Қандастар Ассамблея

Сейдахмет Бердіқұлов жайында

17.11.2013 11560
Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды. Танымал жазушы Сейдахмет Берді­­­құлов спорт тарихының көр­некті білгірі болатын. Мерзімді басылым беттерінде оның спорт туралы репортаждары, әртүрлі очерк­тері, мақалалары жиі жарияланып тұрды. Содан да болар, қалың оқырман ол кісіні спорт шежірешісі деп қабылдайтын. Секең бастапқы кезеңде, «Қазақ­стан пионері» газетінің бас редакторы болғанда да, одан кейін 1970 жылдан 80-жылдардың ортасына дейін кешегі «Лениншіл жас», бүгінгі «Жас Алаш» газетін басқарған тұс­та да қазақ жастарының өсуіне, болашағына спорттың ықпалы зор екенін насихаттаумен болды. Сол «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітапты кезінде бүкіл қазақ қоғамы оқып шықты-ау десем қателесе қоймаспын. Өйткені, ол спорт туралы, спорттың ішінде футбол туралы болатын. Қазақ сол кезде де футболға жари алмай жүретін. 60-шы жылдардың басында құрылған «Қайрат» Одақ көлемінде футбол жарысына қатысатын жалғыз команда еді. Ол жылдары Алматының Орталық стадионына «Қайрат» командасы ойнаған сайын билет алу да қиын болатын. Қаладағы, қала маңындағы елді мекендерден футбол жанкүйерлері иін тіресе футболға келетін. Алматыға сырттан келген адам егер жолы болып бір билет сатып алса, соған мәз болып қуанып, «Қайраттың» ойынын көрдім деп мақтанып, марқайып жүретін. Бірақ, «Қайраттың» ойы­ны бірде қуантады, бірде күйін­те­ді. Сөйтіп жүрген заманда Сей­дах­­­­­мет Бердіқұловтың бүкіл дү­ние жүзінің сол кездегі атақты фут­болшыларының есімдері бар, футбол туралы керемет мағ­лұматтар келтірілген, футбол чем­пионаттары туралы, жалпы футболдың, спорттың қоғамдағы орны туралы керемет ой-пікірлер айтылған «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарыққа шықты. Кітап үлкен қоғамдық пі­кір туғыз­ды. Көптеген адамдар өзде­рінің жы­лы лебіздерін біл­дірді. Сейдахмет Бердіқұловтың осынау ру­хани еңбегін атағанда, қоғам сана­сының, жастар дү­ниетанымының қалыптасуына оның жазушылық еңбегінің ай­рықша ықпал еткен­дігіне назар аудару әділдік болар еді. Сол сияқты, автордың «Ас­­­­паннан шұға жауған күн», не болмаса «Мұңайып оянған қала» сияқты шығармалары да кезінде өте жоғары бағаланды. Сейдахмет Бердіқұлов жастайы­нан жаңалыққа құмартып, ерекше сезімталдықпен, қызығушылықпен өс­кен азамат еді. Ол кезде қазіргідей еркін­шілік заман емес, шетелге Қазақстан журналистерінің шығуы сирек оқиға болатын. Өйткені, ол мәселе тек Мәскеу арқылы ше­шіле­тін. Міне, сондай жағдайда әлемнің, Еуропаның футбол чемпионаттары сияқты ең жоғары мәртебелі бү­кіл дүниежүзілік жарыстарға, халықаралық сайыстарға барып, озық әңгімелер айтып жүрген бір­ден-бір жазушымыз да, жур­на­лисіміз де осы Сейдахмет Бер­діқұлов болды. Әңгіме Секеңнің сол халықаралық спорт жарыстарына баруында емес, жай барып қана қоймай, сол көргендерін, көңілге түйгендерін еліне жеткізуінде, қалың оқырманмен бөлісуінде, ортаға ой салуында, спорттың ұлт намысының көрнекті туы екендігін ұрпақтың санасына жеткізуге талпынуында. Қуаныш СҰЛТАНОВ

Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды.

Танымал жазушы Сейдахмет Берді­­­құлов спорт тарихының көр­некті білгірі болатын. Мерзімді басылым беттерінде оның спорт туралы репортаждары, әртүрлі очерк­тері, мақалалары жиі жарияланып тұрды. Содан да болар, қалың оқырман ол кісіні спорт шежірешісі деп қабылдайтын.

Секең бастапқы кезеңде, «Қазақ­стан пионері» газетінің бас редакторы болғанда да, одан кейін 1970 жылдан 80-жылдардың ортасына дейін кешегі «Лениншіл жас», бүгінгі «Жас Алаш» газетін басқарған тұс­та да қазақ жастарының өсуіне, болашағына спорттың ықпалы зор екенін насихаттаумен болды. Сол «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітапты кезінде бүкіл қазақ қоғамы оқып шықты-ау десем қателесе қоймаспын. Өйткені, ол спорт туралы, спорттың ішінде футбол туралы болатын. Қазақ сол кезде де футболға жари алмай жүретін. 60-шы жылдардың басында құрылған «Қайрат» Одақ көлемінде футбол жарысына қатысатын жалғыз команда еді. Ол жылдары Алматының Орталық стадионына «Қайрат» командасы ойнаған сайын билет алу да қиын болатын. Қаладағы, қала маңындағы елді мекендерден футбол жанкүйерлері иін тіресе футболға келетін. Алматыға сырттан келген адам егер жолы болып бір билет сатып алса, соған мәз болып қуанып, «Қайраттың» ойынын көрдім деп мақтанып, марқайып жүретін.

Бірақ, «Қайраттың» ойы­ны бірде қуантады, бірде күйін­те­ді. Сөйтіп жүрген заманда Сей­дах­­­­­мет Бердіқұловтың бүкіл дү­ние жүзінің сол кездегі атақты фут­болшыларының есімдері бар, футбол туралы керемет мағ­лұматтар келтірілген, футбол чем­пионаттары туралы, жалпы футболдың, спорттың қоғамдағы орны туралы керемет ой-пікірлер айтылған «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарыққа шықты.

Кітап үлкен қоғамдық пі­кір туғыз­ды. Көптеген адамдар өзде­рінің жы­лы лебіздерін біл­дірді. Сейдахмет Бердіқұловтың осынау ру­хани еңбегін атағанда, қоғам сана­сының, жастар дү­ниетанымының қалыптасуына оның жазушылық еңбегінің ай­рықша ықпал еткен­дігіне назар аудару әділдік болар еді. Сол сияқты, автордың «Ас­­­­паннан шұға жауған күн», не болмаса «Мұңайып оянған қала» сияқты шығармалары да кезінде өте жоғары бағаланды.

Сейдахмет Бердіқұлов жастайы­нан жаңалыққа құмартып, ерекше сезімталдықпен, қызығушылықпен өс­кен азамат еді. Ол кезде қазіргідей еркін­шілік заман емес, шетелге Қазақстан журналистерінің шығуы сирек оқиға болатын. Өйткені, ол мәселе тек Мәскеу арқылы ше­шіле­тін. Міне, сондай жағдайда әлемнің, Еуропаның футбол чемпионаттары сияқты ең жоғары мәртебелі бү­кіл дүниежүзілік жарыстарға, халықаралық сайыстарға барып, озық әңгімелер айтып жүрген бір­ден-бір жазушымыз да, жур­на­лисіміз де осы Сейдахмет Бер­діқұлов болды. Әңгіме Секеңнің сол халықаралық спорт жарыстарына баруында емес, жай барып қана қоймай, сол көргендерін, көңілге түйгендерін еліне жеткізуінде, қалың оқырманмен бөлісуінде, ортаға ой салуында, спорттың ұлт намысының көрнекті туы екендігін ұрпақтың санасына жеткізуге талпынуында.

Қуаныш СҰЛТАНОВ

Ұқсас материалдар