Қандастар Ассамблея

Нәзипа Құлжанова

14.11.2013 6057
Ардақты Нәзипа деген ханым, Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім. Оқыса сондай әйел шығар ед деп, Оқығандар бағалар сөздің дәмін. Неше күн қыдырсаң да таба алмассың, Семейдің одан өтер адал жанын. Ақ көңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын, Ынтасы жеткізбекке әйел халқын. Қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торай­ғыров жырға қосқан Нәзипа кім? Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде өмір сүрген Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Ол – ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы. Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ол әуелде Торғай қаласындағы приходская школада оқып, 1902 жылы Қостанайдағы прогимназияны тәмамдаған. 1903-1904 жылдары Тор­ғайдағы әйелдер училищесінде мұғалімдік қызмет атқарған. Ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар ұстаздық қызметтерін 1905 жылы Семей қаласында бастаған сияқты. Бұл кезде Семей Қазақстандағы ірі мәдени-ағарту орталығы дәрежесіндегі қала болатын. 1902 жылы қалада Орыс географиялық қоғамының бөлімшесі ашылып, оның «Жазбалары» жүйелі түрде жарық көре бастады. 1903 жылы ірі оқу орны – Семей оқытушылар семинариясының ашылуы, 1912 жылы «Жәрдем серіктігі» баспаханасы ұйымдас­тырылып, онда 8 кітаптың жарық көруі – Қазақстан­ның өзге өлкелерінде байқалмаған құбылыс. Құлжановтар Семей оқытушылар семинариясында ұстаздық қызметпен айналысқан. Семей семинариясы іргелі оқу орны болған, онда қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың оқуы, сондай-ақ энциклопедист-ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан­ның білім алуы зор мақтанышпен айтылады. Нәзипа Сегізбайқызы күнделікті мұғалімдік қыз­метпен ғана шектелмей қазақ халқының ауыз әдебие­ті үлгілерін жинақтау, музыкалық фольклорына көңіл бөлу, қала өміріндегі маңызды мәдени-ағартушылық шаралардың жүзеге асуына ұйытқы болу жағына баса назар аударады. Нәзипа Сегізбайқызы мен Нұр­ғали Құлжанұлының 1913 жылдың 25 қыркүйегінде жалпы жиналыстың шешімімен Орыс географиялық қоға­мының Семей бөлімшесіне қызметкер-мүше (член-сотрудник – Г.К.) болып сайлануы – сөзімізге толық дәлел. Императорлық Орыс география қоға­мының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің есебіне қарағанда, 1914 жылдың 1 қаңтарында барлығы 137 мүше болған, оның 4-уі құрметті мүше, 113-і толық мүше, 20-сы қызметкер-мүше. Солардың арасында сандаған ұлт өкілдерінен бірде-бір әйел болмаған, ал жалғыз қазақ қызының, Нәзипа Сегіз­байқызының тізімде тұруы адамға ерекше әсер етеді. Бұл Семей зия­лыларының аузына ілігіп, қайраткерлік биікке көтеріле бастаған аяулы жанның әлеуметтен алған алғашқы бағасы еді десек аса қателесе қоймасымыз анық. Осы арада 1915 жылдың 13 ақпанында Н.С.Құлжанова ұйымдастырып өткізген бір кеш туралы әңгімелей кетуді жөн көріп отырмыз. Дерек­көзінде кештен түскен қаржы Петроградтағы мұсыл­ман соғыс ауруханасы (лазарет) мен тұрмысы нашар қазақ шәкірттерінің мұқтажын өтеуге тең бөлініп жұмсалатыны хабарланған. Алғашқы кештен алған әсерлері, оның бұқара халық арасында зор резонанс туғызуы екінші жиынға көп­шіліктің ынтасының арта түсуіне ықпалын тигізген. Құмырсқадай быжынаған халық нөпірінің сауық өтпекші приказчиктер клубының ауласына сыймай ке­туі сөзімізге дәлел. «Ойынға жалғыз жастар ғана емес, ақсақалдар, қажылар екі-үш қатында­рын, қыз, келін­дерін топ көтере ала келді. Ноғай­лардың бас адамдары жама­ғаттарымен парлап келді. Ойынның афишасы кешірек таралғандықтан орыстар аз болды. Бірнеше учитель, үкімет кісілері, «Сибирская жизнь», «Семипалатинский телеграф», «Барнаульская газеталардың» хабаршылары болды», – деп жазыпты Мұстақым Малдыбаев. Бұл жиын туралы баспасөзде жан-жақты әңгіме­ленді. «Айқап» журналы, «Қазақ», «Семипалатинский телеграф», «Сибирская жизнь» газеттері жарыса хабарлап, пікір туғызып жатты. Әуелі сөз бастаған «Семипалатинский телеграф» газеті зиялы қазақтар­дың ұйым­дастыруымен әдеби-музыкалық кештің өтетіндігін, түрлі сахналық көріністердің әзірленіп жатқандығын, одан түскен қаржының соғыс мұқтаж­дықтары мен шәкірт­терге көмекке берілетіндігін хабарласа, төрт-бес нөмірінен кейін «Соғыстан зардап шеккен солдаттар мен олардың отбасына жан-жақты көмек көрсету қоғамының Семей бөлімшесінде өткен мәжілісінен» хабар жариялады. Кеште майданнан оралған солдаттарға тез арада жұмыс тауып беру, түрлі жәрдемақылар мен пенсиялар тағайындап, мамандықтары мен кәсіптеріне орай қолөнерімен шұғылдануға ықпал жасау шаралары қарастырылған. Адвокат Райымжан Марсековтің қазақ поэзиясы туралы баяндамасы кейін «Қазақ» газетінің екі санында жарияланды, 2001 жылы шыққан «Қазақ қайда бара жатыр?» кітабына енгізілді.   Гүлжан КӘРІБЖАНОВА

Ардақты Нәзипа деген ханым,

Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.
Оқыса сондай әйел шығар ед деп,
Оқығандар бағалар сөздің дәмін.

Неше күн қыдырсаң да таба алмассың,
Семейдің одан өтер адал жанын.
Ақ көңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын,
Ынтасы жеткізбекке әйел халқын.
Қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торай­ғыров жырға қосқан Нәзипа кім? Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде өмір сүрген Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Ол – ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы.
Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ол әуелде Торғай қаласындағы приходская школада оқып, 1902 жылы Қостанайдағы прогимназияны тәмамдаған. 1903-1904 жылдары Тор­ғайдағы әйелдер училищесінде мұғалімдік қызмет атқарған.
Ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар ұстаздық қызметтерін 1905 жылы Семей қаласында бастаған сияқты. Бұл кезде Семей Қазақстандағы ірі мәдени-ағарту орталығы дәрежесіндегі қала болатын. 1902 жылы қалада Орыс географиялық қоғамының бөлімшесі ашылып, оның «Жазбалары» жүйелі түрде жарық көре бастады. 1903 жылы ірі оқу орны – Семей оқытушылар семинариясының ашылуы, 1912 жылы «Жәрдем серіктігі» баспаханасы ұйымдас­тырылып, онда 8 кітаптың жарық көруі – Қазақстан­ның өзге өлкелерінде байқалмаған құбылыс.
Құлжановтар Семей оқытушылар семинариясында ұстаздық қызметпен айналысқан. Семей семинариясы іргелі оқу орны болған, онда қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың оқуы, сондай-ақ энциклопедист-ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан­ның білім алуы зор мақтанышпен айтылады.
Нәзипа Сегізбайқызы күнделікті мұғалімдік қыз­метпен ғана шектелмей қазақ халқының ауыз әдебие­ті үлгілерін жинақтау, музыкалық фольклорына көңіл бөлу, қала өміріндегі маңызды мәдени-ағартушылық шаралардың жүзеге асуына ұйытқы болу жағына баса назар аударады. Нәзипа Сегізбайқызы мен Нұр­ғали Құлжанұлының 1913 жылдың 25 қыркүйегінде жалпы жиналыстың шешімімен Орыс географиялық қоға­мының Семей бөлімшесіне қызметкер-мүше (член-сотрудник – Г.К.) болып сайлануы – сөзімізге толық дәлел. Императорлық Орыс география қоға­мының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің есебіне қарағанда, 1914 жылдың 1 қаңтарында барлығы 137 мүше болған, оның 4-уі құрметті мүше, 113-і толық мүше, 20-сы қызметкер-мүше. Солардың арасында сандаған ұлт өкілдерінен бірде-бір әйел болмаған, ал жалғыз қазақ қызының, Нәзипа Сегіз­байқызының тізімде тұруы адамға ерекше әсер етеді. Бұл Семей зия­лыларының аузына ілігіп, қайраткерлік биікке көтеріле бастаған аяулы жанның әлеуметтен алған алғашқы бағасы еді десек аса қателесе қоймасымыз анық.
Осы арада 1915 жылдың 13 ақпанында Н.С.Құлжанова ұйымдастырып өткізген бір кеш туралы әңгімелей кетуді жөн көріп отырмыз. Дерек­көзінде кештен түскен қаржы Петроградтағы мұсыл­ман соғыс ауруханасы (лазарет) мен тұрмысы нашар қазақ шәкірттерінің мұқтажын өтеуге тең бөлініп жұмсалатыны хабарланған.
Алғашқы кештен алған әсерлері, оның бұқара халық арасында зор резонанс туғызуы екінші жиынға көп­шіліктің ынтасының арта түсуіне ықпалын тигізген. Құмырсқадай быжынаған халық нөпірінің сауық өтпекші приказчиктер клубының ауласына сыймай ке­туі сөзімізге дәлел. «Ойынға жалғыз жастар ғана емес, ақсақалдар, қажылар екі-үш қатында­рын, қыз, келін­дерін топ көтере ала келді. Ноғай­лардың бас адамдары жама­ғаттарымен парлап келді. Ойынның афишасы кешірек таралғандықтан орыстар аз болды. Бірнеше учитель, үкімет кісілері, «Сибирская жизнь», «Семипалатинский телеграф», «Барнаульская газеталардың» хабаршылары болды», – деп жазыпты Мұстақым Малдыбаев.
Бұл жиын туралы баспасөзде жан-жақты әңгіме­ленді. «Айқап» журналы, «Қазақ», «Семипалатинский телеграф», «Сибирская жизнь» газеттері жарыса хабарлап, пікір туғызып жатты. Әуелі сөз бастаған «Семипалатинский телеграф» газеті зиялы қазақтар­дың ұйым­дастыруымен әдеби-музыкалық кештің өтетіндігін, түрлі сахналық көріністердің әзірленіп жатқандығын, одан түскен қаржының соғыс мұқтаж­дықтары мен шәкірт­терге көмекке берілетіндігін хабарласа, төрт-бес нөмірінен кейін «Соғыстан зардап шеккен солдаттар мен олардың отбасына жан-жақты көмек көрсету қоғамының Семей бөлімшесінде өткен мәжілісінен» хабар жариялады. Кеште майданнан оралған солдаттарға тез арада жұмыс тауып беру, түрлі жәрдемақылар мен пенсиялар тағайындап, мамандықтары мен кәсіптеріне орай қолөнерімен шұғылдануға ықпал жасау шаралары қарастырылған. Адвокат Райымжан Марсековтің қазақ поэзиясы туралы баяндамасы кейін «Қазақ» газетінің екі санында жарияланды, 2001 жылы шыққан «Қазақ қайда бара жатыр?» кітабына енгізілді.
 

Гүлжан КӘРІБЖАНОВА