Қандастар Ассамблея

Әдебиеттегі сын

13.11.2013 3252
Біздің әдебиетіміздің өскені секілді, әдебиеттану ғылымы мен сын да көркейіп, есейіп келеді. Әдебиеттану мен сынның жүгін көтерісіп келе жатқан ондаған мамандарымыз бар. Әдебиеттің сынымен, тарихымен, теориясымен арнаулы шұғылданып жүрген әдебиетшілер тобы шықты. Тіпті, жеке жанрды, әдеби қозғалыстың белгілі бір кезеңін түбегейлі көтере алатын мамандар көбейді. Осы күнде қалың оқушы түгіл, қалам қайраткерлерінің өздері де тегіс біле бермейтін арғы-бергі әдебиетіміздің сан түрлі мәселелерін жазуға толық мүмкіндік  бар.   Осымен  байланысты  Қазақстанның  қазіргі жағдайында арнаулы әдебиеттану журналын шығарудың Кажеттігі үлкен. Әдебиет мәселелеріне арналған дербес і ылыми журнал болса, ол біздің ғылымдық, сындық ойымыздың бұдан былай осуіне елшеусіз үлес қосар еді. Әлі күнге лайықты шешімін таба алмай келе жатқан Мвселенің бірі - сын мақалалардың жинақтарын басып мм.мару жайы. Әдетте, сын мақалалар кітабының баспа жүзін көруіне тоқсан тоғыз кедергі кездеседі. Бізде күні бүгінге иіші әдебиет сынына жеткілікті кәңіл болінбей келгенін осының өзі-ақ айқын дәлелдейді. Әрине, сын деген «бейбіт» жанр емес. Бірақ, жұртшылықты тек әдеби шығрмалар ғана емес, сол туындыларды терең талдаған сын мақалалар да тәрбиелей алатындығын уғынғанымыз абзал. Бул жерде біз керкем әдебиет баспасы басшыларының сын мақалалар жинағын шығаруға мейлінше ықылассыз қарап келгенін ерекше атап айтуға тиіспіз. Оқта-текте бір шығатын азын-аулақ жинақтардың жөні бөлек. Кейбір жолы болғыш авторалдың есепке алмағанда, сын мақалаларын шығаруға ниеттенген жолдастардың коп әуре-сарсаңға түсетінін ешкім бвкер дей алмайды. Әдетте, баспаның жоспарына ене алмай журетін, ал ене қалса, жоспар қайта қаралғанда алдымен сызылатын осы сын жинақтары болады. Кейбір баспа қызметкерлері сыншылардың сын мақалалар жинағын шығару қажет емес деген қате пікірді ашық айтуға дейін барды. Олардың ойынша, белгілі бір тақырыпқа арналған монографиялық зерттеу еңбектер ғана басылуға лайықты-мыс. Бул пікірдің жөнсіздігі айдан анық. Біріншіден, керкем әдебиет баспасы бүкіл әдеби зерттеулерді шетінен басып шығара алмайды және олай етудің қажеті жоқ. Аты монография болғанның бәрі бірдей мәнді емес. Олардың ең таңдаулысы ғана журтшылыққа усынылуы тиіс. Екіншіден, сыншыға ылғи бір тақырыптан ғана мақала жаз деп талап қою орынды болмас еді. Не ақынға, не жазушыға мынаны жаз деп ешкім  міндеттемейтіні сияқты, зерттеуші мен сыншының да айырымын есепке алып отыру қажет. Сыншы әдебиеттің түрлі жанрындағы шығарма жөнінде талдау жасайды, әдеби туындыларға зерттеушіден бұрын елгезек үн қатып, пікір айтады. Көп жағдайда сол сыншы айтқан тұжырымдар қуатталып шығатыны мәлім. Демек, әдебиет сынының жалпы әдеби қозғалыстың ең алдыңғы сапында санатқа ілінерлік орны бар. Жанрдың нашары жоқ, тек сол жанрға еңбек ететіндердің озығы мен қалығы бар. Бұл, әрине, басқа мәселе. Талай жыл әдебиет сынына араласып, әдебиетке өз өмірін бағыштаған сыншылардың мақалалар жинағын шығаруға қарсы болу, сыпайылап айтқанда, әдебиетке жан ашымастық болар еді. Мақалалар жинағы болсын, не монография болсын бәрінен бұрын, солардың сапалылығы, окушы қауымға қажеттігі ескерілуі қажет. Мәселе монография, проблемалық мақала, сын мақала, шолу, рецензия деген атында емес, затында. Сыншының алдына жоғары талап қоюмен қатар, достық пейіл де көрсету парыз. Сыншы еңбектерін талқылау, творчестволық өнімді, ойлы кеңес айту жағы да бізде мүлде жеткіліксіз. Баспаға ұсынылатын кітаптарға шын мәнінде кең талдау берілмей келеді. Істің пайдасына айтылатын пікір алысулардан көрінеу тайсалып, жинақтарды апыл-ғұпыл өткізе салу салтқа айналған. Жазушылар одағының сын секциясы өз жұмысын жаңа сатыға көтеруге міндетті. Сынның күштілігі ақиқаттың неғұрлым кең де батыл айтуларында екенін ұмытпалық. Кейбіреулердің сын атаулыны ғайбаттауынан жасқанып, бұғып қалмай, әділ сынды өрістетейік. Еш заманда сын көңіл жықпастық, айлакерлік, жылпостықпен қурметке бөленіп көрген емес. Сынның зор құдіреті - шыншылдығында, парасаттылығында, батылдығында. Өткен дәуірдің ұлы сын алыптарының үлгісі осыны айтады. Ендеше, алдымызда әрдайым ұлы нысана, асыл мұраттар тұрсын! 1961

Біздің әдебиетіміздің өскені секілді, әдебиеттану ғылымы мен сын да көркейіп, есейіп келеді. Әдебиеттану мен сынның жүгін көтерісіп келе жатқан ондаған мамандарымыз бар. Әдебиеттің сынымен, тарихымен, теориясымен арнаулы шұғылданып жүрген әдебиетшілер тобы шықты. Тіпті, жеке жанрды, әдеби қозғалыстың белгілі бір кезеңін түбегейлі көтере алатын мамандар көбейді. Осы күнде қалың оқушы түгіл, қалам қайраткерлерінің өздері де тегіс біле бермейтін арғы-бергі әдебиетіміздің сан түрлі мәселелерін жазуға толық мүмкіндік  бар.   Осымен  байланысты  Қазақстанның  қазіргі жағдайында арнаулы әдебиеттану журналын шығарудың Кажеттігі үлкен. Әдебиет мәселелеріне арналған дербес і ылыми журнал болса, ол біздің ғылымдық, сындық ойымыздың бұдан былай осуіне елшеусіз үлес қосар еді.

Әлі күнге лайықты шешімін таба алмай келе жатқан Мвселенің бірі - сын мақалалардың жинақтарын басып мм.мару жайы. Әдетте, сын мақалалар кітабының баспа жүзін көруіне тоқсан тоғыз кедергі кездеседі. Бізде күні бүгінге иіші әдебиет сынына жеткілікті кәңіл болінбей келгенін осының өзі-ақ айқын дәлелдейді. Әрине, сын деген «бейбіт» жанр емес. Бірақ, жұртшылықты тек әдеби шығрмалар ғана емес, сол туындыларды терең талдаған сын мақалалар да тәрбиелей алатындығын уғынғанымыз абзал.

Бул жерде біз керкем әдебиет баспасы басшыларының сын мақалалар жинағын шығаруға мейлінше ықылассыз қарап келгенін ерекше атап айтуға тиіспіз. Оқта-текте бір шығатын азын-аулақ жинақтардың жөні бөлек. Кейбір жолы болғыш авторалдың есепке алмағанда, сын мақалаларын шығаруға ниеттенген жолдастардың коп әуре-сарсаңға түсетінін ешкім бвкер дей алмайды. Әдетте, баспаның жоспарына ене алмай журетін, ал ене қалса, жоспар қайта қаралғанда алдымен сызылатын осы сын жинақтары болады.

Кейбір баспа қызметкерлері сыншылардың сын мақалалар жинағын шығару қажет емес деген қате пікірді ашық айтуға дейін барды. Олардың ойынша, белгілі бір тақырыпқа арналған монографиялық зерттеу еңбектер ғана басылуға лайықты-мыс. Бул пікірдің жөнсіздігі айдан анық. Біріншіден, керкем әдебиет баспасы бүкіл әдеби зерттеулерді шетінен басып шығара алмайды және олай етудің қажеті жоқ. Аты монография болғанның бәрі бірдей мәнді емес. Олардың ең таңдаулысы ғана журтшылыққа усынылуы тиіс. Екіншіден, сыншыға ылғи бір тақырыптан ғана мақала жаз деп талап қою орынды болмас еді. Не ақынға, не жазушыға мынаны жаз деп ешкім  міндеттемейтіні сияқты, зерттеуші мен сыншының да айырымын есепке алып отыру қажет. Сыншы әдебиеттің түрлі жанрындағы шығарма жөнінде талдау жасайды, әдеби туындыларға зерттеушіден бұрын елгезек үн қатып, пікір айтады. Көп жағдайда сол сыншы айтқан тұжырымдар қуатталып шығатыны мәлім. Демек, әдебиет сынының жалпы әдеби қозғалыстың ең алдыңғы сапында санатқа ілінерлік орны бар. Жанрдың нашары жоқ, тек сол жанрға еңбек ететіндердің озығы мен қалығы бар. Бұл, әрине, басқа мәселе. Талай жыл әдебиет сынына араласып, әдебиетке өз өмірін бағыштаған сыншылардың мақалалар жинағын шығаруға қарсы болу, сыпайылап айтқанда, әдебиетке жан ашымастық болар еді.

Мақалалар жинағы болсын, не монография болсын бәрінен бұрын, солардың сапалылығы, окушы қауымға қажеттігі ескерілуі қажет. Мәселе монография, проблемалық мақала, сын мақала, шолу, рецензия деген атында емес, затында. Сыншының алдына жоғары талап қоюмен қатар, достық пейіл де көрсету парыз.

Сыншы еңбектерін талқылау, творчестволық өнімді, ойлы кеңес айту жағы да бізде мүлде жеткіліксіз. Баспаға ұсынылатын кітаптарға шын мәнінде кең талдау берілмей келеді. Істің пайдасына айтылатын пікір алысулардан көрінеу тайсалып, жинақтарды апыл-ғұпыл өткізе салу салтқа айналған. Жазушылар одағының сын секциясы өз жұмысын жаңа сатыға көтеруге міндетті. Сынның күштілігі ақиқаттың неғұрлым кең де батыл айтуларында екенін ұмытпалық. Кейбіреулердің сын атаулыны ғайбаттауынан жасқанып, бұғып қалмай, әділ сынды өрістетейік. Еш заманда сын көңіл жықпастық, айлакерлік, жылпостықпен қурметке бөленіп көрген емес. Сынның зор құдіреті - шыншылдығында, парасаттылығында, батылдығында. Өткен дәуірдің ұлы сын алыптарының үлгісі осыны айтады. Ендеше, алдымызда әрдайым ұлы нысана, асыл мұраттар тұрсын!

1961

Ұқсас материалдар