Қандастар Ассамблея

Намыс сардары

17.11.2013 2087
Сейдахмет Бердіқұловтың ізімен оның ғибратты өмірінен үйреніп, дәс­түрін жалғастырып жүрген спорт жур­налистерінің, жазушылардың ең көрнектісі – бүгінгі замандасымыз Несіп Жүнісбаев. Оның бақыты сол – кеңес дәуірінен кейінгі кезде оның нағыз ой тербеп, қалам сілтеу қайраты Тәуелсіздіктің тұсына келді. Тә­уел­сіздіктің арқасында бұ­рын­ғыдай Мәс­кеудің рұқсатына қарап отырмай, Мәскеуден тамыр-таныс іздеп жүрмей, Қазақстаннан тікелей өзі жүретін дәрежеге жетті. Сейдағаңның бастамасын дамытып, тереңдеп, бүкіл қазақ спортының шежіресінің етек-жеңін жиып, жүйелеп, жіпке тізген моншақтай етіп жазып шыққан оның өзі: «мен Сейдахмет Бердіқұловтың шәкіртімін, Сейдағаңның жолымен жүрдім», деп мақтанышпен айтады. Өкінішке орай, Секең ертерек дүниеден өтіп кетті. Бірақ, сол өмі­рінің өзінде қа­зақтың рухани әлеміне айрықша еңбек сіңі­ріп, жанымен, тәнімен, әр­бір салмақты сөзімен, шебер жазылған тамаша әдеби, пуб­ли­цистикалық шығармаларымен ұлт ұжданын көтеріп кетті. Ол кі­сі өз шығармаларына тек спорт мә­селесін арқау еткен жоқ, қоғам­ның барлық саласына да аралас­ты. Алайда, спорт тақырыбы – Се­кең шығармаларының өзекті ойы, көр­кемдік көркі, шешендік сөзі болды. Кезінде Секең «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің бас редакторы әрі Қазақстан комсомолы Орталық Ко­­митетінің бюро мүшесі болды. Сол бюрода бірге жұмыс жасадық. Ол кісімен көп жағдайларда пікірлесіп, бір-бірі­мізді қолдап, түсінісіп, кейбір жағдайларда әрқилы мәселелер төңірегінде пікір таластырып та жүрген кезіміз болған. Ғажабы – сол пікірталастарда ешқандай реніш болмайтын, керісінше, әртүрлі көзқарастар арқылы шындыққа, әділдікке жақындауға тырысатынбыз. Қоғамдық құбылыстарға баға беру тұрғысынан әруақытта ойымызды ашық айтудан тартынбайтынбыз. Мақсатымыз, мүддеміз бір – соған қай жолмен, қандай көзқарас, сана, түсінікпен қай тәсілмен келу керек. Сейдағаңдай қазақ әдебиетінің, журналистикасының беделді тұл­ғасының бюроның құрамында болуы бюроның әруақытта рухани беделін көтеріп тұратын. Біз сол жылдарда жастармен жұмыс істеуді өте жоғары дәрежеге көтере алдық. Қазақстан комсомолы Ор­талық Комитеті бюросының көме­гімен, ықпалымен, шешімімен талай жастардың жолы ашылды. Біз оны қай дәуірде де мақтанышпен айта аламыз. Солардың қатарында қазіргі біздің халықаралық, әлем­дік дәрежедегі өнер тарландары – Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова сияқты өрімдей жастар кезінде жас­тар ұйымдарының, комсомолдың қамқорлығын көріп өс­ті. Одан ары қарай жүре берсек, Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің тұсында жас кезінде елге танылған Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нә­жімеденов, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев, Мұхтар Шаханов, тағы басқа өнер, әдебиет жұлдыздарын айтсақ та жеткілікті. Қуаныш СҰЛТАНОВ

Сейдахмет Бердіқұловтың ізімен оның ғибратты өмірінен үйреніп, дәс­түрін жалғастырып жүрген спорт жур­налистерінің, жазушылардың ең көрнектісі – бүгінгі замандасымыз Несіп Жүнісбаев. Оның бақыты сол – кеңес дәуірінен кейінгі кезде оның нағыз ой тербеп, қалам сілтеу қайраты Тәуелсіздіктің тұсына келді. Тә­уел­сіздіктің арқасында бұ­рын­ғыдай Мәс­кеудің рұқсатына қарап отырмай, Мәскеуден тамыр-таныс іздеп жүрмей, Қазақстаннан тікелей өзі жүретін дәрежеге жетті. Сейдағаңның бастамасын дамытып, тереңдеп, бүкіл қазақ спортының шежіресінің етек-жеңін жиып, жүйелеп, жіпке тізген моншақтай етіп жазып шыққан оның өзі: «мен Сейдахмет Бердіқұловтың шәкіртімін, Сейдағаңның жолымен жүрдім», деп мақтанышпен айтады.

Өкінішке орай, Секең ертерек дүниеден өтіп кетті. Бірақ, сол өмі­рінің өзінде қа­зақтың рухани әлеміне айрықша еңбек сіңі­ріп, жанымен, тәнімен, әр­бір салмақты сөзімен, шебер жазылған тамаша әдеби, пуб­ли­цистикалық шығармаларымен ұлт ұжданын көтеріп кетті. Ол кі­сі өз шығармаларына тек спорт мә­селесін арқау еткен жоқ, қоғам­ның барлық саласына да аралас­ты. Алайда, спорт тақырыбы – Се­кең шығармаларының өзекті ойы, көр­кемдік көркі, шешендік сөзі болды.

Кезінде Секең «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің бас редакторы әрі Қазақстан комсомолы Орталық Ко­­митетінің бюро мүшесі болды. Сол бюрода бірге жұмыс жасадық. Ол кісімен көп жағдайларда пікірлесіп, бір-бірі­мізді қолдап, түсінісіп, кейбір жағдайларда әрқилы мәселелер төңірегінде пікір таластырып та жүрген кезіміз болған. Ғажабы – сол пікірталастарда ешқандай реніш болмайтын, керісінше, әртүрлі көзқарастар арқылы шындыққа, әділдікке жақындауға тырысатынбыз. Қоғамдық құбылыстарға баға беру тұрғысынан әруақытта ойымызды ашық айтудан тартынбайтынбыз. Мақсатымыз, мүддеміз бір – соған қай жолмен, қандай көзқарас, сана, түсінікпен қай тәсілмен келу керек. Сейдағаңдай қазақ әдебиетінің, журналистикасының беделді тұл­ғасының бюроның құрамында болуы бюроның әруақытта рухани беделін көтеріп тұратын. Біз сол жылдарда жастармен жұмыс істеуді өте жоғары дәрежеге көтере алдық. Қазақстан комсомолы Ор­талық Комитеті бюросының көме­гімен, ықпалымен, шешімімен талай жастардың жолы ашылды. Біз оны қай дәуірде де мақтанышпен айта аламыз. Солардың қатарында қазіргі біздің халықаралық, әлем­дік дәрежедегі өнер тарландары – Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова сияқты өрімдей жастар кезінде жас­тар ұйымдарының, комсомолдың қамқорлығын көріп өс­ті. Одан ары қарай жүре берсек, Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің тұсында жас кезінде елге танылған Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нә­жімеденов, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев, Мұхтар Шаханов, тағы басқа өнер, әдебиет жұлдыздарын айтсақ та жеткілікті.

Қуаныш СҰЛТАНОВ

Ұқсас материалдар