мен қазір, 7 апрельде ғана алып отырмын. Сондықтан, бүгін почта жүруін пайдаланып, хат жазып қалуға асығып отырмын; бұл почта, қар еріп, өзендер тасылғалы жатқан кезде жүріп бара жатқандықтан, Орынборға майдың 5-10 нан ерте барып жете алмас. Ал бізде әзір қыс, қар жуық маңда еритін түрі жоқ, бүгін, тіпті, боран соғып тұр.

Мен бүдан бұрынғы хатымда Торғай мектебінің үйін салу жөнінде бүйрық берілді деген едім ғой. Бұл жөніндегі машақаттың ұшы-қыйыры жоқ. 240 мың дана кірпіш дайындауға ақша беріліп те қойылды; ендігі үлкен қиыншылық ағашта болып отыр; ағашты Наурызымнан немесе Аманнан алдыруымыз керек, ал айналамыздағы қазақтарда көлік жоқ. Сондықтан губернаторға: Николаевскі уезінің начальнигіне әмір беріңіз, сондағы қазақтар ағаш жеткізіп беру пөдіретін алатын болсын деп өтініш жасағалы отырмыз; бірақ қағаз арқылы, әрине, ешнәрсе де бітпейді. Сондықтан мен өзім барып ол елдің адамдарымен сөйлесіп келуім керек болып отыр. Оның үстіне мектеп салу жүмысына ең әрі дегенде июньнен бастап кірісу үшін Троицкіден мектеп салу және үй салу жұмыстарына керекті әртүрлі материалдарды алу, одан дереу қайта оралып, кірпіш құюшылардың жұмысын қарау, оларды асықтыру керек болып отыр. Мектепке парта, орындық, стол сияқты заттарды дайындау үшін, мектеп үйін бала оқытуға лайықтап жөндеу үшін Ырғызда да болуым керек, Бұл жұмысқа керекті қаржы бар. Яков Петрович болса, қолынан келген көмегін беремін деп уәде еткенмен, бұл жұмысқа өз басы қатыспайды; расын айтқанда қазақ халқының басына түскен күйзеліспен байланысты, оның бұған қолы да тиетін емес. Ешбір жұмысты да басқа біреуге тапсыру мүмкін емес, өйткені, бәрі де өзінің тамағына тартуды ойлайды, ал кінамыз онан да аз. Май айының ішінде ол өзінің қазақтарына жәрдем сұрауға Орынборға барады; сонда оны попечительмен таныстырып қойыңыз, өйткені ол танысқысы келіп жүр. Ал онансоң, ұлы мәртебелі ол кісіні ықласлпен қабылдайтын болсын, сол жағын ескересіз,-мұның попечительге ешбір қыйындығы жоқ, ал Яков Петрович біздің оқу жұмысындағы бастықтарымыз жөнінде жақсы пікірде болып қайтады. Осылай етсек, онда көп жағдайда, қандай іске де кедергі жасап отыратын облыстық бастықтарға қарамай-ақ іс ете беруімізге болады.

Мев оны-мұны айтып, мазаңызды алғаныма ғафу етіңіз. Бұлай етуіме себеп - келешекте мүмкін іболғанынша қателеспей іс етейік деген ой еді, ал, екінші жағынан, біздің мектептеріміздің праволары мед жағдайларын қамтамасыз етіп, қорғап қалу мақсаты еді. Өткен почтамен мен Сізге Торғай және Ырғыз мектептерінің сметалары жайындағы пікірімді айтқан едім. Менің ондағы көрсеткен жұмыстарымның бәрі де аса қажетті жұмыстар. Жергілікті адамдардая өзіме көмекшілер тауып алайын деген оймен, попечительден - біздід мектептерімізге құрметті қамқоршылар тағайындауға рұхсат сұраған едім; мұны заңның өзі де талап етеді. Ешқандай озбырлыққа жол бермеу үшін, мектептеріміз мүмкін болғанынша жеткілікті қамтамасыз етіліп, мектептің түрлі мұқтажына үнемдеп қор жасау үшін, түрліше жағдайлардың бәрін қатты ескере келіп, мен мектептің шаруашылық жағын да басқаша құрғым келіп отыр. Бұлардың бәрі де қиын емес. Қазіргі ең басты жұмыс -мектеп үйлерін салып алу. Барлық жұмыстың негізі де осында. Егер мөктеп үйлері, оқу-тәжрибе жұмыстарының тілектеріне сай, берік, қолайлы және жақсы болып салынып бітсе, қалғандарының бәрі мүлде оңай нәрсе. Декабрь айындағы қиын сапардан кейін аяғымның сырқырап ауыра беруінің салдарынан қыстың денін сырқаттанумен өткіздім, сол мезгіл-мезгіл ауырған сырқатымнын, ара-арасында хрестоматияның екінші бөлімін құрастыра бастадым. Мұны бір-екі жылда аяқтайтын болармын. Хрестоматияның бұл бөлімінде мен мүмкін болғанынша толық түрде жаратылыс тарихы туралы, география, тарих туралы, аздап химиядан, физикадан, техникалық өндірістен түсінік бергім келеді. Қазақ халқының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті ойдағыдай орындап шьгғуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын,-мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді. Жуырда мен «Орынбор листогіне» Торғай қазақтарының басына түскен апаттары туралы мақала жазып жібердім. Осы мақаламда қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Бұл пікір, менідше, ешбір ақылға сыймайтын нәрсе сыяқты. Егер істі дұрыс жүргізе білмесе, онда айттым да қойдым, қазақтар, - келешегі жақсы деп үміт етіп отырған осы халық, - тез құрып кетеді, содан кейін бұл істі ешқандай түзете алмайсын. Осындай ерсі жобаларды оқығанда және естігенде салың суға кетеді. Сондықтан, қолайсыздау істеп отырғанымды біле тұрсам да, өзімнің оған қарсы екенімді білдіруге бел байладым. Менің бұл пікірімнің попечительге және облыстық бастықтарға қандай әсер еткендігін, мүмкіндігі болса, маған жасырмай хабарласаңыз жақсы болар еді. Мен мұны бір рет қана жаздым. Енді жазбаймын. Сондықтан, бұл туралы сөз бола қойса менің пікірімді попечительдің құлағына салуға болмас па екен. Сіздің әйеліңізге, Федор Дмитрьевичке және Александр Григорьевичке менен жалынды сәлем. Мен екі реет Федор Дмитрьевичке хат жаздым (бұған көп уақыт болды) және бірнеше рет Алексей Григорьевичке де хат жаздым, - бірақ менің осы хаттарым сіздерге барған-бармағанын біле алмадым. Ал мұндағылардың бәрі де хат жоғалады және қазнаның жіберген конверттері де жоғалып кетеді деседі. География және тарих оқу құралдарынан Торғай мен Ырғыз мектептеріне өзіңіздің қолайлы деп тапқан оқу құралдарыңызды жібергеніңіз жақсы болар еді; тек мүмкін болса, қысқа және тусінікті етіліп жазылған оқу құралдарды жібергеніңіз жөн болар еді. Ерікті экономикалық қоғамның шығарған Халық оқу әдебиеті өте қымбат кітап екен; мен оны оқытушылардың пайдалануы үшін ғана әрбір мектепке бір-бір данадан жаздырып алғалы отырмын.

Сізге мәңгі берілген И. АЛТЫНСАРИН.

1880 жыл, 7 апрель.

Торғай қаласы.

Ұқсас материалдар