Қандастар Ассамблея

Характер және жағдай

13.11.2013 2538
Көркем әдебиет қаһармандарының жасалу шарттылығы аса күрделі теориялық мәселелердің бірі. Шығармада тұлғалардың толысып шығуын көптеген тәсіл, амалдар шешеді. Солардың ішінде қаһарман өмір кешетін ортаның, уақыттың, заманның объективтік шындығын беру - үлкен бір міндет. Фридрих Энгельстің нағыз нанымды адам типтері типтік жағдайларда жасалатынын ескертуі де осыдан. Бүгінгі күні бұл шындыкты қайталап әңгімелеп отыруымыздың мәнісі де бар. Көптеген шығармаларда адам тұлғалары бүкіл екшелген, типтік ақиқатымен көріне бермейді. Қаһарманнвщ белгілі кезеңдегі іс-әрекетіне, мінезіне иланбай қалатынымыз бар. Әлбетте, кез келген шығармада барлық кейіпкердің үй-ішін, жиған мүлкін, қатынасатын адамдарын, істейтін кәсібін түгелдеп шығу шарт та емес, қажет те емес. Өмірдің қай құбылысының да типтілігін табу мурат. Адамның әрбір сөйлеген сөзі оның табиғатын аша бермейтіні секілді, орта мен қоғамның сырт белгілерін жаппай тізу де нысанаға жеткізбейді. Қалай болған күнде де характердің жетілу процесін, өсу бағытын белгілейтін жағдай (обстоятельства) мәселесіне кей ретте жете мән берілмей жүргені анық. Қазақ совет әдебиетіндегі бірқатар романдардың жай-күйінен бұл тұжырымның шындығына көз жетеді. Қаһарманның іс-әрекетін объективтік шындықпен де, характер ерекшелігімен де дәлелдемей, тек авторлық аңсар ырқымен жүргізе беру жиі кездесетін міннің бірі болып жүр. Әдебиет қашан да нені көрсеткендігімен ғана емес, қалай көрсеткендігімен де кымбат. Идеялық, көркемдік шарттары өзара жарасым тапқанда ғана көркемдік шындыққа жол ашылады. Ал көркемдік шеберліктің аса елеулі түйіндерінің бірі - характер мен жағдайдың қабысуы. Бул қағиданың өміршеңдігін бүгінгі біраз шығармалармен де дәлелдейміз. Сондай-ақ қазіргі әдебиетіміздегі сәттілік пен сәтсіздіктің де бір уштығы осы проблемаға келіп тірелері ақиқат. Соңғы жылдарда жарық көрген бірталай романдар мен повестерде қаһарманның ішкі дүниесіне, әлеуметтік келбетіне тереңірек үңілу тенденциясы байқалып келеді. Кейіпкердің ұнамдылығы немесе ұнамсыздығы тек авторлық тікелей бағалаулардан ғана емес, іс-әрекетінің сипаты мен бағытына, өмірлік, қоғамдық мұратына лайық көрінуге бет алды. Жазушы Сейітжан Омаровтың «Күншуақ» атты повесінде қазақ ауылының ¥лы Отан соғысы қарсаңындағы ахуалы әңгімеленген. Автор бұл шығармасында жанды, нанымды адамдар тулғасын тапқан және олардың өзара байланыстарын көбіне табиғи ақиқат етіп алған. Әлеуметтік типті табу бар да, сол типтің өзгелермен қарым-қатынас диалектикасын ашу бар ғой. Мәселе белгілі бір характерлерді сахнаға шығарумен шектелмейді, солардың тарихын, тағдырын беру мурат. Дәл осы жөнінде С.Омаров жемісті еңбек еткен.

Көркем әдебиет қаһармандарының жасалу шарттылығы аса күрделі теориялық мәселелердің бірі. Шығармада тұлғалардың толысып шығуын көптеген тәсіл, амалдар шешеді. Солардың ішінде қаһарман өмір кешетін ортаның, уақыттың, заманның объективтік шындығын беру - үлкен бір міндет. Фридрих Энгельстің нағыз нанымды адам типтері типтік жағдайларда жасалатынын ескертуі де осыдан. Бүгінгі күні бұл шындыкты қайталап әңгімелеп отыруымыздың мәнісі де бар. Көптеген шығармаларда адам тұлғалары бүкіл екшелген, типтік ақиқатымен көріне бермейді. Қаһарманнвщ белгілі кезеңдегі іс-әрекетіне, мінезіне иланбай қалатынымыз бар. Әлбетте, кез келген шығармада барлық кейіпкердің үй-ішін, жиған мүлкін, қатынасатын адамдарын, істейтін кәсібін түгелдеп шығу шарт та емес, қажет те емес. Өмірдің қай құбылысының да типтілігін табу мурат. Адамның әрбір сөйлеген сөзі оның табиғатын аша бермейтіні секілді, орта мен қоғамның сырт белгілерін жаппай тізу де нысанаға жеткізбейді.

Қалай болған күнде де характердің жетілу процесін, өсу бағытын белгілейтін жағдай (обстоятельства) мәселесіне кей ретте жете мән берілмей жүргені анық. Қазақ совет әдебиетіндегі бірқатар романдардың жай-күйінен бұл тұжырымның шындығына көз жетеді. Қаһарманның іс-әрекетін объективтік шындықпен де, характер ерекшелігімен де дәлелдемей, тек авторлық аңсар ырқымен жүргізе беру жиі кездесетін міннің бірі болып жүр.

Әдебиет қашан да нені көрсеткендігімен ғана емес, қалай көрсеткендігімен де кымбат. Идеялық, көркемдік шарттары өзара жарасым тапқанда ғана көркемдік шындыққа жол ашылады. Ал көркемдік шеберліктің аса елеулі түйіндерінің бірі - характер мен жағдайдың қабысуы. Бул қағиданың өміршеңдігін бүгінгі біраз шығармалармен де дәлелдейміз. Сондай-ақ қазіргі әдебиетіміздегі сәттілік пен сәтсіздіктің де бір уштығы осы проблемаға келіп тірелері ақиқат.

Соңғы жылдарда жарық көрген бірталай романдар мен повестерде қаһарманның ішкі дүниесіне, әлеуметтік келбетіне тереңірек үңілу тенденциясы байқалып келеді. Кейіпкердің ұнамдылығы немесе ұнамсыздығы тек авторлық тікелей бағалаулардан ғана емес, іс-әрекетінің сипаты мен бағытына, өмірлік, қоғамдық мұратына лайық көрінуге бет алды.

Жазушы Сейітжан Омаровтың «Күншуақ» атты повесінде қазақ ауылының ¥лы Отан соғысы қарсаңындағы ахуалы әңгімеленген. Автор бұл шығармасында жанды, нанымды адамдар тулғасын тапқан және олардың өзара байланыстарын көбіне табиғи ақиқат етіп алған. Әлеуметтік типті табу бар да, сол типтің өзгелермен қарым-қатынас диалектикасын ашу бар ғой. Мәселе белгілі бір характерлерді сахнаға шығарумен шектелмейді, солардың тарихын, тағдырын беру мурат. Дәл осы жөнінде С.Омаров жемісті еңбек еткен.

Ұқсас материалдар