Қандастар Ассамблея

Сейдахмет Бердіқұловтың шығармашылығы

17.11.2013 3737
Сейдахмет Бердіқұлов «Ленин­шіл жаста» бас редактор кезінде жас әдебиет сыншысы Сағат Әшім­­баевты өзіне орын­басарлық қызметке шақырды. Жасы отызға жетер-жет­пес шағында әдебиет сыншысы ретінде тұлға болып та­нылған, мо­йындалған Сағат Әшімбаев, кейін көсемсөз шеберлері дәрежесіне көтерілген Серік Әб­дірайымов, Аян Нысаналин, Жа­қау Дәуренбеков, Ырым Кенен­ба­ев, Уәлихан Қалижан, Әшірбек Көпішев, Жарылғап Бейсенбаев, тағы басқа жастарды жанына жинады. 1976 жылы күзде дәстүрлі әде­биет пен өнер саласында комсомол сыйлығына таңдау, сараптау ба­рысында Сейдағаңның Сағат Әшім­баев, Оралхан Бөкеев, Роза Рым­баевалардың кандидатураларын қолдап сөйлеуі бюро шешіміне негізгі ықпал ете алды. Комсомолдың Орталық комитетінде жүрген кезде, әсіресе, шығармашылық саладағы жастарға қамқорлық жасауда, та­ланттың көзін ашуда, әр жерде, әр облыста жүріп талантты адамдарды қатар­ға тартуға, әр уақытта жеке көзқарас біл­діріп, соған ұсыныс жасап, облыстарда болып келген жерде бір жақсы талантты адамды көрсе, соны айтып келіп, осы­ған назар аударайықшы, осыған көмек жасаңыздаршы, деп жүретін өте бір пірәдар азамат та осы Сәкең болды. Сол кезде де журналистердің, спорт жаттықтырушыларының әртүрлі қо­ғам­­дық ұйымдары, ассоциациялары болғаны белгілі. Сейдахмет Бердіқұлов солардың көпшілігімен жақсы қарым-қа­тынаста болды. Сөйтіп, топ жарған қазақ спортшыларының Одаққа, әлемге танылуына ықпал жасады. Мәселен, Серік Қонақбаев пен Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, Жақсылық Қазақстан қазақтары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды, Серік қазақ спортшыларынан Олимпиаданың тұңғыш күміс жүлдесін алды. Ондай дәрежеге жету үшін алдымен Қазақстан спор­тының өкілі ретінде одақтық жарыстардың жеңімпазы болу керек, сол жеңімпазы болған кездің өзінде оны Мәскеудегі құзырлы орындар шешеді. Жеңімпаздың өзін алмай, екінші орындағы адамды алған жағдайлар көп болған. Жақсылық Үшкемпіровке 1980 жылғы Олимпиададан бұрын сондай солақай шешімдер бөгет болған. Міне, сол кездегі спорттың өзі Мәскеудің қас-қабағына байла­нысты болғандықтан, біздің Қазақ­станның спортының осындай тұл­ғалары бар, Қазақстан спортының жетістіктері бар, Қазақстанда мынадай талантты боксшылар, талантты палуандар бар деп, Мәскеуге талай рет барып, талай жерде пікір туғызып, делдал болып, шапқылап жүретін адамның бірі Сейдахмет Бер­діқұлов болатын. Содан ке­йін Мәскеуде болғанын, басқа жағ­­­дайларды Алматыда Орталық комитеттегілерге, басшыларға ай­­тып жүретін. Және кезінде Қа­зақстан Компартиясы Орталық ко­митетінің басшылары Сейдахмет Бердіқұловты өте жоғары бағалап, ол кісінің пікірімен санасып та отыратын. Оған өзім талай куә болдым. Ол кісі орынсыз пікір айтпайтын. Соның барлығы біздің қазақтың ұлттық мүддесінде болатын және ұлттық намысты қайрайтын. Секеңнің шығармаларын қазір де алып оқысаңыз, өзіңіз бірден сол оқиғаның ортасында жүргендей, сол футбол додасын тура қазір көріп отырғандай әсер аласыз. Ол, әрине, жазушының шығармашылық шеберлігі. Жазушы шеберлігі ол кісінің азаматтық ұстанымымен, азаматтық дү­ниетанымымен байланысты болып, отансүйгіштік рухқа, патриоттыққа тәр­биелейді. Секең қайраткер болған социализм заманында лауазымды адамдар да, спортшылар да шетелдерге тек Мәскеу арқылы шығатынын жоғарыда айттық. Қайталап екпін беріп отырғанымыз – тағы да Тәуел­сіздіктің қадірін, қасиетін түсіну. Бүгін кімнің қай елге барып, қай жерде кездесіп жүргені үйреншікті жағдай, кімнің қалай барып, қалай келіп жүргеніне ешкім мән де беріп жатқан жоқ. Бұл да елдің еркіншілік көрінісі. Бүгінгідей заман жоқ ол кезде. Секең барған жерінде қазақ деген ел бар екенін, қазақ деген елдің ұлттық мәдениеті, лайықты спортшылары, өнерлі ұрпағы бар екенін насихаттап, айтып, солардың ортасынан КСРО құрама командасының мүшелері болған адамдарға қолдау көрсетіп, ықпал етіп, жанашырлық білдіріп, ұлтымызды танытқысы келіп жүретін айрықша тұлға болатын. Өзі бас редактор болған «Лениншіл жас» газетінде де ұлтты сүюге, сол ұлтты сүю ар­қылы Ота­нын сүю, азаматтық позициясын күшейту сияқты үлкен тақырыптарға қатты мән берді. «Лениншіл жас» ол кезде Қазақстанға өте танымал, алдыңғы қатарлы, таралымы ең көп газет болатын. Басылымның 300 мыңға тақау тиражбен таралған жылдары болғанына біздің ұрпақ куә. Ең көп таралған, ең беделді газеттің бірі болған «Лениншіл жасты» сондай дәрежеге көтеруге әуелде Шерхан Мұртаза еңбек сіңірген болса, сол деңгей мен дәстүрді сапалы жалғастыра алған – Сейдахмет Бердіқұлов. Қуаныш СҰЛТАНОВ

Сейдахмет Бердіқұлов «Ленин­шіл жаста» бас редактор кезінде жас әдебиет сыншысы Сағат Әшім­­баевты өзіне орын­басарлық қызметке шақырды. Жасы отызға жетер-жет­пес шағында әдебиет сыншысы ретінде тұлға болып та­нылған, мо­йындалған Сағат Әшімбаев, кейін көсемсөз шеберлері дәрежесіне көтерілген Серік Әб­дірайымов, Аян Нысаналин, Жа­қау Дәуренбеков, Ырым Кенен­ба­ев, Уәлихан Қалижан, Әшірбек Көпішев, Жарылғап Бейсенбаев, тағы басқа жастарды жанына жинады.

1976 жылы күзде дәстүрлі әде­биет пен өнер саласында комсомол сыйлығына таңдау, сараптау ба­рысында Сейдағаңның Сағат Әшім­баев, Оралхан Бөкеев, Роза Рым­баевалардың кандидатураларын қолдап сөйлеуі бюро шешіміне негізгі ықпал ете алды. Комсомолдың Орталық комитетінде жүрген кезде, әсіресе, шығармашылық саладағы жастарға қамқорлық жасауда, та­ланттың көзін ашуда, әр жерде, әр облыста жүріп талантты адамдарды қатар­ға тартуға, әр уақытта жеке көзқарас біл­діріп, соған ұсыныс жасап, облыстарда болып келген жерде бір жақсы талантты адамды көрсе, соны айтып келіп, осы­ған назар аударайықшы, осыған көмек жасаңыздаршы, деп жүретін өте бір пірәдар азамат та осы Сәкең болды.

Сол кезде де журналистердің, спорт жаттықтырушыларының әртүрлі қо­ғам­­дық ұйымдары, ассоциациялары болғаны белгілі. Сейдахмет Бердіқұлов солардың көпшілігімен жақсы қарым-қа­тынаста болды. Сөйтіп, топ жарған қазақ спортшыларының Одаққа, әлемге танылуына ықпал жасады. Мәселен, Серік Қонақбаев пен Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, Жақсылық Қазақстан қазақтары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды, Серік қазақ спортшыларынан Олимпиаданың тұңғыш күміс жүлдесін алды. Ондай дәрежеге жету үшін алдымен Қазақстан спор­тының өкілі ретінде одақтық жарыстардың жеңімпазы болу керек, сол жеңімпазы болған кездің өзінде оны Мәскеудегі құзырлы орындар шешеді. Жеңімпаздың өзін алмай, екінші орындағы адамды алған жағдайлар көп болған. Жақсылық Үшкемпіровке 1980 жылғы Олимпиададан бұрын сондай солақай шешімдер бөгет болған.

Міне, сол кездегі спорттың өзі Мәскеудің қас-қабағына байла­нысты болғандықтан, біздің Қазақ­станның спортының осындай тұл­ғалары бар, Қазақстан спортының жетістіктері бар, Қазақстанда мынадай талантты боксшылар, талантты палуандар бар деп, Мәскеуге талай рет барып, талай жерде пікір туғызып, делдал болып, шапқылап жүретін адамның бірі Сейдахмет Бер­діқұлов болатын. Содан ке­йін Мәскеуде болғанын, басқа жағ­­­дайларды Алматыда Орталық комитеттегілерге, басшыларға ай­­тып жүретін. Және кезінде Қа­зақстан Компартиясы Орталық ко­митетінің басшылары Сейдахмет Бердіқұловты өте жоғары бағалап, ол кісінің пікірімен санасып та отыратын. Оған өзім талай куә болдым. Ол кісі орынсыз пікір айтпайтын. Соның барлығы біздің қазақтың ұлттық мүддесінде болатын және ұлттық намысты қайрайтын.

Секеңнің шығармаларын қазір де алып оқысаңыз, өзіңіз бірден сол оқиғаның ортасында жүргендей, сол футбол додасын тура қазір көріп отырғандай әсер аласыз. Ол, әрине, жазушының шығармашылық шеберлігі. Жазушы шеберлігі ол кісінің азаматтық ұстанымымен, азаматтық дү­ниетанымымен байланысты болып, отансүйгіштік рухқа, патриоттыққа тәр­биелейді.

Секең қайраткер болған социализм заманында лауазымды адамдар да, спортшылар да шетелдерге тек Мәскеу арқылы шығатынын жоғарыда айттық. Қайталап екпін беріп отырғанымыз – тағы да Тәуел­сіздіктің қадірін, қасиетін түсіну. Бүгін кімнің қай елге барып, қай жерде кездесіп жүргені үйреншікті жағдай, кімнің қалай барып, қалай келіп жүргеніне ешкім мән де беріп жатқан жоқ. Бұл да елдің еркіншілік көрінісі. Бүгінгідей заман жоқ ол кезде. Секең барған жерінде қазақ деген ел бар екенін, қазақ деген елдің ұлттық мәдениеті, лайықты спортшылары, өнерлі ұрпағы бар екенін насихаттап, айтып, солардың ортасынан КСРО құрама командасының мүшелері болған адамдарға қолдау көрсетіп, ықпал етіп, жанашырлық білдіріп, ұлтымызды танытқысы келіп жүретін айрықша тұлға болатын. Өзі бас редактор болған «Лениншіл жас» газетінде де ұлтты сүюге, сол ұлтты сүю ар­қылы Ота­нын сүю, азаматтық позициясын күшейту сияқты үлкен тақырыптарға қатты мән берді. «Лениншіл жас» ол кезде Қазақстанға өте танымал, алдыңғы қатарлы, таралымы ең көп газет болатын. Басылымның 300 мыңға тақау тиражбен таралған жылдары болғанына біздің ұрпақ куә. Ең көп таралған, ең беделді газеттің бірі болған «Лениншіл жасты» сондай дәрежеге көтеруге әуелде Шерхан Мұртаза еңбек сіңірген болса, сол деңгей мен дәстүрді сапалы жалғастыра алған – Сейдахмет Бердіқұлов.

Қуаныш СҰЛТАНОВ

Ұқсас материалдар