Қандастар Ассамблея

Қазақтың суреті

14.11.2013 2640
Адам ойсыз күн өткізбейді. Көңіл қалықтап, қиял шартарапқа самғайды. Бір ой бар, келді, кетті, із-түзсіз жоғалады, бір ой бар, қайта-қайта орала береді, көкейіңнен кетпейді. Аяқ астынан болмашы нәрседен тұтанып, кең өріс алып кететін ойлар да бар. Мен солардың кәдеге жарар-ау дегендерін тізіп жаздым. Мұндағы мақсат – мен білгенді ел білсін, білетіндерін еске түсірсін деген ниет. Өнер туындысының бір де біреуіне немқұрайды қарауға болмайды. Өнер өмірмен біте қайнасқанда ғана шыншыл. Өкінішке карай, кейде өрен туындыдан өлер туынды көп. Өкініштің көкесі – сол сұрқай шығармаларға көз үйреніп кететіндігі. Ал, мұның өзі ұлтымызға немқұрайдылыққа ұласса, мәңгүрттік, әне, сол. Менің бұлай ашына сөйлеуіме себеп – Тараз мемлекеттік университетінің акт залына ілінген Абай мен Жамбылдың портреттері. Мұнда профессор Мекемтас Мырзахметұлының 75 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция өтіп жатты. Отырғандар ішінде басқа облыстардан, көрші респуб­ликалардан келген қонақтар да бар еді. Солардың бірі – ташкенттік қандасымыз Қалдыбек Сейданов Жамбылдың портретіне қарап тұрып, қасындағы адамнан: – Анау кім? – деп сұрады. Көзі үйреніп кеткен тараздық ғалым: – Жамбыл, – деді. – Қазақ емес, басқаға ұқсайды ғой! – деді қонақ ашынып. – Иә, солай. Оны өзіміз де байқаған­быз. – Алып тастамайсыңдар ма? – Айтылады. Неге екенін білмейміз, алып тасталынбайды. – Қызық екен. – Қызық. Әңгіме осымен тәмам болды. Қызық! Абай мен Жамбыл портреттеріне бір қарап қойып, ойымызды да, сөзімізді де тәмам етіп жүргенімізге он жылдың жүзі болды. Әне бір жылы таяу шетелде тұратын бір суретші біздің ұлыларымыздың суреттерін салып әкеліп, облыста өзінің шығармашылық кешін өткізді. Суретшінің өзі – қазақ, өнері – көршілес ел руханиятының қолтаңбасы. Мүмкін, ол біздің ұлтымызды сүйген патриот та болар, ұлыларымыздың портреттерін сондықтан да салған шығар, бірақ тағдыр айдап барып басқа елде тұрып қалған қазақ қазақты бейнелей алмаған. Ал, біз болсақ, ұлыларымызды қорлатып қойып, қарап отырмыз. Көнбістік деген осындай-ақ болар. Жалпы, бір ғана Евгений Сидоркиннен басқа ешкімге мұндай бақыт бұйырмаған. Кім білсін, оның қазақ кескінін соншама келістіріп салуына жары, қазақтың талантты суретші қызы Гүлфайруз Исмайылованың әсері болған шығар. Не десек те, әлі күнге дейін қазақ батырлары жырларын Евгений сияқты күйеу баламыздан асырып безендірген суретші болған емес.  Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ, жазушы.

Адам ойсыз күн өткізбейді. Көңіл қалықтап, қиял шартарапқа самғайды. Бір ой бар, келді, кетті, із-түзсіз жоғалады, бір ой бар, қайта-қайта орала береді, көкейіңнен кетпейді. Аяқ астынан болмашы нәрседен тұтанып, кең өріс алып кететін ойлар да бар. Мен солардың кәдеге жарар-ау дегендерін тізіп жаздым. Мұндағы мақсат – мен білгенді ел білсін, білетіндерін еске түсірсін деген ниет.

Өнер туындысының бір де біреуіне немқұрайды қарауға болмайды. Өнер өмірмен біте қайнасқанда ғана шыншыл. Өкінішке карай, кейде өрен туындыдан өлер туынды көп. Өкініштің көкесі – сол сұрқай шығармаларға көз үйреніп кететіндігі. Ал, мұның өзі ұлтымызға немқұрайдылыққа ұласса, мәңгүрттік, әне, сол.

Менің бұлай ашына сөйлеуіме себеп – Тараз мемлекеттік университетінің акт залына ілінген Абай мен Жамбылдың портреттері. Мұнда профессор Мекемтас Мырзахметұлының 75 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция өтіп жатты. Отырғандар ішінде басқа облыстардан, көрші респуб­ликалардан келген қонақтар да бар еді. Солардың бірі – ташкенттік қандасымыз Қалдыбек Сейданов Жамбылдың портретіне қарап тұрып, қасындағы адамнан:

– Анау кім? – деп сұрады.

Көзі үйреніп кеткен тараздық ғалым:

– Жамбыл, – деді.

– Қазақ емес, басқаға ұқсайды ғой! – деді қонақ ашынып.

– Иә, солай. Оны өзіміз де байқаған­быз.

– Алып тастамайсыңдар ма?

– Айтылады. Неге екенін білмейміз, алып тасталынбайды.

– Қызық екен.

– Қызық.

Әңгіме осымен тәмам болды.

Қызық! Абай мен Жамбыл портреттеріне бір қарап қойып, ойымызды да, сөзімізді де тәмам етіп жүргенімізге он жылдың жүзі болды.

Әне бір жылы таяу шетелде тұратын бір суретші біздің ұлыларымыздың суреттерін салып әкеліп, облыста өзінің шығармашылық кешін өткізді. Суретшінің өзі – қазақ, өнері – көршілес ел руханиятының қолтаңбасы. Мүмкін, ол біздің ұлтымызды сүйген патриот та болар, ұлыларымыздың портреттерін сондықтан да салған шығар, бірақ тағдыр айдап барып басқа елде тұрып қалған қазақ қазақты бейнелей алмаған.

Ал, біз болсақ, ұлыларымызды қорлатып қойып, қарап отырмыз. Көнбістік деген осындай-ақ болар.

Жалпы, бір ғана Евгений Сидоркиннен басқа ешкімге мұндай бақыт бұйырмаған. Кім білсін, оның қазақ кескінін соншама келістіріп салуына жары, қазақтың талантты суретші қызы Гүлфайруз Исмайылованың әсері болған шығар. Не десек те, әлі күнге дейін қазақ батырлары жырларын Евгений сияқты күйеу баламыздан асырып безендірген суретші болған емес.

 Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ,
жазушы.

Ұқсас материалдар